Таңдау бойынша «қызықты орыс тілі» курсы, 3-сынып

10
Таңдау бойынша «қызықты орыс тілі» курсы, 3-сынып
Бұл курс арнайы ойындар мен жаттығулар жүйесі арқылы оқушылар қабылдауының визуалды, аудиалды және кинестетикалық жүйесін дамытуға және оқыту сапасын арттыруға көмектеседі.

Мақсаты – орыс тілі бойынша әдеттегі тапсырмалар мен күрделілігі жоғары тапсырмаларды қарастыру, оқушыларға әртүрлі күрделі деңгейдегі тапсырмалардағы лингвистикалық заңдылықты салыстыруға, талдауға, анықтауға мүмкіндік беретін жұмыс тәсілдерін көрсету.

Міндеттері:

  • оқу пәні ретінде орыс тіліне қызығушылығын дамыту;
  • бағдарламалық материалды кеңейту және тереңдету;
  • жалпы зияткерлік қабілетін қалыптастыру;
  • орыс тілінен әртүрлі конкурстарға, олимпиадаларға дайындалуына ықпал ету.

Сабақтарда интерактивті құрал-жабдықты, компьютерлік қолдауды пайдалану көзделеді. Сабақты мультимедиалық кабинетте топшалар бойынша өткізу жоспарланған.

Өткізу түрі – ұжымдық, жеке және жеке-топтық. Оқушылармен алдын ала құрылған зертханалық жұмыстар бойынша жеке жұмыс жүргізу болжанады.

Бағдарлама бір оқу жылына 34 сағат көлемінде есептелген.

Тараулары:

  • фонетика;
  • сөзжасам;
  • морфология;
  • пунктуация;
  • лексика;
  • орфоэпия.

Тараулардың әрқайсысы мынадай құрылымға ие:

  • теориялық бөлім – фонетика, морфология, пунктуация, лексика, орфоэпияның негізгі ұғымдары қысқаша сипатталған;
  • күрделілігінің өсу деңгейіне қарай дайындық жұмыстарын орындау;
  • өзін-өзі тексеру жаттығуы – «Ақылды ұлдар мен қыздар»;
  • тестілік тапсырмалар.

Дайындық тапсырмасы материалының тақырыптық ауқымы кең, оқушылардың өз білімдері мен орыс тілінің заңдылықтары туралы ұғымдарын кеңейтуіне мүмкіндік береді. Тапсырмалардың өзі көбінесе дәстүрлі бағдарлама шеңберінен шығып кетеді және кездейсоқ элемент кіріктіріледі.

Дидактикалық материал сабақты қызықты да танымдық түрге жетелейді. Оқушылардың викториналар мен олимпиадаларға дайындалуына мүмкіндік береді.

Көптеген тапсырмалар ауызша логикалық ойлауын және саралау, абстракциялай алу қабілеті сияқты қасиеттерін дамытуға бағытталған. Оқу барысында кездеспейтіндіктен, олар қиындық тудыруы мүмкін. Сондықтан әрқайсысы мұқият түсіндіріледі. Логикалық ассоциация орнатудың орнықты және дәйекті дағдысы қалыптасқанда ғана мұғалім өзіндік жұмысқа арналған тапсырмаға көшеді.

Курстың табыстылығы өңірлік компонентті іске асыруға септеседі. Барлық тарауларды оқып-үйрену кезінде қазақстандық авторлардың прозалық, поэзиялық және көркемсурет туындылары, сондай-ақ БАҚ мақалалары қолданылады. Бұл патриоттық тәрбиенің тиімділігін арттыруға, оның мазмұнын бүгінгі күннің шындығымен байланысатын мәселелермен толықтыруға мүмкіндік береді.

«Қызықты орыс тілі» курсын күнтізбелік-тақырыптық тұрғыда жоспарлау, 3-сынып

Тарау

Тақырып атауы

Сағат саны

Өткізу түрі

Оқушының білім алу өнімі

Дидактикалық қамтамасыз ету

дәрістер

практика

барлығы

ФОНЕТИКА

Кіріспе сабақ

1 сағат

Ұжымдық

«Орыс тілінің дауысты және дауыссыз дыбыстары» блок-сызбасы

«Тілім менің – досым менің», 83–85-б. «Орыс тілінен олимпиадаға дайындалу»,  5–8-б. «Дауысты және дауыссыз әріптер мен дыбыстар» зертханалық жұмысы

Дайындық жаттығулары

2 сағат

Ұжымдық, жеке

Анықтамалық материал, метаграммалар, логогрифтер, сөзжұмбақ

Таныстырылымдар: «Дыбыстың өзгеруіне байланысты сөз мағынасының өзгеруі»; «Өлеңмен жазылған және прозалық метаграммалар мен логогрифтер». Логикалық ойлау ойындары, жаттығулар. «Қызықты грамматика»,  27–35-б. Зертханалық жұмыстар: «Ұйқас ойла»; «Сөзжұмбақ құрастыр»

ФОНЕТИКА

«Ақылды ұлдар мен қыздар» (өзін-өзі тексеру жаттығуы)

1 сағат

5 сағат

Жеке-топтық

Конспект, тест, таныстырылым

«Орыс тілінен олимпиадаға дайындалу»,  24–25-б. Әртүрлі деңгейлі тапсырмалар. Зертханалық жұмыс «Ақылды ұлдар мен қыздар»

Тест

1 сағат

Жеке

Тест

Тест «Орыс тілі. Дидактикалық материалдар», 20-б., № 8–9. Зертханалық жұмыс «Әріптер мен дыбыстар. Екпінсіз дауыстылар мен жұп дауыссыздар»

СӨЗЖАСАМ

Кіріспе сабақ

1 сағат

7 сағат

Ұжымдық

Блок-сызба, «Сөз құрамы» кестесі

«Сөз неден құралады?» таныстырылымы. «Орфография құпиялары», 115-б. Зертханалық жұмыс «Сөз құрамы» (кесте құру)

Дайындық жаттығулары

4 сағат

Ұжымдық, жеке

Сөзжұмбақтар, жұмбақ сөздер, морфемаларды пайдалана отырып, «Мінез белгілері» деген шағын шығарма жазу

«Ертегі. Түбір» таныстырылымы. «Қызықты грамматика», 80–87-б. Ойындар: «Үздік аудармашы»; «Айналмасы бар ойын»; «Кім жылдамырақ?». Жұмбақтар. Зертханалық жұмыстар: «Қатені түзе»; «Морфемалардан сөз құра»; «Сөз тіркесін жаса»; «Артық сөзді тап»

«Ақылды ұлдар мен қыздар» (өзін-өзі тексеру жаттығуы)

1 сағат

Жеке-топтық

«Маңыз» кестесі, конспект, сөзжұмбақ

«Орыс тілінен олимпиадаға дайындалу», 35–41-б. Әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар. Зертханалық жұмыс «Қалып кеткен әріптерді қою, жазылуын түсіндіру»

Тест

1 сағат

Жеке

Тест

Тест «Орыс тілі. Дидактикалық материалдар», 37, 41–44-б., № 20, 23, 26. Зертханалық жұмыс «Сөз құра»

Кіріспе сабақ

1 сағат

Ұжымдық

Конспект, сызба «Өзіндік және қызметтік сөз таптары»

«Морфология» таныстырылымы. «Орыс тілінен олимпиадаға дайындалу», 56–58-б. «Өзіндік және қызметтік сөз таптары» кестесі. Зертханалық жұмыс «Сөз таптары» кестесін құр»

МОРФОЛОГИЯ

Дайындық жаттығулары

5 сағат

8 сағат

Ұжымдық

Сөзжұмбақтар, жұмбақ сөздер, «Сөз таптары» кестесі, фразеологизмдерді пайдалана отырып шығарма жазу

«Бастауыш мектепте орыс тілінен сыныптан тыс сабақтар», 80–81-б. «Орыс тілінен олимпиадаға дайындалу», 64–70-б. Ойындар: «Тармақтағы артық сөзді тап»; «Бір сөзбен жаз». Зертханалық жұмыстар: «…тақырыбында әңгіме шығу үшін, қалып кеткен сөздерді қой»; «Дұрыс жауапты тап»; «Зат есімге сын есімді таңда»; «Бір сөзбен жаз». Викторина «Көмекші сөздер не істей алады?»

«Ақылды қыздар мен ұлдар» (өзін-өзі тексеру жаттығуы)

1 сағат

Жеке-топтық

Фразеологизмдер жинағы

«Орыс тілінен олимпиадаға дайындалу»,  97-б. Әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар. Зертханалық жұмыс «Ақылды ұлдар мен қыздар»; «Фразеологизмдер»

Тест

1 сағат

Жеке

«Орыс тілі. Дидактикалық материалдар» (3-сынып), 80–86-б., № 53, 54, 59 Зертханалық жұмыс «Морфология»

ПУНКТУАЦИЯ

Кіріспе сабақ

1 сағат

5 сағат

Ұжымдық

Сызба

«Пунктуация» таныстырылымы. «Пунктуация құпиялары», 38-б.

Дайындық жаттығулары

2 сағат

Ұжымдық

Драмаландыру.Ата-аналарға арналған хат. Жұмбақтар жинағы. Диалог құру

«Дамытушы тапсырмалар. Тесттер, ойындар, жаттығулар», 72–78-б. «Орыс тілінен олимпиадаға дайындалу», 101–104-б. Зертханалық жұмыстар: «Тыныс белгілерін қой»; «Сөйлем түрлері»

ПУНКТУАЦИЯ

«Ақылды ұлдар мен қыздар» (өзін-өзі тексеру жаттығуы)

1 сағат

Жеке-топтық

«Қалай түсіну керек?» ойыны (телеграммадағы тыныс белгілерін қой)

«Орыс тілінен олимпиадаға дайындалу», 120–124-б. Әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар. Зертханалық жұмыс «Күлкілі диалог»

Тест

1 сағат

Жеке

Досқа хат

Тест «Орыс тілі. Дидактикалық материалдар», 12-б., № 3, 4. Зертханалық жұмыс «Тыныс белгілерін қой»

ЛЕКСИКА

Кіріспе сабақ

1 сағат

5 сағат

Ұжымдық

Блок-сызба

«Лексикология» таныстырылымы. Зертханалық жұмыс

Дайындық жаттығулары

2 сағат

Ұжымдық

Фразеологизмдер альбомы. Драмаландыру. Суреттер. Таныстырылым

Таныстырылымдар: «Сөздердің көпмағыналылығы»; «Неге біз осылай сөйлейміз?». «Дамытушы тапсырмалар. Ойындар, жаттығулар», 66-б. «Орыс тілінен олимпиадаға дайындалу», 123–124-б. Зертханалық жұмыстар: «Мақалды аяқта»; «Синонимдер, антонимдер кестесі»

«Ақылды ұлдар мен қыздар» (өзін-өзі тексеру жаттығуы)

1 сағат

Жеке-топтық

Қанатты сөздерді пайдалана отырып, шағын шығарма жазу

«Орыс тілінен олимпиадаға дайындалу», 144–146-б. Ойындар: «Мағынасын бір сөзбен жаз»; «Фразеологизмді боя»; «Сөз тізбегі»; «Синонимді таңда»; «Антонимді таңда». Зертханалық жұмыс «Фразеологизмдер және олардың мағыналары»

Тест

1 сағат

Жеке

Конспект

Тест «Орыс тілі. Дидактикалық материалдар», 153–155-б. Зертханалық жұмыс – тест

ОРФОЭПИЯ

Кіріспе сабақ

1 сағат

Ұжымдық

Конспект

«Орфоэпия» таныстырылымы. «Орыс тілінен олимпиадаға дайындалу», 173–174-б. «Қызықты грамматика», 121-б.

ОРФОЭПИЯ

Дайындық жаттығулары

1 сағат

4 сағат

Ұжымдық

Жұмбақтар. Ұйқаспен өлең жазу, басқа тілден енген сөздерден «кірме» сөздер жинағын жасау, ескірген сөздер

«Сөздегі екпіннің мағына ажыратушылық рөлі» таныстырылымы. Ойындар: «Кім дұрыс айтты?»; «Сөздерді ауыстырыңдар»; «Есте сақтауға түйіндер». Зертханалық жұмыс «Біз неге бұлай сөйлейміз?». MS Word-та сөзжұмбақ жасау

«Ақылды қыздар мен ұлдар» (өзін-өзі тексеру жаттығуы)

1 сағат

Жеке-топтық

Сөз мағыналарының кестесі. Я. Козловскийдің «Әзіл» өлеңін сахналау

«Тілім менің – досым менің», 155–160-б. «Орыс тілінен олимпиадаға дайындалу», 175–180-б. Әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар. Зертханалық жұмыс «Омографтарды анықта»

Тест

1 сағат

Жеке

Тест

Әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар жинағы. Зертханалық жұмыс – тест+

Барлығы: 34 сағат

Дереккөз: № 6-2017 «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналы



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль