text
MCFR.KZ Образование

Сапалы мектепке дейінгі білім беру

  • 6 августа 2018
  • 1821
Сапалы мектепке дейінгі білім беру
Сапалы мектепке дейінгі білім беру

Мектепке дейінгі ұйымның әрбір басшысы сұрақтарға жауаптарды білу керек, «сапалы мектепке дейінгі білім беру» дегеніміз не, белгілі бір сапаға қалай қол жеткізуге болады және мектепке дейінгі ұйым қызметінің қандай аспектілері сапаны жақсартуға жатқызылады.

ҚР-дағы білім беру мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі болып табылады. Жоғары технологиялар мен ақпараттандыру заманындағы әлеуметтік-экономикалық прогресс білім беру жүйесінің даму деңгейіне байланысты, оның рөлі мен маңыздылығы артады, білім беру сапасын жақсарту және қолжетімділік қажеттілігі туындайды.

Ұлттық білім беру жүйесі

Ұлттық білім беру жүйесінің мақсаты – еркін, шығармашылық, зиятты және физикалық тұрғыдан дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Бұл мақсатқа барлық оқу-тәрбие беру құрылымдарын үздіксіз жетілдірудің арқасында қол жеткізілуі мүмкін: мектепке дейінгі ұйымнан университетке дейін.

Қазақстанның білім беру жүйесін дамыту әлемдік сапа стандарттарына көшу және барлық деңгейдегі халық үшін білім алуға қолжетімділікті кеңейту (әлеуметтік жағдайға қарамастан) негізінде жүргізіледі.

Жаңа заманғы қоғамның дамуы мектепке дейінгі ұйымдарға, оларда тәрбие-білім беру жұмысын ұйымдастыруға, педагогикалық ұжым қызметінің нәтижесіне, тәрбие беру мен білім беру сапасын арттыруға жаңа талаптарды қояды. Бұл өзгерістер объективті және келесі негізгі факторларға байланысты пайда болған:

  • Мектепке дейінгі ұйымдардың бәсекелестігі.
  • Жеке балабақшалар, ерте дамыту орталықтары, түзету-педагогикалық орталықтар түрінде мектепке дейінгі тәрбие берудің балама жүйесін дамыту.
  • Нақты мектепке дейінгі ұйымның өнімді қызметіне ата-аналардың қызығушылығын арттыру.
  • Мемлекет саясатының мектепке дейінгі ұйымның дамуына, оның түрлі спектрларын, ұйымдар түрлерін кеңейтуге ықпал ету.

Бүгінгі таңда мемлекеттің мектепке дейінгі жүйені дамыту саласындағы саясатының басым бағыттарының бірі ретінде барлық деңгейде сапалы білім алуды атауға болады. Мектепке дейінгі ұйымдар әлеуметтік және педагогикалық біліктілік, әр баланы жеке тұлға ретінде толық дамыту, отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жасау міндеттерін шешетін әлеуметтік-білім беру жүйесі ретінде қарастырылады.

Бақылау және басқару

Бақылау тек әкімшіліктің ғана емес, педагогтардың да жұмысы болып табылады. Осы мақалада бақылауды жүзеге асыру процедурасын қарастырамыз.
Сапалы мектепке дейінгі білім беру

Ш. Р. Калиаскарова

заведующая ГККП «Ясли-сад № 113», г. Алматы
Балабақша меңгерушісінің қызметінде барлық басқару міндеттері маңызды, олардың қайсыбірін алып тастау немесе сапасыз орындау түгел басшылық тың іркілісіне алып келеді. Осындай міндеттердің бірі мектепке дейінгі ұйымға туындайтын мәселелерді анықтау мен шешу үшін ғана емес, педагогтардың сәтті қызметін ынталандыру, ең жақсы педагогикалық тәжірибені анықтау үшін де қажет болып табылатын бақылау болып табылады. Өкінішке орай, «бақылау» сөзін педагогтар теріс мағынада қабылдап жатады, өйткені, бұл тексеру, шектеу болып есептеледі; бақылаудан кейін олардың қызметін жиі теріс бағалап, ықпал ету шараларын қолданып жатады.

2016–2019 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында (бұдан әрі – БДМБ) мектепке дейінгі ұйым қызметінің нәтижесіне бағытталған мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру міндеттері белгіленген.

Өткен оқу жылынан елімізідң білім беру саясатына байланысты балаларды мектепке сапалы дайындауға бағытталған мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын жаңарту іске асырылуда. Сондай-ақ, мектепке дейінгі білім беру саласында БДМБ негізгі міндеттерінің бірі мектепке дейінгі жастағы балалардың білік-дағдыларының дамуына бақылау жасау индикаторлары жүйелерін жетілдіру болып табылады. Индикаторлар жүйесі мектепке дейінгі ұйымдарда БДМБ сәйкес 2017–2018 оқу жылынан бастап дайындалды және енгізіледі.

Осыған байланысты мектепке дейінгі білім беру жүйесі педагогтар мен басшылардың кәсіптік-педагогикалық қызметін жаңартуға бағытталған.

Ең алдымен «сапалы мектепке дейінгі білім беру» дегеніміз не, белгілі бір сапаға қалай қол жеткізуге болады және мектепке дейінгі ұйым қызметінің қандай аспектілері сапаны арттыруға жатқызылады деген сұрақтарға жауап беру керек.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Білім беру сапасы

Білім беру сапасы – көп жоспарлы әлеуметтік санат. Педагогикада бұл түсінікке үлкен мән берілмейді – тәрбие беру мен білім берудің нормативтік құжаттарға сәйкес келуі, білім берудің баланың жеке тұлғасының, қоғамның және мемлекеттің дамуының нақты жаңа заманғы талаптарына сәйкестік деңгейіне үлкен мән беріледі.

Білім беру сапасын мақсат пен нәтиже арақатынасы, немесе мақсатқа қол жеткізу өлшемі ретінде қарауға болады. Мақсат пен нәтиже арақатынасын анықтау үшін белгілі бір критерийлер пайдаланылады:

  • Балаларды тұлғалық дамыту.
  • Зиятты, рухани-адамгершілік, физикалық, эмоционалды дамыту.
  • Шығармашылық, білімге құмарлықты, зеректікті, дербестікті дамыту.
  • Баланың мектепке дайындық деңгейі, білім берудің бірінші сатысын меңгеру дайындығы.
  • Мектепке дейінгі тәрбие беру және білім беру үлгілік оқу бағдарламасын меңгеру, мемлекеттік стандартты орындау кезінде алынған білім, білік-дағдылар.

Білім беру сапасын арттыру мәселелері көптеген елдерде белсенді түрде талқыланады.

Ғылыми-педагогикалық теорияда білім беру сапасы мемлекет пен қоғамның мүдделеріне сәйкес келетін, ол үшін жасалған жағдайлар мен қол жеткізілген нәтижелерді, тәрбие беру – білім беру процесін ұйымдастыру, жүзеге асыруды дамыту деңгейін көрсететін әр түрлі құрамдастардың жиынтығын қарастырады.

Дереккөз: «Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы» журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться