Журналдар, дәптерлер, күнделіктерді тексеру бойынша ұсыныстар

5062
Журналдар, дәптерлер, күнделіктерді тексеру бойынша ұсыныстар
Сынып журналы – маңызды мемлекеттік құжат. Онда оқушының оқуға байланысты барлық деректері алақанға салғандай көрініп тұрады.

Заңға сәйкес ол мектепте бес жыл сақталады, содан кейін журналдың соңғы парақтары, яғни қорытынды баға тізімдемесі мемлекеттік мұрағатқа өткізіледі.

Әрбір сынып журналында оны жүргізу туралы арнайы нұсқау болады. Директордың оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасары осы нұсқау бойынша мектеп мұғалімдерімен мәжіліс өткізгені дұрыс. Содан кейін әрбір мұғалім сынып журналын жүргізу бойынша нұсқаумен танысқаны жөнінде қол қояды.

Мектеп директорларының орынбасарларының және мектеп директорларының сынып журналдарын тексерген кездегі бақылау мақсаттары мынадай болады:

  • журналдардың ресімделу жағдайы, бағалардың жинақталуы;
  • сынып журналдарының I тоқсан аяғындағы жағдайы;
  • мектеп бітіретін 9 және 11-сыныптардың журнал бойынша сабаққа қатысу жағдайы;
  • журналдарды ресімдеу бойынша сынып жетекшілерінің жұмыс деңгейін анықтау;
  • пән мұғалімдері қоятын бағалардың толықтығын анықтау;
  • мемлекеттік бағдарламалардың және олардың практикалық бөліктерінің орындалуын, тоқсандар бойынша бағалар қойылуының объективтілігін тексеру;
  • журналдарды пән мұғалімдерінің уақытында және дұрыс толтырылуын, нашар оқитын және үлгірмейтін оқушылардан сабақ сұралу жағдайын тексеру;
  • пән мұғалімдерінің журналдағы жазбаларының тарифтеу бойынша оқу жүктемелеріне сай келуін.

Сөйтіп, мектептер сынып журналдарын тексерген кезде алдарына нақты мақсаттар қояды.

Білім беру мекемелері басшыларының назарын журнал тексеруді жазбалардың оқу жүктемесіне сай келуін анықтау үшін пайдалану қажет екендігіне аударғымыз келеді. Мұны мүмкіндігінше айына екі рет және оқу тоқсандарының аяғында орындауға және анықталған кемшіліктерді бірден жөндеуге кеңес береміз. Қашан КРУ келеді деп тосып отырмай, мұны уақытында өзіміз орындағанымыз артық.

Егер журналдарды тексеру бойынша анықтамаларды топтастыратын болсақ, тұтасынан алғанда мынадай көрініс байқалады:

  • істегенің істерінің барлығы тап-тұйнақтай сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері топтары болады;
  • журналдарды аяғына дейін толтырмайтын (оқушылар жайлы деректер, дене шынықтыру көрсеткіштері, денсаулық парақтары) сынып жетекшілері болады;
  • кейбір мұғалімдер оқушылардың сабаққа қатыспауын сабақтан қалу беттерінде уақытында белгілемейді (әсіресе бұлар жекелеген сабақтар болса);
  • кейбір мұғалімдерде сабақ жазбалары болмайды;
  • кейбір мұғалімдерде сұрау салу қанағаттанғысыз жағдайда;
  • пән бойынша бағалар әділ қойылмаған.

Сынып журналдарын тексеруді көбіне мектеп директорларының бастауыш сыныптар және орта мектептегі оқу-тәрбие бойынша орынбасарлары жүзеге асырады.   

Журналдармен жұмыс бойынша типтік ұсыныстар:

  • директор алдындағы мәжілісте «Анықтамаларды» ғана талқылаумен шектелу;
  • белгілі бір мерзімде қайталама бақылау жасау;
  • журналмен жақсы жұмыс жасайтын мұғалімдер мен сынып жетекшілерін атап өту;
  • журнал жүргізу ісінде нұсқауға қайшы әрекет жасайтын мұғалімдерді мектеп директорының алдында сөйлесуге шақыру.

Автордың ойынша, егер қайталама бақылаудан кейін де кейбір мұғалімдердің сынып журналын жүргізу ісі алға баспайтын болса, онда директордың бір шара қолданғаны дұрыс.

Оқушының пәнге арналған жұмыс дәптері

Дәптероқушылардың оқуы ісіндегі міндетті атрибут. Оқу жоспарында оқушы дәптер арнамайтын пән жоққа тән. Дәптер жүргізуге белгілі бір бақылау болмаса оқушының пән бойынша білім алуы былай тұрсын, қарапайым сауат ашуға да қол жеткізуге болмайтынын білгендіктен, мемлекет пән мұғалімдерінің дәптерлерді тексергені үшін ақы төлейді. Талдау мектеп әкімшілігінің дәптермен жасалатын жұмысты бақылауда ұстайтынын, бұл мәселе бойынша анықтамалар саны да айтарлықтай екенін көрсетті.

1–4 сынып дәптерлері күнделікті тексеріліп, бағаланып отыруы тиіс. 1-сыныпта ІІ жартыжылдықтан басталады.

Жеке тәжірибемнен мысал:

АНЫҚТАМА

2-сынып оқушыларының дәптерлерін тексеру туралы

2009 ж. 1–15 сәуірінде 2-сыныптарда орыс тілі пәні дәптерлерінің жағдайын тексеру жүргізілді. Тексеріс мақсаты: 2-сынып мұғалімдерінің дәптерлерді тексеру сапасын анықтау, бірыңғай орфографиялық режімді сақтау және оқушылардың орфографиялық қателерге жол бермеуі бойынша мұғалімдер жұмысының тиімділігін арттыру. Тексерісті бастауыш мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасары жүзеге асырды. Барлық 2-сыныптар оқушыларының жұмыс дәптерлері тексерілді. Ақпарат жинап, оған талдау жасау – мұғалімдердің дәптерлерді жүйелі түрде тексеріп отыратынын көрсетті. Тұтас алғанда дәптерлерді тексеру жағдайы қанағаттанарлық деңгейде.

Тексеріс 2 «А» және 2 «Б» сыныптар оқушылары дәптерлерінің жағдайы жақсы екенін көрсетті. Бірыңғай орфографиялық режім сақталады. Оқушылардың барлық дәптерлері дұрыс толтырылған. Оқушылардың каллиграфиясын жөндеуге барынша көңіл бөлінеді, мұғалімдер әріптерді, әріптерді қосып жазуды, сөздер жазудың үлгілерін үнемі жазып көрсетіп отырады. 2 «А» және 2 «Б» сынып оқушыларының 85%-ы әдемі әрі таза жазады. Күнделікті сыныптық және үй жаттығуларында қатемен жұмыс жүргізіледі. Жазба жұмыстарына талдау жасай келе, мұғалімдер сабақта әртүрлі жұмыс түрлерін: айтып жаздыру, әртүрлі көшіріп жазуларды, жатқа жазу, таңдап жазу, көргенін жазу және ескертілген диктанттар жазу, шығармашылық жұмыстар, үш күрделілік деңгейіндегі өздік жұмыстар жазуды жүргізеді деген қорытынды жасауға болады. Сыныптық және үй жұмыстарының көлемі нормаға сай келеді. Оқушылар дәптерлерінің тексерілу сапасы жақсы, мұғалімдердің қате жібергендігі байқалған жоқ. Мұның бәрі мұғалімдер кәсіпқойлығының дәрежесі жоғары екендігін, бұл оқушылардың ЗУН деңгейіне жақсы әсер еткендігін білдіреді. 2 «А» және 2 «Б» сыныптары оқушыларының 62%-нан астамы орыс тілін  «4» пен «5»-ке оқиды.

Ал 2 «Г» сыныбында дәптерлер жүйелі тексеріледі, тексерілу сапасы жақсы, бірыңғай орфографиялық режім сақталады. Бірақ оқушылардың каллиграфиясын жетілдіру жүйелі жүргізілмейді, мұғалім әріптер, әріптерді қосып жазу үлгісін дәптерге жүйелі түрде жазып отырмайды. Оқушылардың барлығы бірдей қатемен жұмыс жасамайды. Мұғалімдер сабақта жүргізетін жұмыс түрлері әрқилы, сөздікпен жұмыс жасау, жазуға түсінік беру, әртүрлі диктанттар жаздыру жақсы жолға қойылған, бірақ өздік жұмыстар жасауда оқушылардың жеке ерекшеліктері есепке алынбайды. Мұның барлығы оқушылардың ЗУН деңгейіне әсер етпей қоймайды. 2 «Г» сыныбында оқушылардың 50%-ы орыс тілінен «4» и «5» деген бағалар алады.

Анықтаманың негізгі бөлігінде ашылған тексеріс көрсеткішін қамтамасыз ететін шарттар мен себептерді ескере отырып, оқушылардың орыс тілінен үлгерімділік деңгейін жақсарту мақсатында мынадай ұсыныстар жасалды:

1) мектеп бұйрығымен 2 «А» және 2 «Б» сыныптары мұғалімдерінің жұмысын көтермелеу;

2) 2 «В» және 2 «Г» сыныптар оқушыларының каллиграфиясын жақсарту мақсатында жүйелі түрде әріптердің, әріптердің қосылып жазылуын, сөздердің жазылуын дәптерге жазып көрсетіп отыру, дәптерді тексеру кезінде оқушылардың каллиграфиясына қойылар талапты күшейте түсу;

3) оқушылардың қатемен жұмыс жасауына бақылауды күшейту, оқушылардың барлығын қажетті жаднамамен қамтамасыз ету;

4) өздік жұмыстарды балалардың жақын даму зонасын ескере отырып, үш деңгейде жоспарлау;

5) 2 «Г» сыныбы оқушыларының дәптерлерін таңдамалы тексеру жұмысын 2009 ж. «____» ______________ дан «____» _____________ дейінгі мерзім ішінде  қайтадан өткізу.

Күні

ТАӘ

Қолы

АНЫҚТАМА

9-сыныптарда математика пәні дәптерлерін тексеру

жұмысының қорытындысы бойынша

Бұл анықтамада мұғалімдерге төмендегідей ұсыныстар айтылады:

1.  Жазба жұмыстарын орындаудың негізгі дағдылары мен тәсілдерін қалыптастыру жөніндегі мұғалімнің сапалы жұмысын атап өту.

2.  Күшті және нашар оқушылар үшін үй тапсырмаларын жіктеме түрінде беруді пайдалану.

  1. 9 «А» және 9 «Б» сыныптарының оқушылары үшін күрделілік деңгейі жоғары тапсырмалар санын көбірек пайдалану.
  2. Математикадан модульдік технологияны пайдалану. Математика мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде «График функциялары мен құрылымын зерттеу» тақырыбы бойынша жіктемелі тапсырмаларды жасау және бекіту.

Сөйтіп, оқушы дәптерін тексерген кезде әкімшілік мыналарды анықтай алатын болады:

  • сыныптық жұмыстар көлемін;
  • үй тапсырмаларының көлемін;
  • сабақтағы және үй жұмыстарының тапсырмалары жіктеле ме;
  • жеке оқушыға арналған және шығармашылық үй тапсырмалары беріле ме;
  • дәптерлердің тексерілу жиілігі;
  • қателермен жұмыстың жүргізілуі және сапасы;
  • бірыңғай орфографиялық режімнің сақталуы;
  • дәптердің таза ұсталуы;
  • жұмыстар мен дәптерді ресімдеу эстетикасы.

Дәптерлерді тексеру кезінде сыныптық және үй тапсырмалары көлемінің арақатынасын анықтауды, оқушылардың үй тапсырмалары шамадан тыс болуына жол берілмеуін қадағалауды ұсынамыз.

Оқушы күнделігі

Күнделік мектеп пен ата-аналар арасындағы күнделікті байланыстарды қамтамасыз ететін құжаттардың бірі. Автордың ойынша, күнделік формасы ескіргендігіне қарамастан, ол ата-аналарға өз баласының табыстары мен кемшіліктерін күнделікті, апта сайын, және, ақырында, тоқсандар мен триместрлер сайын көріп отыруына мүмкіндік береді. Ата-аналардың жұмысқа басы-бүтін берілуі артқан сайын, күнделіктің құжат ретіндегі маңызы да жоғарылай түседі. Көпшілік мектептерде сынып жетекшісінің лауазымдық міндеттерінің бірыңғай тарифтік тор талаптары негізінде сынып жетекшілерінің оқушылар күнделіктерімен жұмысы бойынша міндеттері нақты анықталып қойылған.

Оқушылар назарына күнделік қалай тексеріледі және соған орай қорытынды анықтамалар қалай жазылатыны туралы сұрақтарды ұсынамыз:

1.  Ата-аналар мен оқушылардың сынып педагогі жайлы хабардар болуы.

2.  Сабақ кестесі мен үй тапсырмалары туралы жазбалар.

3.  Оқу сабақтарына қатысуы туралы есеп.

4.  Ата-аналар мен оқушыларға сыйластық әдебі.

5.  Оқушылардың күнделікті алған білімдерінің есебі.

6.  Оқушылардың алған білімдерінің жиынтық есебі.

7.  Күнделіктерді сынып жетекшілерінің тексеру жиілігі мен сапалылығы.

8.  Күнделіктерге оқушылардың ата-аналарының қол қойып отыруы.

9.  Толтыру мәдениеті.

10.  Ресімдеу эстетикасы.

Күнделік жүргізуге бақылау жасау нәтижелері бойынша «анықтамаға» талдау жасау мектеп әкімшілігі жұмысты кешенді түрде, яғни не жоғарыда аталған жұмыстардың барлығын бірден, немесе көпшілігі бойынша жұмыс жүргізеді деп айтуға мүмкіндік береді.

«Анықтамадағы» ұсыныстар жиынтығы мынаны көрсетеді:

1.  Оқушылар күнделіктерімен байыпты, мақсатты түрде жұмыс жүргізетін сынып жетекшілерін (тізімі) марапаттау.

2.   II тоқсан бойынша оқушылардың (тізімі) қорытынды бағалары жоқ сынып жетекшілеріне ескерту жасау.

3.  Пән мұғалімдерін оқушылардың сабақта алған бағаларын жүйелі түрде қойып отыруға міндеттеу.

4.  Сынып жетекшілері оқушылардың күнделіктерін апта сайын тексеріп отыруы.

5.  Бір ай өткеннен кейін кемшіліктердің жойылғандығын қайталап тексеру.

СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОҚУШЫЛАР КҮНДЕЛІКТЕРІМЕН

ЖҰМЫС ЖАСАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

1.  Сынып жетекшісі күнделікті аптасына бір рет тексеруі тиіс.

2.  Оқушылар сынып жетекшісінің күнделік жүргізуге қоятын талаптарын жақсы білуі тиіс.

3.  Оқушының күнделігі оның жеке басының сапаларына байланыссыз, оқудағы жетістіктерінің нәтижелерін көрсетуі тиіс.

4.   Оқушының күнделігі оның сынып өміріне белсене қатысатындығын және мектеп өміріне қатысу нәтижелілігін де көрсетуі тиіс.

5.   Сынып жетекшілеріне күнделікті жақсы жағынан пайдалануға көмектесетін тағы бір жаңалықты ұсынуға болады. Апта соңында оқушылар өткен аптада алған жақсы бағаларының санын есептеп шығарып отырса, бұл оқушылардың өзіне де, олардың ата-аналарының да көңілдеріне қуаныш сыйлайтын болады.

6.   Күнделік өз жазбаларыңмен оқушылардың қол жеткізген табыстары мен жетістіктерін шынайы көрсетуге арналуы тиіс.

Оқушылардың күнделіктеріндегі сынып жетекшісі жасайтын жазбалар бір типті және стандартты болмауы тиіс. Оқушылар, әсіресе орта буын оқушылары мұғалімнің күнделікке не жазғаны, өзінің табыстарын қандай сөздермен жеткізгені, осы сөздері өзгелердің күнделігінде қайталанған-қайталанбағанын білуге ынталанады.

Мектеп күнделігіне байланысты бірнеше қызықты шаралар ұсынуға болады. Көптеген отбасыларында мектеп күнделіктері отбасылық жәдігер болып саналады. Отбасы мұрағаттарында бірнеше ұрпақтың күнделіктері сақталуы мүмкін. Оқушылардың әке-шешелері, әжелері мен аталары келіп, өздерінің балалық шағында күнделіктің маңызы қандай болғандығы жайлы әңгімелеп, мектептегі күнделіктер жайында қызықты оқиғаларды айтып беретіндей «Күнделік оқиғалары» атты тақырыптық сынып сағатын өткізуге болады. Сыныпта сыныптық әзіл-қалжың түрінде «Күнделікке ода» шарасын өткізуге болады. Балалар «Күнделік» туралы афоризмдер ойлап табады, әркімнің күнделігі жайлы фантастикалық оқиғаларды әңгімелейді, «ХХІ ғасыр күнделігі» жобасын қорғайды.

Дереккөз: "Сынып жетекшісінің анықтамалығы"



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль