Музыка мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі жұмыстарын модернизациялау және жетілдіру

90
Музыка мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі жұмыстарын модернизациялау және жетілдіру
Музыка мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі жұмыстарын модернизациялау және жетілдіру
Біздің балаларымыздың қазіргі қоғамда өз орындарын табуы, адамгершілік заңдарын түсінуі қиынға соғуда. Себебі дәл осылар өздерінің әлемін құрулары керек қой, ол әлемде біз де өмір сүреміз. Егер отбасылар «балаларының болашағын жасаудың орнына оларды бұза бастағаса», оларға кім үйретеді, кім көмектеседі? Әрине, мұғалім.

Мұғалім тұлғасының оқушыларға ықпалы аса зор, оны ешнәрсемен алмастыру мүмкін емес. Балаға жарық пен білімнің ең болмағанда бір бөлігін жеткізу үшін ол өзіне жарық пен білім теңізін жинақтауы керек. Осы жерден қазіргі педагогиканың басты проблемасы туындайды – мұғалімнің рухани, мәдени деңгейін көтеру. Әуезов аудандық музыка мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің (бұдан әрі - ӘБ) алдында да осы проблема тұр.

Алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін ӘБ шығармашылық тобы жыл сайын іс-шаралар жоспарын дайындайды (қосымша), ол мұғалімдердің маңызды педагогикалық проблемалар жөніндегі сұраныстарын ескеруі керек. ӘБ жұмысы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: әдістемелік, педагогиканың проблемалары бойынша, сонымен қатар мәдени-ағартушылық.

Әдістеме

Соңғы 2 жылда семинарлар мен практикалық сабақтар өткізілді:

  • «Музыка, ӘКМ және өнер сабақтарында жаңа технологиялар мен әдістемелерді қолдану» тақырыбына ғылыми семинар (ақпан 2012 ж.). Семинарда қазіргі кезде білім беру үдерісіне жаңа педагогикалық технологиялар мен әдістемелер енгізіліп жатқандығы айтылды. Мұғалім осыларды қолдана отырып және де материалды жеткізу нысанын өзгерте отырып, басты нәрсені назардан тыс қалдыруы мүмкін: ол неліктен бұл жерде? Оны қалай түсінуге болады, оларды сабақта мақсатты түрде қолдануды қалай үйренуге болады? Осы жайлы, сонымен қатар АКТ артықышылықтары мен кемшіліктері жөнінде дөңгелек үстелде талқыданды, оны Н. А. Цыганкова (№ 116 ЖМ) өткізген еді. Дәл осы семинарда О. Д. Хондчаева (№ 42 ЖМ) Г. И. Шатковскийдің «Музыка пәндерінде топтық және жеке жұмыс жасаудың өзара әрекеттестігі» атты технологиясымен таныстырды.
  • 2012 ж. сәуірінде «Музыка сабақтарындағы әртүрлі нысандарының жәрмеңкесі» атты қалалық практикалық семинар өткізілді. Музыка пәнінің мұғалімі Е. А. Колодий Өскемен қ. музыка мұғалімдері ӘБ жұмыс тәжірибесімен бөлісті және әртүрлі іс-шараларды қалай өткізгендігін әңгімелеп берді, соның ішінде балалардың, фольклор мерекелерін, Достық үйіндегі «музыкалық қонақ үйлерді», өз жұмысында қолданатын әндер материалымен таныстырды және қорытындысында сүйікті қаласының көркем жерлері туралы бейне көріністерді ұсынды. Осылай Қазақстанның басқа қалаларындағы ӘБ жұмыстарымен танысу да өтті. Г. М. Жұлұмбетова (№ 158 ЖМ) сабақта практикалық қызметтің формаларының бірін қалай қолданатындығын көрсетті: сабақта қазақ халық аспапратымен танысу және қолдану. Ол қобыз мен домбырада қазақ және шетелдік композиторлардың туындыларын орындап берді, ал мұғалімдер оған соқпалы аспаптарда сүйемелдеп отырды (аса таяқ, тұяқ тас, қоңырау). Музыка сабақтарындағы қызметтің бірі ретінде вокалдыхор жұмысындағы тәжірибесімен И. А. Садовская  (№ 97 ЖМ) таныстырды. Ол 2-дауыстылықпен жұмыс істеу тәсілдерімен, артикуляция жөніндегі жаттығулар кешенімен бөлісті, сонымен қатар сабақтардың өткен тақырыптарын вокалды-хор жұмысы барысында бекіткен дұрыс (таныс ән, мысалы, мажор-минорда, стакатто-легатода, форте-пианода және т. б. орындау). Вокалды-хор жұмысы – сабақтың құрамдас бөлігінің бірі, сондықтан да оған ерекше көңіл юөлінеді. Жыл сайын осы қызметке арналған семинарлар мен ашық сабақтар өткізіледі.
  • «Музыка сабақтарындағы вокалды-хор жұмысы» семинары - № 117 ОМ (10.03.2011 ж). семинардың шеңберінде Л. З. Александрова 2-ші сыныпта «Адал дос» атты ашық сабақ өткізді. Талқылаулар мен ұсыныстардан кейін тәжірибе алмасулар өткізілді. А. А. Колонтаева – халықаралық конкурстардың дипломанты, қазір Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік консерваториясының студенті сөз сөйледі. Ол балалармен жұмыс жасаудың кейбір тәсілдерімен таныстырды: музыкалық баспалдақтарды көрсету, жаңылтпаштар, әндету, ойын тәсілдері. Осыдан кейін қатысып отырған мұғалімдер практикада қандай тәсілдерді қолданатындықтарын көрсетті.

Педагогика проблемалары

Мектеп пен мұғалімнің алдында тұрға педагогикалық проблемалар бойынша келесі іс-шаралар өткізілді:

  • «Оқушыларды рухани-адамгершілік тәрбиелеудегі өнердің ролі» атты қалалық семинар, оның жұмысына музыка және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері қатысты. (13.01.2011 ж.)
  • Өнер пәндерінің сағаттарының қысқартылуына байланысты және «Өзін-өзі тану» атты жаңа пәннің енгізілуіне байланысты көптеген мұғалімдер курстардан өткеннен кейін осы 2 пәнді үйлестіре бастады. Ауданның кейбір мұғалімдері тәжірибелерімен бөлісті     (Т. М. Бурматова – № 1 МГ, И. Д. Куцель – № 121 МГ, Ш. И. Амраева – №155 ЖМ және  т. б.), осыдан кейін осы пәндер бойынша сауалнама жүргізілді:
  • Бағдарламаны орындау қаншалықты шынайы?
  • Бағдарламада нені өзгерткіңіз келеді (жоспарлау, жеке тақырыптар, концепция және  т. б.)?
  • Сабақта эстетикалық қызметтің қандай түрлері қолданылады?

И. А. Садовская (Тұлғаларды рухани-адамгершілік тәрбиелеу жөніндегі оқу материалдарының республикалық конкурсының дипломанты, № 97 ЖМ) қазіргі қазақстандық эстетикалық тәрбиелеудің бағдарламаларымен таныстырды («Музыка» бағдарламаларының мысалында) және Д. Б. Кабалевский бағдарламасының қазіргі әлемдегі жағдайы туралы әңгімелеп берді. Соңында штаттан тыс әдіскер М. И. Амраева (№ 155 ЖМ) Санкт-Петербург қ. Д. Б. Кабалевскийге арналып өткен музыка мұғалімдерінің Ү Халықаралық конкурсы туралы және осы музыка мұғалімдерінің конкурсында 2-ші орын алған Әуезов ауданының № 133 ЖМ К. Б. Жалғасбаева туралы мәлімдеді.

  • «Болашақ мектебі» дөңгелек үстелі. Мектептің проблемалары мен оларды шешу жолдары біздің бәрімізді алаңдатады. Осыған байланысты 2010 ж. қазанында дөңгелек үстел түрінде «Болашақ мектебі» атты семинар дайындалды және өткізілді. Мұғалімдер мына тақырыптар бойынша жазбаша түрде өз пікірлерін білдірді: «Мектептің проблемалары және оларды шешу жолдары туралы», «Музыка» пәнін оқытуға жайлы жағдай жасау», «Жүзеге асыруға не кедергі келтіреді және не көмектеседі?». Осы жұмыстарға талдау жасалды және соңында әдістемелік жұмысты жоспарлауға көмектескен тұжырымдар жасалды.

Мұғалімнің басты проблемалары оның адамгершілік және кәсіби қасиеттерінде емес, керісінше сыртқы жағдайларға байланысты. Бізге артта қалушылық пен консерватизм, жаңа нәрсемен айналысуға деген жалқаулық, жасының келгендігін сылтаурату, біздің авторитарлы педагогикалық ойлауға деген бейімділігіміз кедергі келтіреді. Бірақ, осыларды жеңіп, ерікті шешім қабылдап, біз өзімізді өзгерте аламыз, лайықты ұрпақ тәрбиелейміз және осы арқылы Болашақ мектебінің қалыптасуын жақындата аламыз және ақиқатқа айналдырамыз.

Мәдени-ағарту жұмыстары

  • Мұражайлар мен көрмелерге бару. Мұғалімдердің дүниетанымын кеңейту мен рухани баюы үшін ӘБ жоспарына Алматы қ. мұражайлар мен көрмелерді аралау енгізілді.
  • Көшпелі семинар. Қазіргі педагогика саласындағы өзекті мәселе «Эстетикалық цикл сабақтарында қолданылатын мәдени мұраларды сақтап қалу проблемалары туралы» атты Ә. Қастеев атындағы мұражайда өткен көшпелі семинар еді (қараша, 2011 ж.) Мәдени ескерткіштер – бұл бүкіл халықтың игілігі. Оларды сақтап қалу – біздің жұмысымызды маңызды мәселесі.

Бұл шараларға біз тек музыка мұғалімдерін ғана емес, сонымен қатар бейнелеу өнері, қазақ және орыс әдебиеті, тарих, технология пәндерінің мұғалімдерін шақырдық және ең жылы және мейірімді алғыстар алдық.

Біздің тәжірибеміздің басқа да аймақтарға пайдасы тиер деп үміттенемін, және де біз өзіміздің әріптестерімізбен тығыз байланыста жұмыс істейтін боламыз.

Астана қаласында 2010 жылдың қазанында өткен Рухани келісім форумында мынандай керемет сөздер айтылды: «… Машина немесе механикалық технологизацияның орнына адазаттың жүрегіне жететін, өзгертетін руханилық, мәдениет келуі керек. Оларды шынайы нақты мазмұнға толтыру – біздің міндетіміз. Адамзаттың қолдарымен және аяқтарымен әлемге өзгерістер енгізілуі керек…, бүгінде Рухани мәдениет – бұл қазіргі адамзатта бар ең маңызды және құнды нәрсе екендігін дәлелдейтін тарихи тәжірибені түсіну керек. Ол болашаққа апаратын жалғыз жол, болашақ адамзаттың проблемаларын шешу кілті…».

Және де біз өзіміздің аудандық ӘБ жұмысы педагогтерде қазіргі мектептің алдында тұрған мәселелерді шешуге көмектесетін қасиеттерді қалыптастыруы үшін қолымыздан келгеннің барлығын жасаймыз.

Қосымша

Әуезов ауданының музыка мұғалімдері ӘБ

20__/20__ оқу жылына арналған жұмыс жоспары

Тақырыбы «Оқу үдерісін модернизациялау және жетілдіру»

Міндеттері:

  • мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету;
  • педагогикалық қызметті талдау барысында мұғалімдердің рефлексивті қызметін ұйымдастыру;
  • музыка сабақтарына қойылатын әдістемелік және кәсіби талаптарды жетілдіру.

Жұмыс бағыты: ұйымдастырушылық; оқу-әдістемелік; сараптамалы-бағалау; дүниетанымын кеңейту.

Әуезов ауданының музыка мұғалімдері ӘБ

20__/20__ оқу жылына арналған

іс-шараларының жоспары

Іс-шара

Мазмұны

Мерзімі, жауаптылар

1

Әдістемелік кеңестің мәжілісі

ӘБ 2012/2013 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарын дайындау

13.09.201_ ж. – «№ 155 ЖМ» КММ, штаттан тыс әдіскер – Ш. И. Амраева

2

«Абай оқулары» конкурсы «Абаевские чтения»

«Абай оқулары» аудандық конкурсына қатысуды ұйымдастыру және қатысу. Оқушыларды конкурсқа дайындау.

25.10.201_ ж. – «№ 141 ЖМ» КММ, музыка мұғалімдері

3

«Үнді биінің философиясы» көшпелі семинары

ҚР мәдениетінің атақты қайраткері, ЮНЕСКО жанындағы CID  – Халықаралық би кеңесінің мүшесі, өнер магистрі А. Қайназаровамен кездесу

08.11.201_ ж., Оқушылар сарайы

4

Шеберлік сыныбы

Оқушыны музыкалық тәрбиелеудің маңызды бөлігі ретінде музыка тыңдау

24.01.201_ ж. – «№ 97 ЖМ» КММ, И. А. Садовская

5

Семинар-практикум

Хормен ән айту оқушыларды тәрбиелеу құралы ретінде

14.02.201_ ж. – «№ 13 ЖМ» КММ, О. Григорьева

6

Семинар

Музыка мұғалімдерінің өз бетімен білім алу тақырыбы бойынша шығармашылық есеп берулері

Дереккөз: "Музыкалық жетекшінің анықтамалығы" журналы



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль