Жеке меншік МДҰ-да тамақтандыру есебі бойынша бастапқы құжаттар

6
Жеке меншік МДҰ-да тамақтандыру есебі бойынша бастапқы құжаттар
Азық-түлік өнімдерінің түсімі стандартты бухгалтерлік құжаттар бойынша ресімделеді.

Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомына 35-қосымша негізінде мәзір-талап (299-нысан) (ҚР Қаржы министрінің м. а. 02.08.2011 ж. № 390 бұйрығымен бекітілген).

Түгендеу Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады (ҚР Үкіметінің 31.03.2015 ж. № 241 бұйрығымен бекітілген). Құжатта МДҰ-да активтерді және міндеттемелерді түгендеуді жүргізу үшін түгендеу комиссиясы құрылуға тиіс екені көзделген, оның құрамы бірінші басшының бұйрығымен бекітіледі. Мұндай бұйрық жылдың басында шығарылады және есеп беру жылының 31 желтоқсанына дейін қолданылады. Жаңа жылда бұйрық жаңартылады.

БҰЙРЫҚ

Күні 20__ ж. «__» _____________ № ____

«20__ жылға арналған түгендеу комиссиясын бекіту туралы»

ҚР қаржы министрінің 31.03.2015 ж. № 241 бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларының негізінде 20__ жылы активтер мен міндеттемелерді түгендеуді жүргізу үшін бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің нақтылығын қамтамасыз ету мақсатында

БҰЙЫРАМЫН:

  1. __________________________________ үнемі жұмыс істейтін түгендеу комиссиясы

                                   МДҰ атауы

мынадай құрамда құрылсын:

Комиссия төрағасы: бас бухгалтер ________________________________.

                                                                                       Т. А. Ә.

Комиссия мүшелері: ___________ _________ / __________________________;

                                               лауазымы                                     Т. А. Ә.

____________________ / ________________________________;

              лауазымы                                  Т. А. Ә.

____________________ / ________________________________.

         лауазымы                                      Т. А. Ә.

  1. __________________________________ жоспарлы және жоспардан тыс (кездейсоқ)

                                МДҰ атауы

жұмыс уақытында жүргізілсін.

  1. Түгендеу комиссиясы мүшелерінің бірі жұмыстан шыққанда немесе олар маңызды себептермен орнында болмаған жағдайда түгендеу комиссиясының құрамына басқа қызметкер енгізілсін, ол бірінші басшының бұйрығымен бекітіледі.
  2. Жоспардан тыс түгендеу менің бұйрығымның немесе жазбаша өкімімнің негізінде жүзеге асырылсын.
  3. Түгендеу нәтижелері – салыстыру тізімдемесі – түгендеу өткізілген күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешікпей маған тапсырылсын.

Директор _______________ / _____________________________

                            қолы                                     Т. А. Ә.

Бұйрыққа бірінші басшы қол қояды және жеке қол қойдыру арқылы түгендеу комиссиясының назарына жеткізіледі.

Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларына сәйкес түгендеу жүргізудің мынадай тәртібі көзделген:

  1. Түгендеу жүргізгенге дейін комиссия мүшелері
  • аталған объекті бойынша жүргізілген соңғы түгендеу материалдарымен, соңғы түгендеу нәтижелері бойынша қабылданған шаралармен танысады;
  • қосалқы үй-жайларды, жертөлелерді және жеке кіру есігі мен шығуы бар басқа да мүлік сақталатын орындарды пломбалайды;
  • түгендеу жүргізу барысында комиссия жұмысы үшін пайдаланатын салмақ өлшейтін құралдардың дұрыстығын және оларды таңбалаудың белгіленген мерзімдерінің сақталуын тексереді;
  • түгендеу сәтінде кіріс және шығыс құжаттарының соңғы тізілімдерін немесе түгендеуге жататын мүліктердің қозғалысы туралы есепті алады.
  1. МДҰ-ның материалдық жауапты тұлғасы, түгенделетін қорлардың сақталуына жауапты адам түгендеу жүргізудің басында жауапты сақталуға келіп түскен барлық қорлардың кіріске алынғаны, ал шығып қалғандардың шығысқа шығарылғаны, ондағы есептілікте жатқан қорларға қатысты барлық шығыс және кіріс құжаттарының бухгалтерлік қызметке тапсырылғаны туралы қолхат ұсынады.
  2. Түгендеу түгенделетін қорлардың орналасқан жері бойынша жүргізіледі.
  3. Нақты қалдықтарды тексеру МДҰ-ғы материалдық жауапты тұлғаның қатысуымен жүргізіледі, бұл ретте материалдық жауапты тұлға өз учаскесіндегі комиссия мүшесі бола алмайды.
  4. Есеп беру мен безбендеу нәтижелері түгендеу тізіміне енгізіледі, бұл – түгендеу жүргізу сәтінде жасалатын және белгілі бір күнге қорлардың нақты болуын растайтын, кемінде екі данада жасалатын құжат, оған барлық комиссия мүшелері және МДҰ-ғы материалдық жауапты тұлға қол қояды. Тізім соңында материалдық жауапты тұлға оның қатысуымен қорларды комиссияның тексергенін растайтын, комиссия мүшелеріне қандай да бір шағымның жоқтығы туралы қолхат береді. Түгендеу тізімінің нысаны (Түг-10 нысаны) ҚР Қаржы министрінің 20.12.2012 ж. № 562 бұйрығына 41-қосымшада бекітілген.

Түгендеу соңында «Қорлар есебі кітабының» мәліметтерімен бірге материалдық жауапты тұлғада осы кітап жүргізілетін қорлар номенклатурасының сол позициялары бойынша түгендеу нәтижелерінің салыстырмалы тізімдемесі жасалады. Табиғи шығын нормалары нақты жетіспеушіліктер анықталған жағдайда ғана қолданылады. Ресімделген түгендеу актілері мен тізімдер, салыстырмалы тізімдемелер бухгалтерлік қызметке тапсырылады.

Бухгалтерияда есеп беру айы ішінде жоғарыда келтірілген формула бойынша жұмсалған қорлардың есебі жүргізіледі, ол бухгалтерлік есепке енгізіледі. Бухгалтерлік есеп бойынша есеп беру кезеңінің соңында қорлардың шығарылған қалдықтары түгендеу мәліметтерімен сай келуге тиіс. Қайшылық анықталған жағдайда табылған кемшіліктер мен артылғандардың себебін анықтау жүргізіледі.

Жетіспеушіліктер немесе артық қалушылық материалдық жауапты тұлғаның «Қорлар есебі кітабында» қорлардың түсімін дұрыс немесе толық көрсетпеген жағдайда ғана туындауы мүмкін, өйткені есеп беру айы ішінде өткізілген шығыс операциялары бухгалтерияда көрсетілмеген.

МДҰ-да МТҚ-ның сақталуына жауапты жұмыскер материалдық жауапты тұлға болуға міндетті. Мұндай жауапкершілік жұмыскерге онымен толық материалдық жауапкершілік туралы шарт жасасу жолымен ғана жүктеледі, шарт жұмыс беруші мен жұмыскер арасында міндетті түрде жазбаша нысанда жасалады.

Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомына 37-қосымшада толық материалдық жауапкершілік туралы шарттың үлгілік нысаны берілген. Бұл нысанды меншіктің басқа нысандарындағы МДҰ пайдалана алады. Төменде құжаттың аталған нысаны берілген.

Толық материалдық жауапкершілік туралы жасалған шарт қызметкердің жеке ісінде сақталады.

Қандай да бір залал (зиян) табылған жағдайда ұйым әкімшілігі қызметтік тексеру жүргізуге тиіс, оның барысында

  • келтірілген залалдың (зиянның) мөлшерін;
  • кінәлі тұлғаны немесе кінәлі тұлғаларды;
  • залалды өтеу шарттарын анықтау керек.

Жалғасын «ACTUALIS: Білім беру» электрондық жүйесінен оқыңыздар



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль