text
MCFR.KZ Образование

Жалпы білім беретін мектептегі әлеуметтік педагогтың қызметі

  • 1 октября 2018
  • 4026
Жалпы білім беретін мектептегі әлеуметтік педагогтың қызметі

Жалпы білім беретін мектептегі әлеуметтік педагог жұмысының негізгі бағыттары


Ұйымдастырушылық-әдістемелік бағыт

Әлеуметтік педагогтың кәсіби қызметін ұйымдастыру,
жоспарлау және әдістемелік қамтамасыз ету.
  • жұмысты жоспарлау (перспективалы жылдық жоспар құру, желілік өзара әрекеттесу жоспарларын әзірлеу т. б.);
  • бір жылда істелген жұмыс туралы есеп-талдау құру;
  • диагностикалық іс-шараларды дайындау (дербес бағыттар, жауап бланкілерін т. б. әзірлеу);
  • нәтижелерді өңдеу, хаттама, зерттеулер талдауын жазу;
  • кеңес беруге және ағартуға, профилактикаға т. б. материалдар дайындау;
  • ағымдағы құжаттаманы жүргізу (қызмет түрлерін есепке алу журналын, әлеуметтік педагог жұмысының кестесін, кеңес берулерді, зерттеулер актілерін, талап арыздарды, ұсынымдарды, сұрауларды, хаттамаларды есепке алу журналын толтыру);
  • портфолио толықтыру (оқу-тәрбие үдерісінің (бұдан әріОТҮ) барлық қатысушылары үшін нормативтік құқықтық база, деректер базасын, бағдарламалар, материалдар, психологиялық-педагогикалық мінездемелер т. б. құру). 

★МАМАН КЕҢЕСІ★

Мектептегі әлеуметтік педагогтың жұмысы

Р. К. Утебаева

социальный педагог ГУ «ОПМПК № 6», г. Есик

«Әлеуметтік педагог» лауазымы білім беру ортасына енгізілгеніне көп болған жоқ. Оның қажеттілігі ауытқушылық мінез-құлқы бар балалар санының ұлғаюына, балалар арасындағы қылмыстың өсуіне және жағдайы нашар отбасылар санының көбеюіне байланысты туындады.

Бұрын әлеуметтік педагогтың міндетін сынып жетекшісі немесе пән мұғалімдері атқарды.

Негізінен әлеуметтік педагог лауазымы мектептерде, балабақшаларда, әлеуметтік қызметтерде, кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін үйлер мен мекемелерде болады.

Профилактикалық бағыт

Мақсаты:

  • дамудың, әлеуметтенудің, оқу қиындықтарының өзара қарым-қатынастар проблемаларының өзекті міндеттерін шешуде оқушыларға, олардың ата-аналары мен педагогтарға көмек көрсету;
  • оқушылардың ауытқымалы мінез-құлқы фактілерін ерте кезеңде анықтау және ескерту.

Әлеуметтік-құқықтық (күзеттік-қорғаулық) бағыт

Мақсаты:

  • әлеуметтік қорғауға, қамқоршылыққа, қорғаншылыққа мұқтаж оқушыларды (мүгедек балалар, дарынды балалар) анықтау және қолдау;
  • түрлі инстанцияларда (педагогикалық кеңес, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу жөніндегі кеңес т. б.) балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау (өмірдің қиын жағдайларына тап болған оқушыларға ерекше көңіл бөлу).

Талдау-диагностикалық бағыт

Мақсаты:

  • оқытуда және дамуда проблемалар пайда болуының себептерін анықтау үшін оқушылардың дербес ерекшеліктерін әлеуметтік-психологялық-педагогикалық зерделеу;
  • коррекциялық жұмыс барысында арқа сүйеуге болатын тұлғаның күшті жақтарын, оның резервтік мүмкіндіктерін айқындау;
  • кәсіби және танымдық қызығушылықтарды ерте кезеңде анықтау;
  • танымдық қызметтің т. б. дербес стилін айқындау.

Әлеуметтік-диспетчерлік бағыт

ОТҮ қатысушыларына неғұрлым білікті әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету үшін маманның сұрауды басқа құрылымдарға немесе мамандарға қайта жіберуі.

Диспетчерлік функцияларды жүзеге асыру үшін кәсіби қызметтер көрсететін түрлі әлеуметтік қызметтер, құрылымдар туралы шынайы деректер банкі қажет.

Әлеуметтік-диспетчерлік қызметтен бұрын болатын әлеуметтік педагогтың жұмысы:

  • проблема бойынша ОТҮ қатысушыларымен кеңестер;
  • проблемаға сай келетін бағыт бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиетті зерделеу;
  • болып жатқан жағдай бойынша өңір мамандарының озық әлеуметтік-педагогикалық тәжірибесімен танысу.

Мамандандырылған құрылымдардың (ұйымдардың) деректер банкін толтыру үлгісі:

Ұйымның (құрылымның) атауы

Мекенжайы

Телефоны

Жұмыс кестесі

Маманның

Т. А. Ә.

Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру

Негізгі бағыттар:

  • бейімделмеу құбылыстарының алдын алуға бағытталған қызмет (әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық);
  • балалар мен ересектердің тұлғалық өсуі арқылы олардың әлеуметтік бейімделу деңгейін көтеру;
  • нормадан қандай да бір ауытқулары бар оқушыларды әлеуметтік оңалту бойынша жұмыс.

Әлеуметтік-педагогикалық сауаттандыру

Мақсаты: әлеуметтік педагогтың қызметінде ата-аналарды әлеуметтік-педагогикалық сауаттандырудың негізгі теориялық аспектілерін және білім беру ұйымындағы ата-аналармен жұмыстың өзекті нысандары мен әдістерін ашу.

Білім берудегі әлеуметтік серіктестік

Әлеуметтік элементтердің, түрлі әлеуметтік топтар өкілдерінің бірлескен бөлінген жұмысы, оның нәтижесі осы қызметтің барлық қатысушылары қабылдайтын оң әсерлер болып табылады.

Түрлері:

  • «Білім беру жүйесінің ішіндегі серіктестік» – осы кәсіби қауымның әлеуметтік топтары арасында.
  •  «Мектеп – азаматтық ұйымдар» – білім беру жүйесінің қызметкерлері басқа салалардың өкілдерімен байланыс жасайды.
  • «Серіктестік – мемлекеттік құрылымдар» – неғұрлым маңызды болып табылады, мектептердегі білім беру үдерісін өзгертуге, жобалауға, апробациялауға мүмкіндік береді.
  • Өзіндік білім алу

Белгілі бір тұлғалық және қоғамдық маңызы бар білім беру мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған, арнайы ұйымдастырылған, өзіндік, жүйелі танымдық қызмет.

Мақсаты: танымдық қызығушылықты, жалпы мәдени және кәсіби сұранымдарды қанағаттандыру, жұмыс әдістері мен нысандарын жетілдіру мақсатында біліктілікті арттыру.

___/___ оқу жылына арналған жұмыс жоспары

Мақсаты: қолайлы, педагогикалық жағынан орынды әлеуметтік орта қалыптастыру үшін жағдай жасау.

Міндеттер:

  • қиындықтарды, шиеленісті жағдайларды, балалар мен отбасының басқа мүшелерінің мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтау мақсатында отбасыларын тексеру;
  • құқық бұзушылықтарды, балалардың қараусыздығы пен бақылаусыздығын ескерту;
  • оқушыларды, педагогтар мен ата-аналарды құқықтық сауаттандыру;
  • «тәуекел тобы» мен тұрмысы нашар отбасыларындағы балаларға патронаждықты жүзеге асыру;
  • отбасы мен балалық шақ проблемалары бойынша түрлі мамандардан кеңес алу;
  • толық емес, аз қамтылған және көп балалы отбасыларына әлеуметтік көмек;
  • мүгедек және жетім балаларды медициналық-әлеуметтік қолдау (қамқордағы және қараудағы);
  • салауатты өмір салтын, проблемалық жағдайларды тәнік бағалай білу және өмірлік проблемаларды шеше білу.

Жалпы білім беретін мектептегі әлеуметтік педагогтың қызметі

Жүктеу: Кеспе DOC файл

Ескерту: жоспар құру кезінде әлеуметтік педагог оқу орны мен ОТҮ қатысушыларының қажеттілігіне қарай ай сайынғы жетекші бағыттарды айқындайды. Бір айда қызмет мазмұнының көлеміне байланысты 1-ден 6-ға дейін бағытты қамтуға болады.


Дереккөз: "Сынып жетекшісінің анықтамалығы"  журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты