Мектептегі медициналық қызмет көрсету

4
Мектептегі медициналық қызмет көрсету
Жалпыға ортақ орта білім беру жағдайында жоғары білімді, дене бітімі мықты және сау адамдарды тәрбиелеу – мектептің маңызды міндеттерінің бірі.

Бұл мәселелерді шешуде медицина қызметкерлері үлкен рөл атқарады. Мектептегі медбике дәрігердің басты көмекшісі және мектеп директоры мен денсаулық сақтау өкілдері арасындағы дәнекер бола жүріп, емдеу-профилактикалық шараларын, мектептегі медициналық тексеруді ұйымдастырады.

Оқушыларды үнемі тексерістен өткізіп отыру олардың денсаулығын сақтау және оқу жылы барысында сырқаттану жағдайларын азайту үшін керек. Тексеру кезінде оқушылардың бойын өлшейді, есту, көру, сөйлеу қабілеттерін тексереді. Балаларға алдын ала егу жайлы ақпарат беріледі, қалай дұрыс тамақтану және саламатты өмір салтын жүргізу жайлы айтылады.

Денсаулық жағдайы туралы анықтама (медициналық паспорт)

Бала мектепке қабылданған кезде ата-аналар оның медициналық картасының көшірмесін ұсынуға тиіс, онда баланың денсаулық жағдайы бойынша оқуға қарсы көрсетілімдері жоқ екені расталады және ескеруге тиіс жайттарға назар аударылады.

Анықтамада ең маңызды ақпараттар: иммундау, созылмалы аурулары, үнемі қабылдайтын дәрілері, дәрі-дәрмекке аллергиялық реакциясының бар-жоғы және тамақтанатын өнімдері қамтылады.

Ақпарат баланың мектептегі жағдайын қадағалау үшін және жүктемені неғұрлым оңтайлы бөлу үшін керек. Үзінді көшірменің мәліметтерін медбике баланың денсаулық картасына енгізеді.

Жоспарлы медициналық тексеруден өтуге ата-аналардың келісім беруі

Мектепте денсаулық сақтау қызметтерін ұсыну шеңберінде жоспарлы тексерулер өткізіледі, оған ата-аналар қатыспайды. Алайда оны өткізу үшін үлкендердің келісімі керек.

Келісім жазбаша немесе ауызша болуы мүмкін. Ол, мәселен, бала сырқаттанып тұрғанына байланысты үзіліс кезінде мектеп медбикесіне жүгінген жағдайда ескеріледі.

Бала денсаулығына қатысты өз бетінше шешім қабылдауға қай кезде мүдделі, ал мұны қандай жағдайда үлкендер істеуі керек деген сұрақ жиі туындайды. Бастауыш сынып оқушысы қандай жағдайды бастан кешірсе де, ата-анасы хабардар болуға тиіс.

Үлкендерге алдағы медициналық тексеру жайлы күнделікке жазу немесе жазбахат арқылы хабарланады, сондай-ақ оның нәтижелері мен ұсынымдар (егер ондайлар болса) және мамандармен кеңесу қажеттілігі жайлы айтылады.

Әрбір егудің алдында медбике ата-аналардың жазбаша келісімін алуға тиіс. Бұл болуы ықтимал қарсы көрсетілімдерді жоққа шығару үшін бала денсаулығы мүддесіне қажет.

Медбике егер ата-аналар келісім бермесе және олармен байланысу мүмкін болмаса, егу жүргізбеуге құқылы. Баланың егуден бас тартқаны оның денсаулық картасында көрсетіледі.

Мектепте стоматологиялық кабинет бар, онда 7, 9 және 12 жастағы балалар алдын ала тексеруден өткізіледі. Егер ата-аналар баланың стоматологта тексерілетінін білсе және тексеру барысында тістерді емдеу қажеттілігі туындаса, ата-аналардың келісімін алғаннан кейін емдеуге болады.

Ата-аналар сынып жетекшілерімен бірге бала денсаулығына қатысты жағдайларды, олармен қашан міндетті түрде байланысу керектігін алдын ала келісу қажет.

Мектеп медбикесінің жұмысы отбасылық дәрігердің жұмысымен тең, алайда айтарлықтай бір айырмашылығы бар – мектепте емдемейді. Егер бала мектепте жүргенде ауырып қалса немесе жарақат алса, медбике оған алғашқы көмек көрсетуге, содан соң ата-анасына хабарлауға міндетті.

Мерзімді медициналық тексеруден өту тәртібі

Тексеру кәмелетке толмаған баланың тегі, аты, әкесінің аты, жасы, алғашқы медициналық-санитариялық көмек алатын медициналық ұйымның толық атауы көрсетіле отырып, балалардың аты-жөнін атап жасалған тізім негізінде жүргізіледі. Медициналық ұйым баланың мерзімді тексеруден өткені туралы мәліметтерді денсаулық жағдайын, оқуды жалғастыруға медициналық қарсы көрсетілімдердің бар/жоғы туралы қорытындыны көрсете отырып, білім беру ұйымындағы оның даму тарихына және медициналық картасына енгізеді.

Балаларды мерзімді тексеру мектепте де өткізілуі мүмкін. Бұл жағдайда аталған тексерулер баланың білім беру ұйымындағы медициналық картасына енгізіледі.

Сондай-ақ денсаулық тобы туралы, антропометриялық ақпараттар, дене шынықтыру бойынша айналысатын тобы, денсаулық жағдайының мәліметтері енгізілетін денсаулық парағын ресімдеу ұсынылады.

Егер мектепте медициналық қызметкер болмаса, алайда көмек қажет боп тұрса, не істеу керек?

Бала міндетті түрде сынып жетекшісіне жолығып, өзін нашар сезініп тұрғанын айтуға тиіс.

Мұғалім баланың хал-жайы туралы ата-анасына хабарлайды.

Егер жағдай ауыр болса, тез арада жедел жәрдем шақыру керек.

Бала мектепте жүрген кезде оның денсаулығына сынып жетекшісі, медбике, мектеп дәрігері қамқорлық танытуға тиіс. Мектеп қызметкерлерінің баланың денсаулығы туралы шағымды елемей қоюға құқығы жоқ.  

Дереккөз:  «ACTUALIS: Білім беру» электрондық жүйесі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль