MCFR.KZ Образование

Сабақты өзіндік талдау

  • 8 февраля 2019
  • 2880
Сабақты өзіндік талдау

Оқу сабағын өзіндік талдау – мұғалімнің рефлексивті қызметінің шарасы, нақты алгоритм бойынша өткізілген сабақты талдау және бағалау. Мектеп әкімшілігі өткізген сабақты талдаудың құрамдас бөлігі іспетті.

Жаңа ғана өткізілген сабақты жедел түрде талдамай тұрып білім берудің «мұғалім-оқушылар» өзара әрекетінің тұтас та үздіксіз даму жүйесін құру мүмкін емес. Ненің сәтті немесе ненің сәтсіз болғанын нақты қадағалап отыру қажет,  бұл жоспардағы ауытқушылықтарды дер кезінде түзету және қол жеткізген табыстарды арттыру мақсатында жасалады.

★ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ★

QR-код: мектеп кітапханасының жаңа мүмкіндіктері
Сабақты өзіндік талдау

В. В. Валентюк

Қостанай облысы Лисаковск қ. әкімдігі білім бөлімінің «№ 6 орта мектебі» КММ кітапхана меңгерушісі
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан кітапханалары үшін өзекті міндет ақпараттық ресурстарды қағаз тасығыштардан сандық форматқа көшіру болып табылады. Сондықтан QR-кодтау арқылы электрондық мектеп кітапханасын құру – осы бағдарламаны іске асырудағы қадам.

Сабақты өзіндік талдауды өткізудің үлгісі

9-11-сынып оқушыларына арналған тренинг элементтері бар «Біз өмірді таңдаймыз» практикалық сабағы.

Мақсаты: өмірге деген адекваттық қарым-қатынасты қалыптастыру, оқушылардың күйзеліске қарсы тұра білу қабілетін дамыту.

Міндеттері:

  • «суицид» ұғымын және оны болдырмаудың тәсілдерін ашып көрсету;
  • өзара әрекет, ұжымды біріктіру, бір-біріне толеранттық қатынаста болу дағдыларын дамыту;
  • өмір құндылығын ұғынуға тәрбиелеу.

Өзіндік талдау. Түрі бойынша – тренинг элементтері бар практикалық сабақ.

Оқытудың мына ұстанымдары қолданылды:

  • көрнекілік;
  • ғылымилық;
  • қолжетімділік;
  • проблемалық жағдай туғызу;
  • практика.

Қойылған міндеттерді шешу үшін эмоционалдық жағдай жасалады, Дж. Ласттың «Жалғыз бақташы» композициясымен музыкалық сүйемелдеу, Поль Морианың басшылығындағы оркестрдің оркестрлік суреттемесі, «Машина времени» тобының «Өзгермелі әлем» әні пайдаланылады.

«Жүрекше» жаттығуы оқушыларға өмірдің нәзіктігін, оны оралту мүмкін еместігін сезінуге мүмкіндік береді.

 «Қақпан»  жаттығуы кездейсоқ күрделі жағдайда қалған адам сезімін түсінуге жетелейді.  Суицидтің себебіне сөйлем ойлап табу оқушыларды аталған себептердің өмір сүрумен салыстырғанда түкке тұрмайтынын түсінуге алып келеді.

Суицидке қатысты мифтер мен деректерді талқылау кезінде, балалар суициденттің мінез-құлқының шынайы бағасымен танысты, өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарға көмек беру ережелерін таңдау жөніндегі жаттығулар балаларды жақындарымен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретті.

«Соқыр және соқырды жетектеуші» жаттығуы жақын адамдардың қолдауының маңызды екенін сезіне білуге көмектесті.

Power Point бағдарламасында ұсынылған таныстырылым сабақты дұрыс қабылдауға ықпал етті. Материал осы жас санатындағы балалар үшін қолжетімді әрі қызықты (балалардың бағалары рефлексивті жазбаларда).

Алдағы жұмысты неғұрлым терең ұғыну үшін бастапқы кезеңде көрнекілік,  сөздік және практикалық әдістер қолданылды.

Әрі қарай оқушылардың «қақпаннан» шығудың дұрыс шешімін таңдауына ықпал ететін өмірлік қиындықтарды бейнелейтін проблемалық жағдайдың әдісі пайдаланылды.

Талқылау әдісі  талас кезінде шындықты табуға көмектесті: өмір – бағасы жоқ сый.

Релаксация жұмыс процесінде туындаған шиеленістен арылуға, рефлексия – алынған ақпаратты реттеуге, сабаққа баға беруге жәрдемдесті.

Қорытынды кезеңде «Өзгермелі әлем» әлем әнін тыңдау жағымды эмоционалдық ахуал қалыптастырды.

Сабақ кезінде топтық жұмыс, жұппен жұмыс, ұжымдық жұмыс пайдаланылды.

Оқушылар қиын жағдайдан шығу мүмкіндігін («Қақпан» жаттығуы), көмек көрсетудің ойдан шығарылған әдісін (ұсынымдарға дағдылану) таңдады, өздігінен реттелуге ( «Соқыр және соқырды жетектеуші») төселді.

Уақытты бөлу – адекватты, сабақ екпіні – мазмұнды.

Балалар сабаққа белсенді түрде араласты, тапсырмаларды терең ұғынды және эмоционалдық тұрғыда қабылдай алды. Сындарлы жұмыс істеді, диалог жүргізді, талқылады, қорытындылар жасады және жағдайды сараптады.

Сабақты өзіндік талдаудың сызбасы

Сынып _______________________________

Сабақ тақырыбы __________________________

Сабақтың түрі мен құрылымы _______________

Аталған сабақтың тақырыптық мәні. Оның алдыңғы сабақпен байланысы, кейінгі сабаққа ықпалы.

Сыныптың қысқаша психологиялық-педагогикалық сипаттамасы (нашар үлгеретіндер мен үздік оқитындардың саны).

Сабақты жоспарлаудағы оқушылардың ерекшеліктерінің есебі.

Мақала қысқартылып жарияланған,  толық жарияланымды  «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналынан оқыңыздар.

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  
У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться