MCFR.KZ Образование

Өзін-өзі тәрбиелеу және өз бетімен білім алу

  • 13 февраля 2019
  • 1853
Өзін-өзі тәрбиелеу және өз бетімен білім алу

Есіңізде болсын: сыныптағы балалар – сіздің көшірмелеріңіз, сондықтан үнемі өзіңізді жетілдірумен болыңыз.

Өзін-өзі тәрбиелеу және өз білімін жетілдіру – өзін-өзі дамытудың ең жоғары түрі. Егер сынып жетекшісінің өзін-өзі тәрбиелеуі мен өз білімін жетілдіруі жайлы айтатын болсақ, бұл жерде сөз өзінің кәсіпқой ретіндегі қара басын дамыту туралы саналы жұмысы: өз материалдарын педагогикалық қызмет талаптарына сай бейімдеу, кәсіптік біліктілігін үнемі арттырып отыру және жеке басын үздіксіз дамыту туралы болмақ.

★ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ★

QR-код: мектеп кітапханасының жаңа мүмкіндіктері
Өзін-өзі тәрбиелеу және өз бетімен білім алу

В. В. Валентюк

Қостанай облысы Лисаковск қ. әкімдігі білім бөлімінің «№ 6 орта мектебі» КММ кітапхана меңгерушісі
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан кітапханалары үшін өзекті міндет ақпараттық ресурстарды қағаз тасығыштардан сандық форматқа көшіру болып табылады. Сондықтан QR-кодтау арқылы электрондық мектеп кітапханасын құру – осы бағдарламаны іске асырудағы қадам.

Өзін-өзі тәрбиелеу және өз білімін жетілдіру процесіне әсерін тигізетін факторлар:

–   қоғамдық идеалдарын қалыптастыру;

–   жеке адамның өзін ұжымның қабылдауына ұмтылысы;

–   жақсы үлгі көрсетуге бағдарлану;

–   салауатты сын мен өзі-өзі сынау жағдайын қалыптастыру;

–   жұмысқа бәсекелестік жарыс ахуалын енгізу.

Өзін-өзі тәрбиелеу және өз білімін жетілдіру бағыттары:

–   олардың пайдасы жайлы пікір қалыптастыру;

–   аталған бағдарламаларды жасауға практикалық көмек көрсету;

–   олардың мәнін түсіндіруде көмек көрсету.

Өз білімін жетілдіру әдістері:

–   өзіне-өзі бұйыру, өзіне-өзі міндеттеу, өзін-өзі мәжбүрлеу, өзін-өзі сендіру;

–   өзін-өзі сендіру, өзін-өзі көтермелеу, өзін-өзі жазалау, өзін-өзі жұбату, өзін-өзі сынау;

–   өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау, әрекет жоспарына түзету енгізу;

–   басқа біреудің жағдайына эмоциялық-ойша түсіне білу (эмпатия), бірге уайымдау;

–   өзін-өзі құрылымдау, өзін-өзі бағындыру, өзін-өзі ескертіп отыру;

–   өзін-өзі түрткі жасау (өзін-өзі иландыру, өзіне-өзі бұйыру, өзін-өзі бағындыру);

–   өзін-өзі ақпараттандыру;

–   өзін-өзі ұйымдастыру (өзін-өзі бақылау, өзіне-өзі есеп беру, өзіне-өзі талдау жасау).

Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері: өзін-өзі иландыру, өзін-өзі көтермелеу, өзін-өзі жазалау, өзін-өзі жұбату, өзін-өзі сынау, өзін-өзі бекіту, өзін-өзі марапаттау, өзін-өзі бұйыру, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі бақылау жасау.

Өзін-өзі тәрбиелеу және өз білімін жетілдіру құрылымы:

–   өзін-өзі өзгерту, қара басын жетілдіру қажеттілігі, өзіне-өзі талдау жасау, өзін-өзі бағалау;

–   әрекет мақсатын, бағдарламасы мен жоспарын анықтау;

–   өзін-өзі жетілдіруге бағытталған әрекет;

–   сол бойынша әдіс, тәсіл, құралдары.

Өзін-өзі тәрбиелеу және өз білімін жетілдіру сипатын білдіретін белгілер:

–   өзінің өмір салтын, өз жетістіктері мен кемшіліктерін біледі, өзін-өзі соған лайық бағалайды;

–   өзіне талап қойғыш, өзіне-өзінің көңілі толмайды, жақсы болуға ұмтылады, өзін-өзі тәрбиелеу және өз білімін жетілдіру қажеттігін түсінеді;

–   өз бетімен алдына белгілі бір мақсаттар мен міндеттер қоя алады;

–   идеалдары бар;

–   алдына қойған мақсаттары мен міндеттеріне жетудің белгілі бір бағдарламасы мен жоспары болады;

–   өзін-өзі тәрбиелеу және өз білімін жетілдіру әдістемесін, өзін жетілдіру жолдары мен әдістерін біледі, оларды пайдалана алады;

–   өз дамуының бір немесе бірнеше бағыттарында нақты жұмыс жүргізеді;

–   өзін-өзі тәрбиелеу және өз білімін жетілдіру нәтижесіне қол жеткізген.

Сынып жетекшісінің өзін-өзі тәрбиелеуі және өз білімін жетілдіруі мына жағдайларда өнімді болмақ, егер:

–   педагогтің өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі тәрбиелеуі және өз білімін жетілдіруі жүзеге асырылса;

–   педагог педагогикалық тәжірибенің өзін-өзі тану және өзін-өзі талдау жасау әдістерін біледі (өзінің кәсіби қызметінің жақсы және теріс жақтарын түсінеді, өз кемшіліктерін мойындайды, демек, өзгерістерге бейім);

–   педагогтің рефлексиялық қабілеттері дамыған;

–   кәсіби даму бағдарламасында зерттеушілік, ізденгіштік әрекеттер қарастырылған;

–   педагог педагогикалық шығармашылыққа құлшыныс танытады;

–   жеке басының және кәсіби дамуы мен өзін-өзі дамытуы арасындағы өзара байланыс жүзеге асырылады.

Егер өзін-өзі тәрбиелеуі және өз білімін жетілдіруді ынталандыру жайлы сөз ететін болсақ, бұл ынталандырудың мәні жеке адамның қажеттілік-уәждемелік саласының дамуы мен онда салауатты қажеттіліктер мен әрекет уәждемелерін қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасауға келіп тіреледі.

Өзін-өзі тәрбиелеуі және өз білімін жетілдіруді қаншалықты қарқынды жүргізуіне қарамастан, барлық педагогтер ынталандырушы объект болып саналады.

Өзін-өзі тәрбиелеу және өз білімін жетілдірумен айналысатын педагогтердің оқушыларға ықпалы жоғары болатыны анықталған. Оқу процесінде педагогтер оқушыларды қалай өмір сүру керектігі жайлы ұрандармен емес, өз үлгілерімен, өмір салтымен тартуы тиіс.

Бейімделушілік-бағдарланушылық деңгей. Базалық, ЖОО-лық деңгей. Сынып жетекшісі жұмысын өз бетімен зерттеу. Басқа сынып жетекшілерінің тәжірибесін зерттеу. Сынып жетекшісінің құжаттамасын зерттеу. Сынып жетекшісінің тәлімгермен бірлескен жұмысы. Тәрбиелік шараларға қатысу.

Репродуктивті деңгей. Мастер-класс. Сынып жэетекшілерінің семинарлары. Шығармашылық лабораториялар. Педагогикалық кеңестер мен консилиумдар. Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігінің мәжілісі.

Шығармашылық деңгей. Өздігінен білім алу және өзін-өзі дамыту. Басшылардың ғылыми-практикалық конференциялары. Педагогикалық оқулар. Тамыз конференциялары. Біліктілігін көтеру курстары. Конкурстар, байқаулар, фестивалдар. Сынып жетекшісі – әдістемелік кабинет әдіскері. Сынып жетекшісі – бірлесе ізденуші.

Өздігінен білім алу қамтитын мәселелер шеңбері кең, алайда педагогикалық өздігінен білім алу бағыттылығы өз кезінде мұғалімдер педагогикалық оқу орындарында оқымаған, бірақ қазіргі заманғы мектептер үшін өзекті пәндерді оқып-үйренуге бағытталуы тиіс. Педагогикалық өздігінен білім алу негізін құрайтын мұндай проблемалар қатарында педагогикалық қарым-қатынас, оқытуды даралау және жіктемелеу, дамыта оқыту, модульдік оқыту, жаңа типті оқу орындарында: гимназиялар, лицейлер, колледждерде оқыту проблемалары болады. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын, олардың рухани мәдениетін, азаматтық тәрбиесін, т. б. қалыптастыруға байланысты проблемалар блогы маңызды болып табылады. Әрбір мұғалімнің өздігінен білім алуы ақыл-ой еңбегі мәдениетін, зияткерлік әрекеттің жеке ерекшеліктерін ескере отырып құрылады. Мұғалімнің өздігінен білім алуы оның өзінің жеке уақытын ұйымдастыра білуіне, өздігінен білім алудың жеке жоспарын жасап, оны жүзеге асыра білуіне байланысты болады.

Сөйтіп, педагог жеке адам дамуының психологиялық даму процестерін, сана-сезім құрылысын және жеке адамның өзін-өзі тәрбиелеуін білуі, өзіндік рефлексия, өзін-өзі жетілдіру бойынша өз әрекетін жобалау дағдылары болуы тиіс.

Рефлексия адам ақыл-ойының жұмыс құралы болып табылады. Бұл толғану, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі зерттеу, адамның танымын өзіне, өзінің ішкі әлеміне, психикалық жағдайына бағыттау, өзіне-өзі талдау жасауға бейімдігі.

Өзін-өзі тәрбиелеу кезеңдері және оның сипаттамалары В. В. Анисимов, О. Г. Грохольская, Н. Д. Никандровтардың «Жалпы педагогика негіздері» оқулығында берілген (кестені қара).

Жеке адамның өзін-өзі тәрбиелеу кезеңдері

Кезең

Өзін-өзі тәрбиелеу элементтері

Мақсатты анықтау

3 элементті бөліп көрсетеміз:

1. Өзін-өзі тану – өзін-өзі зерттеу, көңіл аударатын сапалардың даму деңгейін анықтау. Жеке адамның өзін-өзі бағалауы белгілі бір рөл атқарады.

Жеке адамның өзін-өзі тануының 3 жолы бар:

– басқа адамдардың бағасы мен пікірі;

– әлеуметтік салыстыру, әрбір адам өзін өзгелермен салыстырады;

– «Қазіргі Менді» «Дамушы Менмен» салыстыру арқылы өзін-өзі бағалауы.

2. Идеалын анықтау («Мен – идеал»).

Негізінде, «Мен – бейне» 3 негізгі құрауыштан тұрады:

– когнитивтік (танымдық) – өзін тани білу (өзінің психологиялық сапаларын, қабілеттерін, сыртқы келбетін, әлеуметтік мәнін, т. б.);

– эмоциялық – өзін бағалай білуі (өзін-өзі құрметтеуі, өзін-өзі жақсы көруі, өзін-өзі сүюі, өзін-өзі кемсіту, т. б.);

– мінез-құлықтық (бағалаушы-еріктік) – өзіне қарым-қатынасы (өзін-өзі бағалауын арттыруға, сыйластыққа ие болуға ұмтылысы, т. б.).

Барлық 3 құрауыш бір мезгілде, өзара байланыста, «Мен – бейне» тұтас ұғымын тудыра әрекет етеді.

3. Өзін-өзі міндеттеу – нақты әрекет жоспарын, нақты сапалар жиынтығын және қалыптасу дәрежесін қабылдау, бұл өзімен жұмыс жасау жоспары.

Өзін-өзі тану – өзін-өзі тәрбиелеудің бастапқы және күрделі сатысы.

Өзін-өзі жобалау идеалды анықтау мен өзін-өзі міндеттеуді қамтиды. Бұл арман, өзін-өзі міндеттеу, өзіне-өзі уәде беру, жеке басының және кәсіби өсуінің бағдарламасы түрінде жүзеге асырылады.

Белгіленген міндеттерді орындау әрекеттері

Өзіне-өзі әсер ету тәсілдері:

1. Өзін-өзі иландыру және өзін-өзі сендіру. Өзін-өзі сендірудің сәттерінің бірі ұйықтар алдында және ояну кезінде. Өзін-өзі иландыру және өзін-өзі сендіру: міндеттімін – жасағым келеді – жасай аламын – жасадым сызбасы бойынша жүзеге асырылады. Және же нәтиже болып табылатын (жасадым) сатысы ең маңыздысы болып саналады.

2. Өзін-өзі қолдау, өзін-өзі қамшылау, өзіне-өзі бұйыру. Бұл жерде маңызды міндеттердің бірі өзіне деген сенім және адамның өзі таңдап алған тәсілдің тиімділігіне деген сенімі.

3. Өзін-өзі қалыптастыру өзінің жұмыс күнінің, әрекеттерінің режімін құру, өзін-өзі реттеу және өзін-өзі басқару. Бұл ерік-жігерді, алға қойылған мақсаттың пайдалылығына сенімділікті талап етеді.

Белгіленгеннің қорытындысын шығару

Жұмсалған күш-жігер нәтижесін, өзімен жұмыс жасау тиімділігін анықтау. Әсер ету тәсілдері: өзін-өзі бақылау, өзін-өзі талдау жасау, өзін-өзі бағалау.

Жақсы болып шыққан жағдайда өзімен жұмыс жасау қорытындысын шығару. Күнделік жүргізу, кешкісін күні бойын не істегенін ой елегінен өткізіп, өзінің мінез-құлқына талдау жасау, оны қабылданған міндеттерімен салыстыра талдау.


Дереккөз: "Сынып жетекшісінің анықтамалығы"  журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  
У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться