Мектеп директоры ұйымдастыратын кеңестің тақырыптың жоспары

918
Мектеп директоры ұйымдастыратын кеңестің тақырыптың жоспары
Мектеп директоры ұйымдастыратын кеңестің тақырыптың жоспары
Жалпы білім беру мектептерінде басшылықтың деңгейін жоғарылату дұрыс басқару шешімдерін қабылдауға жағдай жасайтын көбінесе мектепішілік құжаттамларды дұрыс жүргізу, есептік мәліметтердің қолжетімділік және салыстырмалық қағидаттарын сақтау, сауатты және уақтылы талдауға байланысты болады.

Мектепке жүктелген қызметтер және оның қызметінің нәтижелері оқу-тәрбиелеу жұмыстарын жоспарлау, оқу-педагогикалық есеп жүргізу, мекепте іс қағаздарын ұйымдастыруға байланысты арнайы құжаттарда көрсетіледі.

Мектепті дамыту бағдарламасынан немесе мектептің жалпы жоспарынан туындайтын негізгі сұрақтар мен мәселелер анықталады және директордың қатысуымен өтетін кеңесте алдын ала енгізіледі, ал қалғандары қажеттілігіне қарай енгізілетін болады. Директормен өткен мәжіліс басшылық  кеңесінде өрістетілуі мүмкін. Біздің гимназияда директордың жанындағы кеңесті дайындау және өткізу бойынша шамамен жадынаманны келтіреміз:

  • Кеңес  жоспары оны мектеп директоры бекіткеннен кейін мұғалімдер бөлмесіне ілінеді.
  • Кеңеске қатысушылардың барлығы алдын ала хабарландырылады.
  • Кеңеске қатысушыларға талқылауға және талдауға жататын сұрақтар, тапсырмалар таратылып беріледі.
  • Жауапты тұлға тағайындалады немесе әрбір сұрақты дайындауға топ құрылады.
  • Кеңес хатшысы қабылданатын шешімдер мен тапсырмаларды жазып отырады.
  • Кеңес әрдайым алдыңғы өткен кеңестің шешімдері мен ұсынымдарының орындалуы жөніндегі есептен басталады.
  • Әдетте, кеңес маңызды ұйымдастырушылық шешімдер қабылдау алдында өткізіледі.
  • Кеңес комиссиялар және шешімдерді егжей-тегжейлі  әзірлеу және жүзеге асыруға арналған бастамашыл топтар құрады.

Кеңес барысында жинақталған ақпаратты зерделеу, мәселелерді зерттеу, аталған сәттегі істердің жай-күйіне талдау жасау, қызметтің негізгі міндеттерін, бағыттарын,  мағынасын және мәселелерді шешу үшін жауапкершілік іс-шараларын  анықтау, қажетті ресурстарды нақты айқындау және алда тұрған жұмысты жоспарлау, ұйымдастыру формаларын анықтуа қажет. Біздің гимназиямыздың даму бағдарламасын, оқу-тәрбиелеу үдерісінің (стратегиялық жоспарлау) жобасын есепке алып, арналған директордың жанындағы кеңестің жоспарын ұсынамыз.

Директор жанындағы кеңестердің 20__/__ оқу жылына арналған жоспары

Ай  

Кеңес тақырыптары, мәселелері

Жауапты адамдар                             

Тамыз

Жаңа оқу жылының басын ұйымдастыру:

  • мектеп әкімшілігінің функционалдық міндеттері;
  • педагогикалық кадрларды орналастыру, тарифтеу;
  • мектептің жұмыс режимі;
  • кабинеттердің санитарлық жағдайы, ҚТ бойынша құжаттамаларды тексеру, кабинеттердегі сабақтарға рұқсат-актілерінің болуы;
  • оқулықтармен және мектепке арналған киіммен қамсыздандырылу;
  • 1-қыркүйектегі Білім күнін өткізу;
  • мектеп жұмысының жоспарын бекіту
  • Жалпыға бірлей білім беру туралы заңның орындалуы
  • «Мектепке дейінгі жол» акциясын өткізу

Директор

Директордың ӘШБ жөніндегі орынбасары

Кітапханашы

Қыркүйек

Мектеп жұмысын ұйымдастыру:

  • факультативтерді, үйірмелерді, ГПД жасақтау;
  • есептілік материалдарын даярлау;
  • үйде оқытуды ұйымдастыру;
  • 1-4 сынып оқушыларын ыстық тамақ беруді ұйымдастыру;
  • оқушылардың сабаққа қатысулары;
  • сабақта ҚТ ережелерінің сақталуын ұйымдастыру

Мұғалімдердің біліктілікті арттыру курстарынан өтуі

Пәндер бойынша нөлдік қималар нәтижелерін талдау

Жаңадан келген мұғалімдердің оқушыларға сабақ беру деңгейі

«Назар аударыңыз: балалар» акциясының қорытындылары

Қазақстан халықтары апталығының қорытындысы

Оқушыларды ҰБТ мен АМБ-ға даярлау жұмысының жоспарын бекіту

Оқушылар мінез-құлық әдебі жөніндегі мектептің жұмыс  жоспарын бекіту

Директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Директордың ТІ жөніндегі орынбасары

Директордың БО жөніндегі орынбасары

Қазан

МІБ мен мұғалімдерді аттестаттауды ұйымдастыру:

  • журнал тексерудің қорытындылары: бірыңғай орфографиялық тәртіптің сақталуы;
  • сабақтарды ауыстыруды тексеру

Мектепте қосымша білім беруді ұйымдастыру: мектептегі қосымша білім беру ісінің жай-күйіне талдау

Мұғалімдердің берілген санаттары біліктілік талаптарына сәйкестігі

2-5 сынып оқушыларының оқи білу деңгейі

Директор

Көп тілдік цикл кафедрасының, бастауыш сыныптар жетекшілері

Ноябрь

І тоқсан қорытындысы:

Қараша

І тоқсанның ұйымдастырыла аяқталуы және күзгі каникулды өткізу;

І тоқсанның оқу жұмысын талдау

І тоқсанның тәрбие жұмысын талда

Құжаттама тексеру қорытындысы (журнал, дәптер,

күнделік)

Математикадан, информатикадан сабақ берілу жағдайын талдау

Ата-аналар шағымдары мен өтінімдерін талдау: гимназия бөлімшелері жұмыстарын жақсартудың нақты шараларын табу

Оқушылардың сабаққа қатысуын талдау. «Жоғалған оқу уақыты» штабының есебі

Пәні бойынша үлгермейтін оқушылар бар мұғалімдердің сабақ жүргізу деңгейі

Директор

Директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Директордың ТІ жөніндегі орынбасары

Директордың БО жөніндегі орынбасары Ақпараттық-математикалық цикл кафедрасының жетекшісі

Женлтоқсан

1 жартыжылдықтағы пәндер бойынша үлгермеушіліктің алдын алу

  • үлгермеушілік себептерін айқындау;
  • орын алған қиындықтарды жеңіп шығудың жолдарын іздеу

Жаңажылдық мерекелер мен каникулды ұйымдастыру және өткізу

  • І жартыжылдықты ұйымшылдықпен аяқтау;
  • каникулды ұйымдастыру

Мектеп командасының аудандық олимпиадаларға қатысу дайындығының деңгейі

Педагогика ұжымының аттестаттауға даярлығының деңгейі

І жартыжылдықтағы тәрбие жұмысы жоспарының орындалуын талдау

Біліктілік санатын өсіру үшін өтініш берген аттестатталушы мұғалімдер оқушыларының білім сапасы

Сынамалық ҰБТ, АМБ қортындылары

Кафедра меңгерушілері

Директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Директордың ТІ жөніндегі орынбасары

Аттестаттау комиссиясының мүшелері

9,11- сыныптардың пән мұғалімдері

Январь Қаңтар

І жартыжылдықтағы мектеп жұмысының қорытындысы:

  • мектептегі оқу жұмысының қорытындысы;
  • мектептегі тәрбие жұмысының қорытындысы;
  • оқу-тәрбие жұмысын бақылаудың қорытыныдысы;
  • оқу бағдарламаларының І жартыжылдықтағы орындалуын талдау;
  • оқушыларды қорытынды аттестаттауға дайындаудағы мұғалімдер жұмысының деңгейі;
  • оқушылардың сабақтарға қатысуы

Мектептің әдістемелік жұмысын ұйымдастыру:

  • пәндік кафедралар аясында өткізілген ашық сабақтардың нәтижелілігі мен сапасын айқындау;
  • біліктілікті арттырудың курстық жүйесінің орындалу барысы;
  • пәндер бойынша  сыныптан тыс жұмыстардың рөлі, оның үйретіліп жатқан пәндерге деген қызығушылықты арттырудағы ықпалы

Қазақ тілінің берілу жағдайын талдау

Мұғалімдердің өздігінен білімін көтеруі

Пәндер бойынша қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарын орындау

Кафедра меңгерушілері Директордың БО жөніндегі орынбасары

Директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Директордың ТІ жөніндегі орынбасары Қаазақ тілі ӘО-ның жетекшісі

Ақпан

Жалпыға бірдей білім беру бойынша қаңтарлық айлығының қортындысы

Оқушылардың қорытынды аттестаттауға дайындығы туралы:

  • пәндер бойынша қайталауды ұйымдастыру;
  • сынама тестілеу нәтижелері

Аудандық және қалалық олимпиадалар нәтижелерінің қортындысы

Құжаттама тексерісін талдау

Үйірмелер, секциялар жұмысын талдау

Үйде оқытылатын оқушылармен жұмыс

Мектептің Балаларды қорғау күніне, АҚ күніне қатысты дайындық  деңгейі

ҰБТ-ны  ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нормативтік-құқықтық база

Мінез-құлық эстетикалық және этникалық мәдениеті айлығының қорытындысы

«Халықтың рухани мұрасын жеткізуші саналатын қыз баланың адамгершілік-әдептілік тәрбиесі»

Директордың БО жөніндегі орынбасары

Директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Директордың ТІ жөніндегі орынбасары Қосымша білім беру педагогтері

Наурыз

 «Заманауи білім беру технологиялары оқу-білім үрдісі нысандары мен әдістерін жетілдірудің, білім сапасын арттырудың факторы іспеттес» әдістемелік айлығының қортындысы

Оқушылардың Қазақстан тарихынан жақсы оқытылып-үйретілуі

4-сыныптардағы көбейту кестесін білуді қалыптастыруды тексерудің қорытындысы

Кәсіптік бейімдеу жөніндегі айлық нәтижелерін талдау

4,9 сыныптардағы АМБ қорытындысы

3 тоқсан қортындысы:

  • 3 тоқсанды ұйымшылдықпен аяқтау және көктемгі каникулды өткізу;
  • 3 тоқсандағы оқу жұмысының қорытындысын талдау;
  • 3 тоқсандағы тәрбие жұмысының қорытындысын талдау;

Директордың БО жөніндегі орынбасары

Директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Директордың ТІ жөніндегі орынбасары Әлеуметтік-гуманитарлық цикл

кафедрасының жетекшісі

Сәуір

Мектеп ақпараттық-әдістемелік орталығының жұмысы:

  • оқушылар мен педагогтердің орталыққа келуін талдау;
  • орталық жоспарының жүзеге асырылу қорытындысын шығару;
  • келесі оқу жылына оқулықтардың жеткілікті болу жоспарын үйлестіру
  • 9, 11-сыныптар оқушыларын қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру:
  • оқушылардың емтиханға әзірлену барысы;
  • пән мұғалімдерінің қорытынды аттестаттау мен ҰБТ –ге даярлық тұрғысындағы жұмыстарын талдау;
  • сынып жетекшілерінің емтиханға әзірлік бойынша жұмысы;
  • қорытынды қайталауды ұйымдастыру

Дарынды балалармен жұмыстың қорытындысы: мектеп МОҒБ жұмысының нәтижелілігі

Қосымша білім беретін мұғалімдердің шығармашылық есептері

Оқушылардың ОДБ директорлық әкімшілік бақылау қортындылары

Бейінді пәндерден сабақ берудің жай-күйі

Директор Директордың БО жөніндегі орынбасары

Директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Директордың ТІ жөніндегі орынбасары

Кітапханашы

МОҒБ басшылары

Мамыр

Емтихан материалдарын бекіту

Оқу жылын ұйымшылдықпен аяқтау

  • оқу жұмысының қорытындысы;
  • тәрбие жұмысының қорытындысы;
  • жоспарлауға қатысты ойлар, көқарастар, ұсыныстар;
  • соңғы қоңырауды ұйымдастыру

Көшіру емтихандарының қорытындысы

Мектептің жаз мезгіліндегі жұмысы:

  • жазғы мектеп лагерін ұйымдастыру;
  • жазғы еңбек практикасын ұйымдастру;
  • «тәуекел тобындағы» балалармен жұмыс

Мектепті жөндеу жұмысына әзірлік

Мұғалімдерді аттестаттау

11-сыныптарды сынама тестілеудің нәтижелері

Кафедра меңгерушілері

Мектеп полицейі Директордың БО жөніндегі орынбасары

Директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Директордың ТІ жөніндегі орынбасары

Маусым

Педагогика ұжымының мектеп құжаттамаларымен жұмысы сапасын талдау

9,11-сынып оқушыларын қортынды аттестаттаудың нәтижелері

Мектептің жаңа оқу жылына даярлығы

Мектептің 20__/__ оқу жылындағы жұмысын талдау

Мектеп бітіру балын өткізу

Алдын ала сыныптар жинақтау

20__/__ оқу жылына арналған оқу жоспарының жобасы

Директордың БО жөніндегі орынбасары

Директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Директордың ТІ жөніндегі орынбасары Директордың ӘШБ жөніндегі орынбасары

 Директордың жанындағы кеңес тақырыбының негізгі мақсаттарын келесідей белгілеуге болады:

  • мектептегі істің немесе жұмыстың өзге жекелеген учаскесінің жай күйі жайында ақпарат алу және талдау;
  • мектепте бүгінгі күні ұсынылып отырған талаптарды есепке алып, алынған ақпараттарды талдау негізінде мектептегі оқу-тәрбиелеу үдерісінің жағдайына баға беру; мектеп басшылар немесе жекелеген оқытушылардың қабылдаған іс-шараларының нәтижелеріне баға беру;
  • оқушылардың білім дайындықтарының базистік талаптарға сәйкестік деңгейіне баға беру;
  • мектептің қандай болмасын оқу-тәрбиелеу жұмысында орын алған қиындықтар мен кемшіліктердің себептерін анықтау;
  • мұғалімдердің жұмыс тәжірибесін зерделеу және кейініректе оны педагогикалық ұжымға таныстыру; мектеп ұжымының басшылары мен мүшелерінің әрі қарайғы қызметі туралы қорытындылар тұжырымдау
  • жоспарланатын оқу-тәрбиелеу үдерісі жағдайының ауытқушылығын болдырмау.

Мектеп директорының жанындағы кеңес ең алдымен мұғалімдер мен педагогтардың мектеп қауымдастығының қызметі бойынша алқалы басқару шешімдерін қабылдауға бағытталған. 

        

Дереккөз:  «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»  журналы



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль