MCFR.KZ Образование

Балабақшадағы индикаторлар

  • 29 ноября 2018
  • 4113
Балабақшадағы индикаторлар
Балабақшадағы индикаторлар

Мектепке дейінгі ұйымның білім беру қызметін оның нәтижелері мен бала дауының нәтижелерін нақты бағалау және мақсатты бақытталған талдаусыз елестету мүмкін емес.

Бала дамуын диагностикалау

Бала дамуының деңгейін қадағалап отырудың білім беру үдерісін тиімді жүзеге асыру үшін маңызы зор, ол мониторинг жолымен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес педагогикалық жұмыстың негізгі бағыттары және білім беру салалары бойынша балалар дамуы туралы мәліметтер алуға, содан кейін әрбір баланың жеке көрсеткіштерін есепке ала отырып, педагогикалық үдерісті өз уақытында түзетімдеп отыруға мүмкіндік береді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім берудің бірінші деңгейі болып табылады. Бұл аса маңызды әлеуметтік институттардың бірі, оның баланы 1 жастан 6 жасқа дейін кешенді демеп отыру үдерісін басқарудағы мүмкіндіктері мол.

Егер бұрынырақта бала дамуының диагностикасы білім беру бағдарламасының сөйлеуді дамыту, хат тануға оқытуға дайындық, қарапайым математикалық түсінгіктерді қалыптастыру және т. б. сияқты негізгі тараулары бойынша білімді, икемділіктерді, дағдыларды айқындаумен шектелсе, қазір индикаторлар жүйесіне бала дамуының құзіреттілік сапаларын қадағалауға, бұл құзіреттерді меңгеру тәсілдері мен жолдарын айқындауға кешенді тәсіл негізге алынған.

★ ТЕКСЕРУЛЕР ★

Балабақшаның білім беру қызметі сапасының ішкі мониторингі

Қызметкерлерді жұмыстан шығару – қадамдық нұсқаулық

Н. Д. Козарезова,

«Өрлеу БАҰО» АҚФ СҚО бойынша ПҚ БАИ «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы, Петропавловск қ.
Мектепке дейінгі ұйымдағы қандай да бір процестердің сапасына әрқашан үлкен көңіл бөлінеді, сондықтан мониторинг сапалы және анық ұйымдастырылған мектепке дейінгі ұйымдардың рейтингтерде алдыңғы орындардың бірін алатындығы заңды. Мониторингті пайдалану ұжымның алдында білім беру қызметін жетілдіру бойынша жаңа міндеттерді қоюға, дәстүрлі міндеттерді шешудің жолдарын қайта қарауға және мектепке дейінгі ұйым жұмысының сапасын тікелей басқаруға мүмкіндік береді. Журналдың электрондық нұсқасынан – https://e.rukdo.mcfr.kz/ – білім беру қызметінің сапасын ішкі мониторингілеу туралы ережені; меңгерушіні ағымдық мониторингілеудің жоспар-кестесін; әдіскерді лауазымдық мониторингілеудің жоспар-кестесін; шаруашылық бөлім меңгерушісін лауазымдық ішкі мониторингілеудің жоспар-кестесін; медициналық қызметкерді лауазымдық ішкі мониторингілеудің жоспар-кестесін жүктеуге болады.

Баланың құзіретті дамуы

Баланы кешенді демеуді басқару үдерісінің негізін құзіреттілік даму мониторингі мен оның алға жылжуларын жеке білім беру траекториясы бойынша жобалау құрайды. Бұл ретте мониторингтің мақсатты бағдарлары баланың 5 білім беру саласы бойынша құзіретті даму көрсеткіштері (бұдан әрі – ҚДК), ал деңгей белгісі – индикаторлар жүйесі болып табылады.

Бала ҚДК БММС-нда 5 білім беру саласындағы мектепке дейінгі тәрбие және оқыту тарауының негізіне алынған:

  • денсаулық сақтаушы (өзінің тән саулығына қамқорлық, салауатты өмір салты мен гигиена дағдыларын үйрену, сенсорлы-қозғалу функцияларының дамуы);
  • коммуникативті-тілдік (жадты, ойлауды, қиялды дамыту, негізгі тілдік нормаларды меңгеру, сөйлеу арқылы қоршаған дүниемен өзара қатынастарды қалыптастыру);
  • танымдық (қоршаған дүние туралы белгілі бір түсініктердің болуы, ой өрісінің дамуы, жинақталған тәжірибеде байланыстар мен тәуелділіктерді орнықтыру);
  • шығармашылық (рухани қасиеттерді – зияткерлік және сезімдік бастамаларды өнерге ортақтастыру арқылы дамыту және рухани құндылықтарға ие болу, шығармашылық әлеуетті белсендіру);
  • әлеуметтік (социумда бағдарлану шеберлігі, қоршаған дүниеде: отбасында, құрдастарының арасында, ересек адамдарменқарым-қатынастар мен өзара әрекеттестікті жолға қою).

"Индикаторлар" мазмұнында балалардың ҚДК барлық білім беру салалары және тараулары бойынша жазылған.

Индикаторлар жүйесінде мынадай құрылым бар:

  • көрсеткіш – белгілі бір жас кезеңінде бала дамуының күтілетін нәтижесі, ол педагогтарды, ата-аналарды балалардың құзіретті даму параметрлері туралы бастапқы ақпаратпен, сондай-ақ балалардың бір жас кезеңінен басқасына өтуіне көмектесетін негізімен қамтамасыз етеді;
  • білім беру саласы – білім беру мазмұнын анықтайтын категория;
  • қосымша сала – білім беру саласының құрамдасы, ол оның мазмұны туралы неғұрлым дәл түсінік береді;
  • стандарт – тәрбиелеу мен оқыту сапаларын бағалаудың эталоны ретінде.

Индикаторлар жүйесі құзіреттілік дамуының 3 деңгейінің болғанын көздейді:

  • бала ересектермен бірге немесе үлгі бойынша қандай да бір іс-әрекеттерді қабылдайды (1 балл, жеткіліксіз құзіретті);
  • бала өзінің не істегенін түсінеді, білімнің белгілі бір қорына ие болған, алайда дербес әрекет етпейді (2 балл, жеткілікті құзіретті);
  • бала өзі білетін нәрсені қолданады және ересектердің көмегінсіз дербес, шығармашылықпен және стандартты емес жағдаяттарда орындай алады (3 балл, құзіретті).

Мектепке дейінгі балалардың ҚДК-мен және индикаторлармен жұмыс

1-кезең. ҚДК және индикаторлар – бұл педагогке баланың білім беру траекториясы бойынша алға жылжуын бағалау үшін қажетті категориялар. ҚДК-нің басты сипаттамасы жас серпіні болып табылады, сондықтан 2–3 жастағы баланың даму деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер 3–4 жастағы балалар үшін қайталанбайды, өйткені олар бұл көрсеткіштерді жас шекаралары шектерінде қолдану деңгейін меңгерулері тиіс. Егерде бұл орын алмаса, онда бұл бағыттағы жұмыс келесі жас кезеңінде жалғастырылады, жұмыстың жаңа тәсілдері мен әдістері іріктеліп алынады.

Педагогтар балалардың көрсеткіштер бойынша даму үдерісін көзбен шолумен жылына 3 рет: жылдың бас кезінде, ортасында және соңында (қыркүйек – бастапқы бақылау, қаңтар – аралық және мамыр – қорытынды бақылау) жүргізуі, нәтижелерін "Бақылаулар парақтарына" балл қойып, жазулары тиіс.

Егер жылдың соңында бала көрсеткіштердің 80 %-ын қолданатын болса, онда оның құзіретін жеткілікті деп есептеуге болады.

Педагогтар "Бақылаулар парақтарындағы" көрсеткіштердің негізінде нәтижелерді әрбір бала бойынша жеке, балалардың бүкіл тобы бойынша өңдеулері және жинақ ведомостеріне (кестелерге) енгізулері тиіс.

2-кезең. Алынған мәліметтердің негізінде "баланың жуырдағы даму аймақтары" есепке алына отырып, бала дамуының жеке картасы толтырылады. "Жуырдағы даму аймағы" ретінде бала дербес қолдана алатын, іс-әрекеттің меңгерілген тәсілі мен ол әзірше ересек адаммен ынтымақтастықта ғана орындай алатын тәсілдің арасындағы айырмашылықты түсіну қажет. Тәрбиеші педагогикалық үдеріс тиімділігінің біртұтас картинасын жасау мақсатымен топтағы барлық балалар үшін кестелер мен графиктер толтырады. Әдіскер МДҰ-ның барлық топтары үшін мектепке дейінгі білім беру сапасының диагностикалық кестелерін және бүкіл МДҰ шеңберінде білім беру салалары бойынша мектепке дейінгі білім беру сапасының диагностикалық кестелерін толтырады.

3-кезең. "Карта" мен бақылау "Парағы" бала дамуының жеке білім беру траекториясын құруға мүмкіндік береді, мұнда педагог бала үшін диагностиканың әрбір кезеңінен кейінгі педагогикалық үдерістің міндеттері мен мазмұнын белгілейді.

Әдіскер мектепке дейінгі білім беру сапасының қорытынды кестесін толтырады, МДҰ сапа көрсеткіштері серпінінің графигі түпкілікті ресімделеді, диагностикалық жұмыстың қорытындылары шығарылады, құзіреттің төменгі деңгейін көрсеткен балалар дамуына түзетімдер енгізу жөнінде жұмыс жоспарланады.

Жалғасын «ACTUALIS: Білім беру» электрондық жүйесінен оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться