Мектептің жылдық жоспарын әзірлеу технологиясы

1886
Мектептің жылдық жоспарын әзірлеу технологиясы
Мектептің жылдық жоспарын әзірлеу технологиясы
Күллі мектеп өмірі тіршілігін тиімді, оңтайлы ұйымдастыру, мектептің әрбір басшысы мен мұғалімінің қызметін сапалы орындауы, оқу-тәрбие үрдісінің табысты болуы болашақтың айқындығына, шешілетін міндеттердің нақтылығына, міндеттемелердің анық бөлінуі мен жұмысты іскерлікпен, жедел үйлестіруге байланысты.

Көп қырлы мектеп өмірінің әр  бөлігі үшін нақты, ойластырылған жұмыс жоспары болғанда ғана осының барлығы мүмкін болмақ.

Оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары – бұл мектептің маңызды жергілікті актісі. Ол толық мөлшерде Қазақстан Республикасының заңдарына, Жалпы білім беретін мекеме туралы үлгі ережеге сәйкес болуы және осы заманғы педагоикалық менеджмент, дидактика, психология, педагогика жетістіктеріне негізделуі тиіс.

Мектеп жұмыс жоспарын даярлау алгоритмі

1-кезең. Жоспарлауға дайындық.

Жылдық жоспарды әзірлеудегі дайындық кезеңінің мақсаты – мектепішілік жоспарлаудың оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу нәтижелеріне ықпалы туралы материалдарды жинап, талдау.

Бірінші кезеңде білім беру менеджері өзінің оқу-тәрбие үрдісіне қатысты байқауларын жүйелейді, орынбасарларында, мұғалімдердің әдістемелік бірлестіктерінде, құрылымдық бөлімшелер жетекшілерінде қордаланғңан материалдарды талдайды, жекелеген мұғалімдермен ақылдасады, мектептің қоғамдық құрамалары басшаларымен кездеседі.

Бірінші кезеңде жылдық жоспар жобасын әзірлеушілер мұғалімдерге, әдістемелік бірлестіктер мен мектептің құрылымдық бөлімшелері басшыларына, бір бөлік оқушылар мен ата-аналарға мақсатқа лайықты сауалнамалау жүргізеді.  

Мұғалімдердің алдағы оқу жылына арналған барлық оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру жөніндегі ұсыныс-пікірлерін (жасырын сауалнама жүргізу немесе командада жұмыс істеу) ескерудің маңызы зор.

Сауалнамалауды өткізіп, оның нәтижелерін талдаудан кейін білім беру менеджері орынбасармен бірлесіп жоспар тармақтары бойынша жиналған материалдарды топтайды, яғни қол жеткен табыстар мен шешілмеген міндеттерді бөле отырып, жоспар тармақтарын қалыптастырады, орындалу мерзімі белгіленеді, орындаушылар тиянақты таңдалады.

Дайындық кезеңінде директор мектептің жаңа оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмысы жоспарының жобасын даярлау туралы бұйрық шығарады, онда мыналар анықталады:

  • Жылдық жоспар жобасын жасау бойынша жұмыстың мерзімі, жоспардағы әрбір  тармақты құрастыруға жауапты адамдар.
  • Жоспар жобасының тармақтарын дайындау бойынша жұмыс комиссиясын жинақтау.
  • Жұмыс комиссиясына нұсқаулықтар жүргізу, пеадагогтарға кеңес беру мен шығармашылық ізденістерге ынталандырудың тәсілдері.
  • Жұмыс комиссиясы қызметін талдау және жоспарлау (мектеп жұмысының негізгі бағыттары мен оның бастапқы нәтижелеріне талдау; қызметтің жаңа оқу жылына арналған негізгі міндеттерін анықтау; жоспардың әрбір бөлігі бойынша негізгі мақсатты іс-шаралар тізбесін жасау).
  • Ақпараттық материалдарды  талдамалық өңдеудің тәртібі (проблемалық бағыттылық, атқарушылар, жалпы мектептік іс-шараларды келісу; білім менеджері, менеджер орынбасары мен педагогикалық кеңес жанындағы отырыстарға шығарылатын мәселелерді үйлестіру)
  • Білім менеджері жанындағы отырыста жұмыс комиссиясы ұсынған жұмыс жоспары тармақтары жобасын талқылаудың тәртібі (комиссия жетекшісінің жоспар тармағы жобасын және оны қорғауға ұсынуы; жоспармен  алдағы уақытта жұмыс істеу жөніндегі ұсынымдарды шығару),
  • Мектеп басшысының жұмыс жоспары жобасын соңына жеткізу мерзімдері (барлық іс-шараларды мерзімі, атқарушылары бойынша үйлестіру, бірыңғай жоспар жобасына жұмыс комиссиясы ұсынған жоспар тармақтары жөніндегі мәліметтер).
  • Жаңа оқу жылына арналған мектеп жұмысының жобасын педагогикалық кеңесте алдын ала талқылау мерзімдері (оқу жылындағы нәтижелерді ескере отырып оны соңына дейін өңдеу жөніндегі ұсынымдарды шығару, оқушыларды әлеуметтендіру, жазғы еңбек пен демалысты ұйымдастыру).
  • Педагогикалық кеңес отырысында мектептің жаңа оқу жылына арналған жылдық жоспарын талқылау мен бекіту мерзімдері.
  • Педагогикалық кеңестегі талқылаудан кейінгі жылдық жоспарға енгізілген толықтырулар, нақтылаулар, ескертулер мен  түзетулер тәртібі.

Дайындық кезеңінде  директор, оның орынбасарлары мен мектеп қызметтерінің басшылары жалпы дамыту мен білім беру, оның ішінде жоспарлау мәселелері жөніндегі жаңа нормативтік, нұсқау беруші құжаттарды, теориялық және әдәстемелік материалдарды зерделейді.

Мыналар жылдық жоспарды дайындау үшін ақпараттық материалдар дереккөздері бола алады:

  • мектеп кеңесі отырыстарының, педагогикалық кеңестердің, директор жанындағы мәжілістердің, әкімшілік кеңесі отырыстарының, директор орынбасарлары  жанындағы мәжілістердің, мектеп конференцияларының, мектеп еңбек ұжымы жиналыстарының, жалпы мектептік ата-аналар жиналыстарының, жалпы мектептік ата-аналар комитеті отырыстарының, жалпы мектептік оқушылар жиналыстарының хаттамалары;
  • мектеп номенклатуралық құжаттарын тексерудің қорытындысы бойынша анықтамалар (сынып журналдары, оқушылардың дәптерлері мен жеке істері, қауіпсіздік техникасы жөніндегі журналдар және т.б.);
  • оқу-тәрбие жұмысының мазмұны бойынша анықтамалар;
  • сыныптан тыс жұмысты бақылаудың нәтижелері бойынша анықтамалар;
  • оқу нәтижелеріне диагностика жасаудың, білім беру мониторингінің, мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттаудың нәтижелері;
  • мектептік, аудандық, қалалық олимпиадалардың қорытындылары;
  • спорттық жарыстардың нәтижелері;
  • оқушыларды медициналық жағынан тереңдете тексерудің нәтижелері;
  • оқушылардың денсаулық жағдайы  жөніндегі анықтамалар;
  • білім беру мекемесін аттестаттау жөніндегі материалдар;
  • оқушылардың жазғы еңбегі мен демалу қорытындылары;
  • мектептің оқу-материалдық базасы мен санитарлық-гигиеналық тәртібінің жай-күйі жөніндегі анықтамалар.

2-кезең. Жоспар жобасын негізгі бағыттар бойынша жасау

Жоспарлаудың екінші кезеңінде алдағы оқу жылына арналған жоспар жобасын талдап, құрастыру үшін жұмыс тобы мүшелері арасында жалпы мектеп жоспарының тармақтары бөлінеді.

Талдау барысында оқу жылы бойында жоспарланған іс-шаралардың қаншалықты табысты орындалғанын, ұжымның барлық іс-шараларды мектептің негізгі мақсаты мен міндетіне сай бағындыра алғандығын, мұғалімдердің шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогикалық ұжымы қаншалықты қалыптасқандығын және т.б. айқындап алу мақсатқа лайықты болмақ. Осылармен қатар шешілмеген проблемалар мен олардың пайда болу себептерін айқындап алу қажет, содан соң ғана жаңа оқу жылына арналған іс-шараларды жоспарлауды бастаған жөн.

Мектептің жылдық жоспарында оның  бөліктері: талдауы, міндеттері мен іс-шаралар мазмұндарының арасында қисынды  ішкі байланыс болуы тиіс.

Жылдық жоспардың талдамалық бөлігіндегі мазмұн өткен жыл қорытындыларымен байланыстыра терең, нанымды да толық көлемде қарастырылуы тиіс. Жалпы мектептік жылдық жоспарда бар  іс-шаралар жаңа оқу жылына қатысты талдамалық тұжырымдарға, негізгі міндеттерге сәйкес болғаны абзал. Жоспарлау үрдісінде  іс-шараның  педагогикалық қажеттілігі оның жүйеге көп мақсатты ықпал етуі тұрғысынан пайымдалады.

Жоспардың құрастырушылардан алынған материалдарды жай ғана біріктіре салмай, мектеп басшылығы мен ұжымындағы педагогикалық көзқарастардың біріккен нәтижесі болғаны жөн, жұмыс тармақтары өзара байланысып,  әс-әрекеттің айқын белгіленген бағытын көрсетуі маңызды. Жоспар оқыту мен тәрбиелеудің, мектепті басқарудың қол жеткен жетістіктерімен салыстырғандағы жоғары  деңгейіне бағдарланып, ұжымды жұмылдырушы құрал болуы, алқалық басқару мен жеке бастамалардың үйлесімді нәтижелілігіне ықпалдасуы қажет.

3-кезең. Жоспардың бірыңғай жобасындағы тармақтар бойынша даярланған жобаларды үйлестіру

Жобалаудың бұл кезеңінде алынған ақпарат талданады, бастамашылық топтар мүшелері мен мектеп бөлімшелері басшыларының жұмысы туралы есеп тыңдалады, туындайтын қиындықтардың себептері мен болашақта оларды жоюдың жолдары айқындалады. Бұл тұста үстірттікке жол бермеу керек, өйткені авторлық ұжым алдында жылдық жоспар мен жылдық жұмысқа орындалу критерийлері бойынша өзіндік талдау жасап, баға беру міндеті тұр, бұл  жылдық жоспардың оңтайлы сипатын барынша толықтай көрсетеді.

Мұндағы жоспардың орындалу критерийлерін жоспарланатын іс-шаралар мен бақылау тапсырмаларының нақты жағдайларда ең үздіктерін баламалы таңдай алу мүмкіндігі жүзеге асырылатын оның сипаттамалары жиынтығы деп ұғыну керек. Сонымен, орындалу критерийлері бойынша мектеп жоспарын бағалау оны құрылымдау кезінде жоспардың тығыздығын сақтауды, мұнымен қоса жоспарланатын іс-шаралардың аса көп болуын болдырмауды талап етеді. Ойлардың педагогикалық мақсатқа лайықтылығы, жоспарланатын жұмыстың жеткіліктілігі мен қажеттілігі орындаушылықтың негізі болып табылады.

Орындаушылық критерийдің айрықша ерекшелігі  - оның жылдық жоспар оңтайлылығының басқа да, мысалы, алдағы жұмыс кезеңіне жоспарда  ұсынылып отырған мақсаттар мен міндеттердің мәнділігі, жоспардың талдамалық құрылымы және жоспарлатын жұмыс пен оған қол жеткізу құралдарының бірлігі критерийлерімен байланысы.

Орындаушылық критерийлері бойынша  жылдық жоспар сипаттамасы бір мезгілде жоспарлы іс-шаралардың орындалу  немесе орындалмау деректерін сандық баяндауды және орындалмау мүмкіндігінің себептерін талдауға жол ашады.

Мамырдағы педагогикалық кеңесте білім беру мекемесінің директоры мұғалімдерді, ал жалпы мектептік ата-аналар комитетінің отырысында оқушылардың ата-аналарын жылдық жоспардың жобасымен алдын ала таныстырады.

4-кезең. Жылдық жоспарды педкеңесте бекіту

Әдетте жылдық жоспарды даярлау ағымдағы оқу жылының соңына қарай аяқталады, ал соңғы нұсқасы тамызда жаңа оқу жылының  бірінші педагогикалық кеңесінде бекітіледі.

Білім беру мекемесінің өткен оқу жылындағы жұмысты қаншалықты табысты қорытындылап, оңды нәтижелері мен кемшіліктері  айқындалғанда ғана, алдағы уақыттағы жұмыстары жетістікке жетіп, жемісті болмақ.

Жылдық жоспар жобасын талқылауға арналған педагогикалық кеңестің тамыз отырысы жаңа оқу жылы есігін ашады десек болғандай, онда жұмысқа іскерлік өң беріледі.

Егер мектеп әкімшілігі педкеңеске дейінгі бірнеше күн бұрын жоспар жобасын педкеңес мүшелерінің қолына тигізе алса, нұр үстіне нұр, онда педкеңесте талқылауға айтар пікірі әзір болар еді. Онда жобаны педкеңесте оқудың қажеті де жоқ және оны талқылауға уақыт молынан жетеді. Директордың баяндамасы мүмкіндігінше қысқа, нақты, жұмылдырушы сипатта және педагогикалық ұжымға серпін берерліктей болуы тиіс.

Талқылаудан және педкеңес қабылдайтын шешімдерден соң барлық ескертулер мен ұсыныстарды  байыппен талдай отырып, директор жоспарды соңғы рет редакциялайды, оны бекітеді және оның бекітілгені туралы  мектеп бойынша бұйрық шығарады. Барлық рәсімдеу мәселелерінен өткеннен кейін жылдық жоспар мектептің барлық қызметкерлері орындауға міндетті  нормативтік құжат күшіне енеді. Бірақ мұнымен жұмыс бітпейді. Енді жылдық жоспардың архитектоникасына назар аудару керек. Титулдық парақ ресімделіп, беттері нөмірленеді (бауланады). Титулды парақта педагогикалық кеңестің жоспарды қабылдаған күні, оны директордың бекіткен күні (директордың қолы және мектептің мөрі қойылады)  көрсетіледі. Жоспар қажетті данада басылады: бірінші данасы – мектеп және құрылтайшының істер номенклатурасында сақтау үшін, жұмыстағысы – мектеп басшылары үшін.

Мектептің жұмыс жоспарына білім беру үрдісіне барлық қатысушылардың қолы жетерліктей болуы тиіс. Көптеген басшылар мектептің жергілікті желісі болса, өзінің күнделікті жұмысында жылдық жоспардың электронды түрін пайдаланады. Өте қолайлы, заманына сай және уақыт үнемдейді.

Жалпы алдағы оқу жылына арналған мектепішілік жұмысты жоспарлаудың табысты болуы жоспарды әзірлеудің әрбір кезеңін жеке-жеке және барлығын бірге жүзеге асырудағы бірлік мен тиімділікке байланысты. Оларды жүзеге асыруда – мектептік жоспарлар ұтымды табысының кепілі, сондай-ақ барлық педагогикалық ұжым жұмысының демократиялық негізде жетілдірілуі жатыр.

Мектептің жылдық жұмыс жоспары құрылымы

Мектептің жылдық жұмыс жоспарын құрылымдау үрдісі қазіргі кезде жоғары тұрған білім беру органдарымен реттелмейді. Заңнамаға сәйкес мектеп басшыларының басқарушылық қызмет түрлері мен әдістерін таңдауы – олардың айрықша құзыреті. Заманауи мектептерде  жылдық жоспарды жасаудың сан алуан нұсқаларын көруге болады. Жоспарлауды мынадай негіздемелер бойынша жүзеге асыруға болады: ұжым, үрдіс, қызмет түрі, ұйым нысаны бойынша.

Жылдық жоспар құрылымына  компоненттер таңдау ұжым бойынша жүзеге аырылатын болса, онда оның бөлімдері мынадай үлгіде беріледі:

  • педагогикалық кадрлармен жұмыс;
  • оқушылар ұжымымен жұмыс;
  • ата-аналармен және жұртшылықпен жұмыс;
  • мектеп басшыларымен жұмыс.

Егер мектептегі жылдық жоспар компоненттерін таңдау негізіне жүйе ретінде үрдістерді жатқызар болсақ, онда оның құрылымында мынадай бөлімдерді көрсету керек:

  • оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру;
  • сабақтан тыс тәрбие үрдісін ұйымдастыру;
  • оқушыларға қосымша білім беруді ұйымдастыру;
  • мектептегі инновациялық үрдістерді басқару;
  • оқу-тәрбие үрдісіне басшылық ету және педагогикалық бақылау.

Мектептің жылдық жоспарын қызмет түрлері бойынша құрылымдау онда мынадай бөлімдерді көрсету қажеттілігін белгілейді:

  • педагогикалық қызмет;
  • диагностикалық-түзету қызметі;
  • танымдық қызмет;
  • дамытушы қызмет;
  • ойын қызметі;
  • ғылыми-зерттеу қызметі;
  • еңбек қызметі;
  • спорттық-сауықтыру қызметі;
  • басқару қызметі.

Жылдық жоспар компоненттерін  өзге де негіздемелер бойынша таңдаудың мүмкіндігі бар. Ең бастысы олар өзара байланысты, бірін-бірі өзара толықтыратын және көшірмелемейтін әрі біртұтас болуы тиіс. Жеме-жемге келгенде, дәстүрлі тәсіл – мектеп қызметі бағыттары бойынша  бөлімдер таңдауды тәжірибеден шығарып тастаудың да қажеті жоқ:

  • оқушыларды міндетті білім беру даярлығымен қамтамасыз ету бойынша жұмыс;
  • оқушыларды әлеуметтік қорғау;
  • педагогикалық кадрлармен жұмыс. Педагогтар біліктілігін арттыру;
  • оқушылармен  мектептен тыс тәрбие жұмысын жүргізу;
  • мектептің ата-аналармен және жұртшылықпен бірлескен жұмысы;
  • қаржылық-шаруашылық қызмет;
  • мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту;
  • мектепішілк бақылау жүйесі;
  • ұйымдық-педагогикалық іс-шаралар;
  • мектептегі тәжірибелік-эксперименттік жұмыс.

Көптеген мектептер мынадай бағыттар бойынша табысты еңбек етуде:

  • оқушылар денсаулығын сақтау және нығайту;
  • тұлғалық-бағдарлы технологиялар нгізінде бейімдік мектеп үлгісін қалыптастыру жұмысы;
  • оқушылардың жеке ерекшелігін зерделеу негізінде білім сапасын басқаруды жетілдіру;
  • оқушылар дамуына психологиялық-педагогикалық мониторинг жүргізудің тиімді жүйесін жасау жолымен білім беру үрдісі сапасын арттыру;
  • білім беру мекемесін басқарудың тұжырмдамалық үлгісінжасау;
  • оқушылардың жеке ерекшеліктерін  зерделеу негізінде тәрбие жүйесінің үлгісін құру.

Мектеп жұмысы жылдық жоспарының құрылымы ауыспалы, көпнұсқалы және дәстүрлісімен қатар білім беру мекемесінің түріне байланысты қосымша бөлімдері де болуы мүмкін.Жылдық жоспардың міндетті бөліктері қатарына  мнадай бөліктерді жатқызу мақсатқа лайықты.

І бөлім. Талдама-ақпараттық бөлік

  • Қызметтің негізгі бағыттары бойынша өткен оқу жылына талдау.
  • Жүйенің жұмыс істеуі мен дамуын анықтайтын, нақты және болжамды жағдай, қарама-қайшылықтар, проблемалар, олардың себептері, даму үдерістері арасындағы сәйкессіздіктерді айқындайтын көрсеткіштер сипаттамасы.

ІІ бөлім.Мақсат қоюшы бөлім

  • Қызметтің негізгі бағыттары.
  • Нақты даму кезеңінің міндеттері.

ІІІ бөлім.Бағдарламалық(мазмұндық) бөлім

  • Мақсаттарды іске асыру, міндеттерді орындау.
  • Проблемаларды, қайшылықтарды  шешу.
  • Даму бағдарламасын, мақсатты бағдарламаларды өзектендіру.

Жоспардың Қосымшасы болуы мүмкін. Мысалы, мынадай:

  • Мектептің білім беру бағдарламасы.
  • Мектептің оқу жоспары.
  • Құрылымдық бөлімшелер: кітапхана, логопед, психолог, әлеуметтік педагог, әдістемелік бірлестіктер, ғылыми-әдістемелік кеңес және басқалардың жоспарлары.
  • Қоғамдық құрамалар, ата-аналар комитеті, мектеп кеңесі қамқоршылық кеңесі және басқалардың жоспарлары.

Дереккөз: «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»  журналы



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль