MCFR.KZ Образование

Оқушының өзін-өзі бағалауы

  • 12 февраля 2019
  • 2736
Оқушының өзін-өзі бағалауы

Баланың өзін-өзі бағалауын қалыптастыру мәселелері – оның тұлғасын дамытуды анықтайтын маңызды мәселе. Осы өзін-өзі бағалау адамға әртүрлі өмірлік жағдайларда белсенді таңдау жасауға, оның ұмтылыстары мен құндылықтары деңгейін.

Кішкентай баланың өзін-өзі бағалауы дамуының жалпы желісі өзінің жердің кіндігіндей бағалы екендігін сезінуден оның өзі жайлы нақты білімдермен толығуына қарайғы қозғалыс ретінде сезілуі мүмкін.

Өзін-өзі бағалаудың оңтайлы құрылымын қалыптастырудың маңызды міндеті балада өзі жайлы жіктемелі, терең де нақты білімін, өзін бағалауда әртүрлі мінездемелерді пайдалана білу икемділігін, бағаланатын қасиеттердің мазмұнын дұрыс түсіне білуін дамыту болып саналады.

★ МАМАН КЕҢЕСІ ★

«Табыс формуласы» шеберлік сағаты
Оқушының өзін-өзі бағалауы

М. А. Лапина

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі, психолог Рудный қаласы әкімдігінің «Д. Карбышев атындағы № 14 орта мектебі» КММ

Мақсаты: озық мақсатты бағыттардың негізінде табыс формуласын шығару.

Міндеттер:

  • мақсат пен ниет арасындағы айырмашылықты түсінуге жеткізу;
  • мақсатқа жетуде дұрыс таңдау жасай білуге ықпал ету;
  • өзінің ішкі мүмкіндіктеріне сену үшін жағдайлар жасау;
  • табыс– бұл әр нақты мақсатқа қол жеткізу екендігін ұғындыру.

Өткізу нысаны:өзін-өзі тану сабағы мен 9–11 сыныптарда психологиялық дайындықты біріктіру нысанындағы шеберлік сағаты.

Құндылығы:ақиқат.

Қабілеттер:мақсаткерлік, танымдық белсенділік, еңбекқорлық, төзімділік, өзіндік талдау, өзіне сену, өз болашағына деген жауапкершілік.

Қатысушылар санаты:9–11 сынып оқушылары.

Сынып жетекшісінің жұмысы

Сынып жетекшісі балаларды өзінің мүмкіндіктерін, икемділіктері мен жеке сапаларын өз көзқарасы тұрғысынан, сонымен қатар өзге адам көзқарасы тұрғысынан өзінше және дәлелді бағалай білуге үйретуі қажет. Баланың бұл қабілеттерін қалыптастыруда баланың бойында бар кез келген шығармашылық сипаттағы көркем іскерлігі үлкен мүмкіндік береді.

Көпшілік адамдар баланы мақтау арқылы көп нәрсеге қол жеткізуге болады деп есептейді. Шынында да, қолдау мен қолайлы эмоциялық атмосфера кез келген әрекет түрі үшін өте маңызды. Алайда шынайы еңбек нәтижесі шынайы бағалануы керек екендігін де ұмытпаған жөн, баланы өз жұмысына, қолданылған құралдар мен қол жеткен нәтижелерге талдау жасауға үйреткен дұрыс.

ЕСТЕ БОЛСЫН

Психологтар бір қызықты зерттеу жүргізді. Балаларға қиындығы жағынан бірдей екі есеп шешу тапсырылды. Жұмыс барысында бір балаларды үнемі мақтап, дұрыс әрекеттеріне қолдау білдіріп, кемшіліктерін елемей қойды. Екінші топтағы балалар неғұрлым қатаң бақылауда жұмыс істеді: үнемі қателерін шұқып көрсетіп, тұйықтан жол тауып шығуға итермелеп отырды, табысты әрекеттері еленбеді, немесе дұрысырақ айтсақ, солай болуға тиістідей қаралды.

Алынған нәтиже қандай болды дейсіз ғой? Бірінші топтағы балалардың 68%-ы тапсырманы орындай алмады, ал екінші топта ондай балалар екі есе аз – 38% болды. Біраз уақыттан кейін сынақ тағы қайталанды. Бірінші топтағы балалардың 43%-ы тапсырманы орындай алмаса, екінші топта бар болғаны – 12%.

Бұл сынақ нәтижесінің тағы бір қыры байқалды. Бірінші топтағы балалардың өзін-өзі бағалауы жоғары, сын көтермейтін, мазмұны кем және айтарлықтай кесімді болып шыққан. Олар өз қателерін есінде сақтамаған, дұрыс әрекеттерді кездейсоқ таңдап алған, және де бәрі жақсы, өзіміз ойдағыдай әрекет жасадық деген сенімдері жоғары. Екінші топтың балаларында өзін-өзі бағалауы мазмұнды және сыни тұрғыда, олар қай тұста қателескендерін біледі және оны жою жолдарын мақсатты түрде қарастырған. Және де олардың сөздері кесімді болып шықпайды.

Сөйтіп, үлкендердің балалармен ынтымақтастығынан туындаған өзін-өзі бағалауды қалыптастыру деңгейі әрекет етудің табыстылығына және ең маңыздысы, баланың бұдан былайғы өмірінде ойланып, өнімді әрекет етуіне мүмкіндік беретін жеке бастық ерекшеліктерін қалыптастыруға шешімді әсер ететіндігі белгілі болды.

Баланың бойында өзін-өзі бағалаудың оңтайлы тәсілін қалыптастыру жолдарының бірі осындай. Бұл ынтымақтастық негізін әрекеттің мазмұнды жағын ересектермен бірлесіп талдау құрайтынын көрсетеді.

Психологиялық зерттеулер

Психологиялық зерттеулердің көрсетуінше, өзі туралы объективті, жан-жақты пікір қалыптастырудың басқа да салдары бар. Өзінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көру өзіне-өзі қанағаттанушылықты азайтады. Сізді бұл үрейлендірмей-ақ қойсын, жақсы ғана емес, сыни баға алуға да іштей дайын болудың өзін-өзі бағалау өзіндік қорғаныс тетігі осылайша қалыптасады. Бұл ішкі даярлық баланы сақтандырады, эмоциялық кедергілерді жояды, аффектілердің алдын алады, қысқасын айтқанда, оның өмірін жеңілдетеді.

Өзі жайлы білімдерінің жеткілікті жетілмегендігі, олардың нақты және толық еместігі баланы жағымсыз сыртқы бағалаулар алдында қорғансыз етеді, ол не болса соған сенгіш болады, содан кейде өзі туралы теріс пікірде болуы, белсенділігін тежеуі мүмкін. Жағымсыз сыртқы бағалаулар, өзі жайлы нақты білімі болмағандықтан қарсылыққа ұшырамай оның ішінде жинақтала береді де, ауыр жүк болып, жерге тұқырта түседі.

Балалар өмірінде бұл қалай көрініс табады? Жастары шамалас балалардың өздері жайлы білімі әртүрлі болады. Біз олардың дамуын үш деңгейге бөлеміз.

Балалардың даму деңгейі

Бірінші деңгей – өзін-өзі бағалауы шынайы.

Бала өз ерекшеліктерін жақсы біледі. Және де ол ерекшеліктері жекелеген, бүгінгі жағдайда ғана лайықты емес, айтарлықтай жалпыланған («Мұндай жағдайда мен ылғи осылай жасаймын»). Бала өз мүмкіндіктерін жақсы біледі, сондықтан да өз әрекеттеріне болжам жасай алады – не қолынан келеді, не келмейді. Өз сәтсіздіктерін олар өзімнің кемшілігімнен деп таниды. Оларға үзілді-кесілді сенім тән емес. Өзі жайлы айтқанда олар: «мен былай ойлаймын», «солай сияқты», «мүмкін солай болуы» деген сияқты сақтықпен сөйлейді.

Екінші деңгей – өзін-өзі шынайы бағалауы азая түседі.

Өзі жайлы білімі көбіне айналасындағылардың өзіне қарым-қатынасын білдіреді, дербестігі кеми түседі. Өзіндік сапаларын ерекшелеп көрсету және бағалау негізінде нақты фактілер, жекелеген оқиғалар жатады, ал бұл сапалар тізімі жұтаң болады. Бұл балалар өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін жақсы тани алмайды, сондықтан да болжам жасауда адасып жатады. Өз сәтсіздіктерінің себебін қолайсыз жағдайлардан көреді. Олардың өзін-өзі бағалау пікірлері бірінші топтағы балаларға қарағанда қатаңырақ, бұл жағынан олар күдік-күмәнға азырақ бой ұрады.

Үшінші деңгей – өзін-өзі бағалауы көбіне дұрыс емес, сонда да бала өзін асыра бағалағысы келіп тұрады.

«Маған осылай ұнайды» – осыдан басқа оның дәлелі болмайды. Өзін-өзі бағалауына біреу болса да нақты факті келтіре алмайды. Дұрысын айтқанда, мұндай балалардың өзін-өзі төмен бағалауы күнделікті ата-анасы мен мұғалімдерінен еститін сөздердің нәтижесі.

Көріп отырғанымыздай, біріншіден үшінші топқа қарай жылжыған сайын балалардың өзі туралы толғанысы азая түседі. Егер бірінші топтағы балалар өз өмірінде болған жағдайға, өз қылығына, қарым-қатынасына талдау жасайтын болса, екінші топтағылар басқалардың пікіріне көбірек құлақ қояды, ал үшіншілерде бұл да жоқ: бала өзі жайлы ойламайды және өзінің шынайы сапалары мен мүмкіндіктері жайлы ештеңе білмейді.

Әр топтағы балаларда олардың өздеріне көңілі толушылық өлшемімен алғанда екінші топтағы балаларда өзіне қанағаттанушылық орташа деңгейде. Олар өздеріне соншалықты риза емес, бірақ өздерін жаманбыз деп санамайды. Бұл жақсы үйлесім. Мұндай балалар әдетте қолынан келгенінше өздерін жақсартуға тырысады.

Сынып жетекшісі баланың өзіне өзінің деген көзін ашуы керек, оның қолынан не келмейтінін, неге келмейтінін көре білуге үйрету керек. Өз қылықтары мен қарым-қатынастарына талдау жасай білуге, өзіне сұрақ қойып, оған жауап беруге, адамдардың және өздерінің әртүрлі жағдайда түрлі сапаларын көрсетуін көре білуге, бұл сапаларды құрметтей білуге, қақтығысты жағдайлардан жол таба білуге, дербес адамгершілікті таңдау жасай білуге баулу қажет.

Міне, осы өзін-өзі бағалаудың екінші рет пайда болуы мектпп жасында өтеді, әрі 1 сынып пен 4 сынып аралығында анық байқалады. 1 сынып оқушыларында әлі балаға тән өз басын бағалау ұғымы болады. Мысалы, бірінші сынып оқушылары үшінші сыныптағыларға қарағанда өзін жоғары бағалайды.

4 сыныпқа қарай күрделі өзгерістер болады, балаларда шынайы әрекет тәжірибелері жинақталады.

Жасы өскен сайын жеке басының сапасын түсіну деңгейінің артуынан балалар өзін де, басқаларды да тереңірек түсіне бастайды, адамдардың арасындағы айырмашылықты жақсырақ көреді. Егер бірінші сынып оқушысына өзі мен досын тең санайтындықтан, өзін өзгелермен салыстыру қиын болса, үшінші сынып оқушысы үшін енді бұл мәртебесі тең жанды бағалау емес, талдау жасау болып табылады, әрі кейде өте терең талдау болып шығады. Өзі мен досының сапаларына талдау жасай келгенде үлкенірек балалар досын өзінен жоғарырақ бағалайды, яғни өзіне сыни көзқарас танытады. Өзіне сыни көзқарастың артуы ең алдымен өзіне деген талабының артқандығын білдіреді. Өз кемшіліктерін көре білген бала өзі үшін өзгерістер бағдарламасын белгілейді: ол өзінің несін өзгерту керек екенін біледі, бұл, әрине, өте маңызды.

Тағы бір маңыздысы, өзіне сыни көзқарас таныта алған бала өзгелерге деген көзқарасын да жақсартады: балалар анағұрлым қайырымдырақ бола түседі, өз достарының қателігіне кешірімділікпен қарай бастайды.

Алайда өзіне деген сыни көзқарас өзін ашық жеккөрушілікке ұласып кетуі де мүмкін.

Баланың өзін-өзі бағалауында қайшылықтардың болуы – үлкендер үшін мазасыздануға болатын белгі. Мұндай жағдайда бала өміріне сыпайылықпен, білдірмей ғана араласып, сынып жетекшісі баланың жол тауып шығуына көмектесуі керек.

Балалар топтарында пайда болатын күрделі иерархия рөлдерді бөлісу туралы мәселе қойып отырады. Бұл жерде күрделі емес нәрсе болмайды. Бұл жердегі өз орнын қалай дұрыс табуға болады? Баланы адамдар арасындағы қарым-қатынастар мен сапаларды түсіне білуге баулу қажет, бұл біріншіден, ал екіншіден – жеңілісін лайықты қарсы ала білуге, спортта айтылатындай майыспауға үйретудің маңызы зор.

Өзі жайлы шынайы да айтарлықтай толық білімінің болуы ғана баланың өміріне нағыз тірек бола алады. Бұл жолдағы сынып жетекшісінің басты міндеттерінің бірі – баланы үнемі өзін-өзі бақылауда ұстауға үйрету.

Дереккөз: "Сынып жетекшісінің анықтамалығы" № 11–2009 журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  
У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться