text
MCFR.KZ Образование

Кибербуллинг

  • 26 октября 2018
  • 126
Кибербуллинг
Кибербуллинг

Кез келген сыныпта біреуді ренжіткенді, мазақтағанды, ұрғанды, тіл тигізгенді, олардың ақшасы мен заттарын тартып алғанды жақсы көретін балалар болады. Басқаларға қарағанда бұзақылардың, содырлардың, ренжіткендердің жиі құрбаны болатын оқушылар бар.

Халықаралық сарапшылардың статистикасы бойынша қазақстандық балалардың жартысынан көбі замандастары мен мұғалімдерінің тарапынан мектептерде зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Ең өкініштісі, зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалардың көпшілігі ол туралы тіс жармауға тырысады, өз құқықтарын қалай қорғауды білмейді.

Мысалы,  британ мектептерінде жаңа пәнді  енгізеді – интернет-тролдарға қарсы тұру  (немесе кибербуллингке). Сабақтарда оқушыларға  желідегі ізге түсуге қалай жауап беру керектігін және одан үлкен күйзеліске қалай ұшырамауға болатындығын түсіндіреді. Жаңа пәннің міндеті – жасөспірімдердің жан денсаулығын нығайту.  

 Кибербуллинг (электрондық ізге түсу,онлайн қатігездік) — өзін қорғай алмайтын құрбан адамға қарсы бағытталған өзара әрекет  жасаудың электрондық нысандарын пайдалана отырып, топпен немесе жеке тұлғамен  іске асырылатын  ұзақ мерзім ішіндегі жүйелі агрессивті әрекеттермен  көрініс табатын ізге түсудің түрі.  Бұл  смс-хабарлама, әлеуметтік желі, әшкерелейтін веб-парақшаларды құру немесе  қорлық көрсететін бейнеконтентті және т.б орналастыру арқылы  көрініс табады.

Кибербуллинг (cyberbulling) — бұл интернет-технологияларды, компьютерлерді, гаджеттерді және басқа да  электрондық девайстарды қолдану арқылы біреуге   мақсатты түрде және қайталамалы келтірілетін  зиян.

Троллинг (cyber trolls) — бұл  веб-сайттарда, әлеуметтік желілердің парақшаларында, тіпті  өлген адамдарға арналған мемориалда парақшаларда жағымсыз ақпаратты агрессорлардың жариялауы.

Хейтинг (hate) — бұл  өз ұстанымын негіздемей  белгілі бір адамға немесе құбылысқа арналған  жағымсыз комментарийлер, хабарламалар, иррационалды сын.

Флэйминг (flaming) — бұл  қорлау әрекеттері, жұрт алдында  қақпа сөздермен алмасу, көбіне  әлеуметтік желілердегі чаттарда және комментарийлерде  белсенді көрініс табады. Себебі бұл  жұрт алдында болатын дүние, көпшілік адамдар  жанжал болып жатқан бір жаққа жақтасып,  кенеттен кірісіп кетуі мүмкін. Көп жағдайда  тараптардың біреуі  кездейсоқ тап болған куәгерлерді жинап алып, тарту мақсатын  қояды.

Киберсталкинг (cyberstalkingto stalk — ізге түсу, бақылау) — хабарламаларды алушымен және оның отбасы мүшелерімен іске асырылуы мүмкін заңға қайшы әрекеттермен құрбан адамды қорқыту мақсатымен дабыл туғызып, хабарлама жазу арқылы  ізге түсуге арналған электрондық коммуникацияларды пайдалану.

Грифинг (griefers) — бұл ойыншылар  басқа ойыншыларды  көп пайдаланылатын онлайн-ойындарда мақсатты түрде бақылайтын процесс.  Олардың мақсаты ойында  жеңу емес, басқаларын ойын қызығынан айыру.Оларды оңай тануға болады:  олар  белсенді түрде балағат сөздерді пайдаланады, ойынның жеке  бөліктерін оқшаулайды және ашық түрде ойында алаяқтық әрекеттерді жасайды, сондай-ақ олар  ойыншыға  әсер етудің  аса қауіпті әдістерін қолдана алады (мысалы, ойыншылардың  эпилепсиялық  ұстаманы өршітетін қозғалмалы объектілермен  жарық шығаратын  арнайы панельді орналастыру). 

Секстинг (sexting) — бұл жалаңаш және жартылай жалаңаш адамдардың  суреттерін және бейнематериалдарын тарату немесе жариялау процесі. Балалар үлкейген сайын олардың секстингке тартылуының мүмкіндігі жоғары. Кей кезде хабарламаларды  жұптардың өзара  қарым-қатынасының шеңберінде таратады, ал басқа жағдайларда  қорлау немесе зиян келтіру мақсатын көздейді, мысалы интернетке  жүрекке  жара салған қарым-қатынас үшін кек алу мақсатында бұрынғы достардың  суреттерін салуы мүмкін. Мұндай сипаттағы хабарламаларды алу  баланың үлкен үрейін тудыруы мүмкін.

Буллинг (bullying, bully сөзінен – бұзақы, сотқар, төбелескіш, дөрекі, зорлықшыл) үрейлендіру, басқалардың бойында қорқыныш тудыруға, оларды өзіне бағындыруға бағытталған, физикалық немесе психологиялық террор дегенді білдіреді. Жиі кездесетін түрі – мектептегі буллинг.

Көбінесе мектеп ұжымының қалыптасу құрылымы мен деңгейіне байланысты.10–12 жастағы ұлдарда буллинг оқу жылының басында қатты көрініс береді, ол кезде олар топтық иерархиядағы орын үшін таласады; кейінірек бұл процесс аяқталғанда және иерархия қалыптасып болғанда, буллинг әлсірейді.

Ұлдар мен қыздар қудалаудың әр түрін пайдаланады. Егер ұлдар көбінесе физикалық (теуіп жіберу, итеріп жіберу, т. б.) түріне бейім болса, қыздар қысымның жанама түрлерін (өсек тарату, қарым-қатынас шеңберінен шығарып жіберу) пайдаланады.


★ МАМАН КЕҢЕСІ ★

Мектептегі буллинг пен кибербуллингтің алдын алу

С. Ж. Иманқұлова,

«№ 6 ОПМПК» ММ психологы, Есік қ.

Мектеп оқушылары арасында бір-бірінің ізіне түсудің алдын алу мақсатында айналадағы адамдарға құрмет пен толеранттық қатынастар туралы сынып сағаттарын ұйымдастыру керек. Сыныппен бірге ұжымның ауызбіршілігі, төзімділікті дамыту, айналасындағыларға деген жанашыр қатынас бойынша тренингтер өткізу қажет.

Шараның мақсаты – баланың күйзеліс жағдайы мен агрессия кезінде өзін-өзі ұстай білуіне көмектесу.

Кибербуллинг пен троллинг

Ақпараттық технологиялар әлемінде, яғни әр оқушыда жеке компьютер, ұялы телефон, фотоаппарат пен бейнекамера бар кезде, интернетте артына түсудің жаңа түрлері пайда болады: троллинг пен кибербуллинг. Өзінің сипаты бойынша олар мектептегі «дәстүрлі» зорлық-зомбылықтан қауіптілеу және ізіне түскен объектінің психологиялық жай-күйін бүлдіретіндей жағдайға әкеледі.

Троллинг тікелей (қатысушыларды жәбірлеу, ресурс ережелерінің бұзылуы, шағыстыру, ұрыс-керіс) және жасырын (қатысы жоқ хабарламалар, басқа бір өткір сұраққа оралу, бүркемелі хабарламалар, бір қарағанда жақсы боп көріну) болуы мүмкін. «Тролльдер» ашық жанжал түрінде жауап алғысы келеді. Мұндай қолданушымен қақтығыста өзіңді ұстай алмай қалуың мүмкін, өзіңнің де «тролльге» айналуың ықтимал.

«Тролльдер» қарым-қатынасқа қатысушылардың ашуын туғызуға ұмтылады, бірақ олардың мақсаты нақты бір адамды кемсіту болуы да мүмкін. Бұл жағдайда троллинг мақсатқа бағытталған қудалау – кибербуллингке, яғни интернеттегі қудалауға көшеді.

Кибербуллингке қатысушылардың «мақсатты аудиториясы» – белсенді түрде онлайн-өмір жүргізетін және көптеген әлеуметтік желілерді пайдаланатын 12 мен 15 жас аралығындағы жасөспірімдер.

Жасөспірімдер арасында бір-бірінің ізін аңду қашаннан танымал. Интернеттің дамуымен бірге және әлеуметтік желілердің ерекшелігі жағдайында онлайн-ортада да қудалау дамып келеді. Әртүрлі зерттеулердің мәліметтері бойынша, мектептегі бүкіл оқушылардың 20 %-дан астамы Интернеттегі аңдудың құрбандарына айналуда.

Мінездемесі бойынша кибераңдушылардың шынайы өмірде аңдумен айналысатындардан айырмашылығы жоқ. Бірақ олар бүкіл бос уақытын Интернетте өткізгенді жөн көреді және желіде «өзіңмен өзің болу» оңайырақ деп есептейді.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Кибербуллингтің ерекшеліктері

Кибербуллинг өз құрбанына аптаның жеті күнінде де, тәулігіне 24 сағат бойы соқтығады, жасөспірімнің өзін қорғанышта сезіне аларлықтай кеңістік пен уақыт қалдырмайды.

Шабуыл жанын ауыртатындай және кенеттен болуы мүмкін. Электрондық хабарламаларды бақылау және сүзгіден өткізу күрделі болғандықтан, тиісіп отырған адамы үшін мұның бәрі кездейсоқ болады да, ауыр психологиялық күйге ұшыратады.

Кибербуллинг қолданатын адамдар жасырын боп қала береді. Жасөспірім өзін кім аңдып жүргенін білмейді және қауіпті ұлғайтып көрсетуге бейім келеді. Аңдушылардың аты-жөнінің жасырын болуы үрей әсерін күшейте түседі.

Кибербуллинг әртүрлі буынға бірдей қатты әсерін тигізеді. Жасөспірім ғана емес, мәселен, мектеп мұғалімі де оның құрбанына айналуы мүмкін.

Кибербуллинг байқаусызда болуы да мүмкін. Кейде жабық топтық немесе онлайн-қоғамдастықтың мүшесі біреуге зияным тиеді деп ойламастан орынсыз қалжыңдап қалады. Оның қалжыңын әрі қарай үшінші тұлғалар көздеп отырған адамды аңдуға пайдаланады.

Интернеттегі қудалауды бақылауға алуға болады. Барлық жазбалар желіде із қалдырады, олар құжаттандырылып, дәлел ретінде пайдаланылуы мүмкін. Бұл ерекшелік кибербуллинг құбылысымен тиімді күрес жүргізуге мүмкіндік береді.

Кибербуллингтің технологиялары

Ұялы байланыс. Смартфон нысанаға алынып отырған адамның беделін түсіру мақсатында фото- және бейнекескіндерді жазып алу үшін ғана емес, аңду объектісіне СМС-хабарлама жеткізу үшін де пайдаланылады.

Шұғыл хабарламалар сервистері. Mail.Ru Агент, WhatsApp сияқты танымал сервистер көзделіп отырған адамға хабарлама жіберу үшін де қолданылады. Ол адамның аккаунты бұзылуы және достары мен туыстарына оның беделін түсіретін хабарламалар жіберілуі мүмкін.

Чаттар мен форумдар. Агрессивті хабарламалар жіберу үшін, аккаунттардың бірінің иесінің (таңдалған адамның) құпиясын ашуға пайдаланылады. Форум беттерінде құпия, жеке ақпарат жалпыға ортақ талқылауға салынады.

Әлеуметтік желілер. Үрейлендіретін пікірлер, фото- және бейнематериалдар орналастыру үшін қолданылады. Қудалау құрбанының аккаунтын бір топ адам бұғаттап, оған жаппай шағым жіберілуі мүмкін. Ол қудалау құрбанының атынан әшкерелейтін хабарламалар жіберу үшін бұзылуы ықтимал. Сондай-ақ беделін түсіретін әрекет үшін қудалау құрбанының атынан аккаунт ашылып, пайдаланылуы мүмкін.


Ойын сайттары мен виртуалды ойын әлемдері. Бір топ адам мақсатты түрде қудалау құрбанының ойын кейіпкеріне зиянын тигізеді немесе тіпті әдісін тауып, бұл кейіпкерді өлтіруі мүмкін, бұл да ауыр психологиялық қысым болып табылады.

Оқушылар арасындағы агрессорлардың түрлері

Нигилист – көбіне қыз емес, ұл. Логикалық ойлауы жақсы дамыған. Патологиялық эмоцияның жоқтығы – оның ерекше белгісі. Ол өзін ғана тыңдайды және өз пікірімен ғана санасады. Басқалар үшін жанын жаралайтындай және кемсітетін лақап ат ойлап табады.

Компенсатор – білімінің жеткіліксіздігі мен оқуға деген қабілетінің жоқтығын үстемдік көрсетумен, өтірікпен, дөрекілікпен толтырады. Әлсіздер мен қорғансыздарды мұқатқанды ұнатады. Біреу ренжітсе есінде ұзақ сақтайды, әрқашан қарымта қайтаруға ұмтылады. Мұндай буллермен күрестің жалғыз мүмкіндігі – ұжымның қолдауына ие болу. Қудалау құрбанын басқалар қолдайтынын түсінсе, оның агрессиясының қызуы бәсеңдейді.

Комбинатор – интеллектісі дамыған қатыгез жасөспірім. Оған басқаларды алдап-арбаған ұнайды, сыныптастарын бір-бірімен қақтығыстырып, өзі шетте қалады. Мұндай буллермен шынайы қатынастың өзі кез келген сәтте кенеттен өте ауыр соққыға айналып шыға келуі мүмкін.

Көбінесе агрессияның құрбандары мынадай балалар:

  • физикалық кемшілігі бар (көзілдірік тағатын немесе тісінде пластинасы бар, ерекше қажеттіліктегі, сөйлеген сөзінде ақаулығы бар, т. б.);
  • мінез-құлқы өзгеше (тұйық, ұялшақ немесе керісінше, мінезі қызба, аңқау);
  • сырт келбеті мен дене бітімі ерекше;
  • әлеуметтік дағдылары жетілмеген;
  • мектептен қорқатын;
  • ұжыммен қарым-қатынас дағдыларының болмауы;
  • дене және ақыл-ой аурулары;
  • үлгерімі нашар және интеллекті төмен.

Аңдуға түскен адамның белгілері

  • Мазасыз мінез-құлық

Тіпті тұйық оқушыны да болып жатқан оқиғалар алаңдатады, бұл оның мінез-құлқынан көрінеді. Күйзеліс және мектепке барғысы келмеу – баланың агрессияға ұшырағанының айқын белгілері.

  • Интернетті жақтырмау

Егер бала бұрын Интернетті жақсы көрсе және кенеттен мұны тоқтатса, себебін анықтау керек. Көп жағдайда кенет әлеуметтік желіні пайдаланғысы келмей қалу виртуалдық әлемдегі проблемалармен байланысты.

  • Жаңа хабарлама алған кездегі күйгелектік

Баланың хабарлама даусын жақтырмауы ата-аналар мен мұғалімдерді алаңдатуға тиіс. Егер бала үнемі көңіл күйін түсіретін хабарлама алатын болса, тез арада онымен сөйлесіп, мазмұнын талқылау керек.


Кибербуллингтен балаларды қорғау жөніндегі ата-аналарға арналған  ұсынымдар

Ең алдымен арандатушылыққа жол бермеу керек. Себебі қорлық көрсету- ол нағыз арандатушылық. Бала оны қорқыту әрекетіне көз жұмып қарай алмайды. Бұл жағдайда оқиғаның қарама-қарсылығын  ауыстыруға тура келеді: егер ол мені қорласа, онда мені оқшаулағаны.  Яғни, мен күшітімін. Мен мықтымын!  Мен мұнымен мақтануым керек! Ал одан кейін өзіңіз үшін  екі сұраққа жауап табуыңыз керек: бұл адамда мені не қызықтырды және  мен бұл қасиетті  байқамасам да оны не үшін пайдалана аламын?

Баланың қорлық көрсетудің құрбаны болғандығын  анықтауға көмектесетін белгілер

Балаңыздың немесе қызыңыздың өміріңіздегі  кез-келген түбегейлі  өзгерістерге мән беріңіз (өзіңіз бұл жағдайда буллерге айналып кетпеңіз). Мысалы, гаджеттерге деген көзқарасы. Баланың әлеуметтік желіге аз кіруі сізді қуантуы мүмкін, бірақ оның себебін түсінуге тырысыңыз. Бірақ, мұндай әңгімелесуді сұрақ-жауапқа айналдырмаңыз. Көңіл-күй өзгерісі де қауіпті болуы мүмкін. Оқушының көңіл-күйі түсіңкі немесе тіпті керемет болуы мүмкін. Мұндай мінез-құлық тек бетперде болатын шығар. Сонымен қатар, ұйқысының тыныш еместігіне, кеш уақытта  және таңертең тұрғандағы ауырсыну проблемаларына  мән берген жөн. Бұрын серуенді жақсы көрген баланың үйден шыққысы келмейтіндігінің себебін білуге асығыңыз. Тіпті  баланың мектепке барғысы келмейтіндігі де қауіпті дабыл.

 Әкесі мен анасы  өздерін қалай дұрыс ұстау керек

Әрине, қорлық көрсетуге қарсы тұру өте қиын. Себебі, бұл іс жүзінде қоғамдық пікірге қарсы шығу дегенді білдіреді.  Ол үшін  үлкен рухани күш керек. Бұл кедергіге тиіп-қашпа көзқараспен қарауға болмайды. Көпшіліктің еркіне қарсы тұру  қабілеті  бір күнде қалыптаспайды. Сіздің балаңызға сіздің көмегіңіз әбден қажет болуы мүмкін. 

Ұзақ мерзімді ұсынымдар ретінде бір ғана нәрсені айтуға болады:

Балаларыңызбен әңгімелесіңіз.

Бақылау жасамаңыз, әңгімелесіңіз.

Сөйлесіңіз.

Барлық нәрсе  туралы  телефон, скайп арқылы немесе басқа жерде шаршамастан  айта беріңіз.

 

 

 

Мақала қысқартылып жарияланған, толық жарияланымды

«Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналынан оқыңыздар.

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться