Педагогикалық тәжірибені жалпылау

24
Педагогикалық тәжірибені жалпылау
Педагогикалық тәжірибені жалпылау
Педагогикалық тәжірибе педагогикалық қызметтің нәтижелері туралы ақпаратты сақтау мен жеткізудің маңызды құралы болып саналады.

Оқу-тәрбие үдерісінің нәтижелілігін арттыруға және оны жетілдіруге әртүрлі факторлар, соның ішінде барынша нәтижелі педагогикалық тәжірибені зерделеу, жалпылау және енгізу ықпал етеді. 

Педагогикалық тәжірибені зерттеу мен жалпылау

Педагогикалық тәжірибені зерттеу мен жалпылау оқу-тәрбие жұмысында тұрақты жоғары нәтижеге жеткен оқытушылар жұмыс істейтін жеке әдістемелік мәселелі тақырыптарға сәйкес жүзеге асырылады. Оларға педагог білім алушылардың психологиялық ерекшеліктерін, оқыту және тәрбие жағдайының спецификасын ескерген жағдайда қол жеткізуге болады, ол ғылыми-әдістемелік ұсынымдарды, педагогика ғылымы мен практикасының жетістіктерін, білім беру және ақпараттық-коммуникативтік технологияларды, белсенді және интерактивті оқыту нысандары мен әдістерін шығармашылық тұрғыдан қолданады. Оқытушы эксперименттік, инновациялық жұмысты жүзеге асырғанда зерттеушілік сипатқа ие болатын тәжірибе аса құнды.

Озық педагогикалық тәжірибе – қолда бар білім беру ресурстарын жетілдіру мен педагогикалық үдерісті оңтайлы ұйымдастырудың есебінен жоғары нәтижеге жетуге болатын білім беру немесе оқу орны оқытушыларының, қызметкерлерінің тәжірибесі.

Педагогикалық тәжірибе кешенді болуы мүмкін және педагогикалық қызметтің жекелеген бағыттарын – оқу үдерісін немесе тәрбие үдерісін сипаттауы мүмкін.

Жекелеген педагог немесе педагогтар тобы, пәндік-циклдік комиссия немесе әдістемелік бірлестік, жалпы бүкіл педагогикалық ұжым тәжірибенің көзі бола алады.

Шығармашыл кәсіпқой педагогтар жоғары кәсіпқойлық, жаңашылдық, педагогикалық қызметтің зерттеушілік сипаты секілді қасиеттерімен ерекшеленеді.

Педагогикалық тәжірибені жалпылау

Педагогикалық тәжірибені зерттеудің нысандары

Педагогикалық тәжірибені зерттеудің әртүрлі нысандарын қолдануға болады: қатысқан сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар талдауы, педагогтың жеке шығармашылық жоспарларын зерделеу, әңгімелесулер, сауалнама алу, оқытушылармен консультация өткізу. Ашық сабақтар өткізу – оқу үдерісіне тиімді оқыту нысандарын, әдістерін, құралдары мен технологияларын енгізу бойынша оқытушыларға арналған семинар, сондай-ақ қандай да бір пәнді оқытудың үздік тәжірибесін тарату нысаны.

Педагогикалық тәжірибені жалпылау

Жұмыстың алғашқы кезеңі – сабаққа қатысқанда, оқу жылының қорытындыларын талдағанда, оқытушыны бірінші және жоғары біліктілік санатына аттестаттағанда нәтижелі педагогикалық тәжірибені айқындау.

Екінші кезең – педагогикалық тәжірибені зерттеу, осыдан кейін оны ұсыну мен таратуды қамтамасыз ету.

Педагогикалық тәжірибені айқындау мен зерттеу әрқалай жүзеге асырылуы мүмкін және тәжірибені ұғыну мен талдау тереңдігіне қарай оны зерттеудің бірнеше кезеңі қолданылады.

Педагогикалық тәжірибені жалпылау

Педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістері

Педагогикалық тәжірибені зерттеу әдістеріне мыналар жатады:

  • – сауалнама алу;
  • – сауалдама жүргізу;
  • – сұхбат;
  • – қадағалау;
  • – әңгімелесу;
  • – сабаққа, сабақтан тыс іс-шараларға қатысу және талдау;
  • – құжаттамамен танысу;
  • – білім срездерін өткізу;
  • – педагогтың жұмыс нәтижелілігін талдау.

Педагогикалық тәжірибені жалпылау мынадай нысанда жүзеге асырылуы мүмкін:

  • – жұмыс тәжірибесін сипаттау;
  • – өзіндік талдауы берілген ашық сабақ (сабақтар циклі);
  • – шығармашылық есеп;
  • – әдістемелік көрме;
  • – шеберлік сыныбын өткізу;
  • – тәжірибе тақырыбы бойынша «дөңгелек үстел»;
  • – баспасөз конференциясы;
  • – әдістемелік альбом немесе портфолио.

Бірыңғай мәселелі әдістемелік тақырып бойынша ұжымның жұмысы қорытындыланып, оқытушылар жұмысын тақырыптық бақылау нәтижелері талқыланатын педагогикалық кеңес – озық тәжірибені зерттеудің, жалпылау мен таратудың белгілі кезеңі. Тәжірибені таратуға педагогтың әдістемелік бірлестік жұмыстарына қатысуы, шығармашылық есеп берулері, кәсіптік-педагогикалық шеберлік конкурстарына, білім беру мәселелері бойынша ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларға қатысуы, тәлімгерлік, ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журналдарға жарияланымдар дайындауы, шеберлік сыныптары мен тренингтер өткізуі ықпал етеді.

Тәжірибені жалпылау жұмысы жүйелі түрде жүргізілуі тиіс, яғни оны айқындаудан ұсынуға және ұжым жұмысына енгізгенге дейін.

Педагогикалық тәжірибені жалпылау

Озық педагогикалық тәжірибе туралы ақпаратқа мыналар кіреді

  • – тәжірибесі жалпыланушы оқытушы туралы деректер;
  • – білім алушылардың танымдық қабілеттіліктерін, оқымыстылығы мен тәрбиелілігін қарқынды түрде дамыту деңгейі;
  • – ұсынылған тәжірибенің көмегімен шешілетін педагогикалық мәселелер;
  • – педагогикалық тәжірибенің мазмұны;
  • – ұсынылған тәжірибенің нәтижелілігі мен қолдану саласы туралы тұжырымдар.

Мақала қысқартылып жарияланған, толық нұсқасын № 6-2017 «Білім беру ұйымының әдіскері» журналынан оқи аласыздар.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль