Әлеуметтік педагог: құқық, міндет, құжаттама

1187
Әлеуметтік педагог: құқық, міндет, құжаттама
Әлеуметтік педагог: құқық, міндет, құжаттама
Бүгінгі қоғамда өршіп бара жатқан негативті көріністерге байланысты мектепте оқушыларды әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан қолдау қажеттігі туындап отыр. Бағдар беруші мамандардың: әлеуметтік педагогтар мен психологтардың кәсіби қызметі – оқушылармен, олардың ата-аналарымен, отбасылық-тұрмыстық ортамен тікелей байланысты.

Ұжым жетекшілері үшін мұны айқындап алу маңызды нәрсе. Балаларды қоғам өміріне бейімдеу жөніндегі тәрбие жұмыстары тіршілік жағдайларын, мүдделер мен талап-тілектерді зерттеу, мінез-құлық, іс-әрекеттердегі қайшылықты жәйттердің, проблемалар мен ауытқушылықтардың диагностикасын жасау, тұлғалардың, мұғалімдер мен ата-аналардың арасындағы өзара қарым-қатынас барысына әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету негізінде жүргізіледі. Әлеуметтік педагог әлеуметтік қызмет орындарының мамандарымен тікелей байланыс жасайды, білім беру бағдарламаларын әзірлеу және оларды жүзеге асыру ісіне қатысады, олардың орындалуына өз құзіреті аясында жауап береді. Оған тән құқықтар мен міндеттер аясы құрылымдық тұрғыдан мынадай болады.

Әлеуметтік педагог мыналарға құқылы

  • Білім беру ұйымының басшысынан кәсіби міндеттерін ойдағыдай орындауға қажетті жағдай жасауды талп етуге.
  • Заң, атқару және сот билігі органдарында оқушылар (тәрбиеленушілер) мүдделерін қорғауға және олардың атынан өкілдік етуге.
  • Оқушыларға жағдай жасау және олардың жеке проблемаларын шешуге байланысты қоғамдық және мемлекеттік мекемелерге ресми сұрау салуға.
  • Ата-аналардың (олардың орынын ауыстырушы тұлғалардың), оқушы отбасындағы мүшелер мен өз ерікті көмекшілерінің белсенді жұмыстары үшін ынталандыру туралы ұсыныстар жасауға.
  • Білім беру ұйымындағы өз кәсіби міндеттерін орындауға қатысты құжаттар бойынша жұмыс жүргізуге, бұл құжаттамаларға еркін қол жеткізу құқын иеленуге.
  • Балалар мен жасөспірімдердің ынта-ықылас қоятын нәрселерін, талап-тілектерін зерттеуге байланысты ақпараттарды жинау.
  • Әлеуметтік сауалнама жүргізу, балалардың тіршілік жағдайын диагностикалық зерттеу.
  • Егер білім беру ұйымының әкімшілігі тарапынан берілген өкім әлеуметтік педагог қызметінің кәсіби және этикалық принциптеріне қайшы келетін болса, ол өкімді орындаудан бас тартуға.
  • Өз біліктілігін арттыруға.
  • Білім беру процесін жетілдіруге байланысты әр түрлі ұсыныстарды қарауға ұсынуға.
  • Педагогтар тарапынан орын алған бала құқығына нұқсан келтіру фактілері туралы білім беру ұйымы әкімшілігін хабардар етуге.

Әлеуметтік педагог мыналарға міндетті

  • Білім беру ұйымы әкімшілігімен бірге әлеуметтік-педагогикалық жұмыстардың басым бағыттарын белгілеуге және балалармен, жасөспірімдермен, педагогтармен, ата-аналармен жүргізілетін жұмыстар бойынша нақты міндеттерді айқындауға.
  • Оқушылар құқықтарын шектейтін шешімдердің қабылдануын тоқтатуға.
  • Бала құқықтарын қорғау жөніндегі заңдық және нормативтік актілерді білуге және оларды жұмыста пайдалануға.
  • Әлеуметтік педагог құжаттамаларын дер кезінде ресімдеуге.
  • Жұмысын жоспарлауға және өз қызметінің есебін жүргізуге.
  • Өз біліктілігін үнемі арттырып отыруға.
  • Құпия ақпараттарды тек заңмен белгіленген жағдайларда ғана пайдалануға.

Әлеуметтік педагогтың атқаратын функциялары мен рөлі

Әлеуметтік педагог балаларға, жасөспірімдерге, ересек тұрғындарға әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсете отырып, мынадай функцияларды атқарады:

– аналитикалық-диагностикалық;

– болжам жасау;

– ұйымдық-коммуникативтік;

– түзету;

– түзету-ұйымдастыру;

– тәрбиеленушілерге әлеуметтік-педагогикалық қолдау мен көмек көрсету функциясы;

– сақтау-қорғау;

– психотерапевтикалық;

– әлеуметтік-профилактикалық;

– құқықты қалпына келтіру (реабилитациялық).

Аналитикалық-диагностикалық функциясын атқара отырып, әлеуметтік педагог мыналарды жүзеге асырады:

– білім беру ұйымының әлеуметтік шағын ортасындағы ерекшеліктерді зерттейді және оған баға береді, бұл ортаның оқушыларға қандай ықпал ететініне болжам жасайды;

– оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктері мен қасиеттерін, оның «проблемалық қырларын» анықтайды;

– оқушының іс-әрекеті мен оқып-үйрену ерекшеліктерін зерттейді және баға береді;

– балалардың, жасөспірімдердің қиғаш мінездеріне не себеп екенін, олардың отбастарындағы әлеуметтік жәйттерді анықтайды;

– айрықша дарынды оқушыларды анықтауға көмектеседі;

– дамуында эмоциональдық және интеллектуальдық тұрғыдан кешеуілдеу белгілері бар оқушыларды анықтайды.

Әлеуметтік педагог болжам жасау функциясы бойынша мынадай жұмыстар атқарады:

– әлеуметтік және педагогикалық жәйттерге талдау жасау негізінде оқушының тәрбиелік және тұлғалық даму процесіне болжам жасайды, өзін өзі жетілдіруге және өзін өзі тәрбиелеуге көмектеседі, оқушылардың әлеуметтену процесіндегі даму перспективасын айқындайды;

– бұрынғы жұмыс нәтижелеріне жасалған талдаулар негізінде өзінің алдағы әлеуметтік-педагогикалық қызметін жоспарлайды.

Ұйымдық-коммуникативтік функциясы

– тәрбие қызметі субъектілерін – көпшілік қауымды, қосымша білім беру мекемелерін жасөспірім жеткіншектер тәрбиесі процесіне қосу, оларды бірлескен еңбек пен демалысқа қамту;

– балалар мен жасөспірімдер ортасында өзара гуманистік қарым-қатынас жүйесінің қалыптасуына көмектесу, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің және үлкендердің арасындағы қарым-қатынасқа ықпал ету.

Әлеуметтік педагогтың түзету функциясы мынадай:

– оқушыларды (тәрбиеленушілерді) әлеуметтік ортаның негативті әсерлерінен қорғауға тырысады;

– оқушыларды өзіне өзі дұрыс баға бере білуге үйретеді, олардың зиянды әдеттерден құтылуына көмектеседі.

Түзету-ұйымдастыру функциясын жүзеге асыру барысында әлеуметтік педагог

– ашық шағын ортада балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік мәні бар іс-әрекеттерін ұйымдастырады;

– оқушыларға қойылатын психологиялық-педагогикалық талаптарды ескере отырып, оларды әр түрлі өнімді қызмет түрлеріне қатыстырады;

– үлкендерді қатыстыра отырып, балалардың ұжымдық творчестволық іс-әрекеттерін ұйымдастырады;

– барлық әлеуметтік тәрбие субъектілерінің қызметін үйлестіреді;

– әлеуметтік қорғау және көмек көрсету органдарымен өзара әрекеттестікте болады.

Тәрбиеленшілерді әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан қолдау және оларға көмек көрсету функциялары бойынша әлеуметтік педагог

– оқушыларға (тәрбиеленушілерге) өзін өзі дамыту, өзін өзі тану, өзіне өзі баға беру, өзін өзі қалыптастыру, өзін өзі ұйымдастыру және өзін өзі көрсету мәселелерінде білікті психологиялық-педагогикалық көмек көрсетеді;

– клиентпен өзара сенім қарым-қатынасын орнатады.

Әлеуметтік педагог сақтау-қорғау функциясына орай:

– оқушыларға (тәрбиеленушілерге) және олардың бірлестіктеріне тән құқықтар мен мүдделерді қорғауға бағытталған барлық құқықтық нормалар кешенін қолданады;

– балалар құқығын бұзатын әрекеттерге жол берген тұлғаларға мемлекеттік мәжбүрлеу және заңдық жауапкершілікке тарту шараларының қолданылуына ықпал етеді;

– әлеуметтік қорғау және көмек көрсету органдарымен өзара әрекеттестікте болады.

Әлеуметтік педагог психотерапевтік функциясын жүзеге асыру барысында:

– оқушылардың оңды эмоциональдық жай-күйі қамтамасыз етілуін қадағалайды;

– оқушылардың өзара қайшылықтарын шешуіне, депрессиялық жай-күйлерінен арылуына көмектеседі;

– Оқушылардың жоғары нәтижелерге жетуі үшін жағдай жасалуына жәрдемдеседі.

Әлеуметтік-профилактикалық функциясы бойынша әлеуметтік педагог:

– балалар мен жасөспірімдердің ауытқулы (девиантты) және қылмысты (делинквентті) мінез-құлықтарының алдын алу үшін профилактикалық шаралар ұйымдастырады;

– мінез-құлықтардың адамгершілік-құқықтық тұрғыдан тұрақтанып, қалыптасуына ықпал етеді.

– әлеуметтік «тәуекелді» топтағы отбастарынан шыққан балаларды әлеуметтік сауықтыруға байланысты шаралар жүйесін ұйымдастырады.

Әлеуметтік педагогтың реабилитациялық, яғни құқықты қалпына келтіру функциясы түрлі себептерге байланысты (аурулық, мүгедектік, стресс, есірткі пайдалану, сексуальдық агрессия, бас бостандығынан айыру және т. б.) еркінен айыру орындарында болып қайтқан, әлеуметтік дезадаптацияға әкеліп соқтыратын әр қилы қиындықтарға душар болып жүрген тұлғаларды әлеуметтік-педагогикалық реабилитациялау және оларға қолдау көрсету жөнінде шаралар жүйесін ұйымдастырады.

Әлеуметтік педагог құжаттамалары мен әдістемелік әдебиеттерінің үлгі тізімі

1. Бала құқықтары туралы Конвенцияның, бала құқықтарын жүзеге асыру жөніндегі ҚР заңдарының, сондай-ақ осы мәселе бойынша заң актілерінің мәтіндері.

2. Әлеуметтік педагогтың лауазымдық нұсқаулығы.

3. Әлеуметтік педагогтың бір жылға арналған перспективалық жұмыс жоспары мен бір айға белгіленген күнтізбелік жұмыс жоспары.

4. Білім беру ұйымының басшысы бекіткен циклограмма немесе жұмыс жоспары.

5. Жұмыс уақытын есепке алу журналы.

6. Қамқорлық жасау, тұрғын орын-жайға тіркеу, ішкі істер және сот органдарында бала құқықтарын қорғау мәселелеріне қатысты құжаттамалар.

7. Оқушылардың тізімдері:

– кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімде есепте тұратындар;

– мектепішілік бақылау есебінде тұратындар;

– жанашыр қамқорлығына алынғандар;

– көп балалы және жеткілікті қамтамасыз етілмеген отбастарынан шыққан оқушылар;

– босқын отбастарының балалары;

8. Қолайсыз отбастарының тізімі.

9. Мүгедек балалар тізімі.

10. Қамқорлыққа алынғандардың жеке әлеуметтік-педагогикалық карточкалары (немесе педагогикалық қадағалау күнделіктері).

11. Білім беру ұйымы мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімнің бірлесіп атқаратын жұмыстарына қатысты белгіленген жоспар.

12. Әдістемелік ұсынымдар, ата-аналарға арналған жаднамалар.

13. Бала өміріндегі әлеуметтік проблемаларды шешуге және тұлғааралық қарым-қатынас қайшылықтарын реттеуге байланысты сынып жетекшілеріне арналған әдістемелік ұсынымдар.

14. Ата-аналар мен балалар проблемаларына қатысты мәселелермен шұғылданатын қалалық және аудандық қызмет орындары туралы анықтамалық ақпарат.

15. Кіріс және шығыс құжаттамаларының журналдары.

16. Әлеуметтік педагогтың өткен оқу жылындағы есеп беру құжаттары.

Дереккөз: "Сынып жетекшісінің анықтамалығы"



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль