Жеке меншік МДҰ-да тамақтану есебін ұйымдастыру

8
Жеке меншік МДҰ-да тамақтану есебін ұйымдастыру
2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап біздің елімізде Ұлттық қаржылық есептілік стандарты (бұдан әрі – ҰҚЕС) (ҚР Қаржы министрінің 31.12.2013 ж. № 50 бұйрығымен бекітілген) қолданысқа енгізілді.

ҰҚЕС-тің қолданысқа енгізілуімен өзінің заңдық күшін жойды:

  • № 1 Ұлттық қаржылық есептілік стандарты (ҰҚЕС № 1) (ҚР Қаржы министрінің 21.06.2007 ж. № 218 бұйрығымен бекітілген);
  • № 2 Ұлттық қаржылық есептілік стандарты (ҰҚЕС № 2) (ҚР Қаржы министрінің 21.06.2007 ж. № 217 бұйрығымен бектілген).

ҰҚЕС күші ҚР жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылған қаржы ұйымдары мен арнайы қаржы компанияларына, ҚР бағалы қағаздар туралы заңнамасына сәйкес құрылған ислам арнайы қаржы компанияларына, ҚР заңнамасына сәйкес ҚР Ұлттық Банкі жүзеге асыратын бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттеуге қолданылмайды.

Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар (бұдан әрі – МДҰ) жоғарыда аталған субъектілер санатының ешқайсысына жатпайды, сондықтан олар ҰҚЕС-ті өз қаржылық есептілік саясатының негізі ретінде пайдалана алады.

Жаңа ҰҚЕС-те қорларды есептеу «Бухгалтерлік есеп жүргізу» 2-тарауының «Қорларды есептеу» делінген 3-параграфында реттеледі. Стандартта қаржылық есептілікте қорлар өзіндік құны бойынша көрсетілетіні көзделген.

Қорлардың өзіндік құны сатып алу бағасынан, импорттық баждан, салықтан (өтелетінді қоспағанда) тұрады. Сауда жеңілдіктері, төлемдерді қайтару және өзге де ұқсас баптар шығындарды айқындау кезінде есептен алынады. Қайта өңдеуге арналған шығындар және қорлардың ағымдағы орналасқан жері мен жай-күйін қамтамасыз ету үшін тартылған өзге де шығындар (мәселен, делдалға сыйақы төлеу) олар тартылған кезеңдегі шығыстар болып танылады. ҰҚЕС-қа сәйкес қорлардың өзіндік құнын бағалау «алғашқы түсім – алғашқы жөнелту» әдісі (FIFO) немесе кезең басындағы қорлардың орташа құнына және кезең ішінде сатып алынған (өндірілген) ұқсас қорлардың орташа құнына негізделетін орташа өлшемді құны бойынша жүргізіледі.

Қорлар сатып алу бағасынан, импорттық баждан, салықтардан (өтелетінді қоспағанда) тұратын өзіндік құн бойынша есептеледі. Сатып алу бағасы сауда жеңілдіктері, төлемдерді қайтару және басқа да осындай шығындар сомасына түзетіледі, яғни қорларды есептеудің өзіндік құны қайта өңдеуге арналған шығындарды және қорларды ағымдағы орналасқан жеріне дейін жеткізу барысында әрі олардың осы жай-күйін қамтамасыз етуге дейін тартылған басқа да шығындарды қамтымайды.

Сондай-ақ 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес кәсіпорындары үшін (бұдан әрі – ШОБ-ке арналған ХҚЕС) Халықаралық Қаржылық Есептілік Стандарты (IFRS) қолданысқа енгізілді. ШОБ-ке арналған ХҚЕС-ке сәйкес шағын және орта бизнес кәсіпорындары

  • өзінің қаржылық есептілігін қолданушылардың кең аясына ұсынуға міндетті емес;
  • сыртқы қолданушылар үшін т жалпы тағайындалған қардылық есептілікті шығарады.

Сыртқы қолданушылардың үлгілері: бизнесті басқаруға қатыспайтын иеленушілер, қолданыстағы және әлеуетті кредиторлар мен кредиттік-рейтингілік агенттіктер.

Демек, жекеменшік МДҰ-лар ХҚЕС-ті ШОБ үшін өз қаржылық есептілік саясатының негізі ретінде пайдалануға құқылы.

Қаржылық есептілікте қорларды көрсету тәртібі ШОБ-ке арналған ХҚЕС-ның «Қорлар» деп аталатын 13-тарауында регламенттелген. Стандартта кәсіпорынның қорларды екі шаманың ең төменгісі бойынша бағалауға тиіс екені көзделген: өзіндік құн және аяқтау мен сатуға кеткен шығындарды есептеу арқылы сату бағасы (МДҰ-да азық-түлік өнімдерін есептеу үшін бұл баға қарастырылмайды).

Қорлардың өзіндік құнына сатып алуға кеткен барлық шығындар, қайта өңдеуге арналған шығындар және қорларды ағымдағы орналасқан жеріне дейін жеткізу барысында әрі олардың осы жай-күйін қамтамасыз етуге дейін тартылған басқа да шығындар кіреді. ШОБ-ке арналған ХҚЕС-ге сәйкес бағалау үшін қорларды бағалаудың үш әдісін қолдануға болады:

  • өзіндік сәйкестендіру әдісі;
  • «алғашқы түсім – алғашқы жөнелту» әдісі (FIFO әдісі);
  • орташа безбенделген өзіндік құн әдісі, ол кезең басындағы қорлардың орташа өзіндік құнына және кезең ішінде сатып алынған (өндірілген) осындай қорлардың орташа өзіндік құнына негізделеді.

ҰҚЕС мен ШОБ-ке арналған ХҚЕС бойынша өзіндік құн құрылымын салыстыра келе, олардың айырмашылығын байқауға болады:

ҰҚЕС бойынша өзіндік құн – бұл тек сатып алу бағасы;

ШОБ-ке арналған ХҚЕС бойынша өзіндік құн – бұл сатып алу бағасы, қайта өңдеуге арналған шығындар сомасы, субъектінің қорларды пайдалануға дайындықтың жай-күйіне дейін жеткізу бойынша келтірілген басқа да шығындар сомасы.

ҰҚЕС сияқты, ШОБ-ке арналған ХҚЕС бойынша, қорлардың өзіндік құнын бағалау «алғашқы түсім – алғашқы жөнелту» (FIFO әдісі) әдісі бойынша немесе кезең басында қорлардың орташа құнына және кезең ішінде сатып алынған (өндірілген) осындай қорлардың орташа құнына негізделген орташа безбенделген құн бойынша жүргізіледі.

Жекеменшік МДҰ өз есеп саясатына қандай негіздемені қолдануды өзі таңдайды және осыған сәйкес түскен азық-түлік өнімдеріне бағалау жүргізеді.

Жеке меншік МДҰ-да тамақтану есебін ұйымдастыру

МДҰ тәрбиеленушілерінің тамақтануын дұрыс ұйымдастыруды «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын (ҚР Үкіметінің 17.03.2015 ж. № 217 қаулысымен бекітілген) оқып-үйренуден бастау керек. Санитариялық талаптарда жеке азық-түлік тұрғысында балаларды тамақтандырудың нормалары келтірілмейді, алайда онда ас әзірлейтін блок жұмысын дұрыс ұйымдастыру және оны қажетті мүкәммалмен әрі құрал-жабдықпен жарақтандыру туралы ақпарат берілген. Сондай-ақ құжатта МДҰ-ғы тамақтануды ұйымдастырумен байланысты бірнеше қосымшалар бар. Мәселен:

Санитариялық қағидаларға 7-қосымшада «Өнімдерді алмастыру кестесі» көрсетілген;

Жалғасын «ACTUALIS: Білім беру» электрондық жүйесінен оқыңыздар



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль