Справочник руководителя образовательного учреждения

Математикадан сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру

  • 14 марта 2019
  • 2008
Математикадан сыныптан тыс жұмысты  ұйымдастыру

Сыныптан тыс жұмыс – оқу-тәрбие процесінің ажырағысыз бөлігі. Ол оқушылар білімін тереңдете түсуге, олардың дарыны мен логикалыөқ ойлауын дамытуға, ой-өрісін кеңейтуге көмектеседі.


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Математиканы оқыту кезінде критериалды бағалауды қолдану
Математикадан сыныптан тыс жұмысты  ұйымдастыру
А. Н. Иманова «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Ақмола облысы бойынша ПҚБАИ ИТЖҒ(Ғ)ПОӘ кафедрасының аға оқытушысы
Бағалау процесін қайта қараудың өзектілігі білім берудің жаңа заманғы стратегиялық міндеттерді, білім беру сапасына қойылатын халықаралық стандарттар мен жаңа заманғы талаптарды есепке ала отырып, білім беру деңгейін арттыру қажеттілігімен, шетелдегі қазақстандық мектеп түлектерін оқыту және бәсекеге қабілеттілік нәтижелерінің объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында оқушылардың оқу нәтижелерін белгілеу мен бағалаудың бірыңғай талаптарын жасау қажеттілігімен анықталады.

Сыныптан тыс жұмыстың мақсаты қандай да бір жеке мәселені талқылау емес, оқушыларды пәнге қызықтыру, оларды өз бетімен жасайтын күрделі жұмысқа тарту болып табылады.

Математикаға қызығушылықты арттыру проблемасы, оқушылармен мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру, дарынды балаларды іздестіру, осы дарындарға қолдау көрсету және дамыту мені көпжылдық педагогикалық қызметімде үнемі толғандырып келе жатқан мәселе.

Балада таңырқау, ізденгіштік, қуаныш отын жағу, математикалық есептердің әдемілігін сезіну, жасалған жұмысына ризашылық сезімін ояту өте маңызды. Одан да маңыздысы – бойындағы үлкен қабілет те, таланты да емес, тек еңбексүйгіштігі, жүйелі азапты еңбегі, жеңіске деген жігері, жаңаны білуге деген құштарлығы, бұрын белгісіз болып келгенді іздеп тауып, игеруге деген ұмтылысы ғана табысқа жеткізетінін түсінуі. Мұны педагогтің өзі де есінде сақтап, алдына мақсат етіп қоюы өте маңызды. Тек қана жүйелі, мақсатты жұмыс қана нәтиже бермек. Бұған математика үйрмелері, факультативтер, әртүрлі конкурстар, іштей, сырттай және қашықтықтан өткізілетін олимпиадалар, жарыстар мен фестивальдар кіреді. Біздің мүмкіндіктеріміз шексіз, әртүрлі, қызықты әдебиеттер де мол. Оқушы сабақты өзі оқуы керек, ал мұғалім – бұл үшін жағдай жасауы, оқу әрекетін дұрыс ұйымдастыруы тиіс. Балада өзін жеке тұлға ретінде сезінуін, өзін, өмірді, тұтас әлемді танып білу қажеттілігін ояту керек. Мұғалімнің әрбір оқушының мүмкіндігіне, оның төзімділігіне, табандылығына деген сенімі, дер кезінде көмекке келе білуі – оқушылардың таным жолындағы табысы осыған байланысты.

Мен нені пайдаланамын?

Бұл әрбір тоқсанның соңында өткізілетін қызықты математика сабақтары. Әдетте сынып алдын ала күштері теңдей командаларға бөлінеді. Әрбір команда міндетті түрде үй тапсырмасын алады – үгіт парағын шығару, қызықты есептердің шағын жинағын шығару, викторина сұрақтарын немесе қарсы сұрақнама сауалдарын құрастыру, кроссворд құрастыру, белгілі бір тақырыпқа шығарма жазу. Әр жолы әртүрлі тапсырмалар болады.

Шығармашылық үшін қызықты тақырыптарды іздестіріп, таба білу керек. Менің өз оқушыларыма ұсынған шығармашылық тапсырмаларымды атап шығуыма болады. Бұл әртүрлі кроссвордтар – байсал және қалжыңды, жалпы пландағы және тар мағынадағы, нақты тақырыпқа арналған, мысалы «Көне ұзындық және аудан өлшемдері», «Математикалық терминдер мен ұғымдардың пайда болу тарихынан», «Шеңбер және оның элементтері». Шығармашылық тапсырмаға рефераттар да жатады, бірақ Интернеттен алынғандары емес, оқушылар өздері жасап, сыныпта қорғалған, сондай-ақ не талдап қорытушылық қызметін, не білім беру қызметін атқаратын әртүрлі шығармалар, ертегілер мен аңыздар, досье, шолулар. Балалар «Нүктеге ода», «Нүкте, Жазықтық пен Түзудің қалай бірге өмір сүргені туралы ертегі», «Тригонометриялық рапсодия», «Ауданға досье», «Ағайынды екі батыр – Үшбұрыш пен Төртбұрыш» аңыздарын ойлап тапты, «Пайыз», «Сан бөлшегі», «Пропорция» тақырыптарына ертегі кейіпкерлері үшін есептер ойластырды. Бұл тапсырмалардың барлығы балалардың қиялын, фантазиясын, логикалық ойлауы оятып, дамытып, қайта-қайта оқулықты, қосымша әдебиеттерді қолдарына алуға мәжбүр етеді.

Жұмысты тексере отырып, баға бере отырып (мұндай жұмыстарға мен ылғи да «жақсы» немесе «өте жақсы» деген баға қоямын), мен балаларды мүлде басқа, жаңа қырларынан танып білемін. Мен олардың қоршаған әлемді қабылдауын, олардың ешкімге ұқсамайтындығын, мінез-құлықтарын, ұсынылған тақырып бойынша терең немесе үстірт жұмыс істегендерін, олардың өзін-өзі сын көзімен қарай білуін және тағы көптеген нәрселерді көремін. Әрине, бұл жұмыстар мінсіз емес, бірақ оның оқушыға да, мұғалімге де пайдасы шексіз, балалар бұл жұмыстарды талдаған кезде қалай қызығушылық танытатынын, сыныптастарын да, олардың жасаған жұмыстарын да мақтан ететінін көрсеңіз! Үздік жұмыстарды біз қабырға газетіне ілеміз, жинақ етіп шығарамыз. Сіздердің назарларыңызға осындай бірнеше жұмысты ұсынып отырмыз.

Нүктеге ода (Гензер Инна)

Нүкте – барлық нәрсенің басы!

Нүктесіз білімді бола алмасың анық!

Мәні мен сәніне үңіліп қарасаң,

Маңызын қазір көресің анық!

Геометрияда нүкте патшайым нағыз!

Түзу де жасайды ол, жасайды кесінді,

Бұрыш та, сәуле де нүктенің өлшемі

Қылғын сен, айқайла, бәрібір оңбайды,

Нүктесіз сызғаның фигура болмайды.

Шеңбер сыз, нүктесі қайда оның?

Центр бар – дейсің ғой, басқасы не керек?!

Жоқ, шеңберің тұрады, сен мұны күтпеп ең.

Нүктені айнала сансыз көп нүктеден!

Тұрмыста қарап көр, бар ма екен нүктелер!

Мұнда да айтатын әңгіме көп екен!

Дүкен көп қалада, кіреміз біз оған,

Бірінен бірі өткен, бірінен бірі озған.

Дейді оны біреулер, есіңде болса егер,

Сауда нүктесі деп біреулер атаған.

Қолыңнан бірнәрсе келмесе егерде

Қайталап біреуді болма сен әбігер.

Бәріміз боламыз адам деп ұмтылсақ,

Болған жөн алдыда ұмтылар нүктеміз!

Мінекей керегі осында нүктенің,

Осымен қоямын мен дағы нүктені.

Нүкте туралы (Абдулманов Рауан)

Ханзада туралы жазылар аңыздар,

Махаббат жайлы да жазады өлеңдер.

Иненің нүктесін ода қып жазамын,

Құлақ сап тыңдасаң тағы да қазамын.

Дүниеде бәрі де нүктеден басталар,

Демалып отырғың келсе де іздейсің

Арқаңды тіреуге нүктесін тіректің.

Қолына тисе егер нүктесі кіндіктің

Архимед аударып тастар ед жер шарын.

Үтір де, тырнақша, ноталар –

Барлығы нүкте деп аталар,

Нүктесіз тірлігің көңілсіз болмас па,

Музыка нотасыз құлаққа қонбас та.

Геометрия үшін нүктеңіз – ханшайым,

Ай дағы алады нүктеден бастауын.

Қоясың нүктенің екеуін тізілтіп,

4 сәуле, шығады кесінді қас қағым.

Нүкте, Түзу мен Жазықтық үшеуінің араларынан

қыл өтпестей достығы туралы аңыз (А. Ищанова)

Стереометрия патшалығында Нүкте, Түзу мен Жазықтық өмір сүріпті. Тату-тәтті, ынтымақта тіршілік кешкен екен. Қиын сәтте бір-біріне көмектерін аямапты.

Нүкте олардың арасындағы ең кішісі әрі ең қарапайымы болыпты. Мінезі де жуас, көзге түсер келбеті де жоқ, бірақ іс жүзінде оның беделі керемет болатын. «Кішкентай болса да пысық» дейтіннің нағыз өзі. Патшалықтағы оның атқаратын міндеті Стереометрия тұрғындарының арасын қосып отыру болатын.

Түзу тым аңқылдаған, ақкөңіл, қыпшабел қыз еді. Оның басы ерекшелігі кез келген нүктесінде екі сәулеге бөлінетіндігі болатын.

Жазықтық ең басты фигура болып саналды. Мәселе оның жасында, күшінде немесе зияткерлік артықшылығында емес, қоғамдық мәнінде еді. Онсыз Нүкте де, Түзу де ешқандай жерге аттап баспайтын.

Стереометрияда кішкентай Нүктелер, ақкөңіл Түзулер мен басты тұлға Жазықтықтардан басқа сүйкімді жан – Аксиомалар да өмір сүретін. Оларды жұрттың барлығы жақсы көріп, сыйлап тұрады. Қандай жағдайда болсын олардың айтқаны үнемі дұрыс болып шығады. Патшалықтың барлық тұрғындары Аксиомаларға ақылдасуға баратын.

Патшалықтың өркендеуі үшін Чтобы в царстве не царил хаос, Аксиомалар заңдар ойлап тауып, олардың сақталуын қадағалады, сөйтіп, Нүктелер, Түзулер мен Жазықтықтардың келісімде өмір сүруіне мүмкіндік жасап отырды. Бұл заңдарда былай делінеді:

  • Жазықтық қандай болмасын, онымен тату және тату емес те Түзулер болады.
  • Бір Түзумен жақсы қарым-қатиынас жасамайтын үш Нүкте тек бір ғана Жазықтықпен достық қатынаста болады.
  • Егер Түзумен туысқандық қатынастағы екі Нүкте, Жазықтықпен туысқандық қатынасқа түссе, онда бұл Түзу де осы Жазықтықпен туысқан болып саналады.
  • Егер екі Жазықтықтың ортақ бір досы – Нүкте болса, онда олар осы Нүктемен дос Түзумен де достасуы тиіс.

Осы төрт заң Стереометриияның барлық тұрғындары үшін өмір сүру Кодексіне айналды.

➤Вебинар!➤

"Білім беру мазмұнын жаңарту: оқу уәждемесі - сындарлы бағалау жағдайында табысты оқудың негізгі шарты"
Математикадан сыныптан тыс жұмысты  ұйымдастыру
Наталья Тифанциди Директор КГУ «СОШ № 17 с дошкольным мини-центром», с. Панфилова Талгарского района, эксперт ЭС «AСTUALIS: Образование»

Балалар мұндай тапсырмаларды, қызықты математика сабақтарын және, әрине, жарысуды жақсы көреді. Осындай жарыстар кезінде ең дарынды, еңбексүйгіш, өзгелерді соңынан ерте алатын, пәнге шын қызығатын балалар іріктеліп шығады. Балалар өздерін, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға көмектесетін жұмыстан шын қуаныш пен ләззат алады. Бала көзінде жалығу мен қорқыныш байқалмайтын сабақтың берер пайдасы мол.

Біз өзіміздің сынып бұрышында мәтінін жариялап тұратын ай сайынғы сырттай мектеп олимпиадалары, сөзсіз, өте пайдалы әрі қызықты. Бұл жерде балаларды қызықтыру өте маңызды, оларды міндетті түрде тексеріп тұру, ал кейде тапсырманы орындауға міндеттеуіміз қажет. Бұдан алынған жақсы нәтиже балаларға көптеген артықшылықтар береді: әртүрлі интернет-карусельдерге қатысу (биыл біз бірінші рет қатыстық), НГУ, ТГУ, МГУ, МФТИ жанындағы сырттай оқытатын мектептер мен олардың филиалдарында оқу, Архимед тапсырмалары мен жарыстарын өткізу, баспасөзде жарияланатын әртүрлі математикалық регаттарға қатысу.

Математикалық шайқас өткізу тәжірибесі өте қызықты. Былтыр біз 7 сынып командалары арасында математикалық шайқас өткіздік. Осы шайқастар нәтижесі бойынша кейбір балалар математиканы тереңдетіп оқытатын сыныптарға ауыстырылды.

Мұғалім тек өзі де үйрену үстінде болғанда ғана мұғалім екенін есте ұстау өте маңызды. Біз де үйренеміз. Курстарда, әдістемелік әдебиеттен, бір-бірімізден, әртүрлі семинарларда оқимыз. Қала, аудан, мектеп Необходимо, чтобы между математиктері арасында тығыз байланыс және сабақтастық болуы тиіс. Әріптестеріміздің не істеп жүргенін, немен айналысатынын, олардың «әдістемелік қоржынында» не бар екенін біліп жүрудің маңызы зор. Осы мақсатпен математика онкүндігінің шеңберінде біз қала мұғалімдері үшін үш семинар өткіздік.

Біздің лицей базасында алты жылдан бері тамаша педагог В. А. Лиді еске алу құрметіне турнир өткізіліп келеді, оған 9–11 сынып оқушылары ықыласпен қатысады. Неғұрлым көп балл жинаған командалар турнир жеңімпазы аталып, І дәрежелі кубок алады және сыйақымен марапатталады.

Қаламыздың орта буын оқушыларының өміріне жақсы өзгерістер енгізсек дейміз. Сол үшін біз «Астананың жас дарындары» фестивалін өткіздік.

Фестиваль мазмұны

Математикадан жарыс кезеңдері:

–   Командалардың «Математика – барлық ғылымның патшасы әрі қызметшісі» презентациясы (мерзімі – 3 минут, мәтінін қағазға шығарып, әділқазыларға беру).

–   Жеке біріншілік. Тақырыбы: «Формулалар мен теңдеулер әлемінде» (мерзімі – 40 минут).

–   Командалық біріншілік. Әділқазылар алдында міндетті түрде ауызша есептер шешу (мерзімі – 40 минут).

Физикадан жарыс кезеңдері. Тақырыбы: «Физикалық калейдоскоп»:

–   Жеке біріншілік (40 минут).

–   Командалық біріншілік (40 минут).

–   Физика тақырыбына кез келген ролик немесе мультфильм.

80 команда оқушылары жарысқа қатысты. Мұғалімдер мен оқушылапрдың пікірлеріне қарағанда, бұл шара қатысушыларға ұнайды. Ол қобалжытады, белгілі бір бағыт бойынша даярлауға жетелейді. Балалар ғылымдардың ішіндегі ең құпияға толы тылсымы – математиканы мадақтайтын өлеңдер жазады, нағыз спектакль дерлік дүниелерді қояды. Олар геометриялық фигураларды құлшына мадақтады, өздері дайындаған клиптері мен комикстерін ұсынды. Біз әріптестеріміздің абыржуға толы жүздерін, олардың тәрбиеленушілерінің жеңістерін көрдік. Біз қатысушылардың алғысқа толы сөздерін, тағы да өздерінің шығармашылық, әртістік және математикалық қабілеттерін ортаға салсақ деген тілектерін естідік. Біздің ойымызша, фестивальдар табысты өтті, және де, жалғасын табады деп үміттенеміз.

Математикадан сыныптан тыс жұмыстар мұғалімнен кәсіпқойлықты, барған сайын жаңа жұмыс түрлерін іздеп табуды, ал ең бастысы – тәрбиеленушілер көзінде қызығушылық отын жағу тілегін талап етеді.

Дереккөз: "Сынып жетекшісінің анықтамалығы" 

logo
Мы еще не знакомы?

       

        Давайте познакомимся!
        Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
Зарегистрироваться
Дорогой гость, заберите Ваш подарок
Бесплатный доступ к журналу "Справочник классного руководителя"
Получить бесплатный доступ