Справочник руководителя образовательного учреждения

Сынып жетекшісі: функциялары, міндеттері

  • 5 апреля 2019
  • 2474
Сынып жетекшісі: функциялары, міндеттері
Сынып жетекшісі: функциялары, міндеттері

Тәрбиелеу – бұл әрбір педагогтің рухани-практикалық қызметі, және білім беру ұйымдарындағы барлық педагогтер тәрбиелеу функциясын орындауға міндетті, ерекше сынып жетекшісі. Осы мақалада сынып жетекшісінің функциялары және сынып жетекшісінің міндеттері туралы оқыңыздар.

Сынып ұжымында оқу-тәрбиелік процесті сынып жетекшісі ұйымдастыруы тиіс. Әдетте бұл директор тағайындайтын пән мұғалімі болады, яғни тек қана осы іспен айналысуға тиісті сынып жетекшісі.

Сынып тәрбиешісі ең алдымен тәрбиесі нашар, бейімделмеген балалар бар ұжымға қажет. Сонымен қатар азат етілген сынып жетекшісінің өзіне сеніп тапсырылған сыныпта тәрбиелеу жұмысын неғұрлым тиімді жүзеге асыруына мүмкіндігі болады. Алайды мұндай лауазымды ендіруге қаржыландыру жүйесінің жоқтығы және кадрларды даярлаудың жолға қойылмағандығы кедергі жасайды. Азат етілген сынып жетекшісі лауазымы біздің республикамызда тек кейбір білім беру ұйымдарында ғана, атап айтқанда, «сынып бикеші» ретінде жүзеге асырылуда. Сынып бикеші институты, мысалы, Қарағандыдағы № 9 гимназияда табысты жүзеге асырылып келеді.

★ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ★

Сынып жетекшісінің бумасы
Сынып жетекшісі – ол қандай болуы керек

И. В. Сергушина

учитель начальных классов КГУ «ШГ № 118», г. Алматы

Сыныппен тәрбие жұмысын жоспарлау

Сыныппен тәрбие жұмысын жоспарлау сынып жетекшісінің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Жасақталған жоспар педагогпен құжат түрінде рәсімделеді, мектеп әкімшілігімен бекітіліп, әлеуметтік педагогпен, мектеп психологымен, пән мұғалімдерімен келісілуі мүмкін.

Сынып жетекшісі бумасын рәсімдеуге арналған ұсынымдар

Құжаттың бастапқы беті болады, онда «Сынып жетекшісі бумасының» атауы, сондай-ақ сынып нөмірі, білім беру ұйымының атауы мен педагогтың Т. А. Ә. көрсетіледі.

Бүгінде республиканың білім беру жүйесінде жаңа формациядағы педагог үлгісін қалыптастыру жүзеге асырылуда, оның теориялық және практикалық психологиялық-педагогикалық даярлық деңгейі жетілдірілуде.

ББЖ ҚБАРИ жүргізген «Ең үздік сынып жетекшісі» республикалық конкурсы Қазақстан мектептерінде шығармашылықпен жұмыс істейтін сынып жетекшілерінің аз еместігін, олардың өздерінің әрбір баланы және тұтас сынып ұжымын жеке тұлға ретінде қалыптастыруға арналған рухани-практикалық қызметінің негізіне балаларға шынайы бақыт тілеушілік, оларға берілгендік пен құрбандыққа даярлық, төзімділік пен жұбата білушілік, өзіне және өзінің тәрбиеленушілеріне талап қоя білушілікті маңызды санайтын педагогтік сүйіспеншілікті алатынын көрсетіп отыр.

Алайда конкурс барысында, жоғарыда айтып кеткеніміздей, сынып жетекшісінің жұмысы мен бұл бағыттағы әдістемелік қызмет негізі болып саналатын мектептердегі тәрбиелеу процесін ұйымдастыруда орын алған күрделі проблемалар бары да байқалды.

Технологиялық тұрғыға сәйкес, бірқатар тізбекті әрекеттерді білдіретін және қысқаша былай аталатын сынып жетекшісі жұмысының циклі бөліп көрсетілді:

  • диагностика;
  • жоспарлау;
  • жұмысты ұйымдастыру;
  • нәтижелерге талдау жасау.

Өкінішке орай, сынып жетекшілері өз жұмыстарына жиі талдау жасай бермейді, тіпті оны формальды, шараларға тіркей жасайтындары да, өз жұмысының мақсатын, мазмұнын, құралдарын нашар білетін, нәтижелерін болжай алмайтындары да бар. Басқа сөзбен айтқанда, өзінің оқушыларын, өзінің қызметін зерттемейді, және оны жобаламайды. Сондықтан оқушыларды тәрбиелеу болжаусыз, оқиға барысына қарай, демек, тиімсіз өтеді. Бұл басқаша болуы үшін сыныппен жұмыс жасаудың технологиялық циклін, оның ішінде жоспарлау технологиясын білу керек.

Жалпы алғанда жоспарлау – белгілі бір мерзім ішіндегі сынып оқушыларын тәрбиелеудің басым міндеттерін анықтау, олардың дамуындағы проблемаларға талдау жасау, басқа да тәрбиелеуге қатысушылармен (мұғалімдермен, ата-аналармен, қоғамдық институттармен) бірге басқа шара қолдану әрекеттері жүйесін жасау.

Өкінішке орай, конкурсқа қатысушылардың барлығы бірдей жоспарлау технологиясымен таныстығын көрсете алмады, нақтырақ айтсақ, тек бірен-сараны ғана таныс болып шықты.

Сынып жетекшілерінің психологиялық-педагогикалық даярлығының жарпы теориялық жеткіліксіздігі байқалады. Мысалы, конкурстық педагогтік оқиғалар шешімін іздеген кезде сынып жетекшілерінің барлығы бірдей теорияны практикамен байланыстыра алмады, бұл тәрбие жұмысына өз әсерін тигізбей қоймайды. Конкурстық психологиялық-педагогикалық жағдайларға талдау жасай келгенде, сынып жетекшілері педагогикалық қызметіне сай санаттармен де, терминдермен де емес, көбіне қарапайым тұрмыстық тілмен сөйлейді.

Сынып жетекшілерінің қызметінде оның барысында маңызды моральдық, адамгершілік және этикалық проблемалар көтеріліп, шешімін табатын педагог пен тәрбиеленушінің тікелей қарым-қатынасы процесін ұйымдастырудың әрқилы формалары түріндегі тәрбиелік шаралар ерекше орын алатыны белгілі жайт.

Сынып жетекшісінің алдында тұрған басты шығармашылық міндеттердің бірі әрбір істі ұйымдастырудың қызықты формаларын іздестіру болып табылады.

Алайда іс жүзінде тәрбиелік шараларды өткізудің түрі мен әдістері барынша бір тектес: олар негізінен сынып сағаттарын өткізуге келіп саяды. Бірқатар сынып жетекшілерінің тәрбиелік шараларды өткізу барысында оқушылармен қарым-қатынас жасау стилі өкініш тудырады. Оны авторитарлық дегеннен басқа сөз таба алмайсың: қолына көрсеткі таяқшасын ұстап алған мұғалім оқушылардан қолдарын партаға қойып отыруды талап етумен болады, өзінің түрі қатал, балалардың да осындай кейіпте отыруларын күткендей, күлімсіреу, әзіл, немесе балаға шынайы достық қатынас білдіру деген атымен жоқ.

Сонда сынып жетекшісі қандай болуы керек?

Сынып жетекшісі барлық білім беру жүйесіндегі негізгі буын екендігі даусыз. Ол сыныптағы ұйымдастырушы және оқушылардың тәлімгері ретінде оқушылар ұжымын тәрбиелеуді ұйымдастыра отырып, педагогтердің, ата-аналардың, балалар ұйымдары мен қоғамдастықтың күштерін біріктіруде өте маңызды да жауапты міндет атқаратыны күдік тудырмайды.

Сондықтан да сынып жетекшісі әрбір баланың тағдыры үшін жоғары жауапкершілік пен баланың бақытты болуына көмектесу сияқты биік міндет арқалайды.

Сынып жетекшісінің жоғары адамгершілікті, мәдениетті болуы, балаларға сүйіспеншілікпен, құрметпен қарай білуі, олардың болашағына шын жанашырлық танытуы, шығармашылық мақсаттылық, қайырымдылық және төзімділік – міне, тәрбиенің негізі осылар.

Сынып жетекшісінде ең алдымен төмендегідей педагогке тән 5 білімділік, кәсіби икемділік, жеке басының сапалары, мәдениеті болуы керек:

1.  Оқыту-тәрбиелеу процесінің философиялық және психологиялық-педагогикалық негіздері.

2.  Ғылыми-пәндік білім беру саласы, білім беру теориясы мен әдістемесі.

3.  Әлдемдік және отандық мәдениет негіздері.

4.  Қазіргі заманғы этика негіздері.

5.  Әлемде және мемлекетте болып жатқан әлеуметтік-экономикалық, саяси және құқықтық қарым-қатынастардан хабардар болу.

Сынып жетекшісі мыналарды білуі тиіс:

  • педагогиканы;
  • балалардың, ересектердің әлеуметтік психологиясын;
  • мектеп гигиенасын;
  • педагогикалық этиканы;
  • тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін.

Мектеп бала үшін тек қана оқитын орын емес, барғысы, балалармен араласқысы, өзін-өзі көрсеткісі келіп талпынып тұратын жерге айнала ала ма, жоқ па, ол тәрбиешінің кәсібилігі мен адамгершілік қасиеттеріне байланысты болады.

Сынып жетекшісі – қоғам мен бала арасындағы адамзат жинақтаған мәдениетті игеру, әрқилы тәрбиелік мәні бар шаралар арқылы сынып ұжымын ұйымдастырушы; әрбір баланың өзін-өзі ашып көрсете білуіне және әрбір баланың даралығын, қайталанбас қасиеттерін сақтай, дамыта отыра, оның әлеуетті мүмкіндіктерін ашуына жағдай жасаушы, балалық мүдделерін қорғаушы.

ҚР «Білім туралы» Заңына байланысты сынып жетекшісінің құқықтары мен міндеттері білім беру ұйымдарының Жарғысында анықталады. ҚР БҒМ хатына сәйкес жергілікті жерлерде сынып жетекшісі қызметінің негізгі бағыттарын анықтайтын, құқықтары мен міндеттерін белгілейтін ережелер үлгісі жасалады.

Сынып жетекшісі педагог қызметкердің келісімімен білім беру мекемесі басшысының педагогтік кеңес шешімі негізінде шығарылған бұйрығы арқылы тағайындалады. Сынып жетекшісі – ақы төленетін лауазым.

Сынып жетекшісінің қызметін әдетте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қадағалап отырады.

Сынып жетекшісінің оқу-тәрбие процесіне қатысуы оның лауазымдық міндеттерінде қаралады.

Сынып жетекшісінің функциялары:

  • тұтас тәрбие процесінің барысын, әрбір тәрбиеленушінің жеке тұлға ретінде дамуын, оның адамгершілік сапаларының қалыптасуына бақылау жасайды;
  • балаға әсер ететін әсерлер сипатына талдау жасайды;
  • әрбір тәрбиеленушінің және тұтас ұжымның оқу барысын, оқушының өзін-өзі көрсете білуін және өзін-өзі дамытуын, ұжымның қалыптасуын үйлестіреді;
  • оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің дамытылуын, тәрбие процесінің басқа да қатысушыларымен қарым-қатынасын үйлестіреді.

Баламен жеке жұмыс жасау барған сайын басымдық алып келеді. Сыныпта қолайлы психологиялық ахуал тудыру, оқушылардың өздерін-өздері басқаруына баса көңіл бөлінуде.

Сынып жетекшісінің функциясына сондай-ақ баланың отбасымен, пән мұғалімдерімен, психолог педагогпен, кітапханашымен, медицина қызметкерімен де ынтымақтастықта болу кіреді.

Сынып жетекшісі жұмысының түрлері білім беру ұйымдарында және осы сыныпта қалыптасқан педагогикалық ахуалға байланысты анықталады.

Сынып жетекшісінің қызметінде оның барысында маңызды адамгершіліктік, құлықтылық және этикалық проблемалар көтерілуі мүмкін сынып сағаты ерекше орын алады.

Осы жұмыстардың барлығын жүргізу кезінде сынып жетекшісі өзінің жеке басының және кәсіптік сапаларын үнемі жетілдіріп отыруы тиіс.

Бұл жағынан алғанда сынып жетекшісінің жұмысындағы мына принциптерге назар аударуға тұрады:

  • сенімділік;
  • табыстылық;
  • таңғаларлық;
  • сендіре білушілік;
  • құрметтеушілік;
  • байсалдылық;
  • жайдарылық (Г. К. Селевко, А. Г. Селевко «Әлеуметтік-тәрбиелік технологиялар»).

Сынып жетекшісінің міндеттері

Сынып жетекшісінің қызметін ұйымдастыру

  1. Сынып журналын жүргізу.
  2. Сынып ұжымын ұйымдастыру: тапсырмаларды бөліп беру, активпен жұмыс, әрбір ұжымдық шығармашылық жұмысты дұрыс ұйымдастыру.
  3. Сынып, мектеп, асхана, т. б. бойынша кезекшілікті ұйымдастыру.
  4. Сыныпқа бекітіліп берілген кабинет таза ұстау.
  5. Тәрбиеленушілердің сырт бейнесін қадағалау.
  6. Сынып оқушыларының тамақтануын ұйымдастыру.

Сынып ұжымының және жекелеген оқушылардың оқу жұмысын ұйымдастыру

  1. Сабаққа қатысу және үлгерімділікті қатаң қадағалау. Оқушылардың дәлелді себепсіз сабақтан қалуына сынып жетекшісі жауап береді.
  2. Ауырып қалған, сабақтан көп қалған, нашар үлгеретін оқушыларға қамқорлық жасау, олардың оқуына көмек көрсетілуін ұйымдастыру.
  3. Сыныпта оқуға қолайлы жағдай жасау.
  4. Сыныпта жұмыс жасайтын пән мұғалімдерінің қызметтерін үйлестіріп отыру (қарым-қатынастарын реттеу, оқуда көмектесу; айына бір рет мұғалімдердің, мектеп психологы, әлеуметтік педагог қатысуымен кіші педкеңес өткізу).
  5. Оқушылардың күнделігімен жұмыс жасау, оқушылардың үлгеріміне байланысты ата-аналармен сөйлесу.
  6. Неғұрлым дарынды балалардың дамуына жағдай жасау, олардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру, оқушылардың ой-өрісін кеңейту (оларды үйірмелерге, факультативтерге, конкурстарға, олимпиадаларға, байқауларға тарту, ауызша журнал шығаруды, экскурсиялар, қыдыруларды, т. б. ұйымдастыру).
  7. Ақыл-ой еңбегін ұйымдастыруды дамыту (сұхбаттасулар, ұсыныстар, жеке жұмыстар, жұмысқа психологты тарту).
  8. Кітап оқуға қамқорлық жасау (пән мұғалімдерінің ұсыныстары, жаңа кітаптармен таныстыру, оларды таңдауда көмек көрсету).

Сынып ұжымының оқудан тыс өмірін ұйымдастыру

  1. Сыныпта қолайлы микроклимат жасау, балалар арасында қарым-қатынас қалыптастыру, оларға түзету енгізу, реттеу.
  2. Қарым-қатынас жасай білуге баулу, тапсырылған іске оқушыны араластыру жолымен ұжым алдындағы жауапкершіліктерін дамыту, оларды орындауына көмектесу, бақылау жасау.
  3. Жекелеген оқушыларды немесе тұтас ұжымды тарту арқылы сыныпта шығармашылық істерді ұйымдастыру.
  4. Барлық сынып оқушыларын қоғамдық пайдалы іске жұмылдыру, қайырымдылық пен жанашырлыққа тәрбиелеу.
  5. Әрбір баланың қалыптан ауытқушылығын ескеру арқылы денсаулықтарын қорғау, денсаулықтарын нығайтуға, денешынықтыру және спортпен айналысуға тарту. Спорттық жарыстар, ойындар, жорықтар, т. б. ұйымдастыру.
  6. Балалардың әртүрлі қоғамдық ұйымдарының қызметіне көмек көрсету.
  7. Әрбір істі қызықты ұйымдастыру түрлерін іздестіру, сынып жетекшісінің сынып ұжымымен кез келген кездесуін (ол сынып сағаты, сынып жиналысы, әңгімелесу, ашық әңгіме, «көгілдір от», т. б. болсын) мақсатты етіп өткізу дәрежесін анықтау.
  8. Мемлекеттік те, үкіметтік емес те әртүрлі ұйымдармен өзара әрекеттес болу.

Оқушының жеке басын зерттеу және оқушылар тәрбиесін түзету

  1. Қолда бар әдістемелерге, сыныпта жұмыс жасайтын мұғалімдер мен ата-аналардың пікіріне сүйене отырып оқушылардың жеке бастарын зерттеу.
  2. Оқушылардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасымен жұмыс жасау, тәрбиеленушінің жеке басын түзету үшін мінездемені пайдалану.
  3.  Еңбекке жауапкершілікпен қарауын тәрбиелеу және еңбек дағдыларын қалыптастыру.
  4.  Салауатты өмір салты дағдыларына тәрбиелеу.

Ата-аналармен жұмыс

  1. Тақырыптық ата-аналар жиналысын (тоқсанда 1 рет) және Ашық есік күнін өткізу.
  2. Отбасындағы тәрбие жайдайын зерттеу.
  3. Ата-аналармен жеке жұмыс жасау.
  4. Ата-аналарды сынып ұжымының сабақтан тыс қызықты, ғибратты қызметін ұйымдастыруға тарту.
  5. Отбасылық тәрбие мәселелері бойынша кеңес беру қызметін көрсету.

Сынып жетекшісі білуі тиіс:

  1. Бала құқығы туралы Конвенцияны
  2. ҚР «Білім беру туралы» Заңын
  3. ҚР «Неке мен отбасы туралы» Заңын
  4. ҚР «Қазақстан Республикасындағы балалар құқығын қорғау туралы» Заңын
  5. ҚР білім беру ұйымдарындағы кешенді тәрбиелеу бағдарламасын
  6. Педагогиканы
  7. Балалық, жастық, әлеуметтік психологияны
  8. Мектеп гигиенасын
  9. Педагогикалық этиканы
  10. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін
  11. Еңбек заңнамасының негізін

Сынып жетекшісінің құжаттамасы және есептілігі:

  1. Сынып журналы
  2. Сынып ұжымымен тәрбие жұмысының жоспары
  3. Оқушылардың жеке іс қағаздары
  4. Оқушылардың психологиялық-педагогикалық мінездемелері
  5. Тәрбиеленушілердің жеке даму картасы
  6.  Ата-аналар жиналыстарының хаттамалары
  7.  Оқушылардың күнделігі
  8. Тәрбиелік шаралар, сыныпта жүргізілген әлеуметтік-психологиялық зерттеулердің қорытындылары, балалар жұмыстары, т. б. жинақталған папкалар.

Өзінің тікелей міндеттерін мүлтіксіз орындау, үнемі өзін-өзі жетілдіруге ұмтылыс үстінде болу – біздің ойымызша, әрбір сынып жетекшісінің табысқа жету кепілдігі осында жатса керек.


Дереккөз: "Сынып жетекшісінің анықтамалығы"  журналы

logo
Мы еще не знакомы?

       

        Давайте познакомимся!
        Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
Зарегистрироваться
Дорогой гость, заберите Ваш подарок
Бесплатный доступ к журналу "Справочник классного руководителя"
Получить бесплатный доступ