MCFR.KZ Образование

Ұзартылған күн тобы

  • 6 декабря 2018
  • 1575
Ұзартылған күн тобы

Ұзартылған күн тобының (ары қарай – ҰКТ) мақсаты – төменгі сынып оқушысының тұлғасы толыққанды қалыптасуы үшін жағдай жасау.

Ұзартылған күн тобы туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1.1 Осы Ереже №____ОМ ұзартылған күн топтарының (бұдан әрі – ҰКТ) қызметін толықтыру және ұйымдастыру тәртібін белгілейді.

1.2 Білім алушыларды әлеуметтік қорғау мақсатында ұйымдастырылады және сабақтан тыс қызметті және дамытушылық оқыту шеңберінде қосымша білім беруді өткізу үшін жағдайларды қамтамасыз етеді.

2. Мақсаттар мен міндеттер:

  • ата-аналар тарапынан бақылауды жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін оңтайлы жағдай жасау;
  • оқушылардың сыныптан тыс жұмысқа белсенді қатысуы үшін мектепте болуын ұйымдастыру;
  • жеке тұлғаға бағытталған оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыру;
  • сабақтан тыс уақытта оқушыларға педагогикалық көмек көрсету;
  • оқушылардың үй тапсырмаларын сапалы дайындау арқылы білім беру бағдарламаларын меңгеруі;
  • өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру, оқу ынтасын арттыру құралы ретінде өзара оқыту;
  • үйірме және секциялық сабақтар арқылы оқушылардың шығармашылық, физикалық мүмкіндіктерін дамыту;
  • баланың тәртібі мен үлгерімін бақылауды жүзеге асыруға ата-аналарға пәрменді көмек көрсету.

3. Ұзартылған күн тобының қызметін ұйымдастыру:

  • мектеппен құрылады;
  • қажетті құжаттарды жинау ұйымдастырылады (ата-аналардың өтініші, топқа келуге қарсы көрсетілімдердің жоқтығы туралы медициналық анықтама);
  • топпен жұмыс істейтін білім алушылар мен педагог қызметкерлердің контингентін, оқу және ойын бөлмелерін анықтаумен ағымдағы оқу жылында ұзартылған күн тобының жұмыс істеуі туралы бұйрық әзірленеді;
  • толымдылығы 20-25 білім алушы мөлшерінде белгіленеді, ерекше жағдайда толымдылығы 10-20 адамнан бастап болуы мүмкін, егер мектептің шағын жинақты мәртебесі бар болса;
  • ҰКТ апталық шекті рұқсат етілген жүктеме – алты күндік жұмыс аптасында 30 сағаттан артық емес.
  • топтың педагог қызметкері – топ тәрбиешісі мектептің оқу сабақтарының кестесін, топтың жұмыс жоспарын ескере отырып, білім алушылардың сабақ тәртібін әзірлейді.

4. Білім беру процесін ұйымдастыру.

ҰКТ жұмыс режимінде тәрбиеленушілердің өз бетінше дайындалуын (үй тапсырмаларын орындау, жалпы білім беру бағдарламалары бойынша дербес, қосымша шығармашылық жұмыс), үйірмелердегі, қызығушылықтары бойынша секциялардағы жұмыстар, демалыс, таза ауада серуендеу, экскурсиялар ұйымдастыру үшін уақыт көрсетіледі.

Оқытуды, еңбек пен демалысты ұштастыратын жұмыс режимі тәрбиеленушілердің мектепте болуын ескере отырып, 17 сағат 30 минуттан кешіктірілмей жасалады.

Бір сабақтың ұзақтығы 35 минуттан аспауы тиіс, сабақтар арасында кемінде 10 минут динамикалық үзіліс өткізіледі.

Тәрбиеленушілер мектеп базасында ұйымдастырылатын түрлі үйірмелер мен секцияларда шұғылдана алады, конкурстарға, байқауларға, олимпиадаларға және басқа да көпшілік іс-шараларға қатыса алады.

Ата-анасының жазбаша өтініші бойынша тәрбиеші тәрбиеленушіні ересектермен бірге қосымша білім беру ұйымдарына оқу сабақтарына қатысу үшін босата алады (келісім бойынша).

Өзін-өзі даярлау кезінде тәрбиеленушілер мектеп кітапханасының оқу залының мүмкіндіктерін пайдалана алады.

Оқу және анықтамалық әдебиет өзін-өзі дайындау кезінде пайдалану үшін белгілі бір жерде сақталуы тиіс.

Педагог қызметкерлер оқу пәндері бойынша кеңес беруді ұйымдастыра алады.

Өзін-өзі дайындауға бөлінген уақытты басқа мақсаттарға пайдалануға болмайды.

5. Тәрбиеленушілердің тұрмысын ұйымдастыру.

ҰКТ-да тәрбиеленушілердің ауада қозғалу белсенділігі (серуендеу, қозғалмалы және спорттық ойындар, мектеп жанындағы учаскедегі оқу-тәжірибелік жұмыс) өздігінен дайын болғанға дейін, оқудан тыс іс-шаралар-өздігінен дайындықтан кейін.

 2 сағат аралығында 40 минуттық ауада серуендеу жүргізіледі.

Әр сынып үшін белгіленген өзіндік дайындық ұзақтығы:

  • бірінші сыныпта екінші жартыжылдықтан бастап– 1 сағатқа дейін;
  • екінші сыныпта – 1,5 сағатқа дейін;
  • 3–4 сыныптарда 2 сағатқа дейін;
  • 5–6 сыныптарда – 2,5 сағатқа дейін.

Белгіленген нормалар бойынша ата-аналар есебінен ыстық тамақ ұйымдастырылады.

Медициналық қызмет көрсетуді мектепте медициналық қызметкерлердің жұмысы туралы нұсқаулыққа сәйкес медицина қызметкері қамтамасыз етеді.

Жеке гигиеналық заттарды ата-аналар сатып алуы және белгілі бір жерде сақталуы тиіс.

6. Құқықтар мен міндеттер.

Мектеп Жарғысымен, ішкі тәртіп Ережелерімен, білім алушылардың мінез-құлық Ережелерімен, осы Ережемен, ҰКТ тәрбиешінің лауазымдық нұсқаулығымен айқындалады.

Мектеп директоры (оның орынбасары):

  • топ жұмысы және онда білім беру процесін ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлар жасауға жауапты болады;
  • тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді;
  • оқушылардың ыстық тамағы мен демалысын ұйымдастырады;
  • топта жұмыс істеу үшін балаларға қосымша білім беру ұйымдарының қызметкерлерін қабылдайды;
  • жұмыс режимін бекітеді;
  • тәрбиешілердің әдістемелік жұмысын ұйымдастырады;
  • ҰКТағы жұмыс жағдайын бақылауды жүзеге асырады.

Тәрбиеші:

  • оқу кестесін ескере отырып, сабақ режимін әзірлейді;
  • өзіне бекітілген топтағы оқу-тәрбие жұмысының жағдайы мен ұйымдастырылуына жауап береді;
  • ҰКТ журналын жүргізеді, онда:

- мұқабасын;

- мазмұнын;

- білім алушылар, ата-аналар, тәрбиешілер және үйірме жетекшілері туралы мәліметтерді;

-денсаулық көрсеткіштерін;

- топтағы режимді;

-сабаққа қатысуын;

- сабақтан тыс уақытта балалардың жұмыспен қамтылуы туралы деректерді толтырады;

- оқушылардың өмірі мен денсаулығына жауапты болады.

Тәрбиеленушілер:

  • топтың өзін-өзі басқаруына қатысады;
  • кезекшілікті ұйымдастырады;
  • саналы тәртіпті қолдайды.

Ата-аналар:

  • педагогикалық қызметкерлерге тәрбие мен оқытуға көмек көрсетеді, оқушыларға қойылатын педагогикалық талаптардың бірлігін қамтамасыз етеді;
  • бос уақытты ұйымдастыруға көмектеседі;
  • балалардың мектепке, мектептен тыс, сыныптан тыс іс-шараларға уақытылы келуіне;
  • мектеп Жарғысына сәйкес оқушының сыртқы түріне;
  • ыстық тамақтың төленуіне жауап береді.

7. ҰКТ басқару мәселелері.

Білім алушыларды қабылдау және оқудан шығару ата-анасының (заңды өкілдерінің) жазбаша өтініші бойынша мектеп директорының бұйрығымен жүзеге асырылады.

Топ бір сынып оқушылары, бір сынып параллельдері, бір оқу сатысы, 1-5 сынып оқушылары үшін жас ерекшеліктері бойынша ұйымдастырылуы мүмкін. Журналды жүргізу міндетті.

Топ жұмысы бекітілген күн тәртібімен және тәрбиешінің жұмыс жоспарымен реттеледі.

Балалардың әр ұйымдастырылған мектеп аумағынан тыс шығуы мектеп директорының бұйрығымен тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығының сақталуына жауапты тұлғаны белгілей отырып рұқсат етіледі. Серуендеу, экскурсиялар маршруттарын мектеп директоры бекітеді.

Білім беру қызметінің жай-күйін бақылауды мектеп директоры немесе оның орынбасары жүзеге асырады (жауапкершілік бұйрықпен анықталады).

8.  ҰКТ жұмыс істеуі.

Қыргүйек-25 мамыр аралығында жүзеге асырылады.

Мектеп демалысы кезеңі (күзгі, қысқы, көктемгі):

  • тәрбиешінің жеке жоспары бойынша балалардың демалысы ұйымдастырылады;
  • топқа қабылданған білім алушылар ҰКТ-на қатыспауға құқылы;
  • тамақ берілмейді,
  • өздігінен дайындау жүргізілмейді. 

Біліктілік талаптары – педагогикалық жұмыс өтіліне талап қойылмай, жоғары немесе орта кәсіптік білім.

Ақпарат көзі:  «ACTUALIS: Білім беру» электрондық жүйесі

 «ACTUALIS: Білім беру» электрондық жүйесіне тестілік демо-қолжетімділікті  алу

 

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться