MCFR.KZ Образование

Мектепте ісжүргізу

  • 20 декабря 2018
  • 707

Білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – БҰ) құжаттамалық қамтамасыз етуді ұтымды ұйымдастыру мақсатында ісжүргізу бойынша жұмысқа кейбір ұсынымдар ұсынылады.

БҰ-да ісжүргізуді тікелей жүргізу ісжүргізуге жауапты етіп тағайындалған қызметкерге жүктеледі, ол құжаттарды белгіленген мерзімде есепке алу мен жүргізуді қамтамасыз етеді, басшылыққа олардың орындалу жай-күйі туралы хабарлайды, қызметкерлерді ісжүргізу бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттармен таныстыруды жүзеге асырады.

БҰ басқарушылық қызметін құжаттандыру

БҰ құжаттарының құрамына В состав документов ОО входят

  • ұйымдастырушылық құжаттар (БҰ жарғысы; құрылтайшымен шарт; бөлімдер туралы ережелер; қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары; құрылымы мен штаттық саны; штаттық кесте; ішкі еңбек тәртіптемесі қағидалары).
  • жарлық құжаттары (бұйрықтар, нұсқаулықтар); ақпараттық-анықтамалық құжаттар (хаттамалар, жоспарлар, есептер, анықтамалар, актілер, баянжазбалар мен түсінік хаттар, хаттар, телеграммалар мен телефонограммалар, шарттар, еңбек келісімдері, келісімшарттар және т. б.).

Құжаттар, әдеттегідей, бланктерде ресімделуі тиіс, міндетті деректемелерінің белгіленген кешені мен тұрақты орналасу тәртібі болуы тиіс.

Бұйрық – БҰ қызметінің негізгі және жедел мәселелерін шешу үшін басшы шығаратын құқықтық акт.

Бұйрық оған БҰ басшысы қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.

БҰ бланкінде ресімделеді және келесі деректемелері болуы тиіс: құжат түрінің атауы, күні, бұйрықтың нөмірі, шығарған жері, тақырыбы, мәтіні, қолы, бұрыштамалары, келісу.

Бұйрықтың мәтінін дайындағанда келесі қағидаттарды ұстану қажет:

  • сипатталушы жағдайдың нақтылығы мен объективтілігі;
  • қабылданатын шараларды негіздеуге қажетті ақпараттың толықтығы;
  • қысқалық пен ықшамдылық;
  • бейтараптылығы мен баяндаудың нақты сипаты;
  • жағдайлар мен оқиғаларды эмоциясыз бағалау;
  • мәтін мен басшы өкімінің мазмұнының құқық нормалары мен БҰ жарғысымен анықталған құзыреттіліктеріне сәйкестігі;
  • ресми-іскер сөйлеу стилінің нормаларын ұстану.

Бұйрықтың мәтіні екі бөліктен тұрады: баяндаушы және өкім беруші.

Баяндаушы бөлімде бұйырылған іс-әрекеттердің мақсаттары мен міндеттері көрініс табады, бұйрықты дайындауға негіз болған құжатқа сілтеме беріледі.

Өкім беруші бөлімі бұйырылатын іс-әрекеттер, оларды орындауға жауапты лауазымдық тұлғалардың аты-жөндері, және орындау мерзімдері көрсетіледі. Өкім беруші бөлім баяндаушы бөлімнен «бұйырамын» сөзімен бөлінеді, одан кейін қос нүкте қойылады. Бұйрық мәтінінің өкім беруші бөлімі, әдеттегідей, тармақтарға бөлінеді, олар соңына нүкте қойылған араб цифрларымен нөмірленеді.

Өкім беруші бөлімнің әрбір тармағы белгісіздік түріндегі етістікпен берілген нақты әрекетті көрсетуден басталады.

Жекелеген тапсырмалар (мысалы, цифрлық деректері бар тапсырмалар) бұйрықтың сәйкес тармақтарында оларға сілтеме беру арқылы бұйрыққа қосымша түрінде ресімделеді.

Қосымшаның бірінші бетінде жоғарғы оң жақ бұрышына мынадай жазба жасалады:

20__ ж. __.__. № __ бұйрыққа

(1 ,2…) қосымша

Егер бұйрыққа қосымшада басқа ұйымның құжаттары берілсе, онда осы қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышына сәйкес жазба жасалады:

20__ ж. __.__. № __ бұйрыққа

қосымша

Бұйрықтың және қосымшалардың беттері біртұтас құжат ретінде нөмірленеді.

Бұйрыққа:

  • БҰ басшысы;
  • басшы болмаған жағдайда оның міндеттерін атқарушы тұлға;
  • орынбасары (егер БҰ жарғысы директордың орынбасарына бұйрық шығаруға рұқсат берсе) қол қояды.

«Орнына» көмекші сөзі берілген бұйрыққа лауазым атауының алдына қисық сызық немесе басқа белгілер қою арқылы қол қоюға рұқсат етілмейді. Қол қойылмаған бұйрықтың заңды күші жоқ.

Басшының қолы ұйымның елтаңбалы мөрімен бекітіледі.

Бұйрықтар кітабына басшының бұйрықты растайтын қолы жеткілікті, себебі бұйрықтар кітабын жүргізу және сақтау қағидалары бар, олар оған енгізілген жазбалардың жасандылығы мен түзетулерге жол бермейді.

Қолдан кейін былай жазылады: «Бұйрықпен таныстым: (қолы Т. А. Ә.)» қолы, қолдың мағынасын ашу және күнін қызметкер өз қолымен жазады.

★ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ★

Білім беру ұйымындағы құжат айналымы
Мектепте ісжүргізу

В. П. Проскурина

САР бухгалтер-практигі, Алматы қ
Ісжүргізуді ұйымдастыру жауапкершілігі, құжаттармен жұмыстың белгіленген қағидалары мен тәртібін сақтау басшыға жүктеледі. Білім беру ұйымының (бұдан әрі – БҰ) қызметі өзара ұштастырылған басқарушылық құжаттама жүйесімен қамтылады. Оның құрамы мәселені шешу біліктілігімен, тәртібімен, жоғары тұрған ұйымдармен, заң шығарушы және атқарушы билікпен, бағыныстылармен және бөгде ұйымдармен, жеке тұлғалармен өзара қарым-қатынастың көлемі мен ерекшелігімен анықталады. Тікелей ісжүргізуді жүргізу, құжаттарды тіркеу мен сақтау жауапкершілігі жүктелген лауазымдық тұлғалармен жүзеге асырылады.

БҰ-да шығарылатын барлық бұйрықтарды шартты түрде блоктарға бөлуге болады:

  • оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру;
  • қаржы-шаруашылық қызметі;
  • жеке құрам;
  • білім алушылар.

БҰ жұмысында жыл сайын бір уақытта қайталанып отыратын, яғни кезеңдік сипатқа ие бұйрықтар бар.

Өкімдерді директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары өз құзыреттілігінің шегінде шығарады және бұйрыққа ұқсас құрастырылады. Өкімдер мәтінің баяндаушы бөлігі өкім беруші бөлімнен мына сөздермен бөлінеді: «Ұсынамын», «Ұсыныс жасаймын», «Міндеттеймін», «Қажет деп санаймын».

БҰ басқарушылық шешімдер қабылдау үдерістері мен шешімдердің өзі конференциялардың, педагогикалық кеңестердің хаттамаларының көмегімен құжаттандырылады.

Хаттамалар арнайы дәптерде ресімделеді және мынадай деректемелері болады: БҰ мен құжат түрінің атауы, хаттама күні (жиналыс өткізу күні). Тақырыбы: жиын түрі мен өзіндік басқарма органының атауы.

Хаттаманың мәтіні екі бөлімнен тұрады: кіріспе және негізгі.

  • Кіріспе бөлім тұрақты ақпараттан құралады (сөздер: «Төраға», «Хатшы», «Қатысқандар»), күн тәртібімен аяқталады, олардан кейін қос нүкте қойылады. Әрбір жаңа сұрақ жаңа жолдан басталады. Сұрақтардың орналасу реттілігі маңыздылық дәрежесіне қарай анықталады. Сұрақтар атау септігінде тізіледі. Баяндама )есеп, хабарлама, ақпарат), лауазымның атауы, баяндамашының аты-жөні мен тегі ілік септігінде жазылады. Күн тәртібіне «Әртүрлі» сұрағын қосу ұсынылады. Әрбір сұрақ нақтылануы тиіс.
  • Мәтіннің негізгі бөлімі күн тәртібінің сұрақтарына сәйкес құрылады. Әрбір сұрақты талқылау жазбасының құрылымы «Тыңдады–сөз сөйледі–қаулы етті (шешті) сызбасы бойынша жүзеге асырылады», сондай-ақ сұрақтар мен жауаптар хаттамаға тіркеледі.

Іс-тәжірибеде хаттаманың қысқаша түрі қолданылады, мұнда қатысушылардың тізімі, қарастырылатын сұрақтар мен қабылданған шешімдер көрсетіледі.

Хаттамадан үзінді келесі деректемелерден тұрады:

  • БҰ атауы, құжат түрінің атауы ("хаттамадан үзінді"), күні (мәжілістің), индексі, құрастырған жері, мәтіннің тақырыбы, мәтіні, қолдары, көшірмесін растау туралы белгі, орындалуы туралы белгі, «іске» жіберу.

Жалғасын  № 10-2016 «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы»  журналынан оқыңыздар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

ЗАПИСАТЬСЯ

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку

ПОДРОБНЕЕ
Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
Это займет не больше 1 минуты
Зарегистрироваться