MCFR.KZ Образование

Тірек мектеп

  • 29 декабря 2018
  • 98
Тірек мектеп
Тірек мектеп

Менеджмент теориясы ұйымды басқару деңгейінің мөлшерін азайтуға және өкілеттіліктерді табыстау практикасын кеңейтуге шақырады.

Практика көрсеткендей: мұғалімдер өзара әрекеттестіктің, кәсіптік даму мен біліктілікті арттырудың барынша тиімді түрлеріне мұқтаж. Қаланың жетекші мектептерін қалыптастыру осы мәселенің шешімін тапты. «___________________ облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ-нің «Білім беру мазмұнын жаңарту бойынша тірек мектептер желісін құру туралы» 20__ ж. «___» _________ № _____ бұйрығына сәйкес біздің № 1 мектеп-лицейіміз қаламыздың он магниттік мектебі кіретін тірек мектеп болып табылады.

Тірек мектепті құруға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББ Педагогикалық шеберлік орталығы (бұдан әрі – ПШО) мен Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірге және оның филиалдары бастамашылық танытты. Өңірлерде тірек мектептерді құруға ПШМ-нің негізгі мектептер ретінде білім беру ұйымының тізімі көрсетілген хаты мен білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның тірек мектептерді құру туралы бұйрығы негіз болды.

ҚР орта білім беру мазмұнын жаңартуға қолдау көрсетуші тірек мектептердің қызметін ұйымдастырғанда келесі нормативтік құқықтық құжаттарды басшылыққа алу қажет:

  • «Білім туралы» ҚР 27.07.2007 ж. № 319 Заңын;
  • «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» ҚР 19.01.2011 ж. № 394-IV Заңын;
  • Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын (ҚР Үкіметінің 17.05.2013 ж. № 499 қаулысымен бекітілген);
  • 06.06.2014 ж. № 01-109/14 Педагогикалық шеберлік орталығы мен оның филиалдарында ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын;
  • өзге нормативтік құқықтық актілерді.

ПШО ҚР орта білім беру мазмұнын жаңартуды қолдаушы тірек мектептер туралы ереже әзірленді, мұнда жалпы ережелер нақты регламенттелген:

1. Ереже ҚР орта білім беру мазмұнын жаңартуды қолдаушы тірек мектептердің қызметін ұйымдастыру шарттары мен тәртібін айқындайды, ҚР орта білім беру мазмұнын жаңартуды қолдау үдерісіне тартылған субъектілер арасындағы қарым-қатынасты реттейді.

2. Ереже тірек мектептердің мақсатын, міндеттерін, ұйымдық негіздерін және қызметінің мазмұнын, атқарымдары мен оларға басшылық ету қағидаттарын айқындайды.

2.1. Қызметтің мақсаты – ҚР орта білім беру мазмұнын жаңартуды практикалық тұрғыдан іске асыру сапасын арттыру.

2.2. Міндеттері:

  • ПШО әзірлеген ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламалары бойынша оқудан өткен мұғалімдерге курстан кейін қолдау көрсетуді үйлестіру;
  • білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында деңгейлік бағдарламалар бойынша және/немесе Білім беру ұйымы басшыларының бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагогтардың  желілік әрекеттестігін дамыту;
  • ПШО, тірек мектеп үйлестірушілері, әдіскерлері, әртүрлі деңгейлік (аудандық, қалалық, облыстық) білім бөлімдері мен басқармалары өкілдері, магниттік мектептер арасындағы өзара әрекеттестікті қамтамасыз ету;
  • ПШО әзірлеген ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламаларының негізін құрайтын жаңа тәсілдерді енгізу нәтижелілігінің деңгейін айқындау;
  • ПШО әзірлеген ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламаларының негізінде білім беру ұйымдарына инновациялық әдістерді, тәсілдерді жүйелі енгізуді қамтамасыз ету;
  • ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында деңгейлік бағдарламалар бойынша ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарынан өткен педагог-практиктерге ақпараттық және оқу-әдістемелік қолдау көрсету;
  • оқыту мен оқуда жаңа тәсілдерді қолдану тәжірибесін трансляциялауға ықпал ету, мектептердің барлық практик мұғалімдеріне қолдау көрсету;
  • оқыту мен оқуды әрі қарай жаңғыртуға қажетті инновациялық ресурстарды реформалау.

Тірек мектептің қызметін жүзеге асыру үшін ұйымдық құрылым айқындалды.

Мақала қысқартылып жарияланған, толық нұсқасын «Білім беру ұйымының әдіскері» журналынан оқи аласыздар.

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться