text
MCFR.KZ Образование

МДҰ педагог-психологының құжаттамасы

  • 4 октября 2017
  • 5306
МДҰ педагог-психологының құжаттамасы
МДҰ педагог-психологының құжаттамасы

Перспективалық жоспарлар мен бағдарламаларды құрастырғанда ҚР білім беру жүйесіндегі іс-тәжірибелік психологияның мақсаттары мен міндеттері, білім беру ұйымының ерекшелігі, басшылықтың, отбасының, балалардың және қоғамның сұраныстары ескеріледі.

Жоспарлар, бағдарламалар, статистикалық есеп, тіркеу, есепке алу журналы педагогтар, басшылық және бақылаушы инстанциялар үшін ашық. Қызметтік қолданысқа арналған құжаттама (хаттамалар, қорытындылар, ұсынымдар, талдамалы анықтамалар) жабық құжаттар санатына жатады, бірақ білім беру жүйесінің бейіндік мамандарының сұрауы бойынша көрсетілуі мүмкін. Бұл құжаттар ұсынымдар құрастыруға және сұрау бойынша сырттағы ұйымдарға көшірмелер дайындауға негіз болады.

Әр жұмыс түрі бойынша есептіліктің стандартталған нысаны қарастырылады, олар әр есептік кезеңнің (тоқсан, жыл) қорытындылары бойынша толтырылады.

Жинақталған материалды мынадай тәртіппен жүйелеген орынды:

Тұрақты құжаттама түрлері:

Нормативтік құжаттар:

Психологтың тұжырымдамалық құжаттамасы

  • Психологиялық қызмет тұжырымдамасы.
  • Психологиялық қызмет туралы ереженің жобасы.
  • Психологиялық қызметтің МДҰ-ның өзге құрылымдық бөлімдерімен, ғылым мекемелерімен және үкіметтік емес ұйымдармен функционалдық байланыстарының үлгісі.
  • Білім беру бағдарламалары (мысалы, "Дарынды бала", "Мансапты дамыту").
  • Педагог-психолог тікелей қатысатын мақсатты бағдарламалар.

Жұмыс (есептік) құжаттамасы

Мақсаты: психолог қызметін тіркеу

Есептік құжаттама

Мақсаты: Психолог қызметі мазмұнының көрінісі

  • статистикалық жылдық есеп, айлық есеп;
  • атқарылған жұмыс туралы талдамалы анықтамалар;
  • зерттелуші сұрақтың жай-күйі, мәселелері туралы жедел ақпараттық хабарламалар;
  • психологиялық диагностика нәтижелері (актілер, карталар, психологиялық портреттер, тексеру хаттамалары, қорытындылар, жиынтық кестелер, ұсынымдар);
  • кәсіби өзін өзі жетілдіру жоспары.

Дестелер номенклатурасы

Жұмысты ісжүргізудің негізінде ұйымдастыру психологтың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен, икемді дестелер мен файлдарды қолдануды ұсынуға болады. Жинақталған материалды келесі тәртіппен жүйелеген орынды:

Диагностикалық әдістемелер

Мектеп жасына дейінгі балалар дамуының диагностикасы:

  • Эмоционалды-тұлғалық саласының диагностикасы;
  • Танымдық сала диагностикасы;
  • Мектепке дайындығын диагностикалау;
  • Бала-ата-ана қарым-қатынасын диагностикалау.

Педагогтарды тексеруге арналған диагностикалық әдістемелер және тақырыптар.

Талдау жазбалары мен анықтамалар

Мектеп жасына дейінгі балалардың даму деңгейін диагностикалық тексеру нәтижесі бойынша қорытынды:

  • Бейімделу үдерісінің нәтижесі бойынша қорытынды;
  • Дайындық тобы балаларын диагностикалық тексеру нәтижелері бойынша қорытынды (мектепке дайындық).

Бала-ата-ана қарым-қатынасын зерттеу нәтижелері бойынша қорытынды.

Педагогтарды диагностикалау нәтижелері бойынша қорытынды.

Түзету-дамыту бағытын бағдарламалық қамтамасыз ету

  • Бағдарламалар.
  • Жоспарлар, конспектілер.

Педагогтармен жұмыс істеуге арналған материал

  • Дәрістердің, семинарлардың, педкеңестердегі баяндамалардың жоспар-конспектілері.
  • Диагностика нәтижелері бойынша тәрбиешілерге арналған балалармен және ата-аналармен жұмыс бойынша ұсынымдар.
  • Әдістемелік ұсынымдар.

Ата-аналармен жұмыс істеуге арналған материал

  • Дәрістердің, ата-аналар жиналыстарындағы баяндамалардың жоспар-конспектілері.
  • Балалар диагностикасының нәтижесі бойынша ата-аналарға арналған ұсынымдар.
  • Консультациялар.
  • Жаднамалар.
  • Стенд материалы.

Бейімделу үдерісін психологиялық қамтамасыз ету.

Құжаттар салынған әр дестенің ішіндегі материалдарының тізімі болуы керек. Әр жас тобына барлық материал (диагностикалық тексеру материалдары, суреттер, ата-аналар сауалнамалары және т. б.) жиналатын десте бастау керек. Балабақшаны бітірген немесе басқасына ауысқан балалар бойынша материалдардан тұратын мұрағат болуы тиіс. Мұндай құжаттар кем дегенде 3 жыл сақталуы керек.

Дереккөз:  «ACTUALIS: Білім беру» электрондық жүйесі

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегестрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают статьи с закрытых материалов
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты