MCFR.KZ Образование

Дарынды балалармен жұмыс істеу

  • 23 января 2019
  • 766
Дарынды балалармен жұмыс істеу

Қазіргі кезде балалармен жұмыс істейтін педагогтарға үлкен жауапкершілік жүктеледі: топтағы психологиялық ахуал, қандай да бір іс-әрекет жасауда балалардың эмоциялық қолайлылығы мен жетістіктері соған байланысты.

Ерекше проблема – шығармашыл, дарынды тұлғаның қалыптасуы. Бұндай балалар үшін оқыту ерекше, дербес, оның мүмкіндіктері мен дамуын шектемейтін болуы, әлеуетін қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Дарындылығын сақтау үшін, бала кезінен бастап жағдайлар жасалуы тиіс.

Бұндай оқушыларды анықтау үшін баланың ерекшелігіне назар аудару қажет, өйткені шынайы дарындылық көбінесе оқудағы, қатарластары және ересектермен қарым-қатынастағы проблемалармен қатар көрініс табады.

Дарынды балалармен жұмыс істеу сан қырлы. Отбасында да, мектепте де баланың жарқын қабілеттерін дер кезінде тану, әр оқушының тұлға ретінде қалыптасуына қолайлы жағдайлар жасау, бұл үдерісті оң эмоциялармен сүйемелдеуге тырысу маңызды. Ол үшін білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығының күш-жігерін біріктірген жөн.

★ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ★

QR-код: мектеп кітапханасының жаңа мүмкіндіктері
Дарынды балалармен жұмыс істеу

В. В. Валентюк

Қостанай облысы Лисаковск қ. әкімдігі білім бөлімінің «№ 6 орта мектебі» КММ кітапхана меңгерушісі
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан кітапханалары үшін өзекті міндет ақпараттық ресурстарды қағаз тасығыштардан сандық форматқа көшіру болып табылады. Сондықтан QR-кодтау арқылы электрондық мектеп кітапханасын құру – осы бағдарламаны іске асырудағы қадам.

Дарынды балалармен жұмыс істеу бойынша мұғалімдерге арналған ұсынымдар:

  • Баланың дербес ерекшелігін зерделеңіз.
  • Білім қорын емес, қабілеттерін дамыту жүйесін жетілдіріңіз.
  • Сабақтарда және сабақтан тыс уақытта оқытуды саралап бөліңіз, кестедегі жүктемені азайтыңыз және жеке қызығушылығын ескере отырып, үйірмелік жұмыстарға сағаттар санын көбірек бөліңіз.
  • Сабақтарда және сабақтан тыс қызметтерде проблемалық-зерттеу әдісін белсенді түрде қолданыңыз, оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытыңыз. Өз бетінше белсенді ойлау әрекеті оқушылардың алдында проблема туындаған кезде басталатыны белгілі. Оқыту репродуктивті емес, шығармашылық сипатта болуы тиіс.
  • Шығармашылық машығын, әсерін, қиялын дамытатын біртума тапсырмалар беріңіз.
  • Жасөспірімнің қабілетін дамытуда, оның танымдық белсенділігінің жоғары болуы маңызды, бұл ретте машықтарды кез келген қызмет емес, тек эмоция арқылы қабылданғандары ғана дамыта алады. Сабақтар игілікті ортада өтуі тиіс.
  • Оқушыларға күрделі ақыл-ой жүктемесі қажет. Ойлау дербестігі, мұғалімге, өз-өзіне сұрақтар қою – сабақтардың табысты болуының міндетті құрамдас бөліктері.
  • Оқытудың жаңа әдістемелерін пайдаланыңыз. Бұндай оқушылар принципті түрдегі өзгеше дайындықты талап етеді, өйткені олар қайта тексеруге, «өзі үшін түсінуге», эксперименттеуге деген ғажайып ұмтылысымен ерекшеленеді.
  • Педагогтың дарынды балалармен жұмыс істеудегі басты міндеті – салмақты шығармашылық жұмысқа деген талғамға баулу.
  • Өзіңізде әзіл-оспақты түсіне білу сезімін дамытыңыз. Дегенмен ерекше балалардың өте намысқой және нәзік болатынын ұмытпау қажет.
  • Балалармен жұмыс істеу кезінде игілікті орта құрыңыз. Мейірімді болыңыз. Дарынды оқушылар неғұрлым алғыр болып келеді.
  • Ынталандырыңыз, мақтаңыз, төмен баллдан гөрі бір балл жоғары баға қоюға қорықпаңыз.
  • Балаларға өздерін еркін ұстауға және сұрақтар қоюына мүмкіндік беріңіз. Егер бір нәрсеге қызықса, яғни ол ойланады, ал ойланса мұғалімнің қандай да бір жетістікке қол жеткізгені.

Дарынды балалармен жұмыс істеу үшін мұғалімге қажетті қасиеттер:

  •  Оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ұға білу, олардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарын ескеру.
  • Оқыту үдерісін баланы диагностикалық зерттеудің нәтижелеріне сәйкес құру қабілеті.
  • Өзінің мақсаттары мен міндеттерін жете зерделей білуі, кең білімді және оқытудың әдістері мен стратегияларын қолдану тәжірибесін меңгеруі қажет.
  • Эмоциялық тұрғыдан бір қалыпты, яғни жинақы және өз көңіл күйі мен сезімдерін игере алуы тиіс.
  • Зияткерлік деңгейі жоғары, қызығушылығы мен машықтарының аясы кең болуы, үнемі өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуы тиіс.
  • Дарынды балалармен жұмысқа және арнайы білімдер алуға дайын болуы тиіс.
  • Табандылық, мақсаттылық, байыптылық таныта білуі қажет.
  • Оқушыларды аналитикалық қабілеттерін дамытуға ынталандыруы тиіс.

Дарынды оқушылардың оқу қызметінде өздерін көрсету ерекшеліктері

  • Оқуда, оны өзін өзі мәжбүрлеу деп қабылдамастан табыстарға жетуге және білім алуға ұмтылады.
  •  Өз бетінше әрекет етуге қабілеті бар.
  • Айналадағы ақиқатты сыни бағалай алады және заттар мен құбылыстардың мәнін ұғына біледі.
  • Өмір мен өлім, дін және әлем болмысы мәселелеріне қатысты философиялық проблемаларға шомады.
  • Оның қатарластарына жеткілікті көрінетін үстіртін түсініктерге қанағаттанбайды.
  • Үнемі өзін-өзі дамытуға ұмтылады және барлығын жақсы жасауға тырысады. Нәтижесінде – биік мақсаттар қояды және оларға қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда ауыр күйзеледі.
  • Кез келген «кедергілерді» баса отырып, назарын толық шоғырландыра және проблемаға бойлай алады.
  • Өз тәжірибесін бекітуге және оны экстремалдық жағдайда жедел пайдалана білуге қабілетті.
  • Сабақ, егер онда іздестіру және зерттеу жағдайлары, импровизациялар мен парадокстар орын алған жағдайда, олар үшін ерекше қызықты.
  • Қазіргі кезде өзін-өзі көрсетуге қажетті, проблемадағы және өмірдегі басты нәрсені ажырата алады.
  • Құбылыстар мен болмыс арасындағы қатынастарды ашуға, логикалық операцияларды пайдалануға, материалды жүйелеуге және сыныптауға өз қатарластарына қарағанда ерекше қабілетті.
  • Моральдық-адамгершілік нормалар мен қарым-қатынастар бұзылған жағдайда, әділетсіздікке қатты күйзеледі.

Дарынды балалардың жағымсыз қасиеттеріне мыналар жатады:

  • Менмендік және басқа адамның, әсіресе егер ол адам зияткерлік жағынан әлсіздеу болса, көзқарасын бөлісе алмайды.
  • Егер оқу бағдарламасы іш пысарлық және қызықсыз болса, мектепке деген жиреніші болады.
  • Құрдастарымен салыстырғанда дене дамуы артта қалған, өйткені бұндай бала зияткерлік сабақтарды ұнатады. Сол себепті ұжымдық спорттық ойындарға қатыса алмайды.
  • Сұхбаттасу мәдениетінің болмауы және проблеманың мән-жайын алғашқы сөздерден ақ түсінетіндіктен сұхбаттасының ойын өзі аяқтауды қалайды.
  • Әңгімелесу кезінде егер жолдасы логикалық қателер жіберсе немесе сөздерде екпінді дұрыс қоймаса, оның сөзін бөлуге және түзетуге ұмтылады.
  • Ымыраға келу қабілеті болмағандықтан пікірталас кезінде үнемі бірінші болуды қалайды.
  • Құрдастарын басқаруға бейім – өйтпесе ол зерігіп кетеді.

Бала абыройының жалғасы болып табылатын, оның мінезіндегі бұндай теріс ерекшеліктер, құрдастарының арасында жақтырмаушылық тудыруы және оларды өзінен алыстатуы мүмкін.

Кәдімгі мектепте оқитын дарында бала, мұғалімдерді көбінесе өзінің бәрін білгіштігімен немесе көп сұрақтар қою арқылы мұғалім назарын тек өзіне ғана «тартатындығымен» ашуландырады. Солардың нәтижесінде оның сыныптағы басқа оқушылардан оқшаулануы орын алады. Осы және көптеген басқа да себептерге байланысты дарынды балалар өздерін аласталғандай сезінеді.

Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту жөнінде ересектерге кеңес:

  • Балалардың жеке басына және қызығушылықтарына құрмет көрсетіңіз.
  • Балалардың шығармашылық талпыныстарына теріс баға беруден аулақ болыңыз.
  • Олардың оғаш идеяларына шыдамдылықпен қараңыз, әуесқойлығын, сұрақтарын сыйлаңыз.
  • Сұрақтары тіпті күтпеген жерден болса да, оларға жауап беруге тырысыңыз.
  • Кейде баланың жалғыз қалуына мүмкіндік беріңіз. Сіздің шамадан тыс қатысуыңыз және назарыңыз оның шығармашылығын қиындатуы, дарындылығының дамуын тежеуі мүмкін.
  • Ұлыңызға немесе қызыңызға өзін шығармашыл тұлға ретінде бағалауына көмектесіңіз. Алайда мінез әдептілік шеңберінен (ашулы, ызақор болудан) аспауы тиіс.
  • Балаға, ол құрдастарымен түсініксіз шығармашылық ізденіс үдерісінде жалғыз қалған кезінде түңілу мен күмәннан арылуға көмектесіңіз.
  • Жаңа шығармашылық бастамалары үшін қолдау сөздерін табыңыз, алғашқы тәжірибесін сынаудан аулақ болыңыз – оларға ұната және жылы шыраймен қарау керек; балалар өзі үшін ғана емес, жақсы көретін адамдары үшін де әрекет етуге тырысады.
  • Проблемаларды шешуде өзіңіздің жеке шығармашылық тәсіліңіздің мысалын пайдаланыңыз.
  • Түрлі салаларға қатысты қолданылатын проблемалық үлгідегі мәселелерді кеңінен пайдаланыңыз.
  • Баланың әуесқойлығы мен байқағыштығын дамыту мақсатында, оны қоршаған ортаны әртүрлі жаңа заттармен байытыңыз.
  • Балалардың белсенді түрде сұрақтар қоюына жағдай жасаңыз.
  • Ынтымақтастық пен қарым-қатынас дағдыларына үйрету арқылы қоғамдық құптамаудан аулақ болуға, әлеуметтік қайшылықтарды азайтуға және құрдастарының теріс көзқарастарын жеңуге көмектесіңіз. Оң шығармашылық амалдан айрылған бала, өзінің шығармашылық күш-жігерін мүлде теріс бағытқа жұмсауы мүмкін.


Дереккөз: "Сынып жетекшісінің анықтамалығы" журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться