MCFR.KZ Образование

Наурыз. Наурыз сценарийі. Наурыз туралы әндер

  • 5 марта 2019
  • 683
Наурыз
Наурыз

Балалар «Наурыз» (музыкасы Б. Қаблановтікі, сөзі О. Асқар) көңілді әнімен залға кіреді де орталық қабырғаның жанына шеңбер жасап тұрады.

Жүргізуші.
Бар әлем сүйіп ұнатқан,
Шапағат нұрын шұбатқан,
Қаймықпай шыққан жайраңдап,
Қыстайғы суық-сынақтан,
Көктем таңы бұл атқан.

Балалар (барлығы бірге): Наурыз!

(«Наурыз» әні орындалады. Балалар орындыққа отырады.)

Жүргізуші. Қымбатты балалар, құрметті қонақтар! Бүгін біз сіздермен бірге тамаша мереке – Наурыз мейрамын тойлап жатырмыз. Бұл ең құрметті де ардақты көктем мерекесі. Әр халық тарихының негізгі қайнар көзі болып табылатын салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары бар, оның ішінен тәжірибе мен білім жинақтауға болады. Дәстүрлер ұрпақтан ұрпаққа өздерінің түп-тамырын есте сақтауға, тарихқа бойлауына мүмкіндік береді. Ежелгі ғасырдағыдай Наурыз тыныштықтың, көктемнің, тазалықтың, мейірімділік пен жақсылықтың хабаршысы болып қала береді. Наурыз мерекесі 22 наурыз – жазғытұры күн мен түннің теңесетін күніне дәл келеді. Осы ерекше тамаша кезде, күн мен түн теңелгенде, табиғат ұйқысынан оянады: қысқы күйбең тіршіліктен босаған халық көктемге, игілікке қуанады. Бұл күнді ата-бабамыз – Ұлыстың ұлы күні деп  атаған.

(Әрбір бала төрт шумақ өлең оқиды.)

Баяу самал еседі,

Сиқырлы қобыз секілді,

Үлкендер де жастар да

Наурызға асығып келеді.

Келіңіздер, келіңіздер,

Бәйге мен айтыс болады,

Осы мейрамда көрсетіңдер,

Бойдағы таланттарыңды!

Сіздерді ерекше той күтуде

Наурыздық, шұбат, қымыз бар.

Бауырсақпен балдай шай да бар

Келіңдер, бірің қалмаңдар!

Әртүрлі гүлдер де жетерлік,

Міне бәйшешек, міне нәркес,

Қош келдің сүйікті мерекеміз

Барлығы бірге: Армысың, әз Наурыз!

(«Көктемде» әні орындалады, сөзі мен әні Л. Мельникованікі, балалар орындыққа отырады). Баяу ән ойнатылады, Наурыз кіреді.

Наурыз балаларда қонақта

Жүргізуші. Сәлеметсіз бе, мейірімді адам! Сіз кімсіз және неге көңілсізсіз?

Наурыз.

Мен әз Наурыз боламын,

Жыл сайын мені бәрі күтеді!

Мен – көр күттірген аймын,

Қарды мен шаршамастан жаншимын,

Себебі, Көктемді алып келуім керек!

Жүргізуші. Енді ол қайда?

Наурыз. Оны жауыз хан ұрлап алып кетті де, сиқырлап тастады. Ал Көктемсіз, әрине менің Көктемімсіз, мен өмір сүре алмаймын.

Жүргізуші. Балалар, не істесек екен? Наурызға көмектесу керек және Көктемді құтқару керек.

Наурыз. Бірақ оны сендер қалай істемексіңдер?

Жүргізуші. Біз қатты әндетіп, көңілді ойнап, би билейміз, сонда ханның мейірімділігі оянып, сиқырдың күші жойылады! Ал сен; Наурыз, бізге көмектесесің?

Наурыз. Әрине! Ой, естисіңдер ме, хан келе жатқан сияқты!

(Музыканың сүйемелдеуімен Хан кіреді.)

Хан. Міне, мен де келдім!

Жүргізуші. Көктемді ұрлап, сиқырлаған сен екенсің ғой?

Хан. Әрине! Мен ол үшін құн талап етемін. Маған төлеңіздер!

Жүргізуші. Бірақ біздің ақшамыз жоқ, бұл балабақша емес пе.

Хан. Ал, ендеше менің тапсырмаларымды орындаңдар, ал олар өте қиын. Келісесіңдер ме?

Жүргізуші. Әрине! Тапсырмаларыңды орындауға дайынбыз.

Хан. Өздері орындай алатындай сенімді ғой?

Жүргізуші. Біздің балалар сенің тапсырмаларыңның барлығын орындайды.

Хан. Ал, ендеше тыңдаңдар! Бірінші тапсырма: менің Отан туралы ән тыңдағым келіп тұр, ал бастаңдар!

Жүргізуші. Ал, тыңда!

(«Отан – ортақ үйіміз» әні орындалады, музыкасы Д. Юотпаева, сөзі Е. Өтетілеуұлы.)

Хан. Жарайсыңдар, жақсы ән салып бердіңдер! Ал енді менің сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Ол не?

Бұл үйдің бұрышы жоқ,

Ол дөп-дөңгелек.

Және де осындай баспананы

Сен кең даладан таба аласың. (Киіз үй)

Жүргізуші. Біздің балалар оның не екенін біледі. Шешімін тыңда.

(Әрбір бала өлең оқиды.)

Кең дала, жасыл алқап,

Ұлан-асыр, думанды той,

Қалың шөптің арасында

Жарты доп тұрғандай.

Таң самалап атқанда,

Күн шығыстан шыққанда –

Шөп үстінен киіз үй көрінер

Бір тұтам бұлт тәрізді.

Еден орнына кілем жатыр –

Өрнектері әрқилы,

Тау самалы ақырын,

Көтереді шымылдықты.

Жүргізуші. Мерекелік киіз үйлер қонақтарды жылылықпен және жайлылықпен қарсы алады. Біздің де «Киіз үй» ойынын ойнайтын кезіміз жетті. («Киіз үй» – «Юрта» ойыны жүргізіледі).

Балалар ойын атрибутының жанында 3 шеңбер жасап тұрады (қазақ халқы ою-өрнектерімен безендірілген матадан шеңбер жасап тұру). Балалар бір-бірінің қолынан ұстап, шеңберді айнады, өз «киіз үйінің» жанында әрбір шеңбер. Музыканың 2-ші бөлігіне – яғни жылдам бөлігінде – балалар залда қозғалады: қыздар қолдарымен әдемі қимылдар жасаса (білектерін айналдырса), ұл балалар атта шауып жүрген жігіттің кейпіне енеді (жігіттер «жайлауда» шауып жүр). Музыка тоқтай салысымен балалар өз шеңберлеріне жүгіреді және «киіз үйлерін» төбелеріне көтереді. Кімнің «киіз үйі» тезірек жиналса, сол балалар жеңіске жетеді.

«Киіз үй» ойыны

Хан. Жарайсыңдар, балалар! Мен тағы бір жұмбақ білемін. Ал, енді, шешіп көрңідер! Мынау не?

(Домбыраның суреті салынған картинаны көрсетеді.)

Балалар. Бұл қазақ халық аспабы – домбыра. Ол ағаштан ойып жасалған, оның екі ішегі және тесігі бар, дыбыс сол жерден шығады.

Хан. Жарайсыңдар! Мұны да біледі екенсіңдер!

Жүргізуші. Біз оның не екенін ғана білмейміз. Біздің жігіттеріміз қазір сізге домбырамын әдемі би билеп береді.

(«Домбыра биі» орындалады.)

5–7 ұл бала билейді; олардың қолдарында ағаштан ойылған домбыра бар. Балалар 1 сызықтың бойына тұрады:

аяқтарымен «тербелу» қимылын орындайды;

домбырада ойнағанды салады;

аттың шабысы сияқты өкшелерімен жер тебінеді (аяқтарын кезек-кезек ауыстырады);

домбырада ойнағанды салады;

домбыраны еденге қойып, оң қолында «қамшы» ұстап жүргендей бұлғап, шеңбер айнала жүгіреді;

сызықтың бойына тұрады да, домбырада ойнағанды салады;

иілу – қолдарын жүрек тұсына қояды да, жоғарыға және жанына көтереді, сол уақытта бастарын да қисайтады (шын жүрекпен иілу).

Хан. Бидің шебері-ақ екенсіңдер, ал сендер Наурыз мерекесіне дайындалатын дәстүрлі тағамды білесіңдер ме, оны неден дайындайды?

Балалар: Наурыз көже. Ол 7 компоненттен тұрады: ет, сүт, айран немесе уыз, бидай немесе күріш, пияз, тұз, су.

Жүргізуші. Дәстүр бойынша Наурыз мерекесінде Наурыз көже дайындайды. Ал қазір біз оны өзіміз жасап көруге тырысамыз.

(«Наурыз көже» ойыны өткізіледі.)

Әдістемелік үстелде наурыз көже мен басқа да тағамдарға қажетті азық-түліктердің суреттері салынған карточкалар жатыр. Балалар бір-бірінің артына үстелден біраз арақашықтықта тұрады. Музыканың сүйемелдеуімен үстелге бір-бірден жүгіреді және қажетті азық-түлікті таңдайды. Ол ет, сүт, айран немесе уыз, бидай немесе күріш, пияз, тұз және су. Бір-бірімен қатар-қатар бір сызықтың бойына тұрады және барлығына өз карточкаларын көрсетеді. Барлығы азық-түліктің дұрыс таңдалғандығын тексереді және олардың атауын екі тілде атайды.

Хан. Жарайсыңдар, балалар! Сіздер тағы қандай ән білесіздер?

Жүргізуші. Міне, тыңда!

(«Менің Қазақстаным» әні орындалады, сөзі мен әні Т. Кулинованікі.)

Көңілді музыканың әуенімен Алдар көсе кіреді.

Алдар көсе.

Сәлеметсіздер ме, балалар!

Сәлеметсіздер ме, достар!

Қош келдің, Наурызым төрлет бері,

Қыр төсін жауқазындай өрнектеді.

Тіршілік тамырына нәр жүгіріп,

Жадырады адамдардың келбеттері.

Қош келдіңіздер, батыр жігіттер мен кербез сұлулар! Сен де қош келдің Хан, міне, тағы кездестік! Ал сіз мені таныдыңыз ба?

Балалар: Иә.

Алдар көсе. Ал сендер мені қайдан танисыңдар?

Балалар: Қазақ халық ертегілерінен.

Алдар көсе. Хан, Көктем сиқырлап тастаған сіз емессіз бе және оны неге мерекеге жібермей жатырсыз?

Хан. Иә, мен! Мен құдыретті де ең күшті Ханмын!

Алдар көсе. Ал, енді балалар, кімнің күшті екенін тексерейік?

(«Арқан тартыс» – «Перетяни канат» ойыны өткізіледі.)

«Арқан тартыс» ойыны

Жүргізуші. Ал қыздар керемет би дайындады.

(«Гүл биі» орындалады.)

Гүл биі «Наурыз вальсі» музыкасының сүйемелдеуімен орындалады. Қыздардың қолдарында бір-бір гүлден. Гүлді жоғары көтеріп, аяқтарының ұшымен жүгіріп жүр, шахматтық тәртіп бойынша 2 немесе 3 сызықта тоқтайды, көрермендерге қарап тұрады:

кезек-кезекпен гүл ұстаған қолдарын жоғары көтереді де төмен түсіреді, осының барысында тізелерін сәл ғана бүгеді – «серіппе»;

орнында аяқтарының ұшымен айналады;

гүл ұстаған қолдарын кезек-кезек (жоғарыға қарай) оңға-солға қарай қисаяды, тізелері сәл ғана бүгіледі – «серіппе»;

шеңбер жасап тұрып, аяқтарының ұшымен бір-бірінің артынан жүгіреді;

шеңберді тарылтады және кеңейтеді, осының барысында гүлді жоғары-төмен көтеріп-түсіреді;

бастапқыдай сызық бойына тұрады, айналады және көрермендерге иіледі.

Қалауы бойынша биге тағы 2–3 күрделі емес қимылдарды қосуға болады.

Гүл биі

Хан. Менің ең соңғы тапсырмам қалды. Сендер менің көңілімді көтеретін және де билеуге деген ынтамды оятатын би билеп бере аласыңдар ма?

Жүргізуші. Әрине, әрине! Бізбен бірге үлкен де тату шеңберге тұр!

Clap-Clap-Clap» биі орындалады.)

Би ағылшынша «Clap-Clap-Clap» әнінің әуенімен орындалады (бұл әнді Ғаламтордан табуға болады). Балалар жұптарымен шеңбер жасап, бір-біріне қарап тұрады.

Бірінші шумақ: 2 серіппе, 3 алақан шапалақтау, 4 рет қайталау; 3 алақан шапалақтау, 2 рет қайталау. Екінші шумақ: 2 серіппе, 3 тізенің үстінен шапалақтау, 4 рет қайталау; 3 тізенің үстінен шапалақтау, 2 рет қайталау. Үшінші шумақ: 2 серіппе, 3 бастың үстінен шапалақтау, 4 рет қайталау; 3 бастың үстінен шапалақтау, 2 рет қайталау. Жеңіліс: балалар орнында жұптарымен айналады. Төртінші шумақ: 2 серіппе, 3 бір-бірінің алақанын шапалақтау, 4 рет қайталау; 3 бір-бірінің алақанын шапалақтау, 3 рет қайталау.

Хан. Ал, жарайсыңдар! Өз Көктемдеріңді алыңдар! Ойбай, мен оны сиқырлап тастаған екенмін ғой, ал мен сиқырлы сөздерді ұмытып қалыппын. Енді не істесем екен?

Алдар көсе. Мен білемін! Маған тамаша көктем әні көмектеседі!

(«Наурыз вальсі» орындалады, сөзі Н. Жанай, музыкасы Б. Бейсенова; Көктем кіреді.)

Көктем.

Сен ортақ дастарқансың бәрімізге,

Татырған сары уыздың нәрін бізге.

Наурыз, сен көктемдегі үмітіміз,

Жарылқар берекеміз сары күзде.

Наурыз – ол ұсақтықтан арылуың,

Халықтың бірлігінің мығымдығы.

Күдіктің безбеніне тартылмайтын,

Қазақи Ата дәстүр Ұлылығы!

Көңілді мереке Наурыз

Жүргізуші. Балалар, Көктемді бірге көңілді әнмен қарсы алайық.

(Балалар орталық қабырғаның жанында жартылай шеңбер жасап тұрады.   

Б. Бейсенованың «Көктем келді» әні орындалады.)

Жүргізуші. Біздің балалар көктем мен барлық қонақтар үшін ертегі дайындап қойды. Ыңғайлырақ отырып, қараңыздар да тыңдаңыздар!

«Алдар көсенің сиқырлы шапаны» қазақ халық ертегісін сахналау

Жүргізуші. Осындай қақаған аязда тек түлкі тонмен ғана аман қалуға болады! Ал Алдар көсе болса жыртық-жыртық шапанымен күнде тоңған екен. Бірде ол далада кетіп бара жатып – қолдары, аяқтары тоңып қалды, мұрыны қызарып кетті, тезірек жылы киіз үйіме жетсем екен! Жел уілдеп, айлакердің құлағын үсітіп жіберді. Ал ашық далада ауылдан шығып жатқан ешқандай түтін көрінбейді. Алдар көсе қамшыны босқа сілтеген екен: кәрі арық ат жылдам шаба алмады. Ол жалын желпілдетіп, қайтадан баяу жүріске салды.

(Баяу музыканың әуенімен Алдар көсе арық аттың үстінде ақсаңдап және қисалаңдап келе жатыр. Залдың ортасында тоқтайды.)

Алдар көсе. Жаман ат – ұзақ жол, әлі ұзақ жүруіміз керек, иттің үрілі де естілмейді, далада да бірде-бір киіз үй жоқ. Мұндай аязда үсіп өлетін шығарсың!

Жүргізуші. Кенет ол алдынан өзіне қарай келе жатқан салт аттыны көрді. Атының жақсы жүрісіне қарап Алдар көсе келе жатқан адамның бай екенін бірден білді. Айлакер бірден не істеу керектігін ойластырды. Ол өзінің жыртық-жыртық шапанын ашып, ер-тоқымға түзеліп отырды да, көңілді ән сала бастады.

(Байдың арғымағы жылдам, қарқынды музыканың әуенімен шауып келеді.)

Жүргізуші. Жолаушылар кездесіп, аттарын тоқтатты да, бір-бірімен сәлемдесті. Жылы түлкі тон киіп алған бай дір-дір етеді. Алдар көсе болса малақайын жанына қисайтып, жазғы ыстық күні көлеңкеде отырғандай ентігіп дем алады.

Бай. Сен тоңып кеттің бе?

Алдар көсе. Сен мына тоңыңмен тоңып отырсың ба, ал мен болсам ыстықтап отырмын.

Бай. Мына тонмен қалай ыстықтап отырсың?

Алдар көсе. Ал сен көрмей тұрсың ба не?

Бай. Сенің тоныңды қарғалар жыртқанын және оның сау жеріне қарағанда жыртығы көп екенін көріп тұрмын!

Алдар көсе. Міне, осы жыртығының көп болғаны қандай жақсы. Суық жел бір жыртықтан кірсе, екіншісінен шығып кетеді. Ал жылуы маған қалады.

Алдар көсе мен сараң бай

Бай (артына қарай бұрылып, ақырын былай дейді). Оның мына сиқырлы тонын алдап алу керек.

Алдар көсе (артына қарай бұрылып, ақырын былай дейді). Егер байдың тонын кисем, тоңбас едім-ау!

Бай. Маған тоныңды сат!

Алдар көсе. Сатпаймын. Мен өз тонымсыз бірден тоңамын.

Бай. Тоңбайсың! Оның орнына менің түлкі тонымды ал, ол да өте жылы.

Жүргізуші. Алдар көсе тыңдағысы келмегендей кейіп танытты. Өзі бір көзімен жылы тонға қараса, бір көзімен байдың арғымағына сүйсіне қарап тұр.

Бай. Тонды беремін және үстіне ақша да қосып беремін!

Алдар көсе. Маған ақшаның керегі жоқ. Егер үстіне арғымағыңды қосып берсең, онда ойлануға болады.

Жүргізуші. Бай қуанып, келісе кетті. Өз тонын шешті де, арғымағын бере салды. Алдар көсе түлкі тонды киді де, байдың арғымағына қарғып мініп, шаба жөнелді.

(Көңілді қарқынды әуеннің сүйемелдеуімен Алдар көсе атпен шауып барады.)

Жүргізуші. Енді Алдар көсеге жылы тонмен, жақсы арғымақпен ауылдан-ауылды аралау қиынға соқпады. ал сараң бай болса Алдар көсенің ақсақ атымен әзер дегенде үйіне жетеді. 

(Баяу музыканың әуенімен бай ақсаңдап, сырғып залдан шығып кетеді.)

Жүргізуші. Әрбір киіз үйде айлакерден былай деп сұраған екен: «Сен түлкі тон мен арғымақ атты қайдан алдың?». Алдар көсе адамдарды күлдіре отырып  байдың оның жыртық шапанын алып, оған өзінің түлкі шапанын қалай бергендігін айтып берді. Халық айлакерге қымыздарын беріп, байды күлкіге айналдырды. Күлкі тыйылған кезде Алдар көсе мына сөздерді қайталаудан жалықпады: «Жолың алыстығы мен жақындығын жүріп өткен адам ғана біледі. Ал ащы тағамнан тәтті тағамды тек жеген адам ғана айыра алады!»

Хан. Балалар, осындай керемет ертегі айтып бергендерің үшін рахмет!

Алдар көсе. Қазақ ұлттық мәдениеті тек осындай аңыздармен және ертегілерге ғана бай емес, сонымен қатар оның көптеген салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары да бар. Наурыздың маңызды дәстүрлерінің бірі – татуласу мен кешірім. Және де бүгінгі күні біз ата-бабаларымыз қалдырған құндылықтарды сақтап қалуға тырысамыз. Біздің жерімізде бейбітшілік пен ынтымақтастықтан асқан ештеңе жоқ. Қазақ жері – көпұлтты және, мына мақалдың дәл осы қазақ жерінде туындауы да кездейсоқ емес шығар: «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді!»

Хан. Балалар, сендерге керемет мереке үшін рахмет. Сендер өздеріңнің қандай көңілді және тату екендіктеріңізді көрсеттіңіздер.

Наурыз. Маған сіздерде қонақта болған қатты ұнады, маған Көктемді құтқаруға көмектескендеріңіз үшін үлкен рахмет.

Көктем. Ал мерекені біз қазақтың керемет дәстүрі «Шашумен» аяқтаймыз.

(Барлық балалар мен қонақтарға конфеттер беріледі. Қонақтар залдан шығады, содан кейін музыканың әуенімен балалар шығады.)

Дереккөз:  "Музыкалық жетекшінің анықтамалығы" журналы

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  
У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться