MCFR.KZ Образование

Оқушылар жетістіктері деңгейін бағалаудың өлшемдік тәсілдері

  • 7 февраля 2019
  • 1033
Оқушылар жетістіктері деңгейін бағалаудың өлшемдік тәсілдері
Оқушылар жетістіктері деңгейін бағалаудың өлшемдік тәсілдері

Заманауи мектептің ең басты міндеті оқушы өмірінің барлық белеңдерінде білім алуға деген құлшынысын қалыптастыру үшін, оған әрбір қадамының маңыздылығын түсінуге мүмкіндік беруден, тәсілдер мен таным көздерін таңдауда бағдар ұстай білуге үйретуден тұрады.



Бүгінгі мектеп алдына қойылған мақсаттар мен міндеттер сабақтың әдістемелік жағы мен бағалау жүйесіне жаңарту ендіруді талап етеді.

         Бағалау білім беру процесінің негізін құрушы ретінде оны басқаруда басты рөл атқарады. Бағалаудың негізгі функциясы – білім беру бағдарламаларының тиімділігі мен кері байланысты жүзеге асыруды талдау. Бұл оқу мен оқытудың ерекшеліктерін анықтау, дер кезінде тиісті өзгерістер ендіру, әрбір оқушының жеке даму траекториясын құру үшін қажет. Сөз жоқ бұл жерде, бағалаудың шынайылығы керек болады. Былай айтқанда бағалаудың шынайы және тиімді жүйесін құру қисыны қарапайым ғана. Оны қалыптастыруды есептеудің жөнелтілетін жері бағаланушы міндеттерді іріктеу және бағалауға арналған қажетті технологияларды іздеу емес, бастысы нені өлшегіміз келеді, бұл салада біз үшін оқушылар жетістіктерінің қандай параметрлері ең маңызды екендігін нақты түсіну болуы тиіс. Осылайша, бағалаудың тиімді жүйесін қалыптастыру, жалпы білім беру бағдарламасының және әрбір оқу тәртібі бойынша оқу бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін нақты айқындаудан басталады. Оған қоса мақсаттар мен міндеттер оқушының жетістік деңгейін бағалау процесін өлшей алуы керек.

Дәл осы тәсіл Халықаралық бакалавриаттың (IB MYP) негізгі мектебінің бағдарламасымен ұсынылған және біздің мектепте ендірілген бағалаудың критериялық жүйесінде басты орынды иеленеді. Бұл жүйенің айтарлықтай ерекшелігі – пән бойынша білім деңгейі (пәндік құзыреттілік деңгейі) ғана емес, сонымен қатар пәндік және жалпы оқулық шеберліктер мен дағдылардың қалыптасу деңгейінің бағалануы.

Жаратылыс ғылымдары бойынша бағалау өлшемдерінде аталмыш білім беру саласының міндеттері көрініс таптқан, олар биология, химия және физика сабақтарында, оқушылардың жетістік деңгейлерін ағымдағы және қорытынды процессте бағалауға қолданылады. Критерийлердің сапалық және сандық мазмұндары бар:

         Сапалық мазмұн ғылыми ұғымдар мен заңдар туралы білім мен түсіністіктерден; ғылыми терминологияны қолдана білу мен түсіндіруден; алынған білімді түсіну мен проблемалаларды шешуге пайдалану; әр түрлі көздерден алынған мәліметтерді өңдеуден; эксперименттік зерттеулерді өткізуден; заманауи әлемнің ғылыми және әлеуметтік аспектілері арасындағы өзара байланыстарды түсінуден; оқушылардың ғылымды қолданудың мүмкіндіктері мен шектерін бағалау мүмкіндіктерінен тұрады.

         Критерийлердің сандық мазмұны аталмыш критерий бойынша жетістік деңгейін айқындаушы балдар мен олардың тиісті сипаттамаларымен анықталады.

         Оқушылардың жетістіктерін бағалау тек ұсынылаған критериялармен олардың жетістіктерін салыстыру негізінде ғана жүзеге асырылады. Бағалау критерийлері әр оқу жылының басында оқушылар мен олардың ата-аналарына хабарланады және қоғамдық келісім жағдайында жұмыс істейтін болады. Бағдарламаның аяқталған сәтінде оқушының әрбір критерий бойынша шынайы жетістікке жете алатын жоғары балды деңгейге сәйкес келуі аса маңызды жайт. Оқу жұмысының күтілетін нәтижелер деңгейі әр оқу жылында күрделілік деңгейімен ерекшеленеді және оқушының MYP бағдарламасын аяқтау кезеңіндегі IB –мен қорытынды бағалау үшін ұсынылған критерийлерді бейімдеу процесінде мектептің өзі анықтайды.

         Нақты анықталған критерийлерді пайдалану мұғалімге тек нақты мазмұн бойынша белгіні қою үшін ғана емес, сонымен қатар оқушыларды өз оқу қызметінің нәтижелерін бағалау процесіне тартуға да мүмкіндік береді. Бұл сөз жоқ, олардың рефлекстік дағдыларын дамытуға және оқуға деген ішкі уәждемелерін көтеруге ықпал етеді. Бағалаудың оқушыны мынандай жағдайларда ынталандыра алатыны белгілі:

  • оның шынайылығына сенімділігі;
  • оны өзіне пайдалы ретінде қабылдайды;
  • жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу үшін істеу керектігін біледі;
  • оған бұл жағдайда көмек көрсетілетініне сенімді;
  • мейлінше жоғары көрсеткіштерге жету үшін онда мүмкіндіктер мен жағдай бар екендігіне сенімді.

Сонымен қоса, критерийлік бағалау оқушы білмейді және қолынан келмейді, аталмыш тақырып пен аталмыш пән бойынша білетіні мен істей алатыны мұғалімнің өзін-өзі бағалауымен, бағаларды сапалық және сандық интеграциялау деген басымдықтарды біріктіру дегенді білдіреді.

Бағалауға деген критериялық тәсілді қолдану мұғалімді оқу жұмысын жоспарлау процесінде, оқушының осы немесе өзге сипаттарын қалыптастыруға бағытталған және оның кейін қалыптасу дәрежесін бағалауға мүмкіндік беретін оқушы жұмысының әр түрін ойлап табуға ынталандырады. Критериялар бойынша бағалау мұғалімді іріктеуге және оқу тапсырмаларын құруға басқаша тәсіл қолдануға мәжбүр етеді. Оның міндеті әлдеқайда күрделі бола түседі: оқу тапсырмасы тек оқыту немесе білімді игеру деңгейін қадағалау ғана емес, сонымен қатар оқушының өз дағдылары мен шеберліктерін сыртқа шығаруға мәжбүр болатын, бағалау критерияларындағы жағдайларды құру. Мысалы, «Ғылыми зерттеу», «Мәліметтерді өңдеу», «Шеберліктер мен дағдылар» критериялары бойынша оқушының жетістік бағалау деңгейін бағалау үшін химия, физика немесе биология сабақтарында ғылыми болжамды қалыптастыру және ғылыми тілді пайдалану арқылы оның негіздемесін, қажетті материалдар мен ғылыми болжамды тексеру үшін жұмыс жоспарын құру, мәліметтерді ұсыну тәсілдерін таңдау, негіздемелік қорытындыларды жазу, оқушылардың топтық жұмыс түрі бойынша ұсыныстарын беру сияқтыларды тапсырмаға ендіру керек. Жұмыс аяқталған соң – жоғарыда аталған барлық критерийлерді қолдану арқылы өзіңді бағалау, жасалған жұмысқа рефлексті түрде ой жүгірту. «Әлем бірлігі» критерийі бойынша оқушыны бағалау үшін эссе жазу, оның тұсауын кесудің түрлі формаларының жобаларын жүзеге асыру ең жақсы құрал болып табылады.

Сонымен, бағалаудың аталмыш жүйесі мүлдем жаңа әдістемелік қамсыздандыруды талап етеді.

★ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ★

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы мектепішілік бақылау
Оқушылар жетістіктері деңгейін бағалаудың өлшемдік тәсілдері

О. В. Побирская

№ 25 ЖБМ ғылыми-әдістемелік жетекшісі, Ақтөбе қ.
Оқушылар жетістіктері деңгейін бағалаудың өлшемдік тәсілдері

Ж. З. Дошниязова

директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Мектепішілік бақылау – педагогикалық менеджменттің негізгі компоненті, білім беру ұйымының (бұдан әрі – БҰ) қосалқы жүйелері арасында кері байланыс рөлін атқаруға арналған басқарудың жетекші қызметі.

Бақылау қызметі басқару қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады, себебі бақылау барысында алған ақпарат басқарушылық шешімдер қабылдаудың негізі болып табылады. Мектепішілік бақылаудың (бұдан әрі – МІБ) мектеп жұмысын талдаудың негізінде жоспарланатыны, айқындалған мәселелерді, инновациялық процестерді қамтитыны, мұғалімдердің әдістемелік шеберлігін зерттеуге, оларға уақтылы көмек көрсетуге бағытталғаны жалпыға мәлім. Бақылауды жүзеге асыру бойынша іс-шаралардың бәрі әкімшілік мүшелерінің арасында бөлінеді, мерзімдері белгіленеді, бақылауды жүзеге асыру туралы бұйрық жасалады, тексеру алгоритмі құрастырылады. Тексеруден кейін анықтама жазылады, оның нәтижелері бойынша бұйрық шығарылады, директордың, директордың орынбасарының қатысуымен өтетін кеңесте қорытынды жасалады, ең маңыздылары ғылыми-әдістемелік немесе педагогикалық кеңестерде қарастырылады.

Критерий ағымдық және қорытынды бағалауда қолданылады. Ағымдағы бағалау процесінде барлық критерийлерді қолдану міндетті болып табылмайды. Мұғалым жұмыстың мақсаты мен мазмұнына қарай бірден алтыға дейін критерийлерді қолдануға құқы бар. Әрине, мұндай кезде мүмкін балдардың сандық шегі 6-дан 36-ға дейін шарықтайды. Ағымдағы бағалау процесінде критерийлерді қолдану барысында критерияларда сипатталған әрбір аспекті аясындағы кері байланысты алу  бірінші орынға шығады. Оған қоса белгі қою екінші орынға жайдан-жай түспейді, өйткені шын мәнінде оның қажеттілігі жоқ болып қалады. Ағымдық бағалауға арналған міндеттер бағалау айдарларымен – нақты міндеттерге бейімделген критерийлермен қоса жүреді. Әдетте оқушылар жұмысты орындаудан бұрын танысатын айдарлар мұғалімге және оқушыға аралық нәтижелерді жеке бөлек талдауға және оқу процесіне дер кезінде түзетулер ендіруге мүмкіндік береді. Оның үстіне, бағалауға деген ондай тәсіл оқушыларға негі үйреніп жатқандарын түсінуге және әр жаңа сабақтың қалай қарқын алып жатқанан түсінуге ықпал етеді.

         Қорытынды бағалау критерийлік тәсілді қолдану арқылы да жүзеге асырылады. Сөйтсе де, ағымдағыдан қорытынды белгілерді қандай да бір математикалық операцияларды қолдану арқылы мысалы, орташа арифметикалық жолмен шығаруға болмайды. Бұл ағымдық бағалау тек нақты жұмыстың жетістігін ғана көрсетеді. Қорытынды бағалауда мұғалім әр критерий бойынша оқушының жетістік деңгейін бағалай және балдарды белгіге көшіру кестесін пайдалана отырып, оқушының оқу жұмысының қорытынды нәтижесін айқындайды. Мұғалім бұған қоса, оқушының аталмыш пән бойынша портфолиосын құратын жұмыстарға сүйенеді. Портфолионың бірінші бетінде – «Оқушының жетістіктер парағында» – бағалаудың әр критерийі аясында белгілі бір уақыт аралығында жасалған оқушының барлық жұмыстарының нәтижелері белгіленеді.

              Дереккөз: «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»  журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  
У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться