MCFR.KZ Образование

«Наурыз – көктем мерекесі» сынып сағаты

  • 6 марта 2019
  • 1119
«Наурыз – көктем мерекесі» сынып сағаты
«Наурыз – көктем мерекесі» сынып сағаты

Мақсаты: ˗ балалар бойында қазақтың халықтық дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, салттары туралы білімді бекіту; ˗ мәдениетті құрметтеуге, қызығу сезіміне баулу; ˗ отансүйгіштікті, Отанға деген сүйіспеншілікті және құрметтеуді тәрбиелеу.


САБАҚТАН ТЫС ҚЫЗМЕТ

Анаға арналған мереке
«Наурыз – көктем мерекесі» сынып сағаты
Н. Л. Боярская «№ 118 мектеп-гимназиясы» КММ бастауыш сынып мұғалімі, Алматы қ.

Үздік мақалаға дауыс беріңіз

Мақсаты:

  • аналарға, әжелерге, әйелдерге құрмет көрсетуге тәрбиелеу;
  • аналар мен балалар арасында, оқушылар арасында жылы эмоционалды ахуалды қалыптастыру;
  • балалардың отбасыларымен мейірімді қарым-қатынасын нығайту;
  • сынып және мектеп шараларын өткізуге ата-аналарды тарту.

Шара барысы

Л. И. Ошаниннің «Солнечный круг» өлеңіне сыныпқа аналар мен әжелер кіреді, орындарына отырады.

Іс-шара барысы

Жүргізуші. Балалар, бүгін мен біздің халқымыздың мәдениеті мен тұрмысы туралы әңгімелесуді ұсынамын.

Қане, тарихқа жүгінейік.      

  • Бұрындары қазақтар қандай өмір салтын ұстанған?     
  • Олардың неге көшпелі өмір салтын ұстанғанын қалай түсіндіресіңдер?      
  • Еттен не дайындаған?        
  • Айтыңдаршы, қандай мейрам жақындап келе жатыр?

Наурыз – Шығыстың көптеген халқы тойлайтын, бізге ғасырлар қойнауынан келген ежелгі көктем және еңбек мерекесі. 22 наурызда көктемнің күн мен түн теңескен күні атап өтіледі.

Күн уақыты ұзарады, түнмен теңеседі, көктем өз күшіне енеді.

Осы көктем мерекесінде адамдар бір-біріне қонаққа барады, барлық реніштерін кешіреді, дәстүрлі наурыз көже және әр түрлі дәмді тағамдар ұсынады.

Барлығы мейірімді болуға тырысады. Кездескенде ең шынайы тілектерін айтады, денсаулық, бақыт, жылулық тілейді.

Дәстүрлі тағам Наурыз көже қысқы тойымды тамақтан жазғы – неғұрлым жеңіл тағамдарға көшуді білдіреді.

Дәстүр бойынша наурыз көже дайындағанда оған 7 түрлі нәрсе, өмірдің 7 белгісін қосады: су, ет, тұз, май, ұн, дәнді дақылдар (күріш, жүгері немесе бидай) және сүт. Олар шаттықты, жетістікті, даналықты, денсаулықты, әл-ауқатты, жылдамдықты, өсуді және қорғануды білдіреді.

Баллар, қане 2 командаға бөлінейік те, халық дәстүрлерін, әдет-ғұрыптар мен салттарын білуден жарысайық!

I кезең «Дәстүрлі қазақ асханасы»

Әрбір дұрыс жауап үшін – 1 ұпай.

  • Қандай тағамдарды қазақтар сүттен жасаған?
  • Қаймақ;
  • Сары май;     
  • Сүзбе;           
  • Құрт;
  • Ірімшік;        
  • Қымыз;         
  • Шұбат.

           

  • Ет тағамдары.      
  • Қазы.
  • Шұжық.        
  • Жая.  
  • Қарта.            
  • Әсіп.  
  • Қуырдақ.

           

  • Нан тағамдары.     
  • Нан.   
  • Шелпек.        
  • Бауырсақ.     
     

II кезең «Жанды сұрақ»

           

Команда сұрақтар саласын таңдайды.

  • Математика. Қандай сан қазақ халқында қасиетті және құрметтеуге лайық деп саналады? (7)    
  • Физика. Көктем келісімен бір агрегаттық қалыптан екіншіге өтудің қандай құбылысы белсенді түрде көріне бастайды? (Еру)        
  • Тіл. Наурыз сөзі қалай аударылады, қай тілден? Жаңа күн», парсы тілінен)
  • География. Күн мен түннің теңесуіне қатысты қандай затты Наурыз мейрамымен байланыстыруға болады? (Таразы)          
  • Тарих. Мерекенің түп-тамыры. (Иран және түркі халықтарынан)  
     
  • кезең «Ең епті»

      

Әр командадан бір ұл баладан шықарылады.

Тапсырма:

  • Қатарға тізілген асықтарды ату керек, атып шығарылған асықтардың саны еншілеген ұпай санына тең болады;
  • әр ұл бала өз күшін көрсетеді: гантель көтеруі, тез, мүдірмей қазақ тілінде барлық 12 айдың атауын атауы керек.     

IV кезең «Білімімізді көрсетейік»         


    Ең аз ұпай санын алған команда жауаптар саласын, сосын сұрағы бар санды таңдайды. Қате жауап берілсе жүріс келесі командаға беріледі.        

Тағамдар

  1. Түйе сүтінен дайындалған сусын? (Шұбат)      
  2. Наурыз меркесінде жеті нәрседен дайындайтын дәстүрлі тағамның атауы? (Наурыз-көже)        
  3. Етті, бүйректі, бауырды майдалап турап, май мен дәмдеуіштер қосып қуырады. (Қуырдақ)
  4. Қазақтар құрметті қонағына құрамына жал-жая, шұжық, қарта, қазы кіретін тағам тартады. (Бесбармақ)
  5. Құйрық майға пісірілген қамырдың майда бөлшектері. (Бауырсақ)

Киімдер

  1. Тұрмыс құрған әйелдің бас киімі. (Кимешек)   
  2. Көйлектің сыртынан киілетін, қапсырма, оюмен кестеленген, жеңсіз киім. (Камзол)
  3. Қалыңдықтың бас киімі. (Сәукеле)          
  4. Мәсі деген не? (Сыртынан калош киілетін ерлер аяқ киімі)   
  5. Оюмен кестеленген кішкентай телпек. (Тақия

Салттар

  1. Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалған той. (Шілдехана)
  2. Нәрсете алғашқы қадамдарын жасағанда қонақ шақырып, ең құрметті қонаққа баланың аяғындағы тұсауды кестіру салты. (Тұсау кесу)         
  3. «Беташар» деген не? (Қалыңдықтың бетін ашу)          
  4. «Қырқынан шығару» салты қалай өтеді? (40 күннен кейін әйелдер нәрестені шомылдырады, шашын алады)    
  5. «Бесікке салу» дәстүрінің мақсаты. Баланы бесікке бөлеу» – бұл салтты кіндік шешеге сеніп тапсырады)  

V кезең «Мені түсін»

Екі қатысушы шығады. Біріншісі сөздер көрсетілген экранға арқасымен тұрады. Екінші қатысушы оған қарама-қарсы тұрады. Сөздің өзін атамай, тек синонимдер мен шамалап суреттеу арқылы оған анықтама беру.

Әрбір табылған сөз үшін команда ұпай алады.

  • Алтыбақан
  • Ақкөңілділік
  • Құттықтау
  • Безендіру
  • Бата беру
  • Қымыз
     

Қорытындыларды шығару.

Командаларды марапаттау.

Жүргізуші. Балалар, біз бүгін қазақ халқның көптеген сал-дәстүрлері туралы айттық, бірақ тағы біреуі бар – ол «Шашу» деп аталады, бұл кезде қонақтар мен үй иелеріне қуаныш, бақыт және қонақжайлық белгісі ретінде тәттілер шашады!

Наурыз сендердің отбасыларыңа тек бақыт, ал келген жыл – тек жақсылық әкелсін!


Дереккөз: "Сынып жетекшісінің анықтамалығы" журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  
У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться