Справочник руководителя образовательного учреждения

Авторлық бағдарлама

  • 17 марта 2019
  • 9521
Авторлық бағдарлама
Авторлық бағдарлама

Авторлық оқу бағдарламасы – педагогикалық құндылық пен жаңалықтардан хабардар ететін авторлар ұжымының немесе автордың педагогикалық шығармашылығының нәтижесі.

Сондықтан да педагогикада Дж. Дьюидің айтуынша «әлеммен адекваттық байланысты қамтамасыз ететін түсіністік пен іс-әрекетке қабілеттілік» саналатын «компетенция» ұғымы пайда болды.

«Құзыреттік» ұғымы экономика мен адамзаттық ресурстарға деген жаңа қадамның категориясы болып есептеледі. Компетенцияның құрылуы мазмұн ғана емес, әдіс пен технологияның алмасуын да қарастырады. Оның мәні- дүниені адекваттық қабылдаумен байланыстыра отырып білім беру. Мектеп тек осылай ғана оқушының –зерттеуші, ұйымдастырушы, коммуникаторлық, қайраткерлік позициясын қалыптастыра алады. Белсенді тұлға тәрбиелей отырып біз оны түрлі әдістер мен тәсілдер қолданып танымдық іс-әрекетке тартуға тиіспіз. Ол үшін білім беру саласына, оқу жоспарына, оқулықтарға тың дүниелер қосу қажет.

Мұғалім үлгілі оқу бағдарламасының, оқулықтағы материалды игерудің сапалы көрсеткіштерін, оқытудың міндетті компоненттерін бөлшектеп ашатын пассивті орындаушы емес. Оқу бағдарламасы – педагогикалық жүйенің ұсынылған дидактикалық процестері мен оқытудың ұйымдасқан формасының білім беру мен тәрбиелеудегі басты элементтерін көрсететін педагогикалық жүйенің эскизді ақпараттық моделі.

Үлгілік бағдарлама оқу-жұмыс бағдарламасының негізін құрайды және авторлық оқу бағдарламасын құрудың бағытын нұсқайды. Авторлық оқу бағдарламасы – педагогикалық құндылық пен жаңалықтардан хабардар ететін авторлар ұжымының немесе автордың педагогикалық шығармашылығының нәтижесі. Ол оқу пәнінің білім беру мазмұнын анықтайтын мемлекеттік білім беру стандартының негізінде жасалады. Авторлық бағдарламаның мазмұн құрылымы мен концепциясы жалпы білім беру стандартына сай келуі тиіс.

Авторлық әдістемелік жүйені құрастыу процесі ұзақ уақытты қамтиды және нәтижесі тұлғаны дамытуға бағытталған. Авторлық бағдарламаның мазмұнының негізінде әдістемелік жүйені құрудағы мұғалімнің өзіндік тұұлғалық тәжірибесі мен оның қызметінің даралық стилі жатыр. Авторлық бағдарламаны құрастыру технологиясын ұстаздың педагогикалық қызметінің белгілі алгоритмі, автордың өз теориялық методикалық ұстанымын негіздеуі мен таңдауынан тұратын технологиялық тізбек деп түсінуге болады:

  • автордың өз теориялық – әдіснамалық ұстанымын негіздеуі мен таңдауы.  Жұмыс бағдарламасының жалпы мәні құжаттық статус деңгейінде ашылуы тиіс;
  • оқу пәнінің таңдалған теориясының методологиялық ұстанымына сай және білім беру мақсатында құрастыру;
  • білім құрылымының оқушылырдың жеке мүмкіндігіне сәйкес таңдалуы; оқу деңгейін және олардың әрқайсысына дайындық көрсеткішін анықтау;
  • оқу процесін ұйымдастырудың әдістері, формасы, ұстаз бен оқушының қарым-қатынасының жаңа, тиімді әдістерін таңдау.

Авторлық бағдарламаға қойылатын талаптар. Кез-келген бағдарламаның құрастырылуына қойылатын талаптар бар және кейбір міндетті атрибуттар болуы тиіс. Мектеп пәнінің кез-келгені бойынша құруға болатын авторлық бағдарламаның үлгі жоспарын ұсынамын.

Алғашқы міндетті шарт - бағдарлама құрылымы мен мазмұны жағынан орта білім беру саласындағы оқу бағдарламасымен сәйкес болуы тиіс.

Сонымен қатар, авторлық бағдарлама келесі талаптарға жауап беруі керек:

  • қазіргі ғылымның педагогикалық практикалық жағдайымен сәйкес келуі, жаңалығымен даралануы;
  • оқушылардың жеке қабілетін дамытуға бағытталуы, оның интеллектуалды эмоционалды кеңістігіне, коммуникативті қабілеті мен әлеуметтік бейімделуіне;
  • жүйелілік талаптарына сай болуы;
  • психологиялық-педагогикалық негізі болуы;
  • басты дидактикалық құралдар мен материалдармен, сондай-ақ оны жүзеге асырудағы әдістемелік ұсыныстармен қамтамасыз етілуі тиіс.

Құжат құрылымында аздаған түсініктеме жасала отырып, жұмыс бағдарламасына енетін барлық бөлімдер тізбектеледі. Авторлық оқу бағдарламасы бес негізгі бөлімнен тұрады, олар:

  • түсіндірме жазба;
  • оқу материалының мазмұны;
  • оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар;
  • оқу-әдістемелік қамсыздану;
  • әдебиеттер тізімі.

★ ОЗЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ ★

Оқу үдерісінің практикалық әдістері мен тәсілдері
Авторлық бағдарлама
К. Я. Грудупс «Қостанай қ. әкімдігінің білім бөлімінің № 1 мектеп-лицейі» ММ директорының ҒӘЖ жөніндегі орынбасары
Мұғалімдердің жаңартылған білім бағдарламасын сәтті іске асыруын қамтамасыз ету үшін практикалық кеңестерді ұстану қажет.

 Түсіндірме жазба мектеп концепциясын, оқушылардың даму деңгейін, мектеп пәнінің міндетін көрсететін бағдарламаның мақсатын қамтиды. Бұл - жұмыс бағдарламасының маңызды бөлігінің бірі. Алдымен аталған жұмыс бағдарламасының мақсаты айқындалады. Одан соң оқу пәнінің жалпы сипаттамасы беріледі. Бұл арада аталған пән бойынша дайын бағдарламаны қолдануға болады. Онда берілген бағдарламаны құрастыру маңыздылығы мен бағдарлама үшін таңдалған білім компоненттері-түсініктер, заңдылықтар, шығармашылық қызмет тәжірибесінің элементтері үлгісінде көрсетілген жаңалығы негізделеді. Автор бар аналогтарға талдау жасап, оны ұсынылатын бағдарламаның пайдасына жаратады.

Ары қарай білім беру мекемесіндегі оқу бағдарламаларының бүтін жүйесіндегі орны анықталады. Оқу материалы мазмұнының жалпы құрылымы, ерекшелігі сипатталады. Бағдарламаның оқу материалының көлемі бойынша мемлекеттік білім беру стандартына сәйкестігі және болжанған нәтиже, оның қамтамасыз етілуі, оқу практикасын жүзеге асыруда оқу технологиясын таңдау негіздері белгіленеді.

 Түсіндірме жазба кілтімен мағыналық орталығы болып бағдарламаның міндеті мен мақсатын ашу саналады. Бұл тұста негізгі қиындық мақсат мен міндетті ашуда қайталау жібермеуде. Мақсат қалаған ақырғы нәтижені бекітетін авторлық бағдарламаның стратегиясы. Міндет-бұл бекітіліп, бөлшектену мен өлшеуден өтетін бағдарламаның белгілі кезеңдерінің нәтижесі. Олардың жиынтығының негізінде оқушы дамуының сапалы ілгерумен өтетін іргетас құралады.

Міндеттер - алға қойылған мақсаттарға жету баспалдағы тәрізді, авторлық бағдарламаны жүзеге асырудың нақты нәтижелері.Міндетті анықтауда дәлдігі мен айқындылығына ұмтылу қажет. Оқу бағдарламасының авторлық сипатын есепке ала отырып, міндетті авторлық ұстаным мен жаңалық байқалатындай анықтау қажет.

Әсіресе, аталған бағдарламаны одан бұрын жасалғандарынан ерекшелеудің маңызы зор. Ерекшеліктер арқылы сіздің бағдарламаңызжалпылама сипаттаудан аулақ болуы керек.

Алдымен осы бағдарламаны жүзеге асырудағы өз тәжірибеңізге, сондай-ақ тақырыпқа сай басқа бағдарламалар жайлы біліміңізге сүйенуіңіз қажет. Айырмашылық білім беру міндетін қоюда, оқу-тақырыптық жоспарлар құруда, сабақ мазмұнында, қолданылған оқу-әдістемелік материалдарда байқалуы мүмкін.

Оң нәтиже оның бағасының басты критерийі бола алады. Автордың  даралығын көрсету мақсат емес, құрал болып табылады. Аталған ерекшеліктер сіздің педагогикалық қызметіңіз жүйесінде құрылғаны түсінікті. қорытынды бөлімі ерекше көңіл аударуды қажет етеді. Ол күтілген нәтиже мен оларды тексеру әдістерін қамтиды. Күтілген нәтижелерді сипаттағанда сіздің қолданған жаңалықтарыңыз қаншалықты роль атқарғанын атап өту қажет.

Оқу материалының мазмұнында әр бөлімнің оқу тақырыбы енгізілген. Бұл бөлім әдетте айтарлықтай көлемді қамтиды. Теориялық және практикалық сабақтардың мазмұнын қысқа әрі анық келтіру керек. Бөлімді жазу стилі телеграфтыққа ұқсас қысқа әрі күрделі емес болуы шарт. Бөлім мазмұны мен тақырыбы сіздің өз бағдарламаңыз бойынша оқушылармен сабақта нені игеретініңізді байқатуы тиіс.

Осы бөлім оқушылардың ақыл-ес даму ерекшелігін, сынып құрылымын қамтитын пәнді оқыту спецификасынан тұрады. Аталған бөлім қарапайым тақырыптық жоспарлаудан тұрады. Басқаша айтқанда жыл бойына қандай тақырып, қашан өтілетіні жайлы жай ғана жоспарлап қоюға болады. Әр тақырыпқа жіберілетін оқу сағаттарының санын, сондай-ақ тақырыптық жоспарлауда қолданылатын пункттерді атап көрсету қажет (оқу мақсаты, құрал-жабдық, қосымша материал т. б.).

Бағдарлама оқушылар игеруге қолайлы білім деңгейінің талаптарына сай болуы керек.

Кесте түрінде орындалатын оқу-тақырыптық жоспарын құруда екі нәрсені естен шығармасақ айтарлықтай қиындық тудырмайды:
– оқу-тақырыптық жоспар -бағдарламаның әр бөлімге, әр тақырыпқа бөлінген теориялық және практикалық сағаттарын көрсететін бөлімдер тізімі;
– оқу-тәрбиелік жоспар мен келесі көрсетілетін тақырыптың мазмұны арасында сәйкестік болуы тиіс.

Бағдарламаның оқу-әдістемелік қамсыздандырылуы.

Мұнда аталған авторлық бағдарлама бойынша оқу процесінде педагог пен оқушының қандай әдебиетпен, әдістемелік қосымшалар, ғылыми-танымдық әдебиет т,б жабдықталғаны атап көрсетіледі. Авторлық бағдарламаның аталған бөлімінің қорытынды  әрлеуінде тәжірибелі әдіскердің көмегіне жүгінген абзал.

Әдебиеттер тізімі - бағдарламаның қорытынды бөлімі. Әдебиеттерді библиографиялық стандартпен жазуға болады. Әдебиеттер тізімін құрудың бірнеше ережесін қайталай кетсек:

  • автордың фамилиясы мен кітаптың аты алфавит бойынша келтіріледі;
  • автор инициалы фамилиядан кейін орналасады;
  • автордың аты-жөні, кітаптың атауынан басқа баспаның орны, басылымның жылы жазылады;
  • бағдарламаның ерекшеліктеріне қарай әдебиеттер тізімін педагогтар, оқушылар, ата-аналар үшін бірнеше бөлікке бөлуге болады.

Әрлеп, көркемдеуге көңіл бөліңіз. Әр бөлім мен пункттердің тақырыбы айқын, азат жол міндетті түрде болу керек. Негізгі мазмұндағы тақырыптық жоспарды кесте түрінде орындаған дұрыс. Мәтінді оқуға ыңғайлы болу үшін түйін сөздерді жирн шрифтпен не курсивпен жазу керек. Одан соң авторлық бағдарламаны бекіту, оны білім берудегі оқу-тәрбиелік процесіне енгізуге жағдай жасау жұмыстары жүргізіледі. Авторлық бағдарлама ішіндегі қолданылатын педагогикалық технология мен оқыту әдістері апробация мен экспертизадан өткізілуді қажет етеді. Экспертизаға ұсынылған авторлық  оқыту бағдарламасына осы сала бойынша жетік білетін мамандар мен ұйымдардың рецензиясы қоса беріледі.

Білім басқару ұйымдары апробация мен экспертиза өткізу барысында авторлық бағдарламаның талаптарға сай келу-келмеуін, оның оқу процесіне жіберілу мүмкіндігі турасында шешім қабылдайды. Білім беру мекемесін авторлық оқу бағдарламасын құрастырудан шектеу немесе айыру білім беру басқармасының құзырына енбейді.

Біздің мектепте нақты математикалық бағыт бойынша мынадай авторлық бағдарламалар құрастырылған: «Дифференциалды және интегралды есептеу», «Математика пәнінен практикум»,»Функционалды анализ», «Техникалық аударма», «Тарихи тұлғалар», «Flash бағдарламалау», «Веб-дизайн», «Статика мен динамика». Бұлардың бәрі де қорғалған, кейбірі оқушылар білімін тереңдетіп, интеллектін дамытатын бағдарламалар ретінде республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауына ұсынылды. Педагогтар бағдарламаның курсқа бөлінген уақытты ұтымды пайдалануға мүмкіндік беретініне тәжірибе жүзінде көздерін жеткізгенін айта кету керек.

Дереккөз«Білім беру ұйымының әдіскері» журналы

logo
Мы еще не знакомы?

       

        Давайте познакомимся!
        Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
Зарегистрироваться
Дорогой гость, заберите Ваш подарок
Бесплатный доступ к журналу "Справочник классного руководителя"
Получить бесплатный доступ