MCFR.KZ Образование

Білім сапасының мониторингі

  • 20 декабря 2018
  • 6415
Білім сапасының мониторингі
Білім сапасының мониторингі

Білім беру процесстерін жетілдірудің жетекші бағыттарының бірі қазіргі кезеңде, мектеп қауымдастығының барлық мүдделі қатысушыларын жұмылдыра отырып, білім беру сапасын дамыту және бақылау мониторингі арқылы мектепті басқару жүйесін жасақтау болып табылады.

★ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ★

Білім беру үдерісінің сапасын бақылау
Білім сапасының мониторингі

Г. Т. Дандыбаева

директор ГУ «Школа-лицей № 2 отдела образования акимата города Костаная»
Білім сапасының мониторингі

Г. В. Сочнева

заместитель директора по УР

Мектепішілік сапа қызметінің (бұдан әрі – МІСҚ) жұмысы оқудың барлық сатысында білім беру процесінің сапасы туралы нақты объективті ақпаратты қамтамасыз етуді және басқарушылық ақпараттық ағымдарды реттеуді көздейді.

Білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағытталған МІСҚ басқарушылық, ашықтық және ынтымақтастық қағидаттарының негізінде әрекет етеді.

Басқарушылық қағидаты білім сапасын қамтамасыз ету үшін МІСҚ барлық компоненттерін: мақсаттарын, мазмұнын, нысандарын, нәтижесін жобалауды білдіреді.

Ашықтық қағидаты мектеп қоғамдастығының мектебіміздің білім беру стратегиясын мектеп сайты, Күнделік, ата-аналар қоғамдастығымен кездесулер арқылы іске асыру барысы туралы хабардарлығымен қамтамасыз етіледі.

Ынтымақтастық қағидаты оқушылар мен ата-аналар қоғамын білім беру қызметін бағалауға тарту арқылы іске асырылады.

Білім беру процессінің сапасын басқарудың тиімді жүйесін құру, үш негізге алынатын міндеттерді шешуді талап етеді:

– басқарудың түпкілікті мақсаттарын қосатын (білім беру стандарттары, әлеуметтік стандарттар), сапа өлшемін (эталонын) жасақтау;

– эталонмен және осы негізде сапаны бағалаудың қол жеткізген даярлық денгейін салыстыру;

– анықталған ауытқуларды азайту мақсатымен қол жеткізген сапаны анықтайтын талаптар мен факторларға басқарушы ықпалдарының өнімділігі.

Мониторинг – диагностика жүргізуге және болжамдалған нәтижелерге сәйкес мектептердің оңтайлы қызмет етуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, мектепті көп деңгейлі басқарудың маңызды жүйелерінің бірі. Мониторингтің жүйеқұрайтын құрылымы (қасиеті), білім беру мекемелері пайдаланатын бақылаудың барлық түрлерін, мақсаттары, қаржылары (құралдары), келесі жалпы принціптердің: жүйелік, циклдік, кезеңдік, оқиғаларды тікелей бақылайтын негіздегі нәтижелері бойынша өзара іс әрекет ететін элементтердің бірыңғай құрылымына біріктіруге мүмкіндік береді.

Мониторинг басқарудың барлық функцияларымен және сатыларымен тығыз байланыста болады. Мақсаттары; мектептің білім беру жүйелерінің ахуалы және оның қызмет етуінің негізгі көрсеткіштері туралы ақпараттар; болжамдар; шешімдер; педагогикалық қызметтерді ұйымдастыру және атқару; оқу мекемесінің қызметін түзету - мониторингті қарастырудың негізгі нүктелері болып табылады.

Мониторинг, басқаруды ақпараттық қамтамасыз етуге, оның тиімділігін арттыруға бағдарланған, уақыттың кез келген сәтінде нысанның ахуалы туралы біліп тұруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге мониторинг, ҚР қолданыстағы құқықтық және нормативтік құжаттарына, білім беруді ұйымдастырудың әдістемелік материалдарына және мектепті дамытудың стратегиялық жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.

Мониторингтің мақсаты және міндеттері. Даму үрдістерін болжамдау және бағалау үшін мектептің білім беру жүйелерінің ахуалы және олардың қызмет етуінің негізгі көрсеткіштері туралы алынатын ақпараттарды қорыту және талдау, білім сапасын жетілдіруге бағытталған, негізделген басқару шешімдерін қабылдау болып табылады.

Біздің мектепте, қойылған мақсатқа қол жеткізу келесі міндеттерді жүзеге асыру жолымен шешіледі:

  • Мектептің педагогикалық жүйелерінің ахуалын және ол жүзеге асыратын білім беру сапасын жүйелі түрде және жанжақты зерделеу.
  • Шынайы ақпараттар негізінде бағалау және ОТП-ін қамтамасыз ету талаптарын жетілдіру (әлеуметтік тапсырыс, қазіргі заманғы білім берудің даму бағдарлары, мектептің Миссиялары және Философиялары, білім берудің, оқу бағдарламаларының, кадрлар әлеуетінің, материалдық ресурстық базаның мақсаттары мен мән мағынасы).
  • ОТП-ін тиімді басқару:

– психо-педагогикалық міндеттерді жүзеге асыруда (жаңа білім құрылымында, оқу дағдыларында, мінез құлықтарында, тұлғалыққа, оның қарымқатынастар жүйесіне бағытталуы);

– функционалдық міндеттерді жүзеге асыруда (білім алушылардың іс әрекетін басқаруда педагогикалық ықпал ету тәсілдері);

– мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруда: білім беру процессіндегі өзгерістерді және оларды туындататын факторларды анықтау; оқу сапасын басқару.

  • Мектептегі мониторингтік зерттеулер механизмдерін жетілдіру.
  • Мектептің білім беру жүйелерін мониторингілеу субъектілерінің қызметін үйлестіру.

Мониторинг нысандары

Біздің мектепте оқушы және оқытушы, оқу нәтижелері (ағымдағы, қорытынды), ОТП-нің ресурстық базасы мониторинг нысандары болып табылады.

Мониторингтің негізгі бағыттары мен түрлері. Мектептің білім беру жүйелерінің сапасын мониторингілеу мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес, мониторингтің келесі бағыттары белгіленген: оқушылардың оқу (білім алу) жетістіктерінің деңгейі; педагогтардың кәсіби шеберліктері; инновациялық қызмет (интеграцияланған бағдарламаларды енгізу); тәрбиелеу жүйелерінің тиімділігі.

Мектептің білім беру қызметін мониторингілеу келесі өлшемдер түрін қосады:

– педагогикалық (оқу білімдері құрылымында жаңақұрылымдар, құзыреттіліктер);

– психологиялық (мінез құлық, тұлғалыққа бағыттау, тұлғалық қарым қатынастар жүйесі, негізгі психологиялық сипаттамалар);

– дидактикалық (студенттердің іс әрекеттерін түзету мен басқаруға бағытталған педагогикалық ықпал ету тәсілдері).

Мектеп қызметі нәтижелерінің талдау сызбасы

Ұсынылып отырған мониторингті ұйымдастыру және басқару сызбасы, білім беру процессінің сапасы, мектеп қызметінің барлық бағыттары бойынша белгіленген мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру деңгейі туралы жедел және шынайы ақпарат беріп, проблемаларды шешудің оңтайлы жолдарын анықтауға мүмкіндік береді. Мониторингтің осы моделінің жүзеге асырылуын талдау, «Мирас» халықаралық мектебінде білім беру сапасын жетілдіру процессінде оның жоғары тиімділігін көрсетіп отыр.

Дереккөз: № 7-2011 «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»  журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться