Бақылау-рұқсатнамалық тәртіптеме бойынша бұйрықтардың үлгілері

69
Бақылау-рұқсатнамалық тәртіптеме бойынша бұйрықтардың үлгілері
Рұқсатнамалық тәртіптеме – ұйымда белгіленген тәртіп, онда қызметкерлер мен келушілердің бақылаусыз өту (көлікпен өту), материалдық құндылықтарды әкелу (әкету) мүмкіндігіне жол берілмейді.

БҰЙРЫҚ 

«__» _________ 20__ ж.                                                                        № __________

«______________» МКҚК-де 20__ / 20__ оқу жылына арналған бақылау-рұқсатнамалық тәртіптемені ұйымдастыру туралы»

Ғимаратты, үй-жайларды және мүліктерді сенімді күзету, балабақшаның қауіпсіз жұмыс істеуін, қауіпті құбылыстар мен жағдайларды дер кезінде көре білу мен алдын алу, тәрбиеленушілер мен қызметкерлерді олардың аумақта, ғимаратта, құрылыста болу кезеңінде қорғау бойынша тәртіп пен шараларды іске асыруды қолдауды, ұйымдастыру жұмысын реттеуді қамтамасыз ету мақсатындаБҰЙЫРАМЫН:

1. ___________________________ – қауіпсіздік бойынша жауапты:

1.1. «______________» МКҚК-де рұқсатнамалық тәртіптемені қамтамасыз ету бойынша шараларды іске асыруды жеке бақылауды қамтамасыз етсін.

1.2. Бөтен адамдардың балабақшаға кедергісіз өтуінің барлық мүмкін жағдайларына, қол жүгі, мүліктер мен жүктерді бақылаусыз әкелу (кіргізу) мен әкетуге (тасып шығару) жол бермеу.

1.3. «______________» МКҚК ғимаратын тікелей күзетуді:

  • күзетшілер ______________________ және _____________________ – түнгі уақытта;
  • балабақша қызметкерлері күндізгі уақытта жүзеге асырсын.

1.4. Қақпаның жабық болуы үнемі бақылансын.

1.5. Балабақшада бақылау-рұқсатнамалық тәртіптемесін ұйымдастыру туралы Ереже талаптарын түзету.

1.6. Күзет бекетінде болу керек:

  • білім беру ұйымына рұқсатсыз өтуге тырысу, қол жүгі, мүліктер мен жүктерді бақылаусыз әкелу (кіргізу) мен әкету (тасып шығару) жағдайында кезекші әкімшінің міндеттерін атқаратын лауазымды тұлғалар әрекетінің нұсқаулығы;
  • дабыл белгісі түймешесін қолдану тәртібі.

1.7. Балабақшаға ұйымды белгіленген тәртіпте бақылайтын және тексеретін күштік құрылымдардың (құқық қорғау органдары, ТЖМ және т. б.) енуіне рұқсат беруді жүзеге асыру (жеке басын және осы ұйымға тиесілігін куәландыратын құжаттарды тексеру; келу мақсатын анықтау; басшыға, ол жоқ кезде оның орнындағы тұлғаға баяндау; келушілер есебі журналында тіркеу). Рұқсат беру балабақшаның лауазымды тұлғасының рұқсатымен және ол бар кезде ғана жүргізіледі.

1.8. Барлық қызметкерлерге домофоны бар есіктің кілтін беру, домофонды дұрыс пайдалану туралы нұсқама өткізу.

1.9. Тәрбиешілер ата-аналармен бақылау-рұқсатнамалық тәртіптемесі туралы түсіндірмелік әңгіме өткізуі керек.

1.10. Педагогикалық құрам өз жұмыс орындарында жұмыс күні басталғанға 10 минут қалғанда болулары қажет. Тікелей әр сабақты бастар алдында көзбен шола отырып, топтағы жағдайдың қауіпсіздігін, құрал-жабдықтың дұрыстығын, күмәнді және адам өмірі мен денсаулығына қауіпті заттардың болмауын тексеру керек.

1.11. Ата-аналарды немесе келушілерді қабылдау қатаң түрде домофон түймешесін басу арқылы жүзеге асырылады. Ата-аналардан баланы тәрбиешінің өз қолына жеке тапсыруды талап ету керек, баланы көрші топтың тәрбиешісіне, басқа қызметкерге, күзетшіге, қарауылға, т. б. тапсыруға жол берілмейді, балаларды топтың үй-жайында қабылдау қажет.

1.12. Баланы балабақшадан алуға мүмкіндігі жоқ ата-аналарда сенімді тұлғаға берілген сенімхат – рұқсат болу керек (ата-аналардың бірі толтырады).

1.13. Мәдени-сауық іс-шараларын ұйымдастырушылардың, фотографтардың келуіне балабақша басшысы жеке келісімін беруі керек.

1.14. Барлық қызметкерлер бөгде адамдардың және күмәнді заттардың болу-болмауына көңіл аударуға міндеттенеді. Барлық жағдай туралы әкімшілікке хабарлау керек.

1.15. Балабақшаға жеке басын куәландыратын құжаттарын көрсетуден және келу мақсатын түсіндіруден бас тартқан кез келген адамның кіруіне тыйым салынады.

1.16. Келушілердің бақылаусыз әрекетіне жол берілмейді (ғимарат пен аумақтың айналасында өз бетінше жүру, әңгімелесу, заттарын қалдыру, т. б.).

1.17. Аумақта сауда ұйымдастыруға, жануарлармен серуендеуге, спирттік ішімдік ішуге, т. с. с. жол берілмейді.

1.18. Балабақша аумағында бөгде адамдар қоғамдық тәртіпті бұзған, анық басқыншылық пен қылмыстық сипаттағы әрекет көрсеткен жағдайда кезекші әкімші немесе күзетші дереу дабыл белгісі түймешесін қосып, қоғамдық тәртіпті бұзушылармен тікелей байланыс орнатуға жол бермеуге тиіс.

2. Қауіпсіздік бойынша жауапты _________________ осы бұйрықты балабақша қызметкерлеріне 20__ ж. тамыздағы педагогикалық кеңесте жеткізсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

Меңгеруші________________ (қолы) / ___________________________ (Т. А. Ә.)

Бұйрықпен таныстырылды:

______________ (қолы) / _________________________ (Т. А. Ә.)

______________ (қолы)  / _________________________ (Т. А. Ә.)

______________ (қолы)  / _________________________ (Т. А. Ә.)

БҰЙРЫҚ

«__» __________ 20__ ж.                                                                    № ___________

«___________» МКҚК-де «Бақылау-рұқсатнамалық тәртіптемені ұйымдастыру ережесін бекіту туралы»

13.07.1999 ж. № 416 «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына, 27.07.2007 ж. № 319–III «Білім беру туралы» ҚР Заңына, балабақша жарғысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «___________» МКҚК-де «Бақылау-рұқсатнамалық тәртіптеме туралы» ереже бекітілсін.

2. Осы ережемен барлық қызметкерлер таныстырылсын.

Меңгеруші________________ (қолы)/ ___________________________ (Т. А. Ә.)

Мақала қысқартылып жарияланған, толық нұсқасын № 6-2017 «Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы» журналынан оқи аласыздар



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль