MCFR.KZ Образование

Мектептегі білім беру сапасын арттырудың жолдары

  • 8 февраля 2019
  • 3455
Мектептегі білім беру сапасын арттырудың жолдары
Мектептегі білім беру сапасын арттырудың жолдары

Ғылым, мәдениет, экономика және қоғамдық өмірдің өзге салаларын дамытуда білім жетекші факторлардың бірінің ролін атқарады, сондықтан бұл даму адамның өзіндік қабілетімен анықталады.


Сол себепті білім сапасын арттыру мәселесі оның бүкіл жүйесінде, әсіресе мектепте бірінші деңгейдегі орын алады. Аталған мәселені шешудің негізгі жолдарының бірін біз мектеп білімінің сапасын жүйелер ретінде қарастыру және маңыздысы білімді дербестендіру болып табылатын оны дамытуға жағдайлар жасау деп есептейміз.

Мектеп қызметінің мақсатты бағыты көптеген мәселелерді шешумен қамтамасыз етіледі, олардың ішінде:

  • оқушыларды оқытуда инновациялық тәсіл және мониторинг негізінде білім сапасын басқаруды жетілдіру;
  • педагогикалық процесті ұйымдастыру бойынша басқару қызметінің сапасын жоғарылату.

Балаларды оқыту және тәрбиелеу сапасын арттыруда мұғалімдердің педагогикалық шеберлігінің, кәсіби құзыреттілігінің өсуі ерекше роль атқарады. Мұғалімдердің біліктілікті арттыру курстарында жүйелі түрде оқытылуы, олардың семинарларға, ғылыми-теоретикалық және әдістемелік конференциялар, педагогикалық оқуларға қатысуы өз бетінше білім алуы, шығармашылық есептер педагогтардың кәсіби шеберлігін айтарлықтай көтеруге жағдай жасайды, бұл түп қорытындысында оқушыларды оқыту сапасына әсерін тигізеді.

Оқытудың интерактивті және денсаулық сақтау әдістерін қолдану, мультимедиялық кабинеттерді барған сайын көбірек пайдалану білім және бақылау үдерісінде өзінің нәтижелерін  көрсетіп отыр. Бұл біздің мектептегі бүкіл білім  қызметінің мониторингін көрсетеді. Сонымен қатар, біз оқушыларды оқытудың сапасын дамыту  болашағы жөнінде өзіміздің ойларымызбен бөліскіміз келеді:

  • мектеп қауымдастығының барлық мүшелерінің ортақ өмірдің нормалары мен ережелерін құруға қатысуы (жергілікті заңнама): жоғары сыныптар кеңесі, үздіктер кеңесі;
  • қабылдайтын шешімдердің ашықтығы;
  • басқарудың педагогтар, оқушылар мен ата-аналар енгізілетін сайлау органдарының болуы: мектеп кеңесі;
  • баланың және ересектердің дербестігін, өзін-өзі таныту, өзін-өзі жүзеге асыруына жағдайлар туғызатын алуан түрлі ұжымдық шығармашылық істер мен жобалардың болуы: «Жыл оқушысы», «Жылдың ең таңдаулы сыныбы» атты конкурстар.

Білім үдерісінің басты мағынасы оқушыларда қызметтің әмбебап ептіліктері мен қабілеттерін дамытуға жағдайлар туғызу болуы тиіс. Бұған сабақты оқу үдерісінің жүйе құрушы бірлігі ретінде қабылдамау жағдайында қол жеткізуге болады.  Мысалы, жұмыста келешек 5 сыныптардың параллелінде барлық негізгі орта мектептің басты мақсаты мен міндеттерін анықтайтын, өзінің тұжырымдамасын педагогикалық кеңесте қорғайтын, әрбір оқу жылына басым мақсаттары мен міндеттерін әзірлейтін және осы мақсаттарды жүзеге асыру тәсілдерін айқындайтын мұғалімдер командасы қалыптасуы тиіс. Мұғалімдер командасы игерілуіне ерекше көңіл бөлінетін қызметтің шеберліктері мен тәсілдерін анықтайды. Әрі қарай бұл игеруді ұйымдастырудың формалары белгіленеді. Мектептегі басты нәрсе білім үдерісі болып табылады.

Білім үдерісінің мақсаты әрбір баланың өзіндік бейімділіктері, мүдделері мен мүмкіндіктеріне сай білім алуы болып табылады.  Осы мақсат әрбір мектепте әр бала үшін нақтылануы тиіс. Баланың өзіндік қасиетін зерделеу негізінде оны мектепте оқыту және тұлға ретінде дамуының мүмкін болатын жолдары белгіленеді.

★ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ★

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы мектепішілік бақылау
Мектептегі білім беру сапасын арттырудың жолдары

О. В. Побирская

№ 25 ЖБМ ғылыми-әдістемелік жетекшісі, Ақтөбе қ.
Мектептегі білім беру сапасын арттырудың жолдары

Ж. З. Дошниязова

директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Мектепішілік бақылау – педагогикалық менеджменттің негізгі компоненті, білім беру ұйымының (бұдан әрі – БҰ) қосалқы жүйелері арасында кері байланыс рөлін атқаруға арналған басқарудың жетекші қызметі.

Бақылау қызметі басқару қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады, себебі бақылау барысында алған ақпарат басқарушылық шешімдер қабылдаудың негізі болып табылады. Мектепішілік бақылаудың (бұдан әрі – МІБ) мектеп жұмысын талдаудың негізінде жоспарланатыны, айқындалған мәселелерді, инновациялық процестерді қамтитыны, мұғалімдердің әдістемелік шеберлігін зерттеуге, оларға уақтылы көмек көрсетуге бағытталғаны жалпыға мәлім. Бақылауды жүзеге асыру бойынша іс-шаралардың бәрі әкімшілік мүшелерінің арасында бөлінеді, мерзімдері белгіленеді, бақылауды жүзеге асыру туралы бұйрық жасалады, тексеру алгоритмі құрастырылады. Тексеруден кейін анықтама жазылады, оның нәтижелері бойынша бұйрық шығарылады, директордың, директордың орынбасарының қатысуымен өтетін кеңесте қорытынды жасалады, ең маңыздылары ғылыми-әдістемелік немесе педагогикалық кеңестерде қарастырылады.

Жоспарланған нәтижелер – бұл  білім мекемесі алдына қоятын нақты мақсаттар. Оларды іріктеу ең алдымен қоғам, мемлекет және тұлғаның өзіндік талаптарымен анықталады. Түрлі мектептер үшін жалпы сипаттағы жетекші бағдарламаланатын және өлшенетін нәтижелерді келесі жиынтықта көруге болады:

  • білім үдерісіне қатысатын барлық  - оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар, мектеп басшыларының жетекші өмірлік құндылықтар ретінде білім уәждемесі;
  • оқушылардың дербес білім қызметіне дайындығы – жалпы оқу шеберліктері мен дағдыларының қалыптасуы, практикалық міндеттері көріп және шеше білуі;
  • оқушылардың танымдық деңгейін дамыту деңгейі;
  • білімі, ептіліктері мен дағдыларының жүйелілігін сипаттайтын оқытылуы;
  • оқушыларда   адамгершілік қасиеттердің жетілуі; өмір жолында өзін-өзі анықтауға, отбасын құруға, адамдардың ұлты мен діни нанымына қарамастан өзара қатынасына дайындығы;
  • балалардың денсаулығын сақтау, нығайту және олардың салауатты өмір салтына дайындығы;
  • мектептің абыройы мен беделін жоғарылату.

                      

 Дереккөз:  «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»  журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  
У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться