MCFR.KZ Образование

Оқу-тәрбие жұмысының жылдық жоспары

  • 28 января 2019
  • 1640
Автор журнала «Справочник руководителя образовательного учреждения», заместитель директора по УВР КГУ «Школа-интернат для детей с нарушением слуха (неслышащих)» г. Семей
Оқу-тәрбие жұмысының жылдық жоспары

Оқу-тәрбие жұмысының жылдық жоспары – білім беру ұйымының жергілікті актісі, ол «Білім туралы» ҚР Заңына, жалпы білім беретін ұйым қызметінің үлгілік қағидаларына сай болуы және педагогикалық менеджменттің, дидактиканың, психологияның және т. б. қазіргі жетістіктеріне негізделуі тиіс.


Білім беру ұйымының (бұдан әрі – БҰ) оқу-тәрбие жұмысының жоспары мектептің педагогикалық ұжымының қызметін басқарудың негізгі құралы болып табылады.

Басқару практикасы, БҰ тексеру бойынша комиссияға мүшелік ету нәтижелері мектептің жұмыс жоспарының пайдалы әсерінің коэффициенті көп жағдайда төмен деңгейде қалатыны жөнінде ой түюге мүмкіндік береді, кейде оларды тек ресми түрде құрастырады, яғни олар «жұмыс істемейді».

Мектептің күнделікті тіршілігін тиімді, ұтымды ұйымдастыру, мектеп басшысы мен мұғалімдерінің қызметті сапалы атқаруы, білім беру үдерісінің жетістіктері шешілетін міндеттердің болашағына, нақтылығына, міндеттерді нақты бөлуге және жұмысты епті, жедел үйлестіруге байланысты. Мұның бәрін мектептің көп қырлы тіршілігінің әр учаскесінде нақты, ойластырылған жұмыс жоспары болғанда ғана іске асыруға болады.

Жылдық жұмыс жоспарында педагогикалық ұжымның басты міндеттері туындайтын стратегиялық мақсат пен өз кезегінде мектептің әдістемелік бірлестіктер, психологиялық-педагогикалық қызметі, әкімшілік корпус және т. б. секілді жекелеген бөлімдерінің нақты міндеттерін жүйелейтін мақсаты тұжырымдалған.

Мектептік жоспарлаудың негізгі қағидаттары:

  • ізгіліктілік;
  • ғылымилық;
  • демократияландыру;
  • келешегі мен сабақтастығы;
  • үйлестіру;
  • мақсаттылық пен үздіксіздік;
  • жоспарлы тапсырмаларды белгілеудегі өлшемділік;
  • ұжымшылдық пен кешенді-жүйелі тұрғыдан келу;
  • объективтілік пен нақтылық;
  • жыл бойы ұжым мүшелері арасында барлық істерді тең бөлу;
  • шынайылық пен қарқындылық;
  • оңтайлылық пен нәтижелілік.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Жоспарлау үдерісі келесі құрамдастардан тұрады:

  • болжау – жалпы БҰ-ның немесе оның жекелеген басқарма бөлімдерінің болашақ жай-күйін ғылыми негізделген түрде болжау;
  • нәтижелер – мақсаттар мен міндеттерді белгілеу;
  • құралдары – мүмкін нұсқаларын сапалы және сандық талдау, бағдарламалардың, процедуралардың іс-қимыл қағидаларын анықтау және оның ішінен мақсатқа жету мен міндеттерді орындауға бағытталған өлшемшарттарға сай келетінін таңдау;
  • ресурстары – білім беру үдерісінің мүшелері, уақыт, БҰ-ның қаржы-шаруашылық және материалдық-техникалық жай-күйі;
  • енгізу – іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу, шешім қабылдау, оларды ұйымдастыру тәсілдері және жоспарды орындаудың реттілігін белгілеу;
  • бақылау – жоспардың қателерін және оның орындалмауын көрсету және табу, сондай-ақ оның алдын алу әдістемесін әзірлеу.

Бұл құрамдастар мектептің жоспарында міндетті түрде болуы тиіс, себебі олар оның әдіснамалық негізін білдіреді.

★ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ★

Мектепте кадрлар әлеуетінің сапасын арттыру
Оқу-тәрбие жұмысының жылдық жоспары

С. С. Шарипова

«№ 1 мектеп-лицей» КММ директоры, Қостанай қ.
Оқу-тәрбие жұмысының жылдық жоспары

К. Я. Грудупс

директордың ҒӘЖ жөніндегі орынбасары

Бүгінгі күні біліктілікті арттыру жүйесінен білім беруді жаңғыртудың стратегиялық мақсаттарын осы мәселелерді шешуге және ең алдымен кадрлар әлеуетінің сапасын жақсартуға бағытталған нақты іс-шараларға аударуға бағытталған қызметтер күтіледі.

Қазіргі заманғы білім беруді реформалау оқытушылар құрамына жаңа талаптар қояды. Еркін және белсенді ойлаушы мұғалім, оның қызметінің нәтижелерін болжап, білім беру және тәрбие үрдісін модельдеу – бұл алдына қойылған міндеттердің кепілі. Зерттеулер көрсеткендей, білім беру тиімділігіне және оның сапасын төмендетуге ықпал ететін факторлар арасында оқушылар мен ата-аналар ең алдымен оқушыларға жеке көзқарастың жоқтығын және екіншіден, мұғалімдердің кәсібилігі төмен деңгейін атайды. Осылайша, мұғалім білім беруді дамыту мәселелерін шешуге бағытталған басты субъект болып қала береді. Және ол білім сапасын жақсарту ресурсы болып табылады. 

Қоғамға ойлауға қабілетті, бейстандартты әрекет ететін, кез келген мәселені шешуге қабілетті, салыстыруға, талдауға, зерттеуге, ерекше жағдайлардан шығу жолын табуға, оқушының бірегей тәжірибесін қалыптастыруға қабілетті жаңа мұғалім қажет.

Бүгінгі күні зерттеуші педагог, педагог-психолог, педагог-технолог сұранысқа ие. Педагогикалық қызметтегі кәсіби міндеттерді тиімді, нәтижелі және табысты шешу үшін оқытушылар кәсіби, инновациялық, коммуникативтік, құқықтық біліктіліктерге ие болуы керек.

Дереккөз: № 4-2017 «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»  журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  
У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться