text
MCFR.KZ Образование

Қазақтардың музыка мәдениеті

  • 11 июля 2018
  • 114
Қазақтардың музыка мәдениеті
Қазақтардың музыка мәдениеті

Қазақ халқының аса бай ақындық және музыка мәдениеті халқымыздың жоғары рухының көрінісі болып табылады. Ол ХІХ – ХХ ғасырдың басында ауызекі өнердің кәсіби музыканттарының шығармашылығында айқын көрініс тапты.

Осы тақырып бойынша мына мақалаларды оқи аласыздар:

Қазақ даласының сиқырлы дыбыстары

Қазақ музыкалық аспаптары мұражайына саяхат

Туған жердің атақты сазгерлері


Кәсіби мәдениеттің өзіндік ерекшеліктері мыналар:

  • жоғары орындаушылық кәсіпқойлық;
  • дәстүрлі ауызекі мектеп жүйесі бойынша оқыту: мұғалім – оқушы. Оқуды бітіргеннен кейін оқушы өзінің ұстазының алғысын, батасын алады;
  • авторлықтың болуы – қазақ мәдениетінде музыкант тек өзінің шығакрмалары болғанда ғана атақты болған;
  • синкретизм – шығармашылық қызметтің әртүрлі түрлерінің бөлшектенбеуі – ақындық, орындаушылық, шешендік, актерлік шеберлік;
  • жеке орындаушылық;
  • импровизациялық және күйді бір тыңдағаннан есте сақтау қабілеті – айтыстар мен тартыстарда көрсету;
  • авторлық туындылар мен жеке стильдік жүйелердің жан-жақтылығы;
  • әнші үшін музыкалық аспаптың бірінде міндетті түрде ойнай алуы – халықтық-кәсіби ән үнемі аспаптың сүйемелдеуімен орындалған;
  • халық әніне тән емес жанрлардың, өнер туралы күй-әндердің, әндерді орындау туралы, өсиет әндердің, күй-арнаулардың және т. б. болуы;
  • интонационды-қанық, толық, виртуозды әуен;
  • қоғамдық мойындау, тұрақты саяхаттар.

Ауызекі дәстүрдің кәсіби өнерінің өкілдері мен тасымалдаушылары ақындар, салдар, серілер, жыраулар, жыршылар, күйшілер болған.

Ақын – суырып салма ақын, айтысқа қатысушы, дәстүрлі, лирикалық, эпикалық репертуарды орындаушы, ол үнемі өз домбырасында сүйемелдейді. Айтыс өнері қазақ ақындары шеберлігінің жоғары кезеңі болып табылады.

Сал, сері – жоғары деңгейлі музыканттар, оларға жоғары көркемдік әртістік, бай музыкалық-ақындық, орындаушылық және композиторлық қабілет тән. Салдар мен серілер әншілердің де, композиторлардың да, аспапшылардың да, әртістердің де, сиқыршылардың да, жонглерлердің де, бишілердің де, палуандардың да рөлін атқарған. Олар, әдеттегідей, жүйрік аттың, құмай тазының, аңшы құстардың иесі болған. Оларға театралдылық, эксцентрлік тән. Академик А. Жұбанов атап өткендей: «Салдар мен серілер әртіс сөзінің толық мағынасын ашатындай әртістер болды. Олар үнемі көпшіліктің назарында болды, өнерге қызмет етті, сондықтан да осы жағдайлардың барлығы оларға өзіндік ізін қалдырған, мамандықтың ерекшелігі олардың басқа адамдардың арасынан еріксіз бөлген. Халық «салдар мен серілерді» жақсы көрді, олар ерекше құрмет пен сыйға бөленген. Олар қазақ қоғамының сүйіктілері мен еркелері болды».

Жырау – жырлаушы, жыршы, эпикалық репертуарды, сонымен қатар философиялық, танымдық әндерді орындаушы.

Жыршы – эпикалық туындыларды, философиялық, танымдық әндерді орындаушы. Зерттеуші Е. Исмаилов жазып өткендей: «Шебер жыршылардың мәртебесі өте жоғары болған – ақыннан немесе жыраудан кем болмайды. Және де салтанатты кештер мен тойлардағы олардың тікелей міндеттерінің шеңбері оларды әнші-ақындармен және шешендермен жақындастырды».

Күйшілер – композитор мен орындаушы бір адам. Ерекше дарынды, айқын жеке стилистикалық қасиетке ие кәсібилігі жоғары ерекше музыкант-аспапшылар, суырып салма шеберлері.

Ауызекі дәстүрдің кәсіби әнші-композиторларының шығармашылығы стилінің жарқын дербестілігімен, өзіндік бейнелік құрылымымен, қалыптасқан көркемдік құралдарымен ерекшеленді. Уақыт өте келе бірнеше мектеп бөлініп шықты: арқалық, батыс қазақстандық, жетісулық – әрқайсысының өзіндік қайталанбас мәнері, стилі болды. Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Әсет, Жаяу Мұса, Естай, Мәди, Ыбырай, Майра, Абай және т. б. халықтық-кәсіби әннің жарқын өкілдері болды.

Атақты күйшілердің – ауызекі дәстүрдің кәсіпқойлары шығармашылығын қазақ музыка мәдениетінің классикасы деп атау қажет. Домбыра өнері қарқынды түрде дамыды, ол екі бағытта ұсынылған – батыс қазақстан мектебі төкпе-күй және шығыс қазақстандық шертпе-күй. Осы 2 стиль орындаушылық техникасы, композиция принциптері, тақырыпнамасы бойынша ерекшеленеді, сонымен қатар домбыраның әртүрлі формаларына негізделген айырмашылықтар бар. Шығыс қазақстандық күйдің төкпе дәстүрі – ерекшелігі бойынша динамикалық, ерікті, энергиялық, олардың белгілі форма-сызбасы бар.

Тіркеу бөлімінің халықтық атауы бар: бас буын (начальное звено), орта буын (среднее звено), алғашқы саға. Төкпе күйлерде екі ішекте буынды қатты сілтеу арқылы дыбыс шығарылған. Шығыс қазақстандық шертпе күйлердің тіркелген форма-сызбасы жоқ. Аймақтарға бөлінген және бөлінбеген күйлер де бар, олар бір әуендік құрылымнан тұрады. Шертпе күйлердің әндік тақырыпнамасы еркін, суырып салмалық түрде дамиды, камералық дыбысталу, жұмсақ шертпелі дыбыс тән.

Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Тәттімбет, Сүгір, Қазанғап, Түркеш және т. б. домбыра өнерінің атақты өкілдері болып табылады.

Айтыс және тартыс. Қазақ музыканттарының кәсіби өнері өзіндік формасын қалыптастырды. Ауылға атақты әншілердің, күйшілердің келуіне байланысты міндетті түрде қонақтарды қабылдау, мейрам өткізілген, осының шеңберінде әртістер өнер көрсеткен. Кездесу естелігі ретінде қонақжай қожайындарға ән сыйлаған немесе күй шығарылған. Үлкен тойлар, астар ақындардың, жыршылардың, күйшілердің өнер көрсетуімен жалғасқан.

Музыканттардың мақсатты бағдарланған өнерлері жарыс турнирлерінде өткізілген: айтыс пен тартыста – жиналған халықтың алдында. Осы жарыстардағы жеңістері оларға атақ, мәртебе сыйлаған, ақын, күйші жоғары атағын алған. Еркектермен қатар әйелдердің де музыкант бола алатындығын атап өткен жөн. Қазақ әйелдерінің еркіндіктері, олардың дербестігі туралы орыс саяхатшылары өз естеліктерінде жазған.

Айтыстар мен тартыстардың бірқатар түрлері болды, олардың әрқайсысының белгілі ережелері болды. Барынша кеңінен тараған түрлерінің бірі – әртүрлі рудың қыздары мен бозбалаларының сайысы. Кез келген музыкалық-ақындық немесе аспаптық жарыстың негізін – суырып салмалық құрайды. Шығармашылықтың осы түрінің бірегейлігі мен күрделілігі осында. Бұл әнді немесе күйді үздік орындаушы конкурсы ғана емес. Айтыста бір сәттік, екпінді-озат ақындық суырып салмалық қасиетін көрсету үшін қажет. Қатысушылар ақындық, музыкалық, әртістік дарындылықтарымен қатар өздерінің өткір тілділігін, тапқырлығын, зеректігін көрсеткен.

Айтыстардың тақырыбы әртүрлі болды: көкейкесті қоғамдық мәселелер, туыстық қатынастар, адамгершілік тақырыптары, әйелдерді азат ету, әділдік, тұлға тақырыбы, өнер және т. б. көтерілген. Барынша атақты айтыстар поэмалар түрінде халықтың есінде сақталып қалған. Дәстүрге сәйкес жеңіске жеткен ақын осындай поэма шығарған.   Ақындардың барынша танымал сайысы Біржан мен Сараның айтысы болып табылады. Ол жерде феодалдық қағидалар, салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар жойылады, тұлға еркіндігі, әйелдер теңдігі мәселесі көтеріледі. Біржан тең бәсекелестіктің нәтижесінде ақын Сараны жеңеді, ол бұл айтыста Сараның сүймейтін адамға шыққандығын алға тартады. 

Сара өзінің жеңілісін мойындай келе, қазақ әйелінің қоғамдағы теңсіздігі туралы өзінің алаңдаушылығын жеткізді. Осылайша, әйелдер теңсіздігі туралы өзекті әлеуметтік мәселені көтерді. Айтыстың мәтінін 1872 ж. қазақ халық шығармашылығын жинаушы Ж. Шайхисламұлы Сараның аузынан жазып алған. Тілдің жоғары көркемдігі мәнерлілігі, жарқын бейнелілігі, өнер күшінің атаққа ие болуы оның басты артықшылығы болып табылады.  Біржан мен Сараның айтысы атақты композитор М. Төлебаевтың аттас операсының негізін құрады (Қ. Жұмалиевтің либреттосы) және Қазақстанның опера өнерінің үздік жетістіктерінің біріне айналды.

Айтыс жанры қазіргі уақытқа дейін қазақ өнерінде өмір сүруде.

Тартыс – домбырашылардың сайысы қазақтардың музыка әлемінде кеңінен таралды. Тартыс 3 түрлі болады, олардың әрқайсысы өзінің бағытымен ерекшеленеді: орындаушылық шеберлігін, күйді бірінші орындағаннан кейінгі есте сақтау қабілетін көрсету. Ең көп тараған түрі тартыс болды, бұл жерде бәсекелестік орындаушылық шеберлігін көрсетуден тұрды.

Атақты музыканттар арасында өткен көптеген тартыстар аспаптық музыка тарихында сақталып қалды, мысалы, Құрманғазы мен Дәулеткерей арасындағы, Қазанғап пен Үсен төре арасындағы және т. б.

Академик А. Жұбанов өзінің кітабында Тәттім қатысқан қызықты тартысты (сайысты)Интересный тартыс (состязание), участником которого был Таттимбет, описывае былай сипаттайды: «олар көптеген күй ойнады. Намысқой қыз өз бағасын білді. Сондықтан да ол осы аймақтың сол кездегі атақты күйшісіне айналған дәулескер күйші Тәттімбет кіріп келгенде еш қысылған жоқ. Ол сымбатты жас жігітті жылы қабақпен қарсы алды, оған құрмет белгісі ретінде өз қолымен шай құйып береді, оның сыпайылығы Тәттімбетті таңдандырады. Шай ішіп болғаннан кейін қыздан сыпайы түрде домбыраны сұрайды, бірақ ол бірінші болып күй ойнайды, тек осыдан кейін аспапты Тәттімбетке тапсырады. Осы арқылы ол қонаққа өзінің әдістерін көрсетуден қорықпайтындығын түсіндірді, ол өзінің алдында Арғындардың атақты күйшісі отырса да еш сескенбейді. Ол Арғынға қарағанда аз Найман руына жататындықтан, өзінің руының абыройын қорғап шығуға жақсылап дайындалған екен. Бәсекелестер көптеген тамаша күйлермен алмасады, оның нақты санын айнала қоршап отырған тыңдармандар есептеп отырған. Тәттімбет 40 күй ойнайды, қыз 39-шы күйде тоқтап қалады. Осылайша, ол жеңіліске ұшырайды».

Қазақтың дәстүрлі  ауызекі сайыстары көркемдік тұрғыда тарихи нақтылықты бейнелеген.

Осылайша, көпғасырлық музыка мәдениетінің негізінде қалыптаса және дами келе, ауызекі дәстүрдің кәсіби музыканттары көркемдік мәнерлілігі жоғары туындылар шығарған.

Жырау шығармашылығы. Жазба әдебиеті саласындағы жетістіктермен қатар ауызекі музыкалық-ақындық кәсіби шығармашылық шеберлерінің шығармашылығы да ортағасырлық Қазақстанның көрнекті ескерткіштері болып табылады.

Көшпенділердің дәстүрлі өмір сүру салты поэзия мен музыка секілді белгілі өнер түрлерінің қалыптасуына және таралуына ықпал етті. Дәл музыкалық-ақындық шығармашылық саласында шынайы эстетикалық құндылықтар ққалыптасты, олар ұрпақтан-ұрпаққа ауызша тараған. Ауызекілік пен суырып салмалық қазақ музыкалық-ақындық мәдениетінің басты ерекшелігі болып табылады.

Тарихи даму барысында тарихи алаңда жыраулар пайда болады, зерттеушілер атап өткендей, – ақынның көне түрі. Жыр сөзінің өзі өлең, тақпақ, эпос дегенді білдіреді, ал жырау – жырды жеткізуші. Жырау – дәстүрлі мәдениеттің көрнекті өкілдері, ерекше суырып салмалық қасиетке, ерекше есте сақтау қабілетімен ерекшеленетін тұлғалар.  Көптеген жыраулар ақындық қызметпен қатар маңызды мемлекеттік қызметтерді де атқарған: ірі әскери басшы, кеңесші, абыз (болжаушы), халықтың атынан сөйлейтін ақсақалдар болған. Осыған сәйкес жыраулар поэзиясында сол уақыттағы тарихи оқиғалар көрініс тапқан. Сыпыра жырау, Асан қайғы, Қазтуған жырау, Доспамбет жырау, Шалкиіз жырау, Бұқар жырау және т. б. сияқты өз заманының көрнекті өкілдерінің шығармалары біздің уақыиымызға дейін жетті.

Ақындық шығармашылықтың негізгі жанры – толғау, оның 2 негізгі түрі бар:

  • философиялық – қоғамдық мәселелерді көтеруші, өмір заңдылықтарын, адамгершілік мәселелерін талқылайтын, табиғат құбылыстарын сипаттайтын. Жырау тұлғасының ерекшелігіне және оның қоғамдағы алатын орнына қарай философиялық толғаулардан мыналарды бөліп көрсетуге болады:
  • арнау өлеңдер, билеушілерге арналған;
  • басшыларға арналған өсиет өлеңдер;
  • қайсар батырларды мақтайтын батырлар әні;
  • жорық әндері, үндеу өлеңдері;
  • жоқтау – қайтыс болғандарды еске алу әні.
  • лирикалық, автордың сезімін, эмоциясын жеткізуші.

ХҮІІІ ғ. жыраудың орнына жыршы келеді. Олар эпикалық шығармалардың орындаушылары болып табылады, бірақ эпос құрастырушылар емес.  Бұл барынша дарынды тұлғалар, олар әңгімешінің, әртістің, әншінің, музыкант-аспапшының қасиеттерін бойына сіңіре алады. Жыршылар ерекше есте сақтау қабілетінің иелері. Кейбір жырлар, мысалы, «Қобыланды-батыр» 10 000 жолдан тұрады. Жүзден астам эпикалық аңыздар белгілі. Эпос музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындалды (домбыраның, қылқобыздың немесе сырнайдың). Эпосты осындай синкретті орындаушылық оның дәстүрлі формаларында сақталып қалды жәге біздің уақытымызға жетті. Жыршы оқушылармен өз шеберлігімен бөліседі, ал кейде дәстүр әкеден балаға беріледі.

Эпос – халық шығармашылығының ең ежелгі, ең ірі жанры. Жанрлық белгілері бойынша оның 2 түрге бөледі: батырлар және әлеуметтік-тұрмыстық (лирикалық).

Батырлар эпосы (батырлар жыры) қазақ хандығы құрылғанға дейін туындаған. Эпостың тарихи тамырлары шынайы тарихи оқиғалармен байланысты: отанының сыртқы жаулардан қорғау, нақты тұлғалардың әрекеттері. Сюжеттері отаншылдықтың, туған жеріне деген сүйіспеншіліктің, ерліктің, халқына деген адалдықтың жоғары сезіміне бөленген батырдың бейнесін дамытуға құрылған. «Алпамыс», «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр» және т. б. осыған мысал бола алады.

Әлеуметтік-тұрмыстық (тұрмыс-салт жырлары) немесе лирикалық эпос тек махабатты ғана сипаттамайды, сонымен қатар әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді де көтереді. «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Мақпал қыз», «Айман – Шолпан» және т. б. эпостың осы түрінің көрнекті үлгілері болып табылады.

Эпос музыкалық-мәнерлі құралдары бойынша 3 түрге бөлінеді:

  • әндік-речитативтік («Қыз Жібек», «Алпамыс»);
  • музыкалық-иллюстрациялық («Қозы Көрпеш – Баян сұлу»);
  • музыкалық-аяқталған («Қамбар батыр»).

Әндік-речитативтік  – эпосты орындаудың көне түрі. Хабарландыру шағын музыкалық тақырыпта речитатив арқылы орындалады, оның аяғы болуы тиіс. Бұл жерде жыршының әртістік шеберлігі, оның өзіндік орындаушылық мәнері үлкен роль атқарады. Тыңдаушылар тарапынан көрсетілетін қолдаулар, қазақ аудиториясына тән көтеріңкі дауыстар, мақұлдау сөздері де өте маңызды.

Музыкалық-иллюстрациялық – речитативтік арқаумен қатар әуендік тұрғыда дамыған формалары да қолданылады. Көптеген монологтар, сахналық қойылымдар толық вокалдық немесе аспаптық үзінділермен беріледі. Эпостың музыкалық-иллюстрациялық орындаушылығының үлгісі «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу» болып табылады.

Музыкалық-аяқталған– тұтас композициялар, музыкалық үлгілерде бүкіл аңыздың мазмұнын таңдаушылар. Осындай туындылардың эпос сюжеттеріне айналуы музыкалық-иллюстрациялық орындаушылықтан бастау алған. Басында жыршы өзіне тән бейнелілікпен эпостың негізгі мазмұнын жеткізеді, осыдан кейін барынша жарқын шеберлігімен күйді орындайды.

Эпостың ірі жанры қазақ өнерінде тек сандық мөлшерімен ғана емс, сонымен қатар жанрлық жан-жақтылығымен, сонымен қатар оның музыкалық орындаушылығының әртүрлі түрлерінде көрініс тапқан. Бұл эпикалық дәстүрлің ерекше дамыған мәдениетіне, дәстүрлі өнер өкілдерінің кәсіби шеберліктеріне куә бола алады.

Дереккөз:  "Музыкалық жетекшінің анықтамалығы" журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Мы в соцсетях
Простите, что мы прерываем ваше чтение

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль