Мектеп экскурсиясын қалай дұрыс ұйымдастыруға болады

10
Мектеп экскурсиясын қалай дұрыс ұйымдастыруға болады
Сабақпен қатар мектептегі оқу және тәрбие жұмысы да экскурсия түрінде өткізіледі.

Экскурсия (латынша excursio – серуен, сапар) – мұражайларға, көрнекті орындарға, көрмелерге, кәсіпорындарға және т. б. ұжыммен немесе жеке бару; білім алу, ғылыми, спорт немесе көңіл көтеру мақсатындағы сапар.

Экскурсияның функциялары

Теорияны практикамен ұштастырудың дидактикалық қағидасын іске асыруды қамтамасыз етеді. Оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастырудың тиімді нысаны болып табылады және бірқатар дидактикалық функциялар атқарады:

  • оқушылар тікелей оқытылатын пәндер және құбылыстармен танысатындықтан, оқытудың көрнекілік қағидасы іске асырылады;
  • оқытудың ғылымилығын арттыруға және оның өмірмен, тәжірибемен байланысын нығайтуға, себеп-салдарлық байланыстарын анықтауға мүмкіндік береді;
  • оқушылардың өндіріспен танысуына, өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында ғылыми білімді қолдана білуіне мүмкіндік беретіндіктен, политехникалық білім алуға ықпал етеді;
  • оқушыларды өндірістік қызметке кәсіптік бағдарлауда және оларды өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы жұмыскерлерінің еңбегімен және ісімен таныстыруда маңызды рөл атқарады;
  • көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыратын тәрбиелік жағы бар.

Экскурсия түрлері

Тәрбие жұмысының жоспарына экскурсиялар енгізілген. Оларды бірнеше түрге бөлуге болады:

Өндірістік – өнеркәсіп кәсіпорындарына бару өндірісті, заманауи индустрияның негіздерін үйренуге көмектеседі, политехникалық ой-өрісінің кеңеюіне және оқушыларды еңбекке тәрбиелеуге ықпал етеді.

Жаратылыстану-ғылыми – далаға, орманға, шабындыққа, өзенге, көлге, хайуанаттар бағына экскурсиялар.

Тарихи-әдеби – тарихи-әдеби мұражайларға, көркемөнер көрмелеріне, картиналар галереясына, кітап қоймаларына, мұрағаттарға бару, тарихи орындарға сапар.

Өлкетанушылық – туған өлкенің табиғаты мен тарихын зерттеу.

Кешенді – тәрбиелік және білім беру сипатындағы бағыттарды қамтиды.

Экскурсияны қалай жүргізу керек

Экскурсия, әсіресе білім беру бағытындағы экскурсия – күрделі процесс, оны ұйымдастыруға жауапкершілікпен қарау керек. Мынадай жоспар жасаған жөн:

  • экскурсияға, сапарға, мектеп аумағынан тыс шығуға дайындау;
  • оқушылардың зерттеліп отырған объектіге шығуы мен сабақ тақырыбы бойынша оқу материалын меңгеруі (бекіту);
  • экскурсия материалдарын өңдеу және қорытындыларды шығару.

Экскурсияның сәттілігі мыналарды дайындаумен айқындалады:

  • объектімен алдын ала танысу;
  • экскурсияны жүргізу жоспарын құру;
  • оқушыларға арналған танымдық тапсырмаларды анықтау;
  • бағыт-бағдар мен қозғалыс тәртібін айқындау;
  • қауіпсіздік техникасы жөнінде нұсқама өткізу.

Егер экскурсия өндіріске баруға жоспарланса, кәсіпорыннан ілесе жүретін адам жөнінде келісу керек. Сондай-ақ объектіні бір мезгілде қанша оқушы қарай алатынын түсіндіріп, сыныптарды топтарға бөлетін-бөлмейтінін анықтаған жөн. Экскурсия кезінде түсіндірмені кім жүргізеді: мұғалім бе, әлде кәсіпорыннан ілесе жүретін адам ба – сол мәселені шешу қажет.

Өндіріске саяхат кезінде экскурсия объектілері туралы ғана емес, жұмыскерлер, олардың біліктілігі, орындайтын жұмыстарының сипаты туралы да әңгімелеу керек, осы арқылы еңбек тәрбиесі мен кәсіптік бағдар қалыптасады.

Экскурсияның ұзақтығы 1 сағаттан аспауға тиіс, өйткені ұзаққа созылса оқушылар шаршап, қызығушылығы мен зейіні төмендейді.

Бастауыш мектепте табиғат аясына экскурсия жасалады, оның бақылағыштықты дамытуда маңызы зор.

Аяқталар кезде оқушыларға жиналған материалдар мен бақылаған нәрселерін өңдеп, альбом, көрме, қабырға газеттерін, баяндама, рефераттар дайындау жөнінде кеңес беруге болады.

Экскурсияны жүргізу кезеңдері

Экскурсияға дайындық жұмысы:

  • оның мақсатын нақты анықтау;
  • зерттелетін объектіні таңдау;
  • оқушылар алдына нақты мәселелер қою;
  • объектіге алдын ала бару, экскурсия жетекшісі кім болатыны жөніндегі мәселені шешу.

Мазмұндық бөлім – өткізу барысында әңгімелеу, түсіндіру, сұхбат және көрсету әдістерінің көмегімен зерттелетін материалды қабылдау мен меңгеру (немесе бекіту) бойынша оқу жұмысын ұйымдастыру.

Қорытынды шығару, оқушылардың экскурсия кезінде таныған жаңа нәрселерін жинақтау.

Мақала қысқартылып жарияланған, толық жарияланымды № 6-2017 «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналынан оқыңыздар.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль