«Практикадағы рефлексия» білім беру бағдарламасы

17
«Практикадағы рефлексия» білім беру бағдарламасы
Бағдарлама құрылымдық теориясына негізделген. Сондықтан құрылымдық оқытудың мақсаты білім алушыны пәнді тереңнен түсінуі мен өзінің алдыңғы тәжірибесінің негізінде алған білімін қолдану машығын дамытудан тұрады.

Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің кәсіптік дамуы үшін сенбі күндерін қолдану мақсатында әдістемелік күннің аясында мұғалімнің кәсіптік даму моделі әзірленді, мұнда «тең–теңімен» қағидаты бойынша мектептің педагогикалық ұжымын оқытуды жүргізу ұсынылды. Осыған байланысты «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығымен жалпы білім беретін мектептің педагог кадрларының кәсіптік дамуына арналған «Практикадағы рефлексия» білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) әзірленді.

Бағдарламаның негізгі мақсаты: мектеп педагогтарының оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік дағдыларын, сыни және логикалық ойлауын дамытуға, оқыту үдерісін жоспарлау, оқушылардың оқудағы жетістіктерін тиімді жүйелі бағалау дағдыларын жетілдіруге ықпал етуші оқу технологиялары мен әдістемелерін меңгеруі.

Бағдарламаның міндеттері:

  • – Мұғалімдердің оқыту үдерісін жоспарлау;
  • – білім алушыларды оқу үдерісіне тарту;
  • – АКТ-ды қолдану;
  • – сыни ойлау дағдыларын дамыту;
  • – білім алушыларды тиімді жүйелі бағалау;
  • – өзінің оқыту үдерісін рефлексиялау дағдыларын жетілдіру.
  • – Ұстаздарды тұрақты кәсіптік дамуға дайындау.

Оқу-әдістемелік кешеніне мыналар кіреді

  • – Жалпы білім беретін мектептің педагог кадрларының кәсіптік дамуына арналған «Практикадағы рефлексия» білім беру бағдарламасы.
  • – Ұстаздарға арналған нұсқаулық.
  • – Тренерге арналған нұсқаулық.
  • – Үлестірме материалдар.

Бағдарламаның құрылымы:

  • – Бағдарлама материалдарымен танысу.
  • – Әріптестермен бірге оқыту практикасын жетілдіруші педагогикалық әдістерді, тәсілдер мен жұмыс түрлерін талқылау.
  • – Практикалық іске асыру: сабақты зерттелген әдістерді, тәсілдерді қолдана отырып жоспарлау және құрылымдық кері байланыс орнату.
  • – Рефлексия: өзіндік және өзара рефлексияны үнемі жүзеге асыру.

Бағдарлама бойынша ұстаздарға арналған курстарды ұйымдастырғанда мыналарды ескеру қажет:

  • – Бағдарламаны іске асыру жалпы білім беретін мектептерде мектепішілік курстар аясында 20____–20____ оқу жылынан басталуы тиіс. Сабақты НЗМ оқудан өткен және мектеп тренерлерінің сертификатына ие педагогтар өткізеді.
  • – Курстарды өткізгенде Бағдарламаның оқу-әдістемелік кешенін қолдану керек, оған мыналар кіреді
  • мектеп тренерлерін оқыту бағдарламасы;
  •  - педагог кадрларға арналған бағдарлама;
  • тренерге арналған нұсқаулық;
  • мектеп тренеріне арналған нұсқаулық (мазмұны бағдарламаның негізгі идеяларына жетуге ықпал ететін, оның мақсаттары мен міндеттерімен таныстыратын құжат);
  • ұстаздарға арналған нұсқаулық (жалпы білім беретін мектептің педагог кадрларының кәсіптік дамуына арналған «Практикадағы рефлексия» білім беру бағдарламасын зерттеу мен меңгеру бойынша негізгі материалдан тұратын құжат);
  • мектеп тренеріне арналған үлестірме материалдар;
  • ұстаздарға арналған үлестірме материалдар.
  • Қосымша ресурстар ретінде НЗМ сайтындағы материалдарды (форум, блогтар, мұғалімдердің желілік қоғамдастығы) және НЗМ порталына жарияланған жүйелі-әдістемелік кешенді қолдануға болады.

Бағдарламаның аясында келесі негізгі мәселелер қарастырылады:

  • – диалогтық оқыту;
  • – метатаным;
  • – оқушының уәждемесі;
  • – сыни ойлауға машықтандыру;
  • – оқуға арналған бағалау;
  • – оқыту мен оқуда АКТ-ды қолдану.

Бағдарламада оқу жоспары әзірленген, оны мектеп тренері жыл ішінде іске асыруы тиіс. 25 тақырыпты меңгеру қажет. Әр тақырыпқа 4 сағат бөлінеді (1 академиялық сағат – 45 минут). Барлығы – 100 оқу сағаты. 1-қосымшада біздің мектептің жоспары берілді.

Оқыту жүйелі түрде жүргізілуі тиіс, яғни деңгейлік курстан өтпеген ұстаздардың тұрақты тобын құру қажет. Оған мектептің сұранысына қарай 25 адамға дейін кіре алады. Сабақ үшін бәріне ыңғайлы уақытты қарастырып, кестеге кәсіптік даму күнін енгізу қажет, ол сенбі немесе каникул күндері және т. б. болуы мүмкін.

Жылдың соңында Бағдарлама бойынша оқу қорытындылары бойынша тыңдаушылар портфолио әзірлеп, мектеп тренеріне өткізуге тиіс, оған мыналар кіреді

  • – Бағдарлама тақырыптарының бірін практикалық қызметке енгізу әдістемесін негіздей және оның іске асырылуын талдай келе рефлексивтік есеп беру, бұл өзгерістерді оқыту және оқу іс-тәжірибесіне енгізу, сондай-ақ оларды басқару нәтижелілігін көрсетеді (2 000 сөз).
  • – Бағдарлама тақырыптарының бірінің енгізілгенін көрсететін үш сабақ жоспары, түсініктемелерімен (250 сөз).

Бағдарлама бойынша оқу курсын толық аяқтаған және қорытынды бағалау рәсімінен сәтті өткен педагогтарға мектеп ҚР Білім және ғылым министрлігімен бекітілген үлгідегі куәлік береді. Куәлік мектепте тираждалады. Оқу курсын толық өткен мұғалімге мектеп директорының қолы қойылған куәлік беріледі, бұл аттестаттаудан өткенде ескеріледі (2-қосымша).

Мектеп әкімшілігі міндетті

  • – Мектеп тренеріне мектепішілік курс өткізу үшін әдістемелік күн беруге.
  • – Әдістемелік (немесе сенбі) күн мен каникул уақытын ескере отырып сабақ кестесін құрастыруға.
  • – Деңгейлік бағдарлама бойынша бұрындары оқудан өтпеген мектеп педагогтарының оқушылар тобын құрастыруға (топ – 25 адамнан аспауы тиіс).
  • – Тыңдаушыларды курсқа қабылдау туралы бұйрық (3-қосымша), тыңдаушылардың курста оқуды аяқтағаны туралы бұйрық шығаруға.
  • – Мектеп педагогтарының оқыту жүргізуін тұрақты бақылауға.
  • – Бағдарлама бойынша оқу курсынан толық өткен және бағалау рәсімінен сәтті өткен педагогтарға курсты аяқтағаны туралы куәлік дайындауға және беруге.

Мектеп тренері тиіс

  • – Бағдарламаның оқу жоспарына сәйкес мектепішілік курстарда педагогтарды сапалы оқытуға.
  • – Сабаққа қатысуды есепке алу журналын (4-қосымша) және тыңдаушылар дерекқорын (5-қосымша) жүргізуге.
  • – Тыңдаушылар сыныпта практикадан өту барысында оларға әдістемелік көмек көрсетуге.
  • – Бағдарламаны іске асыру қорытындылары бойынша тыңдаушылар портфолиосын формативтік және жиынтықты бағалау жүргізуге.
  • – Бағдарламаны іске асыру бойынша кәсіптік мәселелерді уақытылы шешу үшін НЗМ тренерлерімен тұрақты байланыста болуға.

Білім беру мазмұнын жаңарту және ұстаздардың үздіксіз кәсіптік дамуы мен кәсіби шеберлігін арттыруды қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіру, «Қостанай қ. әкімдігі білім бөлімінің № 1 мектеп-лицейі» ММ-гі таратылған көшбасшылық арқылы шығармашыл әрі жетістікті ұстаздардың өзін іс жүзінде танытуына жағдай жасау мақсатында «Практикадағы рефлексия» шығармашылық тобы құрылды.

Рефлексияның мақсаттары – қызметтің негізгі компоненттерін еске түсіру, айқындау әрі түсіну: оның мағынасын, түрлерін, тәсілдерін, мәселелерін, оларды шешу жолдарын. Рефлексия алған нәтижелерді тұжырымдауға, алдағы жұмыс мақсаттарын айқындауға, өзінің білім жолын түзетуге септігін тигізеді. Егер адам үшін сезінуге арналған дене мүшелері оның сыртқы тәжірибесінің көзі болса, онда рефлексия – бұл ішкі тәжірибе көзі, өзін өзі тану тәсілі және қажетті ойлау құралы.

Мектеп тренерлеріне мектеп ұстаздарының алдағы дамуына қатысты жауапкершілік жүктеледі. Ол үнемі жетіліп отыруы және оқу технологиясын жақсы меңгеруі тиіс.

Мақала қысқартылып жарияланған, толық нұсқасын № 6-2017 «Білім беру ұйымының әдіскері» журналынан оқи аласыздар.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль