Справочник руководителя образовательного учреждения

Балаларды педагогикалық қолдау

  • 25 февраля 2019
  • 22562
Балаларды педагогикалық қолдау

Тәрбиенің гуманистік парадигмасы негізгі идеяларының бірі – педагогтың тәрбиелік позициясының негізі тәрбиеленушіге психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету идеясы болып табылады.

Әрбір баланың өмірінде күрделі мәселелер мен қиын міндеттер туындайды, демек, проблемасыз бала болмайды. Педагогикалық қолдау баланың өмірінде проблема туындаған кезде қажет.

МАМАН КЕҢЕСІ

«Табыс формуласы» шеберлік сағаты
Балаларды педагогикалық қолдау
М. А. Лапина Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі, психолог Рудный қаласы әкімдігінің «Д. Карбышев атындағы № 14 орта мектебі» КММ

Мақсаты: озық мақсатты бағыттардың негізінде табыс формуласын шығару.

Міндеттер:

  • мақсат пен ниет арасындағы айырмашылықты түсінуге жеткізу;
  • мақсатқа жетуде дұрыс таңдау жасай білуге ықпал ету;
  • өзінің ішкі мүмкіндіктеріне сену үшін жағдайлар жасау;
  • табыс – бұл әр нақты мақсатқа қол жеткізу екендігін ұғындыру.

Өткізу нысаны: өзін-өзі тану сабағы мен 9–11 сыныптарда психологиялық дайындықты біріктіру нысанындағы шеберлік сағаты.

Құндылығы: ақиқат.

Қабілеттер: мақсаткерлік, танымдық белсенділік, еңбекқорлық, төзімділік, өзіндік талдау, өзіне сену, өз болашағына деген жауапкершілік.

Қатысушылар санаты: 9–11 сынып оқушылары.

Педагогикалық қолдау деп балалардың дене және психикалық денсаулығына, қарым-қатынасына, оқуда табысты алға жылжуына, сондай-ақ өмірлік және кәсіби болашағын таңдап ала білуге байланысты жеке басының проблемаларын шешуде кәсіби педагогтардың бірінші болып жедел көмек көрсету әрекетін айтамыз.

Педагогигалық қолдау көрсетудің мәні:

  • басқа біреуге сенімділік дарыту;
  • оның бойында бар оң қасиеттерді бекіте түсу;
  • дамуына кедергі келтіретін, ауырлық, жүк болып жүргендерінен арылуға жәрдемдесу.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Педагогигалық қолдау әсіресе қорғансыз әрі жараланғыш балаға қиын-қыстау жағдайда көмекке келу үшін қажет. Бұл қолайсыз әлеуметтік жағдайлар мен психологиялық күйзелістен ашық түрде және моральдық қорғау, жамандыққа өз бетімен қарсы тұра білуіне жағдай жасау. Бұл баланың денсаулығына, оқуда алға жылжуына, қарым-қатынастары мен өмірде өзін-өзі таба білуіне байланысты жеке басының проблемаларын шешуге бағытталған алдын алушылық және жедел көмектер.

Педагогикалық әрекеттің мәні оқушыға басындағы кедергілерді жоюға ғана көмектесіп қоймай, сонымен қатар оны өзінің проблемаларын тани білуге және оны шеше білу әдістерін меңгеруіне көмектесу.

Педагогигалық қолдауды жүзеге асыруда өсіп келе жатқан адам бұл қолдауды қабылдауы үшін оны неге үйрету қажеттігін нақты білу өте маңызды.

Проблемалық жағдайда балаға қолдау көрсетудің педагогикалық шарттары

Сынып жетекшісі өз тәрбиеленушісімен арасында «көмек көрсетушілік қатынас» орнаған жағдайда ғана оның жеке басына байланысты проблемаларын шешуге шынайы көмек көрсете алады.

Көмек көрсетушілік қатынастар қалыптастырудың шарттары

1-шарт – баланың өзін проблемаға тап болған адам ретінде сезінуі

Баланың өмірінде өзі жеңуге күші жетпейтіндей қиындықтардың пайда болуы, және бала ол қиындықты менің проблемам деп мойындауы

2-шарт – педагогтың конгруэнттігі

 Баламен қарым-қатынасында педагог өзінің кім екенін екенін ұмытпауы тиіс. Бала ересектердің мінез-құлқындағы жалғандықты тез аңғарып, танып қояды. Мұндай жағдайда тиімді педагогигалық қолдау көрсету мүмкін болмайды.

3-шарт – педагогтың балаға түзу көзқарасы

Педагог балаға, оның күші мен қабілетіне шын сенген жағдайда ғана педагог пен тәрбиеленушінің арасында жақын қарым-қатынас орнайды. Мұндай қарым-қатынастың негізі педагогикалық оптимизм болып табылады.

4-шарт – баланың эмпатиялық түсінуі

Педагог пен баланың арасында көмек көрсетушілік қатынас орнауы үшін екеуінде де жаны ашу, есіркеу, ниет білдірушілік сезімдері байқалуы керек.

5-шарт – бала педагогтың конгруэнттігін, қабылдауы мен эмпатиясын сезінуі тиіс

Жоғарыда аталған үш шарттың сақталуы соңғысының сақталуына да көмектеседі.

Педагогикалық қолдау кезінде табысты өзара әрекеттестіктің шарттары

1-шарт – баланың көмек пен қолдау көрсетуге келісімі

Бала өзі көмек сұрайды, немесе көмек көрсетуіне қарсылық білдірмейді. Тек қана баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда, сондай-ақ қоғамға жат қылықтар кезінде қолдау (араласу) баланың келісімін күтпейді.

2-шарт – өз проблемасын шешуде басымдық бала жағында болады

Педагог тек қана проблеманың мәнін түсінуіне көмектесу арқылы оның шешім қабылдауына жағдай жасайды, оның шешімін табуда өз көмегін ұсынады немесе оқушының өзіндік әрекетіне жанама әсерін тигізеді.

3-шарт – бірлесушілік, ынтымақтастық,

жәрдем көрсету

Бұл шарт педагогикалық қолдаудың кедергіні бірлесе жеңу, проблеманы түбегейлі шешуде көмек көрсетушілік мазмұнын әрі технологиялық мәнін көрсетеді.

4-шарт – құпиялылық принципінің сақталуы

Бұл балалармен сенімді қарым-қатынас жасау үшін, әсіресе диагностикалық әдістеме, бетпе-бет әңгімелесу және кеңес беру жағдайында өте маңызды. Тек ересек адамға толық сенген жағдайда ғана бала оның көмегіне сүйенеді және ішкі белсенді жұмысқа түрткі болуы мүмкін.

5-шарт – қайырымдылық және бағалаусыздық

Оқушымен арақатынасында эмоциялық реңк болуы қолдауды жүзеге асыруда табыс кепілі болуы да, сәтсіздік кепілі де болуы мүмкін. Педагог баланың көзқарасымен қараса, ол оның іс-әрекетін басқалардың іс-әрекетімен салыстырып қарамай, осы оқушыны ғана естіп, оны ғана түсініп, оның қиындықтары мен проблемаларының себептерін іздестіруі мүмкін. Ал педагог оқушының іс-әрекеті мен қылығына баға бере бастаса, ол оқушыға қабылдай алмаушылық, сынау болып көрініп, ол тұйықтала түсуі мүмкін.

6-шарт – өмірінің барлық кеңістігінде оқушының құқықтары мен мүдделерін қорғау

Тәрбиеші-педагог сот қорғаушысы сияқты қандай жағдайда да баланы жақтайды. Тіпті оқушы жалпыға ортақ норманы бұзғанда да тәрбиеші бала үлкендерден де көп қателесуі мүмкін екендігін ескеріп, «жазаны жеңілдету» жолдарын іздестіреді. Қолдауды жүзеге асырушы педагог – бұл оқушы мүдделерін қорғаушы.

Баланы қолдау формалары

Жанама қолдау

Бала тарапынан анық сұраныс жоқ болған кезде жүзеге асырылады. Ол диагностикаға, педагогтік кәсіби бақылауға, оқушыларға тән қиыншылықтарды ой елегінен өткізуге сүйенеді.

Жеке қолдау

Оқушы көмектесуін өзі қажет еткенде немесе тым болмаса өзі ыңғай білдірген кездегі педагогтік қолдау.

Қолдаудың топтық формасы

Оқу барлық оқушының мектеп өмірі жағдайына бейімделуі кезеңінде барлық педагогикалық ұжымның бірлескен жұмысы. Бұл оқу жылының басталуы, каникулдан кейінгі уақыт болуы мүмкін.

«Өтпелі» сыныптарда (1, 5, 10 сыныптар) жұмыс істейтін мұғалімдердің қызметі.

Бұл кезеңдерде оқушылардың әлеуметтік ортасы өзгереді (жаңа сынып құрамы, жаңа мұғалімдер) және жаңа әрекет жүйесі (жаңа оқу жағдайы). Бала мұғалімдердің нені талап ететіндерін, оқу шарттарын, сыныптағы жағдайды білмегендіктен эмоциялық қолайсыздық сезінеді. Бұл ұзақ мерзімге созылған бейімделе алмаушылыққа соқтырып, соның салдары тәртіпсіздік, зейінсіздік, тез шаршаушылық түрінде көрініс беруі мүмкін.

Мақала қысқартылып жарияланған, толық жарияланымды 

 «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналынан оқыңыздар.

logo
Мы еще не знакомы?

       

        Давайте познакомимся!
        Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
Зарегистрироваться
Дорогой гость, заберите Ваш подарок
Бесплатный доступ к журналу "Справочник классного руководителя"
Получить бесплатный доступ