Оқушылар үшін міндетті екпелер

8
Оқушылар үшін міндетті екпелер
Мектепте оқыған жылдары бала өмірінің алғашқы екі жылына қарағанда екпені аз жасау қажет. Алайда олардың да маңызы зор, өйткені оқушының әлеуметтік белсенділігі емшектегі балаға қарағанда анағұрлым жоғары. Балалар мектепке ғана барып қоймайды, олар әртүрлі үйірмелер мен секцияларға барады, қоғамдық көлікте жүреді, жұқтыру қаупі де жоғары болады.

Бірінші сынып

6 жаста қызылшаға, қызамыққа және эпидемиялық паротитке (свинка) қарсы ревакцинация жүргізіледі.

Профилактикалық егудің сыныптамасы

6–7 жаста дифтерия мен сіреспеге (екінші ревакцинация) қарсы АДСМ вакцинасы жүргізіледі. Бұл вакцина АКДС вакцинасына ұқсас, оған көкжөтел компоненті кірмейді.

7 жаста туберкулезге қарсы қайтадан БЦЖ вакцинасы салынады. Алдын ала (егуге үш күн қалғанда) Манту сынамасын жүргізеді, ол баланың туберкулездің микобактериясын жұқтырған-жұқтырмағанын білу үшін қажет.

14 жастан кейін

Дифтерия мен сіреспеге қарсы үшінші рет егу жасалады, әрі қарай бұл екпе әр 10 жыл сайын салынады. Сондай-ақ полиомиелитке қарсы тірі вакцина үшінші рет егіледі. Манту сынамасы туберкулинді теріске шығарса, балаларға туберкулезге қарсы ревакцинация жүргізіледі.

Егер бұрын қызамықпен ауырмаса, қыздарға 14 жастан кейін қызамыққа қарсы екпе салынады.

Сондай-ақ бұрын егу жүргізілмесе, балаларға В гепатитіне қарсы вакцинация салынады.

15–17 жаста егер қызылшаға қарсы екпе бұрын салынбаса немесе ол туралы мәлімет сақталмаса, иммундау жүргізіледі.

Медициналық тексеру өткізудің тәртібі

Тұмау туралы

Тұмауға қарсы вакцинация жыл сайын оқушылардың ата-анасының қалауы бойынша жүргізіледі. Әдетте ол күзде, аурулар саны өскенде жасалады. Ол егу күнтізбесіне кірмейді және оны жасау міндетті емес. Дегенмен тұмауға қарсы вакцинация жұқтыру қаупін азайтады және инфекциядан кейінгі асқынулардың алдын алады.

ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу бойынша 20__/20__ оқу жылына
арналған іс-шаралар жоспары

Іс-шаралар атауы

Орындау мерзімі

Жауапты орындаушы

1. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы

1.1

Мектепте тұмау мен ЖРВИ-дің таралуының алдын алу мәселесі бойынша барлық қызығушылық танытқан ведомстволардың өзара әрекеті мен жедел ақпараттандыруды қамтамасыз ету

Эпидемия алдындағы және эпидемия маусымы

Әкімшілік

2. Тұмаудың өзіндік және оған тән емес профилактикасын ұйымдастыру

2.1

Мектепте ыстық тамақтың ұйымдастырылуына және санитариялық эпидемияға қарсы әрі температуралық режимнің сақталуына бақылау жүргізу

Қыркүйек–наурыз

Әкімшілік

3. Эпидемияға қарсы шаралар

3.1

Карантин шараларын енгізу: – балалардың қалу себептері көрсетілген мониторинг; – маска кию режимін енгізу; – сырқат белгісі бар оқушылар мен педагогтарды кіргізбеу; – таңғы фильтр жүргізу және дезрежимді сақтау; – білім беру процесін тоқтату (сыныпта оқушылардың 25 %-ы, мектепте 30 %-ы болғанда)

Бастапқы деңгей артып кеткен кезде

Әкімшілік, медицина қызметкері, сынып жетекшілері

3.2

Мектепті қажетті құрал-жабдықпен (термометр, бетке тағатын маска, зарарсыздандырғыш дәрі-дәрмек) қамтамасыз ету

Қыркүйек

Медицина қызметкері

3.3

Мәдени-көпшілік шараларды шектеу

Іс-шараларды шектеу енгізілгенде

Әкімшілік, сынып жетекшілері

3.4

Әр сабақтан кейін оқу кабинеттерін желдету. Әр сабақ кезінде дәліздерді 10–20 минут желдету

Күн сайын

Педагогтар, техникалық персонал

3.5

Зарарсыздандырғыш құралдарды қолдана отырып, ылғалды тазалау жүргізу. Әдетте қол көп тиетін барлық заттарды мұқият өңдеу (есік тұтқалары, крандар, сүйеніштер), сондай-ақ көрініп тұрған дақтарды кәдімгі тазалау құралдарын пайдалана отырып өңдеу

Күн сайын

Директордың ӘШБ жөніндегі орынбасары

3.6

Жағдайды және үй-жайларда қол жууға арналған сабындардың болуын қамтамасыз ету

Күн сайын

Директордың ӘШБ жөніндегі орынбасары

4. Санитариялық-ағартушылық және ақпараттық қызмет

4.1

Білім беру процесіне қатысушылар арасында тұмау мен басқа да өткір респираторлық инфекциялардың жекелей және қоғамдық алдын алу шаралары, ауру белгілері байқалған бойда уақтылы медициналық көмекке жүгіну қажеттілігі туралы белсенді түрдегі санитариялық-ағартушылық жұмысты жүзеге асыру: – «Дені саудың – жаны сау» ақпараттық стендін безендіру және сыныптағы денсаулық бұрыштарында ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу жөніндегі ақпаратты орналастыру; – ЖРВИ мен тұмау ауруларының алдын алу жөніндегі ақпаратты мектеп сайтында орналастыру; – оқушылармен «ЖРВИ мен тұмау ауруларының алдын алу» тақырыбында сынып сағаттарын өткізу; – «ЖРВИ мен тұмау ауруларын ескерту» тақырыбында сыныпта ата-аналар жиналысын өткізу

Тұмау мен ЖРВИ бойынша эпидемиялық мау

Дереккөз: "Сынып жетекшісінің анықтамалығы" журналы



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль