Мектептегі ата-аналар жиналысы

2109
Мектептегі ата-аналар жиналысы
Мектептегі ата-аналар жиналысы
Негізінде ата-аналар өз баласының мектепте оқыған кезінде 40-қа жуық ата-аналар жиналысына барады.

Жиналыстар айына немесе тоқсанына бір рет, балалардың жасы мен сыныптың ерекшеліктеріне қарай ұйымдастырылады, және белгіленген уақытқа қатаң сай басталуы тиіс. Ата-аналар мұндай талаптарға үйренеді, сондықтан соны ұстануға тырысады. Барынша ұзақтығы – 1–1,5 сағат.      

Міндеттер:

  • оқушыларды тәрбиелеуде және оқытуда пайда болатын  проблемаларды шешуді бірлесіп іздеу;
  • ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру;
  • олардың сынып өміріне қатысуын, өз балаларын тәрбиелеуге жауапкершілігін ынталандыру.

Ата-аналар жиналыстарына бару мақсаттары:

  • Өз баласы туралы, оның оқудағы жетістіктері мен тәртібі туралы құлағдар болуды қалауы.
  • Қандай сәттерге назар аудару керектігі, оқу және оқудан тыс қызметте нені қадағалаған және бақылаған жөн екендігі туралы нақты ұсынымдар алу мүмкіндігі.
  • Мектепте ұлы немесе қызы араласатын адамдар туралы өз әсерін қалыптастыру.
  • Түрлі шиеленісті жағдайларды педагогтармен және әкімшілікпен талқылау.        

Жиналысты дайындау

  • тақырыпты, басты проблема мен негізгі міндеттерді айқындау;
  • регламентті нақтылау;
  • сыпайы нысанда құрылған шақыру мәтінін қарастырылатын мәселелерді көрсете отырып жасау;
  • көрмелік немесе ақпараттық материалды іріктеу;
  • қатысатын мамандарды таңдау.

Ата-аналар жиналысының тақырыптарын алдын ала, неғұрлым ұзақ мерзімге (жылға және одан да көп) айқындап алуға болады, алайда бұл жағдайда мұғалімге оларды оқушылардың ата-аналарымен келісіп алғаны дұрыс.  

Сонымен бірге тек оқу проблемаларын қарастырумен ғана шектелмеу керек, педагогқа зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық даму салаларын қамтитын мәселелердің кең ауқымын ескерген жөн.

Ата-аналар жиналыстарының үлгі тақырыптамасы

1, 2-ші сыныптар.

  • «Кіші оқушылардың оқу машықтары»
  • «Мектепте және үйде аурулардың алдын алу»
  • «Мектепте және үйде өзіне-өзі қызмет көрсету»
  • «Шығармашылық қабылдауды дамыту»
  • «Жаңа оқу жылына оқу-тәрбие міндеттері»
  •  «Отбасындағы ересектің беделі»

3, 4-ші сыныптар.

  • «Оқудың төртінші жылының проблемалары мен міндеттері»
  • «Бала дамуындағы ата-ана беделінің маңызы»
  • «Есту қабылдауын дамыту жөніндегі отбасы мен мектептің бірлескен жұмысы»
  • «Оқушының денсаулығы туралы отбасы мен мектептің қамқорлығы»

5, 6-шы сыныптар.

  • «Оқушылардың оқу және тәрбие қызметін жандандыру бағдарламасы»
  • «Жалпы оқу машықтарын дамыту»
  • «Саналық тәртіпті тәрбиелеу»
  • «Балалардың отбасындағы дене тәрбиесін ұйымдастыру»

 7, 8-ші сыныптар.

  • «Қоғамдық орындарда жүріп-тұру ережелері»
  • «Өтпелі жас проблемалары және оларды шешу жолдары»
  • «Оқушылардың қысқы демалысын ұйымдастыру»
  • «Үлкендерге құрметпен қарауды тәрбиелеу»
  • «Тәрбиелеудегі отбасының рөлі»
  • «Мектептегі және үйдегі бос уақыт»
  • «Оқушыларды оқуға баулу»
  • «Отбасы мен мектептің бірыңғай талаптары»

9-шы сынып.

  • «Жаңа оқу жылына баланың дайын болуы»
  • «Жасөспірімдік жас дағдарысы»
  •  «Оқушының дербес дамуы»
  • «Жазда балалардың жүріс-тұрысын бақылау»
  • «Ересек оқушылар үшін ішкі тәртіп ережелері»
  • «Ата-аналардың балалар тәрбиесіне жауапкершілігі»
  • «Бітіруші сыныпта оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру»
  • «Бітіруші сыныптағы кәсіби бағдар»
  • «Жаман әдеттер және олардың өскелең жас ағзаға әсері»
  • «Бітіру емтихандары»

Жиналыс қарсаңында сынып жетекшісіне сыныптың басқа мұғалімдерімен әңгімелесу жүргізгені дұрыс. Мақсаты – сабақтардағы оқушылардың оқу жетістіктерін және ерекшеліктерін талқылау. Алынған ақпаратты кейіннен оқушылардың білім беру үдерісіне қатысу практикасын талдауға және жалпылауға пайдалануға болады.  

Сонымен бірге ұйымдастыру нысанын да айқындап алған дұрыс: дәстүрлі жиналыс, дөңгелек үстел, конференция, белсенді пікірталас т. б. Практикалық нысандарды қолдану педагогқа ата-аналардың ойлану және практикалық қызметін түрлендіруге, оларды қойылған мәселелерді талқылауға белсенді түрде тартуға мүмкіндік береді.

Ата-аналар жиналысын өткізу жоспары

  • Сынып жетекшісінің кіріспе сөзі.

Қажет:

  • күн тәртібін жариялау;
  • мақсаттар мен міндеттерді айқындау;
  • бірлескен жұмыс тәртібімен таныстыру;
  • жиналысқа шақырылғандарды таныстыру;
  • талқыланатын мәселелердің өзектілігін атап өту.

Бұл саты ұзақ болмауы керек, бірақ ата-аналарда өткізілетін кездесудің мақсаттары, міндеттері мен ұйымдастыру сәттері туралы пікір қалыптастыру үшін жеткілікті ақпарат болуы тиіс. Алғашқы минуттардан бастап жұмылдыру, қызықтыру және белсенді қатысуға дайындау маңызды.

  • Оқушылардың оқу жетістіктерін талдау.

Сыныптың оқу қызметінің жалпы нәтижелерімен таныстыру. Ата-аналар өз балаларының үлгерімі туралы нақты сұрақтарға жауаптарды олар жекелей кездесу кезінде алатынын ескерткен жөн. Қандай да бір пайымдауды айтқанда ересектердің жоғары мазасыздығы туралы ескерген жөн, субъективті бағалаудан бас тарту керек. Әңгімені бағалар туралы ғана емес, білім сапасы туралы да қозғаған дұрыс.

  • Сыныптағы психологиялық ахуал жағдайымен таныстыру.

Балалар үшін маңызды жағдайлардағы олардың жүріс-тұрысын талдау (сабақтарда, үзілістерде, асханада, серуендерде т. б.). әңгімелесуге арналған тақырыптар: өзара қарым-қатынастар, сөйлеу, оқушылардың сырт келбеті және балалардың жүріс-тұрысымен байланысты басқа да өзекті мәселелер. Педагогқа неғұрлым әдепті болу керек, нақты бір балаға немесе ата-анаға теріс баға беруден аулақ болғаны жөн.            

  • Психологиялық-педагогикалық ағарту.

Бұл компонентті күн тәртібінің жеке тармағына бөлмейді. Сынып жетекшісіне ата-аналарға педагогикалық әдебиеттің жаңалықтары туралы, олар балаларымен бірге баруына болатын қызықты көрмелер, фильмдер туралы ақпарат ұсынған жөн. Жекелеген мәселелерді жариялау үшін педагог-психолог, әлеуметтік педагог т. б. шақырылады. Бұл осы мамандардың жұмысы туралы айтуға және олардың ата-аналармен байланысын орнатуға деген жақсы мүмкіндік.

  • Ұйымдастырушылық мәселелерді талқылау (экскурсиялар, сыныптық кештер).

Атқарылған жұмыс туралы есеп және алдағы істер туралы ақпарат.

  • Ата-аналармен жекелей сұхбаттар.

Оқуында және дамуында проблемалары бар балалардың ата-аналары мұғалімдердің назар салатын объектісі болып табылады. Мұндай ата-аналар, сыннан қорқып, көбінесе кездесулерден қашқақтайды, сондықтан сынып жетекшісі оларға көмектесуге тырысуы қажет. Психологиялық тұрғыдан қарағанда «Мен сізді түсінемін!» дегенді білдіретін қосылу тактикасы өте тиімді.  

Ата-аналар жиналысындағы сынып жетекшісінің әрекеті

  • Шиеленісті, мазасыздықты, жағымсыз әңгіме күтуді болдырмау.
  • Мектеп пен отбасының проблемалары мен міндеттері бір екенін көрсету.
  • Проблемалық жағдайлардан шығу жолдарын қалай табу керектігін айту.
  • Ата-аналарды түсінуге тырысу, олардың орнына өзін қою.
  • Байсалды, құрметпен, мейірбандықпен, қызығушылықпен сөйлеу.

Ата-аналар жиналысын ойдағыдай өткізу амалдары

  • Үстелдер мен орындықтарды шеңбер бойынша қойып шығу: барлығы бірін-бірі жақсы көріп отырады және естиді.
  • Әсіресе ата-аналар таныс болмаса, олардың аттары бар есімхаттар дайындау.
  • «Динараның шешесі», «Витяның әкесі» т. б. демей, аты және әкесінің аты бойынша атау.
  • Жұмыстың топтық нысанын, ойын элементтерін қолдану.
  • Беделді ата-аналардың тәжірибесіне, пікіріне сүйену.
  • Кездесудің күні мен сағатын дұрыс айқындау (маңызды оқиғалар, қызықты телехабарлар т. б. жоқ кезде).
  • Жиналыс регламентін қатаң айқындау, қатысушылардың уақытын сақтау.

Қорытындылар жиналыста шығарылады.  

Қажет:

  • қорытынды шығару;
  • шешімдерді пайымдау;
  • келесі жиналысқа дайындалу туралы ақпарат беру.

Талқыланатын проблема бойынша ата-аналардың қарым-қатынасын анықтап алу маңызды – бұл үшін сұрау парақтарын дайындап алуға болады, олар кейіннен сынып жетекшісі үшін ой тұжырымдау нысаны болады.

Ата-аналар жиналысын сауатты ұйымдастыру балаларды оқытумен байланысты белгілі бір мәселелерді шешуге мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен бірге мұғалімге ата-аналармен байланыс орнатуға көмектеседі.

5-ші сынып оқушысының бейімделуі бойынша ата-аналарға арналған сауалнама

Құрметті ата-аналар!

Оқушының бастауыш мектептен негізгіге өтуі оның өміріндегі маңызды кезең болып табылады. Одан арғы білім алу бұл өтудің неғұрлым жемісті болуына байланысты болады. Сұрау мектепте 5-ші сынып оқушыларының бейімделу дәрежесін айқындау үшін жүргізіледі.

Осыған байланысты, сіздерге сауалнама сұрақтарына жауап беруді ұсынамыз. Сіздің пікіріңізге сай келетін жауап нұсқасын дөңгелектеп сызып қойыңыз.  

Жауап нұсқалары ұсынылмаған сұрақтарға өз жауабыңызды жазыңыз. Сұрақтарды жіберіп алмауға тырысыңыз.  

Сауалнама жасырын, тегіңізді көрсетпей-ақ қойыңыз.

  • Сіздің балаңыз мектептік оқу материалын меңгеруді қалай еңсеріп жүр? (Жауаптың тек бір нұсқасын таңдаңыз)
  • барлық пәндер бойынша бағдарламалық материалды нашар игереді;
  • негізгі пәндердің бірі бойынша материалды нашар иегерді, көп қате жібереді, тапсырмаларды мұқият орындамайды;
  • әріптерді тастау немесе оларды алмастырумен байланысты сирек қателер жібереді;
  • аздаған түзетулер, жекелеген қателер бар;
  • барлық пәндер бойынша бағдарламалық материалды жақсы игереді, мектеп тапсырмаларын дұрыс және қатесіз орындайды.
  • Мектеп тапсырмаларын ол қалай орындайды? (Жауаптың тек бір нұсқасын таңдаңыз)
  • жұмыс істеуден бас тартады, жылауы, айғайлауы, өшпенділік танытуы мүмкін;
  • мектеп тапсырмаларын орындау одан шиеленістің белгілі бір дәрежесін талап етеді;
  • кейде оңай жұмыс істейді, басқа уақытта бірбеткейлік танытады, тапсырмаларды орындау оны аяқтау үшін күш жұмсауды талап етеді;
  • мектеп тапсырмаларын орындау оған ерекше қиындықтар тудырмайды;
  • оңай, еркін, ерекше шиеленіссіз жұмыс істейді.
  • Мектеп тапсырмаларын орындау кезіндегі өзінділік деңгейі. (Жауаптың тек бір нұсқасын таңдаңыз)
  • мектеп тапсырмаларын орындау үшін оған ересектер тарапынан бастама, көмек және тұрақты бақылау қажет;
  • мектеп тапсырмаларын өз бетінше еңсере алар еді, бірақ оларды ересектердің көмегімен жасағанды жөн көреді;
  • кейде үлкендерден көмек сұрайды, дегенмен тапсырмаларды көбінесе өзі орындайды;
  • өз бетінше, ересектердің көмегіне дерлік жүгінбей жұмыс істейді;
  • мектеп тапсырмасын өзі еңсереді.
  • Мектепке көбінесе қандай көңіл-күймен барады? (Жауаптың тек бір нұсқасын таңдаңыз)
  • күйзелісті көңіл-күй басым, ызақорлық, ашушаңдық көріністері жиі болып тұрады;
  • жағымсыз эмоциялар болып тұрады: мазасыздық, қапалану, кейде қорқыныш, ренжігіштік, қызбалық, күйгелектік;
  • күйзеліс байқалады;
  • байсалды, іскер, күйзеліс белгілері жоқ;
  • күлімдейді, күледі, мектепке көтеріңкі көңіл-күймен барады.
  • 4-сыпыппен салыстырғандағы үлгерім деңгейін айқындаңыз.
  • артты;
  • төмендеді;
  • сол деңгейде қалды;
  • жауап беруге қиналамын.
  • Сыныптастарымен өзара қарым-қатынасын сипаттаңыз. (Жауаптың тек бір нұсқасын таңдаңыз)
  • тұйық, жалғыз қалғанды жөн көреді, балаларға жағымсыз көзқараста: ұрсысады, тіл тигізеді, төбелеседі;
  • балалармен болғанды, бірақ олармен байланысқа түспегенді жөн көреді;
  • баланың араласу шеңбері біршама шектеулі: тек кейбір балалармен араласады;
  • бастамасы аз, бірақ оған балалар жүгінгенде тез байланысқа түседі;
  • араласқыш, бастамашыл, балалармен тез байланысқа түседі, оның достары, таныстары көп.
  • Сынып жетекшісімен өзара қарым-қатынасқа баға беріңіз. (Жауаптың тек бір нұсқасын таңдаңыз)
  • мұғаліммен қарым-қатынас кезінде қымсынады, ақырын сөйлейді, мүдіреді;
  • мұғалімнің талаптарын немқұрайлы орындайды, онымен араласуға мүдделі емес, елеусіз болуға тырысады;
  • мұғалім талаптарын ынтамен орындайды, бірақ көмек алу үшін көбінесе сыныптастарына жүгінеді;
  • мұғалімнің барлық талаптарын орындауға талпынады, қажет болған жағдайда көмек алу үшін оған өзі жүгінеді;
  • мұғалімге қатысты достастық білдіреді, оған ұнауға тырысады, сабақтан кейін оған жиі барады, онымен араласады.
  • Осы сәттегі сіздің балаңыздың мектепке бейімделу деңгейі.
  • төмен;
  • орташадан төмен;
  • орташа;
  • орташадан жоғары;
  • жоғары.
  • Оқытудың жаңа жағдайларына бесінші сыныптықтардың неғұрлым ойдағыдай бейімделуі үшін мектепте не істеу қажет?

Сұрауға қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!

Дереккөз: "Сынып жетекшісінің анықтамалығы"



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль