text
MCFR.KZ Образование

Білім беру ұйымын жаңа оқу жылына даярлау

  • 12 сентября 2018
  • 731
Білім беру ұйымын жаңа оқу жылына даярлау
Білім беру ұйымын жаңа оқу жылына даярлау

Барлық үлкен-кішіміз, оқушылар мен олардың ата-аналары үшін жыл сайын 1-қыркүйекте республика мектептерінің өз есіктерін айқара ашып еліміздің ұл-қыздарын білім әлеміне шақыратыны үйреншікті жайт болып кеткен.

Осы уақытқа дейін мектеп ғимаратының жан-жағы жаңартылып, бояудың сырланған иісі сезіліп тұрады, оқу кабинеттері жаңа жиһазбен, жаңа жабдықтармен толықтырылатыны мәлім. Ұзын сөздің қысқасы, мектеп оқу жылына дайын.

Бұл мектеп педагогика ұжымының, директордың, оның орынбасарларының, оның ішінде шаруашылық істері жөніндегі орынбасардың сондай-ақ осы объектіде жөндеу жұмысын жасаған мердігерлік ұйымның жаз бойы мақсатқа лайықты жүргізген еңбегі.

Ұйымның жаңа оқу жылына дайындық жұмысы басталады. Сонымен, ірі жөндеу жұмыстарна даярлық өтіп жатқан жылы қазан-қараша айларында жобалық-смета құжаттамаларын жасап, қаржыландыруға өтініш беруден басталады. Даярлық кезеңі наурыз-сәуір-мамыр кезінде ерекше қарқын алады. Мұғалімдер, сынып жетекшілері, орынбасарлар жазғы демалысқа кеткенге дейін жаңа оқу жылына қажетті: есептерін, баяндамаларын, жоспарларын, құжаттары мен әзірлемелерін дайындайды. Сыныпқа, жиһазға, жабдықтарға, стендтерге, плакаттарға, құралдарға ағымдық жөндеулер жасалады.

Соңғы қоңырау соғылысымен-ақ, көптеген мектептерде мердігерлік ұйымдар жөндеу жұмыстарын бастап та кетеді. Мектептердің жаңа оқу жылына даярлығы жаз бойы  толассыз жүреді де, тамыздың жиырмасына қарай толығымен аяқталады.Осы жұмыстардың  нәтижесі мектептің жаңа оқу жылындағы жұмысқа әзірлігін тексеруден көрінеді. Білім беру бөлімі мектептің даярлығын тексеру туралы бұйрық шығарады.

Тексеру өтетін күн, жұмыс топтарының құрамы мен мектеп даярлығын тексерудің кестесі бекітіледі. Мектептің оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру және пайдалануға беру үшін негізгі құжаттамалар мен қажетті жабдықтар тізбесі бекітіледі. Тексеруге қатысу үшін жұмыс топтарының құрамына білім беру бөлімі қызметкерлеріне басқа қала (аудан) әкімі аппаратынан мамандар, мәслихат депуттаттары, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасынан, ТЖ басқармасынан, «Қазақэнергосараптау» АҚ, жылу желістерінен (келісім бойынша) өкілдер шақырылады.

«Actualis: Образование»

42


Бүгін «Actualis: Образование» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Мектеп директорларына тексеру басталғанға дейін мектептегі барлық жөндеу жұмыстарын аяқтауға, қажетті құжаттарды, жабдықтар мен үй-жайды дайындауға, оларды жұмыс тобының кедергісіз барып-қарай алуларын қамтамасыз етуі үшін ұйғарым жіберіледі. Комисси мүшелеріне қатысты көлік мәселесі шешіледі.

«Тізбе» мектептер атқаратын негізгі, желілік мәселелерді және де комиссия мүшелері тексеретін орындалу сапасын нақты айқындап алуға көмектеседі. Бұл объектіні тексерудің барынша объективті жүргізілуіне жағдай жасайды. «Тізбенің» әр бөліміне қысқаша тоқталып өтелік.

1 бөлім «Бақылау құжаттамасы». Негізінен бұлар құқық орнатушы құжаттар. Олардың бар екендігі, дер кезінде тексеріліп, заңдық қордың өзгеруіне, қайта құруларға байланысты тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізілгені тексеріледі.

2 бөлім «Мектеп құжаттамасы». Мектептің білім беру қызметінің барлық негізгі жақтарын қамтиды. Осы бөлімнің сапалы даярлығы  мектеп әкімшілігінің, педагогикалық ұжымның  алдарында тұрған  білім беру міндеттерін шешуге, мектепте де және шағын ауданда әр оқушымен жұмыс істеуге қаншалықты даяр екендігін куәландырады. Бөлімге «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңды орындау мен кадрлар бойынша құжаттаманың жай-күйі кіреді.

3 бөлім «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша құжаттар». Мектептің оқушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғаудың жай-күйі және жұмысын көрсетіп береді.  Қауіпсіздік бойынша бұйрықтардың, нұсқаулықтар мен нұсқаунамалардың бар-жоғы талданады. Қауіпсіздік жөніндегі өзге де құжаттардың, материалдар мен көрнекіліктің бар екендігі қарастырылады.

4 бөлім «Өртке қарсы қауіпсіздік талаптарының орындалуы». ТЖ басқармасында жасалған және ҚР-дағы Өрт қауіпсіздігі ережелерінің орындалуынан, оның ішінде өрт қауіпсіздігі талаптарының территорияға, ғимараттарға, имараттарға, үй-жайларға қатысты орындалуынан көрініс береді.

5 бөлім «Энергиямен қамтамасыз ету жабдығының техникалық жағдайы».

«Қазақэнергосараптау» АҚ өкілі жасаған. Мектептегі электр жабдықтарының сақтандыру сынағын өткендігі хаттамасының болуы. Бөлу құрылғысы, оның техникалық жай-күйі, сондай-ақ кабинеттердегі, асханадағы, оқу шеберханаларындағы, спорт залдарындағы сорғыш ауа жаңартушы құралдар тексеріледі.  

6 бөлім «Мектеп үй-жайлары мен жабдықтарының санитарлық және техникалық жайы». Бекітілген санитарлық ережелер мен нормалар негізінде мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы жасаған. Мектеп территориясы мен ғимаратының жай-күйін: инженерлік-техникалық желісін: сумен қамсыздандыру, канализация, жылу; жарықтандыру және жиһаз; мектеп үй-жайларының санитарлық-техникалық жағдайы: спорт залы, шеберханалар, медицина кабинеті, мектеп алды даярлық сыныбы, азық бөлімі, оқу қабинеттерін егжей-тегжейлі  талдауды көздейді.

7 бөлім «Алғашқы әскери дайындық бойынша құжаттар мен  қажетті жабдықтардың тізбесі». АӘД, азаматтық қорғаныс және мектептің тіршілік әрекеті қауіпсіздігі негіздері бойынша жабдықтар мен мүліктер құжаттарын талдау ниет етіледі. Оның ішіне  әскери-техникалық мүлікті сақтауға арналған бөлменің бар екендігі және оның жалпы жағдайы, саптық даярлық сабақтарын өткізетін алаңдардың бар болуы, лицензияланған мемлекеттік рәміздердің бары және дұрыс орналастырылуы кіреді.

8 бөлім «Жаңа жылыту маусымына дайындық». Жылыту мерзіміне дайындығы: актілердің, орындалу сызбалары, бақылау аспаптарының бар-жоғы тексеріледі. Шайқау-жуу, сынама қарау, өлшеу және пломбалау жұмыстары атқарылады. Әр қилы бөлу және іске бейімдеу жұмыстары жасалады. Объектінің жаңа жылыту мерзіміне берілетін жылу қуатын қабылдауға әзір екендігіне қол қойылған актісі болуы тиіс.

9 бөлім «Аумақ және мектеп жанындағы үлескі». Меншікті және іргелес территорияның санитарлық жағдайы талданады. «Гүлденген аула» жобасын жүзеге асыру, мектептің жасылдандыру бригадасының жұмыс кестесі болуы.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. Баптар бойынша практикалық түсіндірме

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып әзірленді және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мақұлдады.

Білім беру ұйымын жаңа оқу жылына даярлау
Авторлық ұжымның жетекшісі: С. Ғ. Бисақаев, «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК-ның бас директоры, академик, техника ғылымдарының докторы, профессор.
Білім беру ұйымын жаңа оқу жылына даярлау

Комиссияның әр мүшесі мектептің дайын екендігін өз тізбесінің әр тармағы бойынша он баллдық жүйе бойынша  бағалайды да, нәтижелерін арнайы кестеге кіргізеді. Мектептер тексерісі аяқталғаннан кейін кестелер өңдеуге тапсырылады, жиынтық кесте жасалып, үздік, анағұрлым даяр, сондай-ақ артта қалған мектептер айқындалады. Болашақта аса назар аударуды  қажет ететін жерлер белгіленеді. Комиссия мүшелерінің елеулі  қаржы шығынын талап етпейтін кейбір ескертулері оқу жылы  басталғанға дейін жөнге келтіріледі. Білім беру ұйымын жөндеу жоспарын жасаған кезде, келесі жылы өндірістік іс-шараларды атқару кезінде комиссия мүшелерінің ескертулері мен ұсыныстары ескеріледі. Тексеру барысында айқындалған өрескел бұзушылықтар білім беру бөлімінің ерекше бақылауына алынады.

Жаңа оқу жылына даярлығының сапасы бойынша мектеп ұжымдары, көшбасшылар әкімдіктің (білім беру бөлімінің) мақтау қағаздарымен және құнды сыйлықтармен немесе ақшалай сыйақымен марапатталады.

Аталмыш «Тізбе» жыл сайын түзетіліп, қандай да бір өзекті деген жаңалықтар енгізіліп отырады. Өз мәнділігін жойған тармақтар алынып тасталады.

Білім беру ұйымдарын іске кірістіру және оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру үшін қажетті жабдықтар мен негізгі құжаттаманың тізбесі г. ________________

І. Бақылау құжаттамасы

1. Мекемені/кәсіпорынды/ құру, ашу және қайта тіркеу туралы биліктің атқарушы органдарының шешімі (қала әкімінің шешімі).

2. Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік.

3. Мемлекеттік мекеменің/кәсіпорынның/ Жарғысы.

4. Статистикалық карточка.

5. Қазақстан Республикасының салық төлеушісінің куәлігі.

6. Білім беру қызметімен айналысу құқығына лицензияның болуы.

7. Жер теліміне меншік құқығына, үнемі жерді пайдаланушылық құқығына акті.

8. Қозғалмайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу және онымен келісімдер туралы куәліктің болуы (ғимаратқа).

9. Қозғалмайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу және онымен келісімдер туралы куәліктің болуы (жер теліміне).

10. Техникалық төлқұжаттын болуы (мүккәмалдық істің).

11. Жол картасы» бағдарламасын орындау бойынша құжаттаманың бар болуы.

 II. Мектеп құжаттамасы

1. Жаңа оқу жылына мектеп жұмысы жоспарының болуы.

2. Инспекторлық тексеру кітабының болуы.

3. Жоғарғы тұрған органдардан құжаттардың болуы және олардың жүйеге келтірілуі.

4. Екінші жылға қалғандардың тізімі.

5. Есеп берілетін жылға мектептен оқушылардың шығып кеткені туралы растау.

6. 9-11 сынып түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша құжаттар .

7. Ағымдағы жылдың 20 тамызындағы жағдай бойынша оқушылар контингентін анықтаудағы жұмыс нәтижелерімен шағын аудан телімдерін аралау дәптерінің болуы. Туғаннан 17 жасқа дейінгі балалар тізімі нысан бойынша: №, аты-жөні, тегі, туған күні, сынып, мекенжайы, ата-анасы туралы мәлімет. (Мектеп директорымен және ЖБК   төрағасымен бекітілген № 1 нысан).

8. Жаңа оқу жылына мектептерді толымдау бойынша алғашқы ақпарат, нысан бойынша: сынып, өткен жылдың оқу жоспары бойынша сағаттар саны.

9. «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңның орындалуы (маңдайша жазу).

10. «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңның орындалуы (рәміздер).

11. «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңның орындалуы (тақта, кестелер).

12. «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңның орындалуы (іс қағаздарын жүргізу).

13. Директормен бекітілген және мұрағатпен келісілген 2 тілде іс номенклатураларының болуы.

14. Қызметкерлердің жеке істері мен еңбек кітапшаларын тіркеу және жүргізу.

15. Мектеп қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтары.

16. Ұйымның инновациялық және басқа да жобаларды енгізуде оңды беделін қалыптастыру бойынша құжаттары бар болуы.

ІІІ. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы  бойынша құжаттар

1. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ «Еңбек Кодексі» Заңының болуы.

2. Оқу жылына арналған білім беру ұйымдарында еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша іс-шаралар жоспарының болуы.

3. Оқу-тәрбие үрдісін жүргізген кезде сау және қауіпсіз еңбек жағдайларын тудыру бойынша міндеттерді бөлу туралы бұйрықтың болуы.

4. Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігіне, электршаруашылыққа, өрт қауіпсіздігіне, жол қозғалысының қауіпсіздігіне, судағы қауіпсіздігіне жауаптыларды тағайындау туралы бұйрықтардың болуы.

5. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша әкімшілік-қоғамдық бақылау журналы.

6. Қызметкерлердің алғашқы және ағымдағы нұсқамасын тіркеу журналдары.

  1. Оқушылардың нұсқамасын тіркеу журналдары (кабинеттер: химия, физика, технология, спорт залы, ИВТ).
  2. Сыныптан тыс, мектептен тыс іс-шаралар өткізген кездегі, жолға шыққандағы оқушылардың нұсқамасын тіркеу журналы.
  3. ҚТ бойынша нұсқамалар (кабинеттер: химия, физика, технология, спорт залы, ИВТ), сондай-ақ педагогика және техникалық қызметкерлерге арналған.
  4.  Пайдалануға рұқсат актілерінің болуы (кабинеттер: химия, физика, технология, спорт залы, ИВТ).
  5.  Мектеп территориясында автоалаңның және мектеп  ғимаратындағы қиылыс макетінің бар болуы. Автосыныптың бары. Жол қауіпсіздігі жөнінде құжаттама мен көрнекіліктің болуы. ЖҚЖИ отрядының жұмысы (отрядтың тізімі, жауапты адам, жұмыс жоспары).
  6.  Өртке қарсы қауіпсіздіктің алдын алу құжаттамасы және көрнекілігінің болуы. Жас өрт сөндірушілер отрядының жұмысы (отрядтың тізімі, жауапты адам, жұмыс жоспары).
  7.  Судағы қауіпсіздік жөнінде құжаттама мен көрнекіліктің болуы. 0-11 сыныпқа дейінгі жүзе алмайтын оқушылар тізімінің болуы. Жұмыс жоспары.

ІV. Өртке қарсы қауіпсіздік талаптарының  орындалуы

  1. Аумақтарға, ғимараттарға, имараттарға, жайларға қойылатын өрт қауіпсіздігінің талаптары.
  2. Электр жүйелерін, электр қондырғыларды және электротехникалық бұйымдарды монтаждау, пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігінің шаралары.
  3. Жылу жүйелеріне қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары.
  4. Ауаны алмастыру жүйелеріне қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары.
  5. Өртке қарсы сумен қамтамасыз ету желілерін қамтамасыз ету.
  6. Өрт дабылы және өрт сөндіргіш  қондырғыларын, түтінге қарсы қорғаныс, адамдарға өрт туралы хабарлау және эвакуацияны басқару жүйелерін қамтамасыз ету.
  7. Бастапқы өрт сөндіру құралдарын қамтамасыз ету бойынша талаптар.
  8.  Өрт кезінде әрекет ету тәртібі.
  9.  Ғылыми мекемелер мен оқу орындары.
  10.  Сақтау нысандары. Жалпы талаптар.

V. Энергиямен қамтамасыз ету жабдығының техникалық ағдайы

1. Қызмет ету және техникалық еңбек кабинеттері, асхана, АЕТ, тартып алатын желдеткіш, жылыжай, қазандық және кір жуатын орында жерге қосылған құрылғы мен жерге қосылатын жабдық арасындағы жүйелі байланыстың болу хаттамасының болуы (жылына 1 рет).

2. Бүкіл мектеп бойынша оқшаулау кедергісін өлшеу хаттамасының болуы (3 жылда 1 рет).

3. Бүкіл мектеп бойынша оқшаулау кедергісі «петля-фаза-нуль» өлшеу хаттамасының болуы (5 жылда 1 рет).

4. Есеп құралдарының жағдайы (электр санауыш, ток тарансформаторлары, пломбалардың болуы).

5. Бөлу құрылғысының техникалық және санитарлық жағдайы.

6. Асхана жабдықтарының техникалық жағдайы.

7. Техникалық еңбек кабинеті жабдықтарының техникалық жағдайы.

8. Қызмет ету еңбегі кабинеті жабдықтарының техникалық жағдайы.

9. АЕТ кабинеті жабдығының техникалық жағдайы.

10. Техникалық еңбек кабинеті - тартып алатын желдеткішінің техникалық жағдайы.

. Мектеп жайы мен жабдықтарының санитарлық және техникалық жайы

Мектеп аумағы:

– аумақ қоршауы: бар           , жоқ           ;

– зоналану: бар           , жоқ           ;

– спорттық аумақ: жабдықталған          , жоқ           ;

– жабдықтардың санитарлық-техникалық жағдайы: қанағаттанарлық          , қанағаттанғысыз          ;

– ҚТҚ жинақтауға арналған контейнердің болуы., бар           , жоқ           ;

– қоқысты шығаруға келісімнің болуы : бар          , жоқ          ;

– алдын алу дизинфекциялау жұмыстарына келісімнің болуы: бар          , жоқ          ;

– аумақтың санитарлық жағдайы, қанағаттанарлық          , қанағаттанғысыз         

Ғимараттың санитарлық-техникалық жағдайы

– жабынның жағдайы, қанағаттанарлық          , қанағаттанғысыз          ;

– қасбеттің жағдайы, қанағаттанарлық          , қанағаттанғысыз          ;

– сыртқы жарықтандырудың жайы, қанағаттанарлық          , қанағаттанғысыз          ;

Инженерлік-техникалық желілердің санитарлық –техникалық жайы:

– сумен қамтамасыз ету жүйелерінің жағдайы қанағаттанарлық          , қанағаттанғысыз          ;

– сумен қамтамасыз ету желісінің жөндеуі: жүргізілді           , жүргізілмеді        ;

  • желілерді жуу және тазалау және сумен қамтамасыз ету желісінің жөндеуінен кейін ауыз судың зертханалық зерттеуі нәтижесі актісінің болуы, бар          , жоқ          ;

– канализация желісінің  жағдайы, қанағаттанарлық          , қанағаттанғысыз          ;

– сантехникалық жабдықтың жеткіліктілігі, жеткілікті            , жеткіліксіз           ;

– сантехникалық жабдықтардың дұрыстығы, толық дұрыс            , дұрысталмаған     ;

– канализация желісін жөндеу, жүргізілді            , жүргізілмеді           ;

–  санитарных  тораптар жөндеуі, жүргізілді            , жүргізілмеді           ;

– жылыту жүйелерінің жағдайы, қанағаттанарлық          , қанағаттанғысыз          ;

– жылыту желілерін жөндеу, жүргізілді           , жүргізілмеді           ;

– жылыту желілерін жуып-шаю және престеу актісінің болуы: бар           , жоқ           .

Жарықтандырылу және жиһаз:

– Күйіп кеткен шамдардың ауыстырылуы, жүргізілді           , жүргізілмеді           ;

– қорғаушы арматурасының болуы: бар           , жоқ           ;

– шынылау: толық          , толық емес           ;

– қабырғаларды бояу: бар           , жоқ           ;

– жиһаздарды бояу : бар           , жоқ           ;

– күннен қорғайтын құралдардың болуы: бар           , жоқ           , олардың түсі           ;

– балалардың бой-жас ерекшеліктеріне сай жиһазбен қаматамсыз етілуі: бар           , жоқ           ;

– жиһаздардың орналастырылуы: реттелген           , жоқ           .

 Мектеп жайларының санитарлық-техникалық жағдайы:

  • спорт зал жөнделуі: жүргзілген           , жүргзілмеген            ;

– ауа алмастырғышының дұрыстығы : дұрыс           , дұрысталмаған           ;

– спорт жабдықтары: бар           , жоқ           ;

– спорт жабдықтарының дұрыстығы: дұрыс           , дұрысталмаған           ;

– душтар: жұмыс істейді           , істемейді       ;

– санитарлық торабының жағдайы, жұмыс істейді           , істемейді         ;

– жылыту құрылғылары, шыныланған бөлігі, жарық нүктелері қоршауының болуы: қоршалған           , қоршалмаған           ;

– оқу-өндірістік шеберханалардың жөнделуі: жүргізілген           , жоқ           ;

– жабдықтардың орналастырылуы : дұрыс           , дұрыс емес           ;

– шеберханалар жабдықтарының дұрыстығы: дұрыс           , дұрыс емес           ;

– жеке қорғаныс құралдары, арнайы киім: бар           , жоқ           ;

– станоктардан механикалық соратын ауа алмастырғыштың болуы: жабдықталған           , жоқ           ; дұрыс жұмыс істейді: иә           , жоқ           ;

– қол жуғыштар, сабын: бар           , жоқ           ;

– медициналық дәріқорап: бар           , жоқ           ;

–химия кабинеті: соратын ауа алмастырғыш: бар           , жоқ           ; жұмыс істеп тұр: иә           , жоқ           ;

– зертханалық үстелдерге судың жеткізілуінің : жасалған           , жасалмаған           ;

– медициналық дәріқорап: бар           , жоқ           ;

– ИЕТ кабинеті, қанша           ,оның ағымдағы жылы қайта ашылғандары           ;

– компьютерлердің орналастырылуын реттеу: реттелеген           , реттелмеген            ;

– арнайы жиһаз: бар           , жоқ           ;

– медициналық кабинеттің жөнделуі: жүргізілген           , жүргізілмеген           ;

– медициналық кабинеттің жабдықпен толымдануы: жеткілікті           , жеткіліксіз           ;

  • қандай медициналық жабдықпен жарақталмаған: ______________________;

– медициналық қызметкерлер штатының толымдығы: иә           , жоқ           ;

– мектепалды даярлық сыныптары, орналасуы (қабат)          , қанша           ;

– ойын аймағының болуы: бар           , жоқ           ;

– жиһаздың бой-жас ерекшеліктеріне сай келуі: иә           , жоқ           ;

– қол жуғыштың болуы: бар           , жоқ           ;

– жатын бөлмелердің болуы: бар           , жоқ           ;

– бір ұйықтайтын орын      (4 м2) алаңының талабын сақтау: сақталады           , сақталмайды           ; 

–  ас әзірлейтін блоктың жөнделуі: жүргізілген           , жүргізілмеген                ;

– ас ішетін залдағы қол жуғыштардың болуы және дұрыстығы : иә       , жоқ          

– техникалық жабдықтың дұрыстығы: иә       , жоқ           ;

– тоңазытқыш жабдықтың дұрыстығы: иә       , жоқ           ;

– механикалық соратын ауа алмастырғыштың болуы: иә       , жоқ           ;

  • жинап тазалайтын мүліктегі маркировкаланған (маркировкаланбаған ): иә           , жоқ           ;

– жеке жайларға бекітілуі (бекітілмеуі): иә       , жоқ           ;

– дезинфекциялау құралдарының болуы, жеткіліктілігі: иә           , жоқ           ; (тізбелеу) _____________________________________________________________________________

– мекеме қызметкерлерінің медициналық тексеруден өтуі реттелеген (жоқ): иә        , жоқ           ;

– белгіленген үлгідегі медициналық кітапшаның болуы: бар           , жоқ           .

VIIІ. ЖАҢА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ

  1. Нысанның жалпы жылумен қамтамасыз етілуіне жауапты тұлғаның болуы.

2. Жылу шаруашылығына қызмет көрсету үшін дайындалған қыз-меткерлер құрамының болуы.

3. Жылыту жүйелерінің баланстық меншіктілігінің және жақтардың пайдалану жауапкершілігі туралы актілерінің болуы.

4. Элеватордың сопелдарының және дроссельді тығырықтың (сызба басқарудың жылу торабында) белгіленген диаметрлерін көрсетіп басқарудың жылыту торабының тексерілген (жылу шаруашылығына жауаптымен) атқарушы кестесінің болуы.

5. Тік бағаналардың, құбыр жүргізу, таратып қоюшылардың, арма-тураның диаметрлерін белгілеп, жылыту құралдарының орналастырылуымен (сызба жауапты адамда) жылыту және ыстық сумен қамту жүйелерінің тек-серілген (жылыту шаруашылығына жауаптымен) атқарушы ішкі сызбасының болуы.

6. Басқарудың жылу торабында бақылаудың орнатылған тексе-рілген құралдарының (манометр, элеваторға дейінгі және кейінгі термо-метрлер).

7. Жөндеуді жүргізу және ажырату тығыздығын қамтамасыз ету үшін барлық бекітуді реттейтін арматураның ревизиясы.

8. Жылудың және ыстық сумен қамтамасыз етудің ішкі жүйелерін судың толық мөлдірлеуіне дейін гидропневматикалық шаюды орындау (3-6 м/мин сығылған ауаның келіп түсуін; манометр бойынша су мен ауа қысымдары теңгерілгенде 5 кг/см дейін қысымды тудыру және сақтауды, жылу желісіндегі суды пайдаланған кездегі жылу құралдарының жылыту біркелкілігін тексеруді қамтамасыз етумен).

9. Жылудың ішкі жүйесінің гидравликалық тығыздығы мен мықты-лығына 7,5 кгс/см қысыммен сынақ орындау.

10. Элеваторлық тораптың гидравликалық тығыздығы мен мықты-лығына 10 кгс/см қысыммен сынақ орындау.

11. Ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесінің гидравликалық тығыздығы мен мықтылығына 7,5 кгс/см қысыммен сынақ орындау.

 12. Нормативтердің сәйкестігіне грязевиктер құрылысының ашуын, тазалауын және тексеруін орындау.

13. Элеватор сопелінің өлшеуін және пломбалауын орындау.

14. Ыстық сумен қамтамасыз ету желісі диаметрінде тығырықты ор-натумен жылу және ыстық сумен қамтамасыз ету ішкі жүйелерінің ара-лығында жылу энергиясын бөлу бойынша жұмыстардың орындалуы.

15. Істегі нормативтерге сәйкес жылу құралдарының алдындағы жал-ғастырушыдағы тұйықталған бөлігінің қалпына келтірілуімен жылудың ішкі жүйесін вертикальды реттеу бойынша жұмыстар орындау.

16. Жылу құралдарының белгіленген қуатын жобаға сәйкес келтіру және тексеру бойынша жұмыстар орындау.

17. Ыстық сумен қамтамасыз ету тік бағаналарында тығырықты ор-натумен ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесін горизонтальды реттеу бойынша жұмыстар орындау және жылу тасушының біркелкі бөлінуін қамтамасыз ету.

18. Ғимаратты жылыту жағдайы.

19. Жылылықты оқшаулау жағдайы.

20. Жаңа жылыту маусымына жылу энергиясын қабылдауға нысан дайындығының қол қойылған актісінің болуы.

ІХ. Аумақ және мектеп жанындағы үлескі

  1. Меншік және жанындағы аумақтардың санитарлық жағдайы (спорт және ойын алаңдары, қоқыс жинағыш, шаруашылық аула және т.б.).
  2.  «Гүлзарлы аула» бағдарламасын жүзеге асыру.
  3. Көркейту – шағын архитектуралық нысандарды сырлау
  4. Көркейту – стадионның жай-күйі.
  5. Көркейту – ағаштарды ағарту.
  6. Көркейту – көмкерме тастарды ағарту
  7. Көркейту – асфальтты жабынның бұзылмай сақталушылығы.
  8. Көркейту – люктердің болуы.
  9. Мектеп аумағында көлік қозғалысын шектейтін белгілер мен қоршау құралдарының  болуы.
  10. Көгалдандыру бригадасы жұмыс кестесінің болуы.

Начальник отдела образования г. _____________________________

Дереккөз:  «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»  журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты