MCFR.KZ Образование

Заманауи мектептегі көшбасшы директор

  • 6 марта 2019
  • 1926
Заманауи мектептегі көшбасшы директор

Көшбасшылық – білім беру ұйымы басшылары мен педагогтарының кәсіпқойлығын дамытудың перспективалы бағыты. Заманауи көшбасшы директордың портреті қандай? Оның бәсекеге қабілеттілігі қалай қалыптасады?

Білім беру жүйесіндегі өзгерістер құбылмалы жағдайда өз бетімен, шығармашылық тұрғыдан әрекет етуге қабілетті көшбасшы басшыларға деген сұранысты негіздеді.

Көшбасшы ұжымда негізгі рөл атқарады. Ол ұжымның басқа мүшелерінің қызметін бағыттайды, бақылайды және ауыстырып отырады.

Білім берудегі көшбасшылық «педагогтың жалпы педагогикалық және тар шеңберлі педагогикалық қасиеттері мен педагогикалық қызметте жетістікке жетуді қамтамасыз ететін тұлғалық қасиеттерінің үйлесімділігімен сипатталатын динамикалық интегративтік қасиеті» ретінде қарастырылады.

Заманауи мектептің көшбасшы директорының портреті қандай? Оның бәсекеге қабілеттілігі қалай қалыптасады? Егер бұрындары мектеп директорлары, ұстаздар біліктілігін арттырып, негізінен оқу-тәрбие үдерісінің бағыттары бойынша өз бетімен білім алумен айналысса, бүгінде көшбасшылыққа машықтанатын уақыт жетті. Қазіргі кезде көшбасшылықтың жаңа қасиеттерін бөліп көрсетуге болады.

  • Бағыныстылармен және қамқорлықтағылармен бірлік. Мына сауалдардың жауабын іздеу: «Өзін директор ретінде таныта білді ме?», «Мен ұстаздарды бақытты, ақылды, мықты, жетістікті мамандарға айналдыра алдым ба?», «Олардың қызметінің сапасы, жұмыс жағдайы жақсарды ма?»
  • Ұжымды ғана емес, сонымен бірге өзін өзі басқару машығы: мақсат қою және оған жету, кемшіліктерді мойындау. Командалық-бақылау тәсілі үйрететін әрі дамытатын тәсілмен алмастырылады. Іс-тәжірибе көрсеткендей, адамдар ерте ме, кеш пе шамадан тыс сыртқы бақылауға қарсыласа және тайталаса бастайды. Мұндай жағдай орын алғанда жұмыстан қанағаттанушылық жойылып, оның нәтижелілігі төмендейді.
  • Өзгерістерге дайындық. Заман ағымы бойынша жүзуге болады, сонымен бірге өзгеріп, жаңашылдықтарға ұмтылуға және жақсылыққа деген сеніммен әрекет етуге болады.
  • Ауқымды күш-жігер және жағымды эмоция.
  • Оң тәжірибе қалыптастыру машығы. Шынайы көшбасшы болжамын іс-тәжірибелік нәтижелерге айналдыра біледі, сұраныстары мен құндылықтарын іске асырудан қанағаттанады.

Өкінішке орай, білім беруді жаңарту жағдайында көшбасшыларға деген сұраныс пен олардың осы сұранысты дұрыс түсінбеуі арасында қарама-қайшылықтар бар, сондай-ақ осындай көшбасшыларды әдіснамалық дайындау тәсілі де жетілдірілмеген.

Алдыңғы қатарлы шет елдердің біліктілікті арттыру жүйесінде білім берудегі көшбасшылық мәселесіне айрықша назар аударылады. Ұлыбританияда тағылымдамадан өту барысында біз осы елдің университеттерінде жүргізілген зерттеулерге сәйкес білім сапасын арттыру көбіне ілгерілеушілікке жеткен мектептің жекелеген ұстаздары мен басшыларының, яғни көшбасшылардың қызметіне байланысты екенін түсіндік. Мектеп директорының қызметтік жүктемесін азайту үшін атқарушы директор қызметін атқаратын бизнес-менеджер лауазымы енгізілген, ал директор тікелей білім беру үдерісімен айналысады. Көшбасшы директорлар – оқыту сапасы мен мектеп қызметінің нәтижелілігін қамтамасыз етуші негізгі тұлға. Біздің елде мектеп директоры болу үшін міндетті түрде Ұлттық мектепте оқыту және дамыту бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру қажет, ол үш міндетті модульді:

  • Оқу үдерісін жентілдірудегі көшбасшылық.
  • Нәтижелі мектептегі көшбасшылық.
  • Басқару және ынталандыру.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Және таңдау бойынша екі модульді де меңгеру қажет:

  • Оқу бағдарламаларын әзірлеудегі көшбасшылық.
  • Оқу үдерісін жақсарту мақсатында оған мониторинг жүргізу.

ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы мектепішілік бақылау
Мектепті сәтті басқару ұстанымдары
О. В. Побирская № 25 ЖБМ ғылыми-әдістемелік жетекшісі, Ақтөбе қ
Мектепті сәтті басқару ұстанымдары
Ж. З. Дошниязова директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Мектепішілік бақылау – педагогикалық менеджменттің негізгі компоненті, білім беру ұйымының (бұдан әрі – БҰ) қосалқы жүйелері арасында кері байланыс рөлін атқаруға арналған басқарудың жетекші қызметі.

Бақылау қызметі басқару қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады, себебі бақылау барысында алған ақпарат басқарушылық шешімдер қабылдаудың негізі болып табылады. Мектепішілік бақылаудың (бұдан әрі – МІБ) мектеп жұмысын талдаудың негізінде жоспарланатыны, айқындалған мәселелерді, инновациялық процестерді қамтитыны, мұғалімдердің әдістемелік шеберлігін зерттеуге, оларға уақтылы көмек көрсетуге бағытталғаны жалпыға мәлім. Бақылауды жүзеге асыру бойынша іс-шаралардың бәрі әкімшілік мүшелерінің арасында бөлінеді, мерзімдері белгіленеді, бақылауды жүзеге асыру туралы бұйрық жасалады, тексеру алгоритмі құрастырылады. Тексеруден кейін анықтама жазылады, оның нәтижелері бойынша бұйрық шығарылады, директордың, директордың орынбасарының қатысуымен өтетін кеңесте қорытынды жасалады, ең маңыздылары ғылыми-әдістемелік немесе педагогикалық кеңестерде қарастырылады

Модульдер тиісті машықтарды дамытуға бағытталған:

  • оқыту және оқу үдерісінде көшбасшылар рөлін білу әрі түсіну;
  • өзіне деген сенімді арттыру;
  • топтарға жетекшілік ету дағдыларын меңгеру;
  • командалық жұмыс әлеуетін дамыту;
  • өзін өзі белсенді ұйымдастыру әрі өзін өзі өзгертуге ұмтылу;
  • тұлғааралық қарым-қатынас дағдылары және т. б.

Оқу ұзақтығы 12 айдан 18 айға дейінгі мерзімді құрайды. 

Жалғасын  № 6-2017 «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»  журналынан оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  
У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться