MCFR.KZ Образование

Балабақшадағы қауіпсіздік техникасы

  • 23 ноября 2018
  • 37715
Балабақшадағы еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы
Балабақшадағы еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы

Мектепке дейінгі мекемеде оның барлық қызметкерлері Еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы (Бұдан әрі – ЕҚ және ҚТ) ережелерін сақтауға міндетті. Ережеде қызметкерлер белгілі бір санатының әр түрлі функционалдық міндеттері ескерілген.

Бұл мақаладан мынаны біле аласыз:

Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша балабақша тәрбиешілеріне арналған нұсқаулық

  1. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі нұсқаулықты балабақшаның барлық тәрбиешілері орындауға міндетті.
  2. Тәрбиешілер балалардың өмірі мен денсаулығы үшін жауап береді.
  3. Тәрбиешілер баланың мінез-құлқы мен тәртібін режимнің барлық сәтінде байқап-бақылап отырулары, жарақаттан сақтандыруға көңіл аударуы тиіс.
  1. Балалардың  балабақша  ішінде, балабақша  территориясынан тыс жерде жүріп-тұруы барысында, сондай-ақ  оқытудың техникалық құралдарын (теледидар, компьютер және т.б.) пайдаланған кезде қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, олардың  балабақша аумағынан  сыртқа кетуіне жол бермеу.
  2. Бала  өздігінен кетіп қалған жағдайда тәрбиеші жедел оны іздестіруді ұйымдастырып, бұл туралы әкімшілікке хабарлауы тиіс.
  1. Балаларды үйлеріне жалғыз жіберуге, оларды бөтен, мас күйдегі адамдарға беруге тыйым салынады.
  2. Баланы балабақшадан алуға сенім білдірілген адамдарына қатысты ата-аналармен ертерек келісіп, ол ата-анасы мен сенім білдірілген тұлға растаған сенімхатпен ресімделуі қажет.
  3. Балалармен сабақ өткізген кезде ҚТ сақтап, оларды еңбектің қауіпсіз әдістеріне үйрету.
  4. Сабақтарда сіріңке және басқа да қауіпті материалдарды  қолдануға болмайды.
  5. Учаскеде, топта, дәлізде және баспалдақ алаңдарында өзін-өзі ұстау тәртібінің қауіпсізсіздігі туралы балаларға үнемі нұсқаулық беру.
  6. Балаларды серуендеу кезінде топқа жалғыз жібермеу.
  7. Әрдайым балалардың қасында болу.
  8. Серуен алдында телімде қауіпті заттар мен өсімдіктердің бар-жоғын қарау.
  9.  Балалар өрмелегенде және спорт жабдықтарымен айналысқанда ( әткеншек тебу, карусель, гимнастика қабырғаларымен, спиральмен өрмелеу, орындықтармен және бөренемен жүру) оларды сақтандыру қажет.
  10. Балалардың жарақаттануын болдырмау үшін барлық стационарлық балалар жабдықтары, портреттер, картиналар, шкафтар, сөрелер және т.б. еденге немесе қабырғаға бекітілуі тиіс.

Сабақты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі  балабақша тәрбиешілеріне арналған нұсқаулық

  1. Балалардың қауіпсіз тәртіп ережелерін игеруі және айналысындағы заттарға дұрыс қарауы үшін оларға осы заттардың қасиеттері туралы түсінікті, қарапайым түрде білуге баулу.
  2.  Баланы абай болуға үйрету, оның саналы түрде жарақаттану қаупі бар жағдайлардан алшақ болуға көмектесетін мақсаттарын қалыптастыру.
  3. Баланың бүкіл белсенді қызметі үрдісінде қауіпсіз мінез-құлық тәртібі дағдыларына тәрбиелеу.
  4. Барлық сабақтарда, әсіресе құрастыру, қол еңбегі, апликация сабақты кезінде балаларды түрлі  заттарды (қайшы, ине, табиғи материалдар және т.б.) қауіпсіз қолдана білуге үйрету.
  5. Сабақтарда қолмен ұсақ-түйек жасағанда материал ретінде сіріңкені және  басқа да балалар денсаулығына зиян заттарды  пайдалануға болмайды.
  6. Сабақты ұйымдастырып, өткізу кезінде табиғи жарықтың болуына (жарық сол жақтан түсуі тиіс) көңіл аудару.
  7. Сабақ өткізген уақытта бір де бір бала  топтың басқа үй-жайында жалғыз қалмауын қадағалау.
  8. Қауіпсіздік ережелері туралы нақты әрбір сабақта балаларға нұсқаулық беру.
  9. Сабаққа арналған жабдықтарҚТ талаптарына сәйкес болуы тиіс.
  10.  Сабақты ұйымдастыруға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Жаз мерзімінде баланың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі балабақша тәрбиешілеріне арналған нұсқаулық

    1. Балалар топта болған уақытта күні бойы ауа-жылу режимін сақтау.
    2. Балалар жоқ кезде, топтық бөлмеде – балалар ұйықтағанда немесе серуендегенде желдетілуі керек.
    3.  Балалар серуенге баспалдақпен түскенде ҚТ сақтай отырып, ұйымдастырыла шығарылады: балалар төменгі қанат-қоршаулардан ұстап, бірін-бірі итермеуі және қумауы тиіс.
    4. Балалар серуендейтін телім алдын ала қауіпті заттар мен өсімдіктердің бар-жоғына тексеріледі, ондағы жабдықтар балалардың ойнауына қауіпсіз: берік, шығып кеткен шеге мен босаған тақтайларсыз болуы тиіс.
    5. Құммен ойнайтын орында таңертеңгі және кешкі серуеннен кейін құм қазылып, конус тәрізді етіп бір жерге үйіледі.
    6. Баллаар құммен ойнағанда  олардың оны лақтырмауын және бір-бірне шашпауын бақылау қажет. Балларға құмның көзге түсуі мүмкін екендігі ескертіліп, айтылады.
    7.  Балалардың бассейнге шомылуы қатаң түрде кесте бойынша және тәрбиеші немесе медицина қызметкері қатысуымен өткізіледі.
    8. Балалар шомылған кезде шомылу мен демалу уақыты кезектестіріліп, уақыт мөлшері сақталады.
    9. Ыстық уақытта қызып кетуді болдырмас үшін балалардың басына жеңіл әрі жұмсақ бас киімдер кигізілуі тиіс.
    10.  Әткеншек тепкенде және ойын төбешіктеріне шығып-түсіп, спиральдарға, баспалдақтарға өрмелегенде балалар міндетті түрде сақтандырылады.
    11. Ыстық мерзімде су ішу режимін сақтау қажет: балаларға қайнатып суытылған су немесе шырын ішкізу.
    12.  Баланың бойы жететін деңгейде ілгек пен шеге қағуға, үй-жайды безендіргенде кнопка, ине, скрепка және басқа да үшкір заттарды қолдануға тыйым салынады.
    13.  Бөлме өсімдіктерінің астындағы нәрселері орнықты болуы тиіс, гүлді кашпоны шешінетін шкафқа, топтық және дәретхана бөлмелеріне орналастыруға жол берілмейді.
    14. Қандай жағдай болса да  балаларды  қараусыз қалдыруға болмайды.
    15. Балалар мен ата-аналарға дәрілік препараттар (витаминдар, сироптар және т.б.) әкелуге және беріп жіберуге рұқсат етпеу.  
    16. Балаларды қабылап алған уақытта  олардың өздерімен өмірлері мен денсаулықтарына қауіп төндіретін майда, қажетсіз заттарды (ұсақ моншақ, тиын, түйме, шаш қыстырғыш, сақина және т.б.) әкелмеуін бақылау.
    17. Балалар топта болғанда  дәретханада, топта және ұйықтайтын бөлмеде торы жоқ терезелерді ашық қалдырмау.
    18. Балаларға қауіпті деген сабаққа арналған қажет жабдықтарды, сондай-ақ зарарсыздандыратын ерітінділер мен жуу құралдарын бала қолы жетпейтін орында ұстау.
    19. Балабақшада болған уақытта  туындауы мүмкін қауіпті жағдайлар бойынша нұсқауларды балаларға үнемі үйрету.
    20. Балабақшадан тыс жерлерде балалармен экскурсия өткізу және серуендеу жөніндегі нұсқаулықты сақтау.

★ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ★

Өндірістік бақылау бағдарламасы

Балабақшадағы медициналық құжаттама

Л. В. Сергеева,

«Басқару негіздері мектебі» МЕМ балабақша-бөбекжай директоры, Талдықорған қ.
Санитариялық қағидаларды, гигиеналық нормативтер, санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың талаптарының сақталуын өндірістік бақылау бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес жасақталды (ҚР Ұлттық экономика министрінің 06.06.2016 ж. № 239 бұйрығымен бекітілді).

    Қыс мерзімінде баланың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі балабақша тәрбиешілеріне арналған нұсқаулық

    1. Күні бойы балалар  топта болған уақытта жылу режимін сақтау керек.
    2. Терезелер жабық, үй-жай жылытылған болуы тиіс.
    3. Серуен алдында балалар ойнайтын  жерді  даярлап қою керек: жолды, сырттағы басқышты, орындықтар мен қалқа шатырды қардан, мұздан тазалау.
    4. Жалғызаяқ жол мен орындықтарды тазаласуға тек үлкендеу балаларды  тартуға болады, олар үшін балаларға арналған ағаш күректер болғаны жөн.
    5. Еңбек қызметтері тәрбиешінің қадағалауымен жүреді.
    6. Мұз төбешіктерден сырғанау  тек тәрбиеші бақылауымен ғана рұқсат етіледі.
    7. Шанамен сырғанағанда балаларды сақтандыру қажет.
    8. Шанамен сырғанаған кезде балаларды сақтандыру қажет. Бала бақша  аумағында серуендеген уақытта балаларға қар не мұз түзуден сақтану үшін ғимаратқа жақындамаған жөн.
    9. балалрды  қармен  ойнаудың ережелерімен таныстыру: қар мен мұзды ауызға салуға, бір-бірімен мұзбен атысуға болмайды, қармен тек қолғаппен ойнау.
    10.  Сыртқы ортамен байланысты туындайтын жарақаттану қаупі бар жағдайларды дер кезінде жою.
    11. Балаларды жарақаттанудың алдын алу негіздеріне үйрету: қыста жолда абайлап жүру, мұз жолда сырғанақ теппеу, ересек адамның қолынан ұстау, шанамен жүргінші жолы бойында  сырғанамау.
    12.  Балалардың серуенде тоңазып қалмауын бақылап отыру.

    Көктемгі-күзгі кезеңде баланың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі балабақша тәрбиешілеріне арналған нұсқаулық

    1. Серуенге шығар алдында жерде балалар үшін қауіпті заттардың бар-жоғын тексеру: сынған шыны, сым, шығып тұрған шеге.
    2. балалардың ауыздарына бөтен заттарды, өсімдіктерді, саңырауқұлақты салмауын бақылап отыру қажет.
    3. Жаңбырлы күндері балалардың үстінде серуендеуге сай киімдерінің болуын қадағалау.
    4. Жауынды күні  балалар беседкада  немесе қалқаның астында болуы тиіс. Серуендеу уақытын  қысқартуға болады.
    5. Балабақша аумағынан тыс жердегі  парк пен саябаққа экскурсияға шыққан уақытта «Балалармен экскурсия жасау және серуендеу ережесі» нұсқаулығын сақтау қажет.
    6. 6. Қала көшелерімен серуендеу кезінде көшеден өтудің ережесін сақтау керек: қиылыста, бағдаршам белгісі бойынша, өздерімен бірге  қызыл белгі беретін жалауша алу. Балалар тобына екі ересек адам еріп жүруі қажет.
    7. Әткеншек тепкенде, төбешіктен сырғанағанда, спиральмен, баспалдақпен өрмелегенде және т.б. балаларды сақтандыру қажет.
    8. Балаларды жалғыз жібермеу керек, олар үй-жайға ұйымдастыра топтаса кіргізіледі.  
    9.  Телімдегі кеуіп қалған ағаш, бұтақ пен бұталарды уақтылы жинап отыру қажет.

    Балалармен экскурсия, серуендеуді ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі нұсқаулық

    1. Тәрбиеші осы нұсқаулықты білуі тиіс.
    2. Тәрбиеші балалардың өмірі мен денсаулығына әрі серуен мен экскурсияның қауіпсіз өткізілуіне толықтай жауап береді.
    3. тәрбиеші алдын ала серуендейтін орында балаларға қауіпті заттардың бар-жоғын  тексеруі тиіс.
    4. Телімде балалар үшін қауіпті нәрселер болмауы тиіс: сынған шыны, сым, шеге, тастар, тікенегі бар ағаш бұтақтары, улы өімдіктер мен саңырауқұлақтар.
    5. Серуендеу алдында  жабдықтың (алтыбақан, төбешік, үстел,  әткеншектің орындығы) беріктілігі тексеріледі.
    6. Алып шыққан ойыншықтар таза және қауіпсіз болуы тиіс.
    7. Тәрбиеші серуендеу немесе экскурсия алдында әр баланың сәйкес  киімі мен аяқ киімі бар екендігін тексеруі тиіс.
    8. Жылдың ыстық мерзімінде серуенге, экскурсияға арналған бас киімнің болуы міндетті.
    9. Экскурсияға бара алмайтын балалар туралы меңгерушіге алдын ала ескерту қажет. Бұл балалар ересек адамның қарауына қалдырылады.
    10.  Балалармен серуендеген уақытта кем дегенде екі адам еріп жүруі тиіс.
    11.  Өздерімен бірге алғашқы көмек көрсетуге арналған аптечканы алу қажет.
    12.  Тәрбиеші серуендеуге шығарда балалардың санын нақты білуі және әлсін-әлсін оларды санап тексері отыруы тиіс.
    13.  Көлік қозғалысы көп көшелерде серуендеуден қашқақтаған жөн.
    14.  Көшеден өткенде жол қозғалысы ережесін сақтау және балаларды бағдаршам белгілеріне үйрету.
    15. Экскурсияға шығардан бұрын алдын ала меңгерушіге ескертіп, тіркеу журналына қол қойылуы қажет.
    16. Экскурсия алдында балалармен  экскурсияда өзін-өзін ұстау ережелері туралы нұсқаулық өткізу.

    Балабақша тәрбиешілернің көмекшілеріне арналған жұмыс орнындағы нұсқаунама

    Нұсқаунама ҚР Еңбек кодексінің негізінде өткізіледі. Онда балабақшаның барлық қызметкерлері сақтауға тиісті еңбек қауіпсіздігі мен қорғауға қойылатын талаптар белгіленген.

    Балабақша тәрбиешілерінің көмекшілері міндетті:

    • еңбек тәртібін сақтауға және ішкі еңбек тәртібі ережелерін орындауға: жұмысқа уақытында келу, күні бойы жұмыс тәртібі мен режимін сақтау, бөтен жұмыстармен айналыспау, басқаларды жұмысынан қалдырмау. Еңбек тәртібін бұзғаны үшін тәртіптік жаза іс-шаралары: ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс және жұмыстан босату қолданылады.
    • Күн тәртібін қатаң сақтауға, үй-жайды таза ұстауға, санитария мен қауіпсіздік техникасы ережелерін, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға.
    • Балалар болмайтын, серуендеу уақытында үй-жайды желдетіп алуға.

        Зарарсыздандыру және жуу құралдары мен олардың ерітінділері балалардың қолы жетпейтін жерде, таңбаланған  ыдыста сақталады. Барлық үй-жайды күнделікті зарарсыздандыру күн сайын  2 рет 0,5  %-дық жуатын құралдарды (10 л суға 50 г ұнтақ) қолдана отырып жүргізіледі. Ойыншықтар күніне 2 рет 2 % сода ерітіндісі қолданылатын ыстық сумен  жуылады ( 10 л суға 200 г ес содасы).

    • ұйықтайтын бөлмедегі төсек-орын бұйымдары маркерленген болуы тиіс. Төсек  жаймалары кем дегенде аптасына бір рет және кір болуына қарай ауыстырылады;
    • жуатын жердегі ыдыстар ас қалдықтарынан тазартылады, ең алдымен  жуу құралымен 50-60 градус температурада жуыладыжуылып, ағып тұрған температурасы 60 градустан төмен емес ыстық сумен шайқалады.  Ыдыс торланған сөрелерде  құрғатылады;
    • шүберек ыдыс жуып болғаннан кейін жақсылып  жуылып, кептіріледі және құрғақ жерде сақталады.
    • санитарлық желідегі құмыралар қолданылғаннан кейін  60 градустан кем емес ыстық сумен  жуылып, зарарсыздандаратын ерітіндімен  жуылады.  Унитаздар квачпен жуылады, қолданылған квачты 0,5% зарарсыздандыратын ерітіндіге 30 минут салып қойылады.
    • жинауға арналған құрал-жабдық маркерленіп, белгіленген орында тұрады. Дәретхана  құрал-жабдықтары бөлек  сақталады;
    • балаларға тамақ бергенде жарылған-сынған ыдысты пайдалануға болмайды;
    • тұрмыстық мақсаттағы электр аспаптары қолдануға болмайды, электр жүйесіндегі ұсақ-түйек  ақаулар туралы шаруашылық меңгерушісіне  жедел хабарлау керек;
    • ҚТ жөніндегі нұсқаулықты қатаң сақтайды.

    Балабақша тәрбиешілері көмекшілеріне арналған нұсқаулық. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау.

    1. Балаларды ас бөлігінен әкелінген сұйық және басқа да ыстық тамақтарды  үлестіру жұмысына көмекке тартуға болмайды.
    2. Қабылдау, топ бөлмелерінде, санжелілерінде  ыстық су құйылған шелекті, зарарсыздандыратын ертіндіні, химиялық, жуу құралдарын, сондай-ақ жинауға арналған құрал-жабдықтарды қалдырып кетуге болмайды.
    3. Бүкіл құрал-жабдық, ерітінділер, жуатын және тазартатын құралдарды балалрдың қолы жетпейтін орында сақтау керек.
    4. Топта тиісінше санитарлық режимді ұдайы ұстап тұрады.
    5. Балалар болмаған уақытта ыстық тамақты алып келу және үлестіру.
    6. Жиналма төсекті, төсек орын жабдықтары салынған  қаптарды қоймалау ережесін сақтау.
    7. Азыната желдету балалар жоқ кезде жүргізіледі.
    8. Дәретхана бөлмесіндегі  терезелерді  ашық тастауға болмайды.
    9. Тазалық пен тәртіпті сақтау, үстелдер мен бұрыштарды қоқырсытпау.
    10.  Тәрбиеші болмаған уақытта қандай жағдай болса да балаларды қараусыз тастауға болмайды.
    11.  Шеті шағылған ыдысты балаларды тамақтандыруға болмайды, оны тез арада ауыстыру керек.
    12.  Тұрмыстық мақсатта электрмен жылытатын аспаптарды  балалар отырған үй-жайда  қолдануға болмайды.
    13.  Балабақшадан тыс жерге серуенге шыққанда  тәрбиешіге қолғабыс ету.
    14. Терезелерді жылдың жылы  мерзімінде балалар жоқ уақытта жуу.
    15.  Электр сымдарының, айырғыштар мен розеткалардың күйін бақылап отыру.
    16. Осы нұсқаулықты бұзбай және шегініссіз орындау.
    17.  Ішкі еңбек тәртібі ережелерін қатаң сақтау.

    Балабақша тәрбиешілері көмекшілеріне арналған көктемгі-күзгі мерзімдегі қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулық

    1. Балалар жоқ уақытта ғана желдету.
    2. Дәретханада, жуынатын және ұйықтайтын бөлмелердің терезелерін ашық тастамау.
    3. Жылдың ыстық мерзімінде  топ бөлмесіндегі  температура режимін  ұстап тұру .
    4. Жылдың ыстық мерзімінде ішуге арналған қайнаған су дайындап, суытып қою.
    5. Қабылдау, топ бөлмелерінде ыстық суы бар шелекті және зарарсыздандыру құралдары мен үй-жайды жуып-жинауға арналған құрал-жабдықтарды тастап кетпеу.
    6. Балабақшадан тыс жерге экскурсияға және серуенге шыққанда  тәрбиешіге қолғабыс ету.
    7.  Тәрбиеші болмаған уақытта балаларды қараусыз тастамау.
    8. Терезелерді жылдың жылы  мерзімінде балалар жоқ уақытта жуу.
    9. Электр сымдарының, айырғыштар мен розеткалардың күйін бақылап отыру.
    10. Тұрмыстық мақсатта электрмен жылытатын аспаптарды   қолдануға болмайды.

    Балабақша тәрбиешілері көмекшілеріне арналған күзгі-қысқы мерзімдегі қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулық

    1. Үй-жайдағы температуралық режимді  сақтау.
    2.  Терезелер жабық және жылытылған болуы тиіс.
    3. Ас пісіру бөлігінен тамақты әкелген кезде  абайлау, басқа  қар мен мұз  құлап түсуден сақтану үшін ғимаратқа, шатырға жақын баруға болмайды.
    4. Тамақты балалар жоқ уақытта әкеліп, үлестіру.
    5. Жарақаттанудан сақтану үшін сынған ыдысты дер кезінде ауыстырып отыру.
    6. Зарарсыздандыратын құралдармен тек арнайы қолғап киіп жұмыс істеу.
    7. Үй-жайды жиі-жиі тексеріп отыру. Төбеден, жылу және су ағатын құбырлардан  су кетіп тұрса жедел  балабақша  басшысына хабарлау.

     Балабақша тәрбиешілері көмекшілеріне арналған қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулық. «Аристон» сужылытқышын қолданудың ережесі

    1. Аппарат неғұрлым суды  пайдаланатын орынға жақын орналастырылуы тиіс.
    2. Судың қосылуы мен электр желісінің қосылуы  нұсқаулыққа сәйкес орындалғанына көз жеткізу керек.
    3. Су ақпайтынына көз жеткізу керек.
    4. Индикатор лампочкасының жұмысын бақылап отыру.
    5. Сужылытқыштың  дұрыс жұмыс істеуі үшін кем дегенде 2 жылда бір рет қағын тазалап отыру керек.
    6. Егер сужылытқыш ққолданылмайтын болса, сыртқы температураның  жағымсыз әсері болатын кезде міндетті түрде суын төгу керек.

    Балабақша тәрбиешілері көмекшілеріне арналған қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулық. Шаңсорғышты  пайдалану ережесі

    1. Қондырғы қуаты бар электр желісіне шаңсорғыштың техникалық  жағдайына сәйкес қосылады.
    2. Шаңсорғыш сұйық нәрсеге арналмаған.
    3.  Шаң жинағыш салынбаса, қақпағын жабуға болмайды.
    4. Шаңсорғышты балалардан алыстау жинау керек. Адамды және хайуанаттарды шаңсорғышпен тазалауға болмайды.
    5. Шаңсорғышпен сіріңкені, қатты немесе үшкір-өткір заттарды жинауға болмайды.
    6. шаңсорғышты өздігінен жөндеуге болмайды, тек өз шеберіне көрсету керек.
    7. Егер жинаған кезде индикатор шамы қызарып кетсе, онда шаңжинағышты ауыстыру қажет.
    8. Электр аспаптарымен жұмыс кезінде  қауіпсіздік техникасын сақтау.

    Балабақша аспазының нұсқаулығы
    Еттартқышпен қауіпсіз жұмыс істеу ережесі

    1. Еттартқыш редуктордың патрубкісіне берік бекітілуі тиіс.
    2. Еттартқыштың толтырылатын тесігі мойнында 45 см артық үстіне қарай сақтандырушы сақина орнатылған болуы тиіс, ол қолдың  қозғалатын бөлікке тиіп кетуіне жол бермейді.
    3. Толтыратын тарелкенің мойнына ет толтыру  үшін ағаш итергішті пайдалану керек.
    4. Құралды жұмыс камерасынан  алып тастау үшін  арнайы құралды пайдалану керек.

    Жаровнялармен,  табалармен қауіпсіз жұмыс істеу ережесі

    1. Жылу жеткізгіші бар екі қабырғалы жаровняда булаған кезде жейдедегі жылу жеткізгіштің бар екендігіне көз жеткізу керек.
    2.  Жылу жеткізгіш ағып кетсе, жедел жұмыс тоқтатылады. Табада  май болмағанда  электрді қосуға рұқсат етілмейді.
    3. Жұмыс істеген уақытта  толтыру табағының бетін ашқан кезде оны өз жағыңва еңкейтуге болмайды.
    4. Толтырылатын  табақты аударып аларда электр желісінен ажырату керек.
    5. Қыздырғыштар қосылып тұрғанда табаны аударып алуға тыйым салынады.

    Балабақша ас бөлігінің  қызметкерлеріне арналған нұсқаулық.  Ас бөлігі  үй-жайының санитарлық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.

    1. Ас бөлігін ұстау  ҚР БжҒМ-мен келісілген және 24. 09. 1993 ж. РСЗМ бекітілген Балабақшалар қондырғылары мен оны ұстаудың нормалары мен ережелеріне сәйкес болуы тиіс.
    2. Асхананы ылғалды жинау әрдайым жүргізілуі тиіс. Еден мен  плитаны сабынмен жіне содамен жуу керек. Үстелді, шкафты мұқият  жуылады және барлық жабдықтар  0,2% гипохлорид ерітіндісімен мезгіл-мезгіл зарарсыздандарып отырылуы керек.
    3. Тамақ жасауға даттанбайтын болаттан, алюминийден жасалған ыдысты пайдаланылады.
    4. Бір бұзатын тақтайды әр түрлі азық-түлікті өңдеу үшін  қолдануға тыйым салынады. Әр тақтайдың белгісі болуы керек: «ШЕ» - шикі ет, «ШБ» - шикі балық және т.б.
    5. Шеті шағылған ыдысты, пластмасса ыдыс пен алюминийден жасалған құралдарды  пайдалануға болмайды.
    6. Ас бөлігінде  әр түрлі зарарсыздандыру құралдарын сақтауға тыйым салынады.
    7. Ас бөлігінің қызметкерлері арнайы киімдер киюі (халаттар мен бас киімдер) және жеке гигиенаны сақтауы тиіс.
    8. Ас қалдықтары  қақпағы бар шелектерге  жиналуы тиіс, оларды кем дегенде 2/3 көлемі толу шамасына қарай тазартылады. Бұл ыдыстар күн соңында 2% кальцийлі сода ерітіндісімен жуылып, шайылуы және құрғатылуы тиіс.
    9. Жұмыс алдында қолды сабындап щеткамен шынтаққа дейін ыстық суда мұқият жуады.  
    10.  Асханада тек таза киіммен жұмыс істеу керек.
    11.  Жинау құрал-жабдықтары арнайы бөлінген орында  сақталады және маркерленеді.

    Кір жуатын машинада жұмыс істеу кезіндегі балабақша кір жуушысына арналған қауіпсіздік  техникасы жөніндегі нұсқаулық

    1. Айналдыратын бөлігі ашық жабдықта жұмыс істеуге тыйым салынады.
    2. Жабдықты оны санитарлық өңдер алдында электр желісінен  ажырату керек.
    3. Тыйым салынады:
    • толтырылатын люк есіктерінің құлпы дұрыс істемеген жағдайда машинада жұмыс істеуге,
    • толтырылатын  люк есіктері дұрыс жабыла алмаған жағдайда жұмыс істеуге;
    • толтырылатын люкті  машина жұмыс істеп жатқан уақытта  ашуға;
    • сыртқы барабанның төменгі ернеуі деңгейінен жоғары сұйықтық құйылысына дейін толтырылатын люк қақпағын ашуға.
    1. Егер жабдықты сыртына тиіп кеткенде  электр тогымен соғу  әрекеті байқалса, оны бірден электр желісінен ажыратып, ақау жөнделгенше қоспау керек.

    Жартылай автоматты кір жуатын машинада жұмыс істеу кезіндегі балабақша кір жуушысына арналған қауіпсіздік  техникасы жөніндегі нұсқаулық

    1. Кір жуатын машинаның жерлендірілгеніне көз жеткізіңіз.
    2. Құрғату камерасы жұмыс істеп жатқанда  қолды бакқа салуға болмайды.
    3. Машинаны пайдаланбаған кезде розеткадан штепсель айырын  ажырату қажет.
    4. Егер машина кілем төселген  жерде тұрса, желдеткіш тесік кілеммен жабылып қалмауы тиіс.
    5. Егер штепсель айыры бүлінсе, сервис орталығына жүгінген жөн.
    6. Машинаны пайдалану жөніндегі  нұсқаулық  мұқият  зерленіп қаралады.
    7. тым ыстық суды қолдануға болмайды.
    8. Кірді сығардың алдында  қауіпсіздік қақпағын  міндетті түрде жабу керек.
    9. Басқару панеліне су тиюге жол бермеу қажет.

    Балабақша медициналық кабинетінде электр жабдықтарын қолдану кезіндегі қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулық

    1. Медициналық жабдықта  жұмыс істеу қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаунамадан өткен, жабдықтың қондырғыларымен және техникалық пайдалану ережелерімен, сондай-ақ осы нұсқаулықпен таныс адамға рұқсат етіледі.
    2. Жабдықтың сыртқы жағын тексеру қажет. Электр жабдығы мен электр сымдарында механикалық ақаулар болмауы тиіс.
    3.  Егер жабдықты сыртына тиіп кеткенде  электр тогымен соғу  әрекеті байқалса, оны бірден электр желісінен ажыратып, ақау жөнделгенше қоспау керек.
    4. Ашық қақпақпен, панельмен жабдықта жұмыс істеуге тыйым салынады.
    5. Сәулелендіргіш желілік сым айырының көмегімен  жерлендірілуі тиіс.
    6. Шамын ауыстырғанда, монтажын тексергенде, ақауларды жөндегенде, зарарсыздандырылғанда, шаңын тазалағанда сәулелендіргіш  желіден ажыратылуы тиіс.
    7. Процедуралар кезінде күйіктен сақтау үшін өткізгіш барынша тартылған күйде болуын  бақылаған жөн.
    8. Процедура алдында пациенттер мен қызметкерлер қорғаныш көзілдірігін киеді.
    9. Сәулелендіргіш тұрған үй-жай желдетілуі тиіс.
    10.  Стерилизатор жұмыс істегенде толтыруға, шығаруға және жөндеуге  тыйым салынады.
    11.  Жабдықта жерлендірілмей жұмыс істеуге тыйым салынады.

    Балабақшадағы ЕҚ мәселесі бойынша білім тексеруді жүргізу жөніндегі ереже.

    1. ЕҚ жөніндегі білімін тексеруге жататын қызметкерлер лауазымдарының  тізбесін бекіту. Оны  білім беру бөлімімен келісу.
    2. ЕҚ мәселелері бойынша қызметкерлердің білімін тексеру үшін тұрақты жұмыс істейтін комиссияны тағайындау.
    3. Комиссия құрамына кәсіподақ ұйымының өкілін, еңбек жөніндегі қоғамдық инспекторды, шаруашылық бөлімінің меңгерушісін қосу. Емтихан комиссиясын балабақша меңгерушісі басқарады.
    4. Емтихандарды ұйымдастыру мен өткізу  емтихан комиссиясының  төрағасына жүктеледі.
    5. Емтиханның қабылдау кестесін  бекіту, оны емтихан басталарға дейін бір ай бұрын  емтихан комиссиясының барлық мүшелеріне жіберу
    6. Емтихан тапсырушыға өтетін күні мен орны туралы емтиханға дейін кем дегенде 15 күн бұрын ескертілуі тиіс.
    7. Емтихан комиссиясының құрамына енгізілген қызметкерлер оған  Мемлекеттік еңбек инспкциясы органдарында өздері  емтихан тапсырғаннан кейін ғана қатыса алады.
    8. ЕҚ бойынша білім деңгейін арттыру үшін балабақшада жұмыс жоспарына сәйкес курстар, дәрістер, консультациялар ұйымдастыру.  
    9. Балабақша қызметкерлерінің мыналарды білуі тексеріледі: білімі
    • ҚР Еңбек кодексі, «Қазақстан Республикасы  халқының денсаулығын қорғау туралы», Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық  саулығы туралы»;
    • жарақаттанудың, өрт қауіпсіздігінің  алдын алу, дүлей апат туындаған кездегі қызметкерлердің іс-әрекеттеріне қойылатын негізгі талаптар;
    • балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, өндірістік санитария және жеке бас гигиенасы жөніндегі негізгі талаптар;
    • Еңбекті қорғаудың жай-күйін бақылау туралы ереже;
    • Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру мен есепке алу туралы ережелер;
    • лауазымдық нұсқаулықтар;
    • жеке қорғану құралдарын белгілеу және қолдану;
    • ұжымдық және жеке еңбек шарттарынң  негізгі ережелері;
    • ішкі еңбек тәртібі;
    • зардап шегушілерге алғашқы медициналық көмек көрсетудің тәсілдері. 
    1. ЕҚ білімін тексеру еңбекті қауіпсіз жүргізуді реттейтін нормативтік актілер бойынша  өткізіледі, оны сақтау қызметкерлердің қызметтік міндеттеріне енеді.
    2. Емтихан билеттерін балабақша жұмысының ерекшеліктерін, қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын ескере отырып әзірлеу қажет.
    3. ЕҚ білімін тексерудің келесі түрлерін белгілеу: бастапқы, мерзімдік, кезектен тыс.
    4. Жаңадан қабылданған қызметкерлер: балабақшадағы жұмыс жағдайы мен ЕҚ жай-күйімен ; еңбекті қорғау бойынша лауазымдық міндеттермен таныстырылады.
    5. Жаңадан қабылданған қызметкер лауазымға алынған бастап  бір айдан кеш болмайтын уақытта тиісті емтихан комиссиясында  ЕҚ жөніндегі білімін бастапқы тексеруден өтуге міндетті. Мерзімдік тексерулер  кем дегенде 3 жылда бір рет жүзеге асырылады.
    6. Кезектен тыс білім тексеру келесі жағдайларда өткізіледі: қызметкерді басқа жұмыс орнына, лауазымға ауыстырғанда, жазатайым оқиғаға жол берілгенде, Мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының талабы бойынша, жұмыста 1 жылдан артық үзіліс болғанда.
    7. Білімді тексерудің нәтижелері төраға мен комиссия мүшелерінің қолы қойылатын хаттамамен ресімделеді. Хаттама кем дегенде 6 жыл сақталады.
    8. Емтихан тапсырған қызметкерлерге тиісінше куәлік беріледі.
    9. Емтиханда қанағаттанғысыз білімін көрсеткен қызметкерлерді қызмет етіп отырған лауазымында емтиханды қайтадан 1 айдан кеш емес уақытта тапсырған жағдайда қалдырады.
    10. Қызметкерлер емтиханды қайтадан тапсыра алмаған жағдайда материалдарды  лауазымына сәйкестігі туралы мәселені шешу үшін аттестаттау комиссиясына жібереді. Емтихан комиссиясының шешімімен байланысты даулар ЕҚ жөніндегі мемлекеттік инспекция органдарында қарастырылады.

    ЕҚ және ҚТ мәселелері бойынша білім тексеруді өткізуге арналған билеттер

    Билет №1

    1. Мемлекеттік саясаттың ЕҚ және ҚТ саласындағы негізгі бағыттары.
    2. Балалардың жарақаттану себептері.
    3. Жұмыс орындарын ұйымдастыру кезіндегі қауіпсіздік талаптары.
    4. ҚР Еңбек кодексі. Негізгі ережелер.

    Билет № 2

    1. Балабақша қызметкерлерінің материалдық жауапкершілігі.
    2. Балабақша үй-жайында ауа-жылу режимін ұстап тұру.
    3. Үй-жайды генералдық –үлкен жинастыру кезінде ҚТ ережелерін сақтау.
    4. Қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек қатынастарын реттеу.

    Билет № 3

    1. ЕҚ және ҚТ саласындағы еңбек заңнамаларын бұзғаны үшін жауапкершілік.
    2. Балалардың оқу-тәрбие үрдісі  уақытындағы қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
    3. Өндірісте қызметкерлермен болған жазатайым оқиғаларды тексеру.
    4. Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері.

    Билет № 4

    1. Қызметкерлердің еңбек қызметі үрдісіндегі қауіпсіздігі және ЕҚ құқықтарының кепілдіктері.
    2. Денешынықтыру сабақтары мен спорттық ойындарды өткізу кезіндегі алдын ала сақтану шаралары.
    3. Қызметкерлерді санитарлық-тұрмыстық қамтамасыз ету.
    4. Жеке еңбек шарты. Оның мазмұны мен іс-әрекет мерзімі.

    Билет № 5

    1. Мекемедегі қауіпсіздік  қызметі және ЕҚ, оның құқықтары.
    2. Балалар өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі нұсқаулықтың түрлері мен мазмұны.
    3. Жұмыс орнындағы жабдықтарға қойылатын талаптар.
    4. Өндірістегі әйелдердің еңбегін қорғау.

     Билет № 6

    1. Қызметкердің қауіпсіздігі пен ЕҚ құқықтары.
    2. Балалармен балабақшадан тыс жерде экскурсия өткізудің тәртібі.
    3. Балабақшадағы ЕҚ жөніндегі құжаттама.
    4. ЕҚ жөніндегі лауазымдық нұсқаулықтар.

    Билет № 7

    1. Әйелдер мен 18-ден төмен жастағы тұлғалардың еңбегін қорғау.
    2. Балалар өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша міндеттер.
    3. Зарарсыздандыратын құралдарды сақтаудың талаптары.
    4. Зиян және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен жеке қорғану құралдары.

    Билет № 8

    1. Жеке еңбек шарты, оның негізгі ережелері.

    2. Үй-жайды, топты және басқа да  кабинеттерді жарақтандыруға қойылатын талаптар.

    3. Алғашқы медициналық көмек қобдишасын жинақтау.

    4. Экскурсияны ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі нұсқаулық.

    Билет № 9

    1. Балабақша қызметкерлерінің негізгі құқықтары мен міндеттері.
    2. Балалардың серуендегі еңбек қызметін ұйымдастыру, балалардың ҚТ ережелерін сақтауы.
    3. Персоналдың өрт кезіндегі іс-әрекеті.
    4. Мемлекеттік саясаттың ЕҚ және ҚТ саласындағы негізгі бағыттары.

    Билет № 10

    1. Еңбек шартын тоқтатудың негіздемесі.
    2. Балалар өмірі мен денсаулығын қорғау мәселелері бойынша ата-аналармен жұмыс.
    3. Екінші қабатта терезе  жуу кезінде ҚТ қойылатын талаптар.
    4. ҚР Еңбек кодексінің сақталуын бақылау.

     Билет № 11

    1. Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттар.
    2. Улы өсімдіктер, олармен уланған кездегі алғашқы көмек.
    3. Жазатайым оқиғаларды тексеру кезіндегі әкімшілктің міндеттері.
    4. ЕҚ мәселелері бойынша қызметкерлерді оқыту, нұсқау беру және білімдерін тексеру.

    Билет № 12

    1. Әкімшіліктің ЕҚ және ҚТ саласындағы құқықтары мен міндеттері.
    2. Қыс мезгілінде балалармен серуендеуді ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
    3. Балабақшада балалармен болған жазатайым оқиғаларды тексеру.
    4. Қызметкерлер  қауіпсіздігі мен ЕҚ құқықтарының кепілдіктері. 

    Билет № 13

    1. Қызметкердің ЕҚ және ҚТ саласындағы құқықтары мен міндеттері.
    2. Ойын-сауық пен спорттық іс-шаралар өткізуге қойылатын талаптар.
    3. Техногенді сипаттағы төтенше жағдайда балалардың өміріне қауіп төнген кездегі қызметкерлердің іс-қимылы.
    4. Жеке еңбек шарты тараптарының материалдық жауапкершілігі.

    Билет № 14

    1. Еңбек даулары және оны шешудің жолдары.
    2. ҚР Еңбек кодексінің іс-әрекет саласы.
    3. Өрт сөндірудің  бастапқы құралдары.
    4. Балабақша  тәрбиеленушілеріне арналған нұсқаулықтар.

    Билет № 15

    1. Ұжымдық шарт, оның қатысушыларының құқықтары.
    2. балалармен сұхбаттасу уақытында қолданылатын көрнекі құралдар.
    3. ЕҚ және ҚТ нұсқаулықтарын әзірлеудің  тәртібі.
    4. Ішкі еңбек тәртібі.

    Билет № 16

    1. ЕҚ саласындағы кәсіподақтың құқықтары.
    2. Әкімшіліктің  қызметкерлерді арнайы киіммен қамтамасыз ету тұрғысындағы міндеттері.
    3. Ауыртып алғанда, қызып кеткенде және ұсақ жарақат кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету.
    4. Ғимарат пен үй-жайды ұстау.

    Билет № 17

    1. Демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс.
    2. Балабақшада балалармен болуы мүмкін қауіпті жағдайлар.
    3. Жұмыс орнындағы  нұсқаунаманы өткізудің түрлері мен тәртібі.
    4. Еңбек дауларын шешу.

    Билет № 18

    1. Қызметкерлерге өндістегі жазатайым оқиға кезінде берілетін кепілдіктер мен өтемақылар.
    2. Балалардың бассейнде (шалпылдау) шомылуын ұйымдастыру.
    3. Балабақша үй-жайында  ағымдық жөндеу жүргізуге ҚТ  ережелері бойынша қойылатын талаптар.
    4. Балабақша қызметкерлерінің жеке гигиенасы.

     Билет № 19

    1. Қызметкерлерді көтермелеу мен жазалау шаралары.
    2. Балаларға арналған жабдықтар мен жиһаздарға қойылатын талаптар.
    3. Электрмен жылытқыш аспаптарды қолданудың ережесі және оларды балабақшада пайдалану.
    4. ҚР «Азаматтардың денсаулығын қорғау» заңы. Негізгі ережелер.

     Билет № 20

    1. Жалақы және еңбекті нормалау.
    2. Балабақша телімдеріндегі ойын жабдықтарын күтіп ұстау.
    3. Құлағанда, ауыртқанда, сындырғанда және басқа  жарақаттану кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету.
    4. Жарақаттанудың алдын алу бойынша балалармен жұмыстың әдістері.

      Билет № 21

    1. Демалыстың түрлері және олардың төленуі.
    2. Ойыншықтарға және кеңсе заттарына қойылатын гигиеналық талаптар.
    3. ЕҚ және ҚТ жөніндегі жұмыстардың  жай-күйіне әкімшілік бақылау жасау.
    4. ЕҚ және ҚТ бойынша іс-шараларды қаржыландыру.

    Билет № 22

    1. Балабақша қызметкерлерінің материалдық жауапкершілігі.
    2. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша қызметкерлердің  міндеттері.
    3. Қызметкерлердің  еңбек тәртібі.
    4. ҚР «Өрт қауіпсіздігі туралы» заңы.

    Подписка на статьи

    Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

    Участвуй в наших семинарах

    Школа

    Проверь свои знания и приобрети новые

    ЗАПИСАТЬСЯ

    Самое выгодное предложение

    Самое выгодное предложение

    Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

    ПОДРОБНЕЕ
    Мы в соцсетях
    Мы еще не знакомы?

    Давайте познакомимся!
    Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

    • Читают закрытые материалы
    • Первыми узнают последние новости
    • Пользуются всеми возможностями сервисов  

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль
    Я тут впервые
    Это займет не больше 1 минуты
    ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
    Внимание!

    Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

    У меня есть пароль
    напомнить
    Пароль отправлен на почту
    Ввести
    Введите эл. почту или логин
    Неверный логин или пароль
    Неверный пароль
    Введите пароль
    Я тут впервые
    Это займет не больше 1 минуты
    Зарегистрироваться