MCFR.KZ Образование

Ағылшын тілі сабақтарында сыни ойлауды дамыту

  • 25 декабря 2018
  • 36
Ағылшын тілі сабақтарында сыни ойлауды дамыту

Бүгінгі таңда білім берудің мақсаты – нақты білімдер мен жекелеген дағдыларды жинақтау емес, жан-жақты оқу дағдыларын қалыптастыру және соның негізінде базалық білімді, тез өзгеріп жатқан әлемдік жағдайларға сәйкес өз білімін өзіндік жаңарту мен жетілдіру дағдысын игерту. Мысалы, ағылшын тілі сабақтарында сыни ойлауды дамыту.

Сыни ойлауды дамыту технологиясы

Сыни ойлауды дамыту технологиясы, ақпаратпен жұмыс істеудің тәжірибелік әдістері осы мақсатқа сай келеді.

Бұл – басқа педагогикалық тәсілдемелермен ашық диалогқа дайын әмбебап технология. Ол әртүрлі пәндік салаларда қолданылуы мүмкін, соның ішінде ағылшын тілін оқытуда қолданылады, бұл сабақтарда көбінесе оқушылар белсенділігінің төмендеуі, пәнге деген қызығушылығының және үй тапсырмасын орындау мәдениетінің жоқтығы байқалады.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Технология мықты оқушыларға өз талантын дамытуға, орташа қабілетті оқушыларға жаңа оң нәтижелерге жетуге, ал оқуға ынтасы төмен оқушыларға табысқа жетуге мүмкіндік береді.

Балалар білімді өз бетінше игереді, зерттейді, идеялар мен тұжырымдарды әртүрлі тәсілдермен алға жылжытады, сыни талдауға, жаңа білімді синтездеуге белсене қатысады,  түрлі нәрсе ойлап табады, өзіне деген сенімді дамытады және өз пікірі мен идеяларының құндылығын түсінеді,  басқалардың пікіріне құрметпен қарайды.

★ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ★

БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ СЫНИ ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ

А. Е. Қалиева

«№ 18 ОМ» КММ бастауыш сынып мұғалімі, Павлодар қ.

Бастауыш мектеп оқушыларының ой қызметін қалыптастыруда жағымды нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін инновациялық тәсілдердің бірі сыни ойлауды дамыту технологиясы болып табылады.

Оның мақсаты оқушылардың тек оқуға ғана емес, әрі қарайғы өміріне-де (ақылға салынған шешім қабылдау қабілеті, ақпаратпен жұмыс істеу, құбылыстардың әртүрлі жақтарын саралау) қажетті ойлау дағдысын дамытудан тұрады. Мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеуде біліктілік тәсілдемесін іске асыруға ықпал етеді.

Сыни ойлаудың үлгілері

Сыни ойлаудың үлгілерінің бірі топтардағы жұмыс болып табылады, ол әр оқушының ынтамақтастығын, ізгі ниеттілігін, жауапкершілігін және толеранттық сезімін дамытады. Оқушылар оқу әрекетін ұғынады, әр бала эмоционалдық және мағыналық қолдауға ие болады.

Оқушыларда оқу міндеттерін өз бетінше мақсат ретінде қоя білу, оқу әрекетін жоспарлау, оны жүзеге асыру үшін тиісті іс-әрекетті таңдау, орындалған жұмыс барысын бақылауды жүзеге асыру және алынған нәтижелерді бағалау дағдылары қалыптасады.

Оқу мүмкіндіктері жоғары оқушылар тапсырманы сәтті орындай отырып, қабілеті төмен оқушыларға олардың жұмысын бақылай отырып, түсінбегенін ұғынуға көмектеседі, нәтижесінде материал терең және негізді түрде игеріледі.

Сыни кезеңде оқушылардың оқылып отырған мәселе бойынша білімдері жандана түседі, іс-әрекетке енуге түрткі болады, әрі қарайғы жұмысқа ынталандырады. Оқушылар оқылған материал бойынша нені білгенін еске түсіреді (болжам жасайды), жаңа тақырыпты үйренгенге дейінгі ақпаратты жүйелейді, жауабын білгісі келетін сұрақтар береді.

Жұмыстың осы кезеңіндегі мұғалімнің рөлі – балаларды білетін нәрселерін еске түсіруге ынталандыру, топтарда қақтығыссыз пікір алмасуға жетелеу, оқушылардан алынған ақпаратты тіркеу және жүйелеу.  Бұл ретте жауаптарды сынамаған абзал, өйткені оқушылардың әр пікірі бағалы.

Балалардың шет тілінде сөйлеуі ана тілінде сөйлегендей табиғи да еркін болатындай жағдай жасалады. Оқушылардан өз назарын пікірдің тілдік нысанына ғана емес, мағыналық жағына да жинақтау қабілеті күтіледі.

Мысалы, 5-ші сыныпта «Жануарларды қорғау» тақырыбы бойынша балаларға жұмбақтар ұсынылады, оны шеше отырып, оқушылар жадыларында бұрын оқылған лексикалық бірліктерді жандандырады.  

Сондай-ақ сыни кезеңде «Ассоциациялық қатар» стратегиясы жиі қолданылады. Осылайша 6-шы сыныпта «Денсаулық» тақырыбы бойынша оқылған лексиканы тексеру кезеңінде оқушыларды топқа бөле отырып, мұғалім мынадай тапсырмаларды ұсынады:

бірінші топқа етістіктерді жазу;

екінші топқа – сын есімдер;

үшінші топқа – сабақ тақырыбына жататын зат есімдер.


Мақала қысқартылып жарияланған, толық жарияланымды  «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналынан оқыңыздар.

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться