text
MCFR.KZ Образование

Колледждегі кәсіптік бағдарлау жұмысы

  • 1 ноября 2018
  • 201
Колледждегі кәсіптік бағдарлау жұмысы

Қазіргі жағдайда білім беру қызметтері нарығын дамыту ерекше қарқынмен жүзеге асуда.


★ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ★

Колледжде кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастыру
Колледждегі кәсіптік бағдарлау жұмысы

Б. К. Кажияхметов

«Қапшағай көпбейінді колледжі» МКҚК директоры, Қапшагай қ.
Жыл сайын кәсіп таңдау қиындауда: кейбір мамандықтарға деген сұраныс азайып, олардың орнына жаңа мамандықтар пайда болуда (болашақтың кәсіптері), олардың алуан түрлілігі кейде тіпті таңдандырады. Қазіргі нарық өмір сүруге қатаң талап қоюда. Сондықтан бүгінде табысты адамның маңызды атрибутына жақсы білім мен таңдаған кәсіптік бағытта дамудың жоғары қарқыны жатады. Кәсіптік білім алған соң еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болу үшін кәсіптік бағдарлауға (мамандық таңдауға) ерекше көңіл бөлу керек.

 Білім беру саласын қайта құру көптеген оқу орындарын нарық экономикасы қоятын қағидаттар мен жағдайға қарай өмір сүруге мәжбүрлейді. Бәсекелестік күрестің қатаңдануы жағдайында оқу орындары нарықтан өз сегментін қайтарып алып, белсенді маркетингтік қызмет жүргізуде.

Мектеп түлектері арасындағы кәсіптік бағдарлау жұмысының мәні артуда. Колледжде осы бағытта ақпараттық технологиялар мен маркетингтік қызмет элементтерін қолдана отырып ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Педагогикалық ұжымның міндеті – мектеп түлектері арасындағы кәсіптік бағдарлау жұмысын дамыту және оның жаңа формаларын енгізу.

Бағыттары:

Оқушыларды колледжбен таныстыру 1 наурыздан басталады. Топтық және жеке экскурсиялар өткізіледі, оқушыларды педагогтер мен өндірістік оқыту шеберлері қарсы алады, олар болашақ студенттерді оқу орнының материалдық-техникалық базасымен, оқу үдерісін жүргізудегі техникалық мүмкіндіктерімен, басшылықпен және оқытушылармен таныстырады.

Оқушылар аудиторияларды, компьютерлік сыныптарды және зертханаларды аралайды, студенттік өмірмен танысады. Талапкерлер оқу орнын таңдау барысында оның барлық артықшылықтарын көре алады: білім беру үдерісіне деген көзқарастың маңыздылығын және тұлғалық дамуының болашақтағы мүмкіндіктерін, таңдалған қызмет саласында болашақ маман ретінде өзін өзі таныту болашағын бағалайды.

Оқу кабинеттері мен шеберханаларға жасалған толық экскурсиядан кейін оқушыларды шай ішуге және зертханалық-практикалық сабақтарда студенттер өз қолдарымен әзірлеген кондитерлік ұн өнімдерінің дәмін тату үшін «Сакура» оқу мейрамханасына шақырады.

Кәсіптік бағдарлау жұмысының жарқын іс-шараларының бірі «Ашық есік күні» болып табылады. Бұл күні оқушыларды дайындық жүргізілетін мамандықтармен таныстырады, мектеп түлектері ақпараттық материалдармен: қабылдау ережелерімен, анықтамалықтармен, күнтізбелермен, кітапшалармен қамтамасыз етіледі.

Оқушылармен бірге олардың ата-аналарымен де кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізген маңызды: олардың балаларға ықпалы зор, тек олардың болашақ мамандығын дұрыс таңдауына көмектесу қажет. Осы мақсатта педагогикалық ұжым мектептерде, колледжде және кәсіпорындарда ересектермен кездесулер ұйымдастырады. Негізгі мамандықтар презентациясы мен олармен таныстыру мультимедиялық аппаратураның көмегімен жүзеге асырылады. Ата-аналар колледждің оқу үдерісі мен шығармашылық өмірін қадағалау мүмкіндігіне ие болады, оқу орнының технологиялық және ақпараттық қамтылуымен танысады.

Арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері шеберлік сыныптары мен студенттердің шығармашылық жұмыстарының көрмелерін өткізеді.

Кәсіптік бағдарлау шараларын өткізудің негізгі міндеті – қызығушылық пен оқушының қызығушылықтарына, ынтасы мен ішкі әлеміне қарай олардың білімге деген ынтасын ояту. Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін арнайы пән оқытушылары білім беру үдерісінің барлық қатысушыларымен: балалармен, өндірістік оқыту шеберлерімен және ата-аналармен жұмыс істеудің вариативтік формалары кешенін жүзеге асыруды қарастыратын «Мен өскенде ...» праткикалық-бағдарланған жобасын әзірледі.

Өткізілетін кәсіптік бағдарлау жұмысы мектепте оқушылардың кәсіптік анықтау бойынша ары қарайғы жұмысы құрылатын негіз болып табылады. Ол белгілі жүйеде жоспарланады және жүзеге асырылады; әдістері, тәсілдері мен құралдары оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып таңдалады. (1-қосымша)

Ағымдағы жылы 9–11-шы сынып оқушылары үшін «Тұздалған қамыр мен мастикадан әзірленген өнімдер көрмесі» ұйымдастырылды, мұнда «Жас кондитер» үйірмесіне қатысатын студенттердің жұмыстары таныстырылды. Жақсы кондитер немесе аспаз болу үшін көп нәрсені қолмен жасай білу керек және суретші болу керек. Колледж студенттері тағамдық өнімдермен жұмыс істеуді үйренеді: тұзды қамырмен, «мастика» деп аталатын кондитерлік ермексазбен.

«Гагариннің портреті» суреті тағамдық өнімдерден жасалды (жармалар мен кофеден).

Старт алаңындағы ғарыш кемесінің үлгісі (макарон өнімдерінен).

Ғарышкерлер – тұзды қамыр мен мастикадан.

Жұмыс берушілерді кәсіптік бағдарлау жұмысына тарту өте маңызды. Колледж өз қызметінің бейіні бойынша оқу орнының кәсіптік бағдарлауына жақын кәсіпорындармен тығыз серіктестікте жұмыс істейді. Олардың арасындағы қарым-қатынас үнемі дамиды, әлеуметтік серіктестерде жұмыс істейтін түлектермен шеберлік сыныптары өткізіледі, ол оқушылардың таңдаған мамандыққа деген қызығушылығын арттырады.

Кәсіптік бағдарлау жұмысы білім беру үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады. Мектеп түлектерімен өнімді жұмыс істеу тек оқу орнының жағымды мәртебесін арттырғанда ғана мүмкін, ол өз кезегінде басқарудың жаңа әдістерін, жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың, оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз етудің және заманауи материалдық-техникалық жарақтандырудың арқасында қалыптасады.

Бұл мектеп түлектеріне сұранысқа ие мамандықтар туралы қажетті ақпарат алуға және дұрыс таңдау жасауға мүмкіндік береді. Еңбек нарығының сұранысын уақытында сезіну, әртүрлі деңгейлік білім беру бағдарламаларын ықпалдастыру, әлеуметтік серіктестікті дамыту, оқу-материалдық базаны заманауи талаптарға сәйкестендіру, оқу-тәрбие үдерісіне заманауи педагогикалық технологияларды енгізу – осының барлығы маман дайындау сапасын арттыруға, жастардың отансүйгіштік сезімін, адамгершілігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге бағытталған.


1-қосымша

«Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының

кәсіптік бағдарлау жұмысы мен бейіналды дайындық бойынша

«Мен өскенде...» жобасы

Идеясы – оқушылардың білімдегі өзінің болашақ жолын бейіналды іздеуі дәне бейінді саналы таңдау.

Тақырыбы – ҚР білім беру бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде кәсіптік бағдрлау жұмысының, бейіналды дайындықтың үлгісін әзірлеу.

Міндеттері

  • Оқушылардың қабілеттіліктеріне, бейімдіктеріне, тұлғалық ерекшеліктеріне, қоғамның, аймақтың кадрларға деген сұраныстарына сәйкес олардың өзін өзі саналы кәсіптік танытуына жағдай жасау, қоғамға әлеуметтік-кәсіптік бейімделуге қабілеттілікті қалыптастыру.
  • Жасөспірімдердің өзіндік өмірлік және кәсіптік жоспарларын, болашақ мамандық мұраттарын және мұнда жоғары біліктілікке жетудің ықтимал үлгілерін жобалауға ықпал ету.
  • Өскелең ұрпақтың кәсіптік дайындығына қызығушылық танытқан тұлғалармен және ұйымдармен іскер байланыстарды реттеу.

Жоба типі – білім беру үдерісінің барлық мүшелерімен: балалармен, өндірістік оқыту шеберлерімен және ата-аналармен жұмыс істеудің вариативтік формалары кешенін жүзеге асыруды қарастыратын практикалық-бағдарланған.

Кәсіптік бағдарланған дайындық

7–9 сыныптар

«Мен өскенде…»

Колледждегі кәсіптік бағдарлау жұмысы

  

Бейіналды дайындық

9–11 сыныптар

«Мен өскенде…»

Колледждегі кәсіптік бағдарлау жұмысы

Ықтимал нәтижелер:

  • заманауи білім беру жағдайында кәсіптік бағдарлау жұмысы, бейіналды дайындық үлгілерін әзірлеу;
  • құқықтық, экономикалық және жалпы теоретикалық білім деңгейін көтеру;
  • оқуға деген тұрақты қызығушылықты қалыптастыру;
  • оқушылардың құқықтық санасын, құқықтық және экономикалық мәдениетін дамыту;
  • кәсіптік қызметті арнайы дайындықпен үйлестіре отырып, кәсіптік қабілеттіліктерді ерте анықтау;
  • кәсіптік бағдарлаудың жаңа формаларын апробациялау және жетілдіру;
  • оқушыларды әлеуметтендірудің, өзін өзі кәсіптік анықтауға дайындықтың мүмкіндіктерін арттыру. 

Дереккөз: "Сынып жетекшісінің анықтамалығы" 

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться