MCFR.KZ Образование

Заманауи педагогикалық технологиялар

  • 8 февраля 2019
  • 2179

Технология – бұл қандай да бір істе, шеберлікте, өнерде қолданылатын тәсілдер жиынтығы (түсіндірме сөздік). Бұл педагогтың қызметіне қатысты барлық іс-әрекеттер белгілі реттілікпен және тұтастылықпен ұсынылатын құрылымы, ал оны орындау қажетті нәтижеге жетуді тұспалдайды және болжамды сипатқа ие. Жүздеген білім беру технологиялары бар.

Жаңа психологиялық-педагогикалық технологиялардың пайда болу себептері:

★ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ★

Жобалар әдісі бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мен дамыту құралы ретінде
Заманауи педагогикалық технологиялар

С. В. Науменко

«№ 9 бастауыш мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі, Рудный қ.

Мақсаты: кез-келген оқу және өмірлік жағдайында алған білімін тануға, шығармашылық тұрғыда пайдалануға, негізгі және пән құзыреттілігін дамыту жолымен өзін-өзі дамыту дайындығына оқушылардың қабілеттерін дамытуды қамтамасыз ету.

Осы жағдайларда орта білім мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттарының бірі оқушыларды ғылыми таным әдістеріне және өздігінен зерттеуге, танымдық ынтаны қалыптастыратын және ақпараттық технологиялардың дидактикалық мүмкіндіктерін есепке алатын оқу жағдайларын кеңінен пайдалануға мақсатты және жүйелі түрде қатыстыруға арналған білім берудің бағытты мазмұны болып табылады.

Дәстүрлі технология

Жағымды тұстары

Жағымсыз тұстары

Оқытудың жүйелі сипаты.

Оқу материалын ретті, логикалық тұрғыдан дұрыс жеткізу.

Ұйымдастырушылық нақтылық.

Мұғалім тұлғасының тұрақты эмоционалды әрекеттестігі.

Жаппай оқуда ресурстарды оңтайлы шығындау

Үлгілік құрылым.

Сабақта уақытта тиімсіз бөлу.

Сабақта тек материалға бастапқы бағдарлау қамтамасыз етіледі, ал жоғары деңгейге жету үй тапсырмасына жүктеледі.

Білім алушылар бір-бірінен оқшауланады.

Дербестіліктің болмауы.

Білім алушылардың енжарлығы немесе сырт көзге белсенділігі.

Әлсіз тілдік қызмет (оқушының орташа сөйлеу уақыты – күніне 2 минут).

Әлсіз кері байланыс.

Жеке оқудың болмауы

Қазіргі кезде оқу үдерісіндегі репродуктивті қызметтің (жадыда сақталғандарды еске түсіру) үлесін азайтудың есебінен баланың тұлғалық дамуын қамтамасыз етуші заманауи білім беру технологияларын қолдануды білім сапасын арттырудың, оқушылардың жүктемесін азайтудың, оқу уақытын барынша тиімді пайдаланудың негізгі шарты ретінде қарастыруға болады.

Заманауи білім беру технологияларының қатарына

  • мәселелі оқытуды;
  • әртүрлі деңгейлік оқытуды;
  • оқытудың ұжымдық жүйесін;
  • өнертапқыштық тапсырмаларды меңгеру технологиясын (ӨТМТ);
  • оқытудың зерттеушілік әдістерін;
  • оқытудың жобалық әдістерін;
  • оқытуда ойын әдістерін: рөлдік, іскерлік және өзге де оқыту ойындарын қолдану технологиясын;
  • ынтымақтастықта оқытуды (командалық, топтық жұмыс);
  • ақпараттық-коммуникативтік технологияларды;
  • денсаулық сақтау технологияларын және т. б. жатқызуға болады.

Тұлғалық бағдарланған оқыту

Тұлғалық бағдарланған технологиялар білім алушының тұлғасын бүкіл білім беру жүйесінің орталығына қояды. Оның дамуының жайлы, шиеленісін жағдайларын, оның табиғи әлеуеттерін іске асыруды қамтамасыз ету. Осы технологияда оқушы субъект ғана емес, басымдыққа ие субъект болып табылады; ол – қандай да бір дерексіз дүниелерге жету құралы емес, білім беру жүйесінің мақсаты.

Тұлғалық бағдарланған сабақтың ерекшеліктері

  • Типі, түрі мен нысаны әртүрлі дидактикалық материалды құрылымдау, оны сабақта қолдану мақсатын, орнын және уақытын белгілеу.
  • Мұғалімнің оқушыға өзін іс жүзінде таныту мүмкіндіктерін ойластыру. Оларға сұрақ қою, бірегей идеялары мен болжамдарымен бөлісу мүмкіндігін беру.
  • Ой, пікір, бағамен алмасуды ұйымдастыру. Оқушыларды жолдастарының жауаптарын толықтыруға және талдауға ынталандыру.
  • Әр оқушының субъектілік тәжірибесін қолдану және түйсігіне сүйену. Сабақ барысында туындайтын қиын жағдайларды білімді қолдану саласы ретінде қолдану.
  • Әр оқушы үшін сәттілік жағдайын жасауға ұмтылу.

Тұлғалық бағдарланған оқыту технологиялары

Әртүрлі деңгейлік оқыту технологиясы

Материалды меңгеруге берілетін уақыт шектелмеген жағдайлардағы оқушылардың қабілеттіліктері зерттелді және мынадай санаттары бөліп көрсетілді:

  • қабілеті аз, олар оқу уақытының көп бөлігін жұмсаған жағдайда білім мен машықтардың алдын ала белгіленген деңгейіне жетуге қабілетсіз;
  • дарынды (шамамен 5 %), олар қалғандарының шамасы келмейтін дүниені орындай алады;
  • білім мен машықтарды меңгеруге деген қабілеттіліктері оқу уақытын жұмсауға байланысты оқушылардың шамамен 90 %.
Ұжымдық өзара оқу технологиясы

Осы технология бойынша жұмыс барысында жұптардың үш түрі қолданылады: статистикалық, динамикалық және вариациялық.

  • Статистикалық жұп. Мұнда қалауы бойынша екі оқушы біріктіріледі, олар рөлдермен алмасады: «мұғалім» мен «оқушы». Осылай өзара психологиялық үйлесімділік жағдайында екі әлсіз, екі мықты, мықты және әлсіз оқушы жаттыға алады.
  • Динамикалық жұп. Төрт оқушы таңдалады және оларға төрт бөліктен тұратын тапсырма беріледі; оқушы тапсырманың өзіне берілген бөлігін орындағаннан және өзіндік бақылаудан кейін тапсырманы үш рет талқылайды, яғни әрбір әріптесімен, әр кезде оның баяндау логикасын, екпінін, қарқынын және т. б. ауыстыру керек, яғни жолдастарының жеке ерекшеліктеріне бейімделу тетігін іске қосу керек.
  • Вариациялық жұп. Мұнда топтың төрт мүшесінің әрқайсысы өз тапсырмасын алады, оны орындайды, мұғаліммен бірге талдайды, қалған үш жолдастарымен сызба бойынша өзара оқытуды жүргізеді, нәтижесінде әрқайсысы оқу мазмұнының төрт үлесін меңгереді.

Ұжымдық өзара оқыту технологиясының басымдықтары:

  • үнемі қайталанып отыратын жаттығулардың нәтижесінде логикалық ойлау және түсіну дағдылары жетіледі;
  • өзара араласу барысында жадысы іске қосылады, алдыңғы тәжірибе мен білімді жұмылдыру мен өзектендіру жүреді;
  • әрбір оқушы өзін емін-еркін сезінеді, жеке қарқында жұмыс істейді;
  • тек өзінің жетістіктері үшін ғана емес, сонымен бірге ұжымдық еңбектің нәтижелері үшін жауаптылығы артады;
  • сабақ қарқынын ұстап тұру қажеттілігі жойылады, бұл ұжымдағы шағын ортаға оң әсерін тигізеді;
  • тұлғаның адекватты өзіндік бағасы, өз мүмкіндіктері мен қабілеттіліктерін, артықшылықтары мен шектеулерін бағалауы қалыптасады.

Бір ақпаратты бірнеше ауыспалы әріптестермен талқылау ассоциациялық байланыстар санын арттырады, сәйкесінше, барынша мықты меңгеруді қамтамасыз етеді.

Жалғасын «ACTUALIS: Білім беру» электрондық жүйесінен оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  
У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться