Справочник руководителя образовательного учреждения

Мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек

  • 27 февраля 2019
  • 8226
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету

Кез келген мемлекеттің әлеуметтік саясатының ізгілікті бағыты жағдайы қиын халықтың әлсіз қорғалған санатына деген қатынасымен анықталады. Бұл контингенттің ауқымды бөлігін дамуы бұзылған және артта қалған балалар құрайды. Мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек туралы оқыныздар.

Даму мүмкіндігі шектеулі (бұдан әрі – ДМШ) балаларды тәрбиелеу мен оқыту әдіснамалық тәсілдер мен қосымша шарттар кешенін құруды талап етеді.

Сәбилер мен балалардың дамуындағы ауытқушылықтарға ерте араласу профилактикалық тәсілдің негізі болып табылады. Кемшіліктер анықталғанынан бұрын түзетілген.

Оңалту шаралары кешенін сәтті өткізу үшін сәбидің отбасында қалғаны және қажетті психологиялық қолдауға ие болғаны маңызды.

Уақытында басталған кешенді түзетуші шаралардың қажетті нәтижелерінің бірі дамуында ауытқушылықтары бар баланың әлеуметтік бейімделудің белгілі деңгейіне жетуі және жаппай жалпы білім беретін мектепте оқу мүмкіндіктерінің айқындалуы болып табылады.

ТҮЗЕТУ ПЕДАГОГИКАСЫ

ДМШ балаларға арналған инновациялық қызметтің мазмұны
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету
Л. В. Ханина «№ 2 МБК» КММ педагог-психологы, Приозерск қ.

Мұғалімнің табысты болуының негізі оның жанының рухани бай болуы мен дархандығы, сезімін игере алуы және жалпы эмоциялық мәдениетінің жоғарылығы, педагогикалық құбылыстың мәніне терең ене білуі болып табылады.
В. А. Сухомлинский

Бүгінгі таңда даму мүмкіндігі шектеулі (бұдан әрі – ДМШ) балаларды әлеуметтендіру, олардың өмірлік әлеуетін кеңейту, ДМШ балаларға арналған сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Ерте кешендік көмек көрсету – бұл балаларға өмірінің алғашқы айлары мен жылдарында кешенді қызмет көрсетудің теоретикалық және іс-тәжірибелік негіздерін қарастыратын пәнаралық білімнің жаңа, тез дамитын саласы. Ол мүмкіндіктерінің әлеуеті шектеулі балалар мен дамуы көптеген тәуекел факторларына негізделген балалардың даму жағдайын жақсартуға ықпал етуге бағытталған арнайы білім беру жүйесінің бөлімі ретінде қалыптасады.

Мүгедектіктің алдын алу мен өмір сүруін, еңбекке қабілеттілігін шектеу деңгейін төмендету оны тиімді ұйымдастыруға байланысты. Ол арнайы ұйымдастырылған іс-шаралар жүйесін білдіреді:

  • дамуы артта қалған немесе артта қалу  қаупі бар сәбиді анықтау және сәйкес аймақтық қызметке бағыттау;
  • баланың даму деңгейін анықтау және жеке бағдарламаларды жобалау;
  • отбасыны оқыту және кеңес беру, психологиялық және құқықтық қолдау;
  • баланың сенсорлы-моторикалық саласын дамыту бойынша мақсатты жұмыс;
  • ерте жоспарлы және (немесе) жедел медициналық түзету;
  • жеке даму бағдарламасының аясында отбасыны толық кешенді қызмет көрсетуде барлық әлеуметтік институттар мен қызметтердің жұмысын үйлестіру.

Ерте психотерапиялық араласу үлгілері

  • Әрекеттестікті жаттықтыру (Field, 1982 ж.) – сеанстар барысында ересектердің іс-қимылының сапалы өзгеруіне бағытталған: «ана-бала» диадосында дамытушы әрекеттестік. Сәбимен эмпатиялық байланысты тереңдету мақсатында анаға арналған нұсқаулықтар жиынтығы әзірленді («көзбе-көз» көру байланыстары кезеңін ұлғайту, сәбидің іс-қимылын имитациялау, жасқа сәйкес келетін ойындар және т. б.).
  • Әрекеттестікті басқару (McDonough, 1993 ж.) – ересектердің балаға деген қарым-қатынасының оң өзгерістеріне бағытталған. Бейнетехникалардың көмегімен ата-аналардың және балалардың ойын барысындағы іс-қимылы тіркеледі. Отбасы мүшелері өз іс-қимылының сәбидің іс-әрекетіне әсерінің кері байланысын бақылайды.
  • Жүйелі үлгі (SternrBraschweis ler-Stern, 1989 ж.) – өзара тәуелді және үнемі динамикалық әсердегі элементтерді білдіреді (жадыда сақталған қайғырулар, сәбидің, ата-аналардың және психотерапевттің ағымдық әрекеттестігіне ықпал ететін рөлдік түсініктер).

Психотерапиялық араласудың барлық үлгілерінде үйдің шағын ортасын қалыптандыруға, сәбиге деген қарым-қатынастың оң өзгеруіне, әлеуметтік отбасыішілік байланыстардың қалыптасуына ықпал ететін әдістер көрініс тапқан.

Отбасы баланың алғашқы әлеуметтік ортасы ретінде оның дамуына шешуші ықпал ететін маңызды фактор болып табылады.

Отбасылық-орталықтандырылған қызмет көрсету ауқымының элементтері:

  • қолданыстағы барлық мемлекеттік, сонымен қатар мемлекеттік емес білім беру жүйелерінің мүмкіндіктерін тарта отырып жеке білім беру бағытын таңдауға ақпараттық қолдау және көмек көрсету;
  • баланы, отбасы мүшелерін қолдаудың жеке бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру, ата-аналар мен балалардың әрекеттестігін ұйымдастыруға көмек көрсету;
  • ересектерді оқытуға және оларды түзетуші-педагогикалық үдеріске тартуға арналған арнайы бағдарламаларды жүзеге асыру;
  • көмек көрсетудің (медициналық, психологиялық, әлеуметтік-тұрмыстық, педагогикалық) жеке аспектілері арасындағы байланыс негізінде баланы оқыту мен әлеуметтендірудің біртұтас мультитәртіптік тәсілін қамтамасыз ету; бірыңғай кешенді құрайтындар мен өзіндік компоненттер болып табылатындар.

Батыс үлгілеріндегі ерте әлеуметтік-педагогикалық араласу бағыттарының бірі  лекотекаларды (leko – ойыншық) – ойыншықтар кітапханасын ұйымдастыру болып табылады.

Лекотекалар тұжырымдамасы отбасылық-көршілік қатынас орнату, сұраныстары ерекше балалары бар отбасылармен әлеуметтік байланысты қалыпқа келтіру тәжірибесін жинақтау үшін ойындар мен ойыншықтар қолдануды болжайды.

Ғимараттар ортақ қиындықтары біріктіретін ата-аналармен, өзара көмек пен даму бағдарламасын әзірлеуді талқылау үшін мамандармен кездесулер өткізуге қолданылады.

Жүргізуші

  • арнайы педагогика мен психология саласында балабақша қызметкерлерін оқыту мен кеңес беруді;
  • қызметкерлер командасымен бірге жеке даму бағдарламасын әзірлеуді;
  • мамандар жұмысын үйлестіруді;
  • сұраныстары ерекше балаларды мектепке дейінгі білім беру жүйесіне тарту мәселелерімен айналысуды ұйымдастырады.

Лекотекалардың тиімді қызметінің өлшемдері

  • Ата-аналар; педагогтер тарапынан қызметке деген сұраныстың артуы.
  • Білікті көмек көрсетілетін мәселелер тізімін арттыру.
  • Өмір сүруіне қойылатын шектеулерге тәуелсіз бала дамуы көрсеткіштерінің сапалы артуының оң динамикасы.
  • Отбасыішілік қарым-қатынасты қалыптандыру.
  • Отбасының әлеуметтік байланысын кеңейту.
  • Ерте балалық саласындағы мәселелерді шешуде ата-аналардың, педагогтердің және басқа мамандардың біліктілігін арттыру.

Дамуында кемшіліктері бар баланың дүниеге келуі отбасының өмірлік болашағын өзгертеді және оның мүшелеріне ұзақмерзімдік психопатогенді әсер етеді (көп жағдайда баланың анасына). Мұндай күйзелістің тереңдігі әртүрлі себептерге байланысты (бала дамуындағы ауытұушылықтар сипаты мен деңгейіне, сыртқы белгілерінің болуы және т. б.).

Дамуында ауытқушылықтары бар балалар тәрбиелейтін отбасыларға көмек көрсетуді ұйымдастыру тәсілдері

  • Консультациялық пункттердің кең желісін құру. Ата-аналар психикалық дамуды диагностикалау, отбасындағы баламен түзету жұмысының мазмұны мен әдістері, тәрбиелеу және үй режімін ұйымдастыру, сәбидің ересектермен қарым-қатынасын реттеу, отбасында және одан тыс (бөбекжайларда, студияларда, аулада және т. б.) басқа балалармен қарым-қатынас орнату бойынша медициналық және психологиялық-педагогикалық көмек алады.
  • Үйден оқыту топтары мен балалардың арнайы (түзету) және жалпы типтегі мектепке дейінгі мекемелерде қысқамерзімдік болуын ұйымдастыру. Баланың тұрғылықты жеріне түзету көмегін барынша жақындату, мұқтаж балалардың ауқымды бөлігін тарту және отбасына уақытында психологиялық-педагогикалық көмек көрсету мақсатында құрылады.
  • Үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімдерін құру, ол медициналық-әлеуметтік оңалту басымдығы мен ауыр ауруға шалдыққан балаларды дамыту басымдығына бағытталған.

Негізгі міндеттері:

  • біреудің көмегіне мұқтаж мүгедек балаларды анықтау;
  • оларға әлеуметтік машықтарды меңгертуде, өзіне өзі қызмет көрсетуде, бос уақытын ұйымдастыруда (көркемдік қызмет, фестивальдар, шығармашылық конкурстары, спорттық сайыстар) көмек көрсету;
  • ата-аналар мен отасы мүшелеріне мүгедек балаларға күтім жасау және олармен араласу әдістеріне баулу;
  • консультациялық медициналық, құқықтық көмек пен басқа да қызмет көрсетуді ұйымдастыру. 

Мақала қысқартылып жарияланған,

толық жарияланымды 

 «Сынып жетекшісінің анықтамалығы» журналынан оқыңыздар.

logo
Мы еще не знакомы?

       

        Давайте познакомимся!
        Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
Зарегистрироваться
Дорогой гость, заберите Ваш подарок
Бесплатный доступ к журналу "Справочник классного руководителя"
Получить бесплатный доступ