MCFR.KZ Образование

Қосымша білім беру жағдайындағы тәрбие жұмысы

  • 1 февраля 2019
  • 867
Қосымша білім беру жағдайындағы тәрбие жұмысы
Қосымша білім беру жағдайындағы тәрбие жұмысы

Қосымша білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ҚБҰ) ауқымды тәрбиелік әлеуетке ие, олар мектептегі белсенділікті шығармашылық, спорттық, коммуникативтік, өз бетімен жұмыс барысына ықпал етуші факторлармен алмастыру арқылы оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру түрінде оларға барынша эмоционалды, жайлы жағдай жасауға қабілетті.

Олар тіршілік қарекетінің әртүрлі формаларында жүзеге асырылады, оған ойын, еңбек, таным, аймақтану, спорт, көркем шығармашылық кіреді, бұлар балаларды өздерін қоршаған ортамен қарым-қатынас орнату мәдениетіне сәтті баулуға мүмкіндік береді.

Баланы қосымша білім беру жағдайында тәрбиелеу бірқатар ерекшеліктерге ие: бала өзін өзі тануына, мектеп жасында өзінің таңдауын анықтауға мүмкіндік береді; сол немесе басқа қызметтің бастапқы таңдауы соңғы таңдау болмауы мүмкін, яғни балаға болашақ қызметін таңдау еркіндігі беріледі.

Зияткерлік, тұлғалық немесе әлеуметтік сала басымдыққа ие, қызметтің мазмұны әртүрлі болуы мүмкін: спорт, техника, экология, өнер, модельдеу және т. б.

ҚБҰ-ның қызметі өзара түсіністік, конструктивті әрекеттестік және серіктестік атмосферасын қалыптастыруға бағытталған. Қабілеттерді, зердені және т. б. дамытудың кез келген деңгейіне арналған білім беру траекториясы бойынша алға жылжытудың жеке темпін қамтамасыз ету мүмкіндігі оның артықшылықтарының бірі болып табылады.

ҚБҰ-дағы тәрбие жұмысының маңыздылығын барлығы түсінеді. Көптеген педагогтер кәсіби-педагогикалық дайындықтан өтпестен, нақты пәндік-практикалық саланың мамандары болып табылатындығы оның айрықша ерекшелігі болып табылады, сондықтан олардың тәрбиелік сипаттағы міндеттерді шешуі интуитивтік тұрғыда жүзеге асырылады. Осыған байланысты тұлғаның қалыптасуына тәрбиелік әсердің маңыздылығы мен индивидтің жалпы мәдениетін қалыптастыруда ҚБҰ-ның тәрбиелік әлеуетін қолдану мүмкіндігі арасында қарама-қайшылықтар туындайды.

Тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруда директордың ТІ жөніндегі орынбасарына ерекше көңіл бөлінеді. Оқушыларды мектепішілік және мектептен тыс тәрбиелеудің мазмұнын нақты ол анықтайды.

ҚБҰ-да психологиялық қызмет жүйесі жоқ, алайда нақты психологиялық жағдайды анықтау мониторингі қажет. Оқушылар мен педагогтердің психологиялық жағдайының мониторингін өткізу тәрбие жұмысының мазмұнына енгізілді.

ҚБҰ-дағы директордың ТІ жөніндегі орынбасарының қызметіне психологиялық қамтамасыз ету де кіреді.

Ресурстық орталықтармен өзара әрекеттестікке ерекше көңіл бөлінді. Тәрбие жұмысы жалпы білім беретін мектептердің пән мұғалімдерімен серіктестікте жүзеге асырылады:

  • музыка апталығын әңгімелесулер, музыкалық лекторийлер, біріктірілген сабақтар түрінде әртүрлі сыныптарда өткізуге болады, оның тақырыпнамасы музыка өнеріне байланысты болуы тиіс;
  • химия сабағында композитор А. П. Бородиннің химиямен қызыға айналысқандығы туралы айтуға болады;
  • физикада – дыбыстың физикалық қасиеттері туралы;
  • математикада – ғалым әл-Фараби туралы, француз композиторы, сәулетшісі, математигі, музыка теоретигі Я. Ксенакис туралы;
  • әдебиетте – сөз бен музыканың өзара байланысы туралы;
  • географияда – әртүрлі мемлекеттердің музыкалық мұрасы туралы;
  • биологияда – музыканың адам ағзасына әсері туралы;
  • тарихта – әртүрлі дәуірлердегі, бағыттағы және т. б. музыка туралы.

Пән мұғалімімен тығыз қарым-қатынаста болу керек, себебі оқушылармен шығармашылық ағартудың әртүрлі формаларын өткізу жалпы мектептің мәдениеті деңгейін көтеруге септігін тигізеді.

★ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ★

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы мектепішілік бақылау
Қосымша білім беру жағдайындағы тәрбие жұмысы

О. В. Побирская

№ 25 ЖБМ ғылыми-әдістемелік жетекшісі, Ақтөбе қ.
Қосымша білім беру жағдайындағы тәрбие жұмысы

Ж. З. Дошниязова

директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Мектепішілік бақылау – педагогикалық менеджменттің негізгі компоненті, білім беру ұйымының (бұдан әрі – БҰ) қосалқы жүйелері арасында кері байланыс рөлін атқаруға арналған басқарудың жетекші қызметі.

Бақылау қызметі басқару қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады, себебі бақылау барысында алған ақпарат басқарушылық шешімдер қабылдаудың негізі болып табылады. Мектепішілік бақылаудың (бұдан әрі – МІБ) мектеп жұмысын талдаудың негізінде жоспарланатыны, айқындалған мәселелерді, инновациялық процестерді қамтитыны, мұғалімдердің әдістемелік шеберлігін зерттеуге, оларға уақтылы көмек көрсетуге бағытталғаны жалпыға мәлім. Бақылауды жүзеге асыру бойынша іс-шаралардың бәрі әкімшілік мүшелерінің арасында бөлінеді, мерзімдері белгіленеді, бақылауды жүзеге асыру туралы бұйрық жасалады, тексеру алгоритмі құрастырылады. Тексеруден кейін анықтама жазылады, оның нәтижелері бойынша бұйрық шығарылады, директордың, директордың орынбасарының қатысуымен өтетін кеңесте қорытынды жасалады, ең маңыздылары ғылыми-әдістемелік немесе педагогикалық кеңестерде қарастырылады.

ҚБҰ-ның мектепішілік және мектептен тыс тәрбие жұмысының мазмұнына сүйене отырып директордың ТІ жөніндегі орынбасарының құжаттамасы келесі материалдардан тұрады:

  • Жұмысты ұйымдастыру диагностикасы мен бақылау: оқушылардың тәрбиешілдік деңгейін, олардың қоғамдық белсенділіктерін талдау; педагогтер жұмысының сапасы; жалпы мектептік іс-шаралардың сапасы.
  • Мектептің облыстық, қалалық іс-шараларға қатысуы: іс-шараларды есепке алу журналы, мадақтамалар, марапаттар және т. с. с.
  • Оқушылардың, педагогтердің психологиялық жағдайының (жайлылық пен жайсыздық) дәрежесі туралы сауалнама мәліметтері (ҚБҰ-дағы оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруға қанағаттанушылығына диагностика жүргізу).
  • Кәсіптік бағдарлау жұмыстарын ұйымдастыру.

Тәрбие үдерісі тұлғалық дамуға, кәсіптік өзін өзі анықтауға, балалардың шығармашылық еңбегіне, олардың қабілеттерін қолдануға, қоғам өміріне бейімдеуге, ҚБҰ-ның басқа пән және шығармашылық салаларымен өзара әрекеттестігін кеңейту арқылы азаматтық түсінігін қалыптастыруға жағдай жасауға бағытталған.

Дереккөз: № 10-2013 «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»  журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  
У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться