text
MCFR.KZ Образование

Тренинг элементтері бар ата-аналар жиналысы

  • 7 сентября 2018
  • 954

Мақсаты: бірінші сыныптықтардың бейімделуі және бейімделмеуінің негізгі түсініктерін түсіндіру.

Міндеттері:

  • ата-аналарды 6–7 жастағы балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерімен таныстыру;
  • тәрбие және оқыту мәселелері бойынша практикалық кеңестер алмасу;
  • әдістемелік нұсқауларды ескере отырып, бірінші сыныптықтар үшін оңтайлы режимді бірлесе құру.

Жиналыста байсалды фондық әуен ойнап тұрады, ата-аналар қызығушылықтары бойынша 4–6 адамнан топ болып отырады.

Іс-шара барысы

Жиналыс ата-аналармен жалпы танысудан басталады. Әрқайсысына өзінің және баласының есімін, сонымен қатар оны сипаттайтын сын есімді атау ұсынылады.

Жиналыстың тақырыбы мен мақсаты туралы психологтың кіріспе сөзі.

Психолог. Мектепке бару баланың өмір салтын толықтай өзгертеді. Бірінші сынып оқушысы үшін мектепке бейімделу неғұрлым күрделі кезең болып табылады. Бүгін біз бейімделудің және бейімделмеудің негізгі аспектілерін қарастырамыз, балалармен жұмыс істеу жоспарын және әр балаға оңтайлы күн режимін құрамыз.

  Бейімделу – бұл үйренісу, лайықталу. Оқудың бірінші жылы ерекше қиын: қалыпты өмір салты өзгереді, бала жаңа әлеуметтік жағдайларға, жаңа қызметке, бейтаныс ересектер мен қатарластарына  бейімделеді.

Бұл кезең 4-тен 7-ге дейінгі аптаны құрайды. Кейбір балалар шулы болуы мүмкін: айғайлайды, жүгіреді, қатты ойнайды. Сабақтарда жиі алаңдайды, мұғалімдермен өздерін аса жүгенсіз ұстайды.  

Басқалары керісінше – қысыңқы, бөгелгіш, тым жасық, көзге көрінбей жүруге тырысады, оларға мұғалім сөйлегенде именеді. Кішкентай ғана сәтсіздік немесе ескерту кезінде жиі жылайды. Мұндай балалардың ұйқысы, тәбеті бұзылады, олар қыңыр бола бастайды, кішкентай балаларға арналған ойындарға, ойыншықтарға, кітапшаларға аяқ астынан қызығушылығы туындайды, аурулар саны артады.

Барлық осы бұзылулар өмір салтының дереу өзгеруіне, талаптардың едәуір артуына және күрделенуіне байланысты бала психикасына, оның ағзасына түсетін жүктеме әсерінен болады.

Мектепке дейінгі ұйымдарға бармаған және қатарластарымен аз араласқан, «үйдің» балалары, ұйымдаспаған балалар мектепке әрең бейімделеді деген пікір қалыптасқан. Практика көрсеткендей, бұл шындыққа сай келмейді. Бұрын балабақшаға барған балалар да бейімделу кезінде едәуір қиындықтарға тап болады.  

Бейімделу үдерісі созылып кететін және білім алудың бірінші жылында аяқталмайтын балалар да бар. Олар жиі ауырады, аурулар көбінесе психосоматикалық сипатта болады. Мұндай балалар айналасындағылар тарапынан ерекше көңіл бөлуге мұқтаж.  

Ата-аналардың көбісі өз балаларына белгілі бір үміт артады, сондықтан ата-аналарға мектепке барғанда өз балаларынан не күтетінін, олардың күтулері қандай екенін жазу ұсынылады.

Практикалық жаттығу.

Ата-аналар өз ойларын ой елегінен өткізеді және жазады. Сосын топтарда өз күтулерін талқылау, неғұрлым маңыздыларын таңдау ұсынылады. Спикер жалпы пікірді айтады. Барлық топтардың өкілдері сөз сөйлегеннен кейін талқылау жүргізіледі.

Психолог. Ата-аналардың күтулері әрдайым балаға оң әсерін тигізе бермейді, көбінесе олардың уайымдаулары балаларға ауысады, бұл психологиялық жарақатқа әкеп соғады.

Күтулерді еңсеру, қызығушылықты және оқуды қалауды дамыту жөнінде бір-бірімізге кеңес беріп көрейік (талқылау, пікір алмасу).

«Ата-аналар кеңесі желісі»: жетістікке сену, жағымды нұсқаулар, аналар мен әкелердің махаббаты, режимді сақтау, белгіленген ережелерді орындау.

Ересектердің міндеті – балаларға табысты болуға көмектесу. Көмек тиімді, сауатты болуы тиіс және үш бағыт кіреді:

  • режимді ұйымдастыру;
  • үй тапсырмасын орындауды бақылау;
  • өзінділікті тәрбиелеу.

Әрқайсысына қысқаша тоқтала кетейік.

  • Сіздер қалай ойлайсыздар, күн режимін ұйымдастыру адамға не береді? (Талқылау)

Күн режимін ұйымдастыру балаға оқу жүктемесін оңайырақ еңсеруге мүмкіндік береді, жүйке жүйесін шаршаудан қорғайды, денсаулықты нығайтады.

  • Сіздер қалай ойлайсыздар, ұйымдастырылған күн режимінің негізін не құрайды? (Талқылау):
  • мектепте оқу;
  • таза ауада міндетті демалу;
  • ұзақтығы жеткілікті ұйқы;
  • тұрақты және толыққанды тамақтану.

Оқушылардың 20%-ында әлсіз денсаулық үлгермеушіліктің негізгі себебі болып табылады. Сондықтан баланы күн режимін сақтауға, тиімді тамақтануға үйреткен өте маңызды.  

Сіздің балаңыздың таңғы жаттығу жасағанына, спортпен айналысқанына, таза ауада болып тұруына қол жеткізіңіз. Сабақтардың дәл тәртібі – кез-келген еңбектің негізі. Күн режиміне күн сайынғы үй міндеттерін орындауды енгізу қажет. Олар аз болуы мүмкін, бірақ оларды балалар үнемі орындап отыруы тиіс. Мұндай міндеттерге үйретілген балаға өз заттарын жинауды, ыдысты жууды, сабақ орындауды ескертудің қажеті жоқ.

Күн режиміне күн сайын кітап оқуды енгізу қажет. Кітапты жақсы оқитын оқушы тез дамиды, сауатты жазу машықтарын меңгереді, есептерді шешуді оңайырақ еңсереді. Сонымен бірге ересек адам сөйлеу қателерін, дұрыс айтылмаған сөздерді түзете алады, балалар болса өз ойларын айтуды үйренеді.

Практикалық жаттығу.

  • Бірінші сынып оқушысының үлгі күн тәртібін құру, топтардағы жұмыс. Талқылау, неғұрлым сәтті құрылған кестені таңдау.
  • Екінші бағыт – үй тапсырмаларын орындауды бақылау. Топтарда талқылау ұсынылады (талқылау).

Психолог. Бақылау – бұл қандай да бір ақауларды, қиындықтарды жою мақсатында көмекті ұйымдастыру. Жүйелі, күнделікті, әсіресе бастауыш мектепте болуы тиіс және де алынған бағалар мен орындалған сабақтар туралы сұрақтармен шектелмеуі керек.

Әдетте қанағаттанарлық жауаптан кейін ата-аналар баланы бақыламастан өз істерімен айналысады. Бақылаусыздық білімдегі проблемаларға, ұқыпсыздыққа және баланың зияткерлік бейқамдығына әкеп соғады. Оған сабақтарда қызық болмайды, ол ақыл-оймен жұмыс істеуге тырыспайды. Тырыспауды қаламау бірте-бірте әдетке айналады.

Балаларға талапшылдық және құрмет көрсетіңіздер. Байыппен және әдеппен бақылаңыздар. Алғашқы кездерде кішкентай оқушы сіздің көмегіңізге зәру болады. Аяққы өнімді емес, үдерістің өзін бақылаған өте маңызды. Қиындықтарды еңсеруге көмектесе отырып, жұмыс қалай орындалып жатқанын қадағалау.

Ата-аналар баланың мектептегі қызметіне қызығушылық танытулары тиіс: материалды түсінді ме, орындаған әрекеттерін қалай түсіндіре алады, не ең қызық нәрсе болды, сабақта не үйренді, сыныпта кіммен достасты. Бұл сұрақтар баланы пайымдауға итермелейді, біржақты емес, ауқымды жауап беруді ұйғарады. Жекелеген икемдер мен машықтарды дамыту ғана маңызды емес, сонымен бірге өздігінен ойлауға, талдауға, дәлелдеуге, сізге кеңеске және көмекке жүгінуге үйреткен маңызды.

Практикалық жаттығу.

Үшінші бағыт – өзінділікті дамыту. Топтарда талқылау: 6–7 жастағы балалар үйде белгілі бір міндеттерге ие болулары керек пе, атап айтқанда қандай (ата-аналардың пікірлері)?

Психолог. Балаларды өзінділікке үйретуді үй тапсырмаларын орындаған кезде де жасау қажет. Тексеру кезінде қателерді көрсетуге асықпаңыз, оларды бала өзі тапсын. Оның сұрақтарына дайын жауаптарды бермеңіз. Оқу міндетін бөлуді үйретіңіз, бала қандай да бір жаттығуды орындай алу үшін қандай машықтарға және білімдерге ие болуы керектігін анық білуі керек.

Қорытындысында ата-аналар пікірлерін қалдырады: бәрінен не көбірек ұнады, немен келіспейді, қандай сұрақтар туындады.

Ата-аналар жиналысы қорытындыларын талқылау.

Дереккөз: "Сынып жетекшісінің анықтамалығы" № 9–2015 журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты