Мұғалім портфолиосы құрылымы

2157
Мұғалім портфолиосы құрылымы
Мұғалім портфолиосы құрылымы
Бастамас бұрын «портфолио» сөзінің қай родқа жататындығын анықтап алуды ұсынамын – аталық немесе аралық? Қазіргі сөздіктерде бұл лексема әлі тіркелген жоқ, тіпті Word бағдарламасының өзі қате жазылған сөз сияқты қызыл сызықпен сызып көрсетеді. «Портфолио» сөзінің септелмейтіндігін атап өткім келеді, ал оны аталық және аралық родта да қолдануға болады. Өз мақалам үшін мен соңғы нұсқаны таңдадым.

«Портфолио» сөзі итальян тілінен аударғанда «құжаттары бар папка» дегенді білдіреді. Бірақ, шындығында мұғалім портфолиосы дегеніміз не? Оның көптеген анықтамалары бар, мен сіздерге өзімнің анықтамамды ұсынамын...

Мұғалім портфолиосыбұл мұғалімнің кәсіби деңгейін көрсетуші материалдарды тіркеу, жинақтау және өзінің кәсіптік қызметінің міндеттерін шешу қабілеті болып табылады. Мұғалімнің портфолиосы педагог дайындығы деңгейі мен оның оқу және оқудан тыс қызмет түрлеріне қатысу белсенділігі деңгейін көрсетеді.

Педагогтің электронды портфолиосы – бұл веб-базаланған ресурс, мұғалім сайты, ол иегерінің даралығы мен кәсіби жетістіктерін көрсетеді.

Мұғалім портфолиосын құру мақсаты

Мұғалімнің қандай-да бір «жетістіктер құжаттамасы» болуы керек, онда оның өмірінде болып жатқан барлық қызықты және лайықты оқиғалар көрініс табады. Мұғалімнің сайты немесе мұғалімнің портфолиосы осындай құжаттама бола алады.

Портфолионың басты міндеті – өзінің кәсіби құзыреттілігін бағалау үшін практикалық қызметтің барынша маңызды нәтижелерін көрсету: орындалған жобалар, олимпиадалар мен конкурстарға қатысу, педагог жүргізген зерттеулер.

Портфолио педагогтің жұмысы нәтижелерін талдауға, жалпыландыруға және жүйелеуге, өз мүмкіндіктерін объективті түрде бағалауға және қиындықтар жеңу мен барынша жоғары нәтижелерге жету жолындағы іс-әрекеттерін жоспарлауға мүмкіндік береді.

Мұғалім портфолиосының тағайындалымы – бұл мәлімделген біліктілік санатына сараптама жүргізу барысында педагог жұмысының кәсібилігі мен нәтижелілігін бағалаудың әділ формасы.

Портфолио мұғалімдер арасында барынша танымал бола түсті және өзінің кәсіби деңгейін жетілдіруші педагогтер үшін қажеттілігі арта түсті.

Мұғалім портфолиосының түрлері

Қазіргі педагог қызметі ауқымының кеңдігі соншалықты, оның сабақтағы және сабақтан тыс қызметінің нәтижелерін бір құжатқа жинақтау мүмкін емес. Мұндай жағдайда мұғалім жұмыстарының барлық жинағын біріктіретін және оның қызметінің аспектілерін біртұтас картина түрінде көрсететін электронды портфолио құрастыру керек.

Көптеген авторлар электронды портфолионы компьютерде құрастырылған құжаттар жиынтығы ретінде түсіндіреді. Бұл тәсілдің өмір сүруге қақысы бар, бірақ ол ескіріп қалды. Соңғы жылдары Дүниежүзілік желі барынша кеңінен таралды және оның аудиториясының ауқымдылығы соншалықты, Ғаламторда мұғалімнің сайты түрінде жарияланбаған портфолио құрастырылмаған болып саналады. Сіздің сайт-портфолиоңызды көптеген адамдар көреді, оны бағалайды және оған байланысты өз пікірін қалдыра алады, және де сіздің алдыңғы қатарлы педагогикалық идеяларыңызды қолданады. Жазба үстеліндегі папкада жатқан портфолионың сіз үшін де, қоғам үшін де ешқандай құндылығы жоқ. Сондықтан портфолионы мұғалімнің сайты ретінде ғаламторға жариялау аса қажет.

Қызығушылық танытқан мұғалімде оның ішіне құжаттар салынған папка түріндегі қағаз баламасы болуы керек екендігіне еш күмәнім жоқ. Бұл бірнеше парақтарда берілген қысқаша «қорытынды» болуы керек, онда сіз және сіздің кәсіби қызметіңіздің негізгі сәттері мен тұжырымдарыңыз болуы керек. педагог портфолиосының қағаздағы нұсқасында міндетті түрде сіздің жеке сайт-портфолиоңыз туралы ескерту және оған бірнеше сілтемелер берілуі керек.

Кейбір авторлар өздерінің электронды портфолио жөніндегі мақалаларында портфолионың бірнеше түрін бөліп көрсетеді:

  • Жетістіктер портфолиосы, мұнда сіздің қызметтік жетістіктеріңізді дәлелдейтін құжаттарға барынша назар аудару керек.
  • Презентациялық портфолио жаңа жұмыс орнына келгенде қажет. Әсіресе еңбекақы әңгімелесу қорытындысы бойынша тағайындалатын жағдайларда.
  • Тақырыптық портфолио. Бұл нұсқада әртүрлі қызмет саласындағы тақырыптық ерекше шығармашылық жұмыстарға баса назар аударылады.
  • Кешенді портфолио жоғарыда аталып өткен портфолио түрдерін біріктіреді және мектеп мұғалімінің портфолиосын таныстыруға жарамды.

Мұғалім портфолиосының құрылымы

Мұғалім туралы жалпы мәліметтер. Тегі, аты және әкесінің аты барынша ірі, жақсы оқылатын қаріппен ашық және анық жазылуы керек, себебі мұғалімнің сайтын немесе жазбаша портфолиосын қарағанда олар есте сақталып қалуы керек. Артық бұрандалы «Қатты» қызыл қаріпті көбісінің пайдалануы қате болып табылады. Кейбір педагогтер егер қаріп барынша айқын болса, олардың компьютерді пайдалана алатындығы айқын көрінеді деп ойлайды. Бірақ, бұл олай емес. Мұндай жазулар оқылмайды және талғамсыздықты білдіреді. Өзің туралы пікірді басынан бастап бұзудың қажеті жоқ. Керісінше істеңіз: жақсы қаріп пен түсті таңдаңыз, сонда сіздің портфолиоңыз жағымды эмоциялар тудыруы мүмкін, ал оның авторы аталмай қалмайды.

Есте сақтаңыз: Сіздің Т.А.Ә. бұл сіздің логотипіңіз!

Туған жылы. Оны көрсету керек пе жоқ па – бұл даулы сұрақ. Егер сіздің портфолиоңызда әлемге сараң фактілер мен социалистік кезеңдердегі қалалық атқару комитетінің анықтамасына ұқсас сіздің қызметіңіздің кесте түріндегі сипаттамасы берілсе, онда, туған жылыңызды көрсетуіңізді сұраймыз. Бұл нашар портфолионы жақсы толықтырады.

Мен басқа нұсқасын ұсынамын: өзіңіздің тегіңіз бен аты-жөніңіздің алғашқы әріптерінің  жанына өз фотосуретіңізді қойыңыз. Суреттен сіздің қанша жаста екендігіңізді байқауға болады. Сонымен қатар, ол сіздің тартымдылығыңыз бен сұлулығыңызды көрсетеді. Ал бұл, келіссеңіздер, өте маңызды!

Білімі. Бұл бөлімде өзіңнің негізгі мамандығың мен диплом бойынша біліктігіңді көрсету керек. егер сіздің бірнеше дипломыңыз болса, онда олардың барлығын тізіп өтіңіз.

Еңбектік және педагогикалық жұмыс стажыңыз. Бұл бөлім сіздің педагог ретіндегі мансаптық баспалдығыңызды көрсетеді. Осы бөлімді жаңартып отыруды естен шығармаңыз! Бұл жерде сіз өзіңіз жұмыс істеген барлық оқу орындарын тізіп өту керек. Бұл бөлім сіздің педагогикалық тәжірибеңіз бен оның жан-жақтылығын көрсететіндіктен, өте маңызды бөлімдердің бірі, себебі тәжірибе мен оның жан-жақтылығы мұғалімді бағалаудың негізгі параметрлері болып табылады.

Біліктілікті арттыру. Бұл бөлімде сіз қатысқан немесе өзіңізді көрсеткен курстар, семинарлар көрсетіледі. Мүмкін сіз осындай курстарды немесе семинарларды ұйымдастырған шығарсыз, оны да атап өту керек. егер курстар педагогтің кәсібіне байланысты болмаса да (жақын саладан), оларды атап өткен жөн. Сіздің біліктілікті арттыру практикаңызда болған аса маңызды эпизодтарды барынша нақты сипаттаңыз (курстар қайда және қашан өтті, олардың проблематикасы).

Марапаттар, мадақтамалар, алғыс хаттар. Бұл бөлім педагогтің жеке даму үдерісі туралы талқылауға мүмкіндік береді. Мұнда барлық нәрселерді жазуға болады. Бірақ марапаттарды, мадақтамаларды және алғыс хаттарды маңыздылығы бойынша орналастыруға кеңес беремін. Бөлімнің соңғы бөліміне әдетте аса назар аудармайды, сондықтан ең маңыздыларын № 1 етіп орналастыруға тырысыңыз.

Құжаттардың көшірмелері. Бұл бөлімнің қағаз порфолио үшін маңыздылығы жоғары. Дипломдардың бар екендігін, ғылыми дәрежелерді, құрметті атақтарыңызды, марапаттарды, мадақтамаларды және алғыс хаттардың бар екендігін нақтылайтын құжаттардың көшірмесін шығарып алыңыз.

Электронды портфолио үшін мұның барлығы оңай. Сіздің құжаттарыңызды сканерленген көшірмелерін сіздің сайтыңыздағы жеке папкаға салыңыз, ал «Білімі» және «Біліктілігін арттыру» бөлімдеріндегі дипломдарыңыз туралы жазылған жолдарды гиперсілтемелерге айналдырыңыз, ал оларды басқанда сіздің құжаттарыңыздың сақталған көшірмелері ашылуы керек.

Педагогикалық қызметтің нәтижелері. Бұл бөлім мыналардан тұруы керек

  • оқушылардың білім беру бағдарламаларын меңгеру нәтижелері мен олардың оқытылатын пән бойынша негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасуы туралы материалдардан;
  • бақылау бөліктерінің, тәрбиеленушілер мен оқушылардың мектептік және басқа да олимпиадаларға, конкурстарға қатысуы негізінде педагогикалық қызметкердің соңғы 3 жылдағы қызметін салыстырмалы түрде талдау;
  • оқушылардың аралық және қорытынды аттестациясының нәтижелері; бар медалистер туралы мәліметтер;
  • мамандық бойынша жоғары оқу орындарына түскендігі туралы мәліметтер және т. б.

Осы бөлімдегі материалдар аттестатталушы мұғалімнің педагогикалық қызметі нәтижелерінің динамикасы туралы түсінік беруі керек.

Ғылыми-әдістемелік қызмет. Бұл бөлімге педагогтің кәсібилігін дәлелдейтін әдістемелік құжаттар салынады:

  • аттестатталушының білім беру бағдарламасы мен оқу-әдістемелік әдебиеттің жинағын таңдау негіздемесі;
  • аттестаттулышының қолданылатын білім беру технологияларын таңдау негіздемесі;
  •    аттестатталушының өз практикасында білім беру нәтижелерін бағалау үшін педагогикалық диагностиканың сол немесе басқа құралдарын қолдануын негіздеу;
  • білім беру үдерісінде, даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту технологияларында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану және т. б.; 
  • әдістемелік бірлестікте жұмыс істеу, айдандық әдістемелік бірлестікпен, жоғары оқу орындарымен және басқа да ұйымдармен серіктестік;
  • кәсіби және шығармашылық педагогикалық конкурстарға қатысу;
  • әдістемелік және пән апталықтарына қатысу;
  • семинарлар, «дөңгелек үстелдер», шеберлік сыныптарын ұйымдастыру және өткізу және т. б.;
  • ғылыми зерттеулер жүргізу;
  • авторлық бағдарламалар дайындау;
  • кандидаттық және докторлық диссертациялардың қолжазбаларын жазу;
  • шығармашылық есептер, реферат, баяндамалар, мақалалар дайындау.

Пән бойынша сабақтан тыс жұмысы. Бұл бөлімде келесі құжаттар болуы керек:

  • оқушылардың пән бойынша орындаған шығармашылық және оқу-зерттеу жұмыстарының, рефераттардың, жобалардың тізімі;
  • олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың, интеллектуалдық марафон жеңімпаздарының тізімі және т. б.;
  • мектептен тыс шаралардың сценарийлері, фотосуреттер мен өткізілген шаралар жазылған бейнекассеталар (көрмелер, пәндік экскурсиялар, КВН (КТК), брейн-рингтер және т. б.);
  • үйірмелер мен факультативтер жұмысының бағдарламалары.

Оқу-материалдық база. Бұл бөлімде оқу кабинеті төлқұжатының көшірмесі беріледі (болған жағдайда):

  • пән бойынша сөздіктердің және басқа да анықтамалық әдебиеттердің тізімі;
  • көрнекі оқулықтар тізімі (макеттер, кестелер, схемалар, иллюстрациялар, портреттер және т. б.);
  • техникалық оқыту құралдарының болуы (теледидар, бейнемагнитофон, музыкалық орталық, диапроектор және т. б.);
  • компьтердің және компьютерлік оқыту құралдарының болуы (виртуалды сараптау бағдарламалары, білімді бақылау, мультимедиялық оқулықтар және т. б.);
  • аудио- и бейне оқулықтар;
  •  әдістемелік материалдардың, тапсырмалар, жаттығулар жинағының, рефераттар мен шығарма мысалдары жинағының болуы және т. б.;
  • оқушылардың оқу сапасын өлшегіштер;
  • мұғалімнің қалауы бойынша басқа да құжаттар.

Дереккөз:  "Музыкалық жетекшінің анықтамалығы" журналы



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль