Справочник руководителя образовательного учреждения

Қазақ халық музыкалық аспаптары

  • 3 апреля 2019
  • 438
Қазақ халық музыкалық аспаптары
Қазақ халық музыкалық аспаптары

Қазақ халық музыкалық аспаптары бойынша сабақ өткізу сценарийі

«Бұлбұл» күйіҚұжатқа өту:
«Сарыарка» күйіҚұжатқа өту:

Мақсаты:
  • оқушылардың әртүрлі музыкалық аспаптар туралы түсінігін қалыптастыру; 
  • шығармашылық белсенділігін, салыстыру машығын дамыту; алған деректерін жаңа білім алу үшін пайдалану; оқушылардың ойлау қызметін, музыка тыңдауға қызығушылығын дамыту; 
  • музыкалық-танымдық сұраныстары мен қызығушылықтарын, халық музыкасына деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу;

Көрнекілігі: музыкалық аспаптардың картиналары, кітап жәрмеңкесі, буклеттер, бейне-слайд.

Іс-шара барысы

Педагог. Қайырлы күн, құрметті балалар! Бүгін біз қазақ халық музыкалық аспаптарымен танысамыз. Сендер қандай музыкалық аспаптарды білесіңдер? Күй дегеніміз не? Сендер күй орындаушылар жайында не білесіңдер?

Сендер барлық сұраққа жақсы жауап бердіңдер. Ал енді қазақ халық аспаптарын зерттеу тарихына тоқталып өтейік.

Халық музыкасының аспаптық жанрлары  ұзақ жылдар бойы көшпенді өмір салтын ұстанған халықтарда кездеседі. Оның қалыптасу және даму кезеңдері халықтың ауызекі өнерінде көрініс тапты. Қазақ күйі Орта Азияның аспаптық мәдениеті жүйесінің маңызды компоненті болып табылады.

Күй – бұл бағдарламалық сипаттағы аспаптық пьеса. Барлық күйлер шағын көлемімен ерекшеленеді және 2–3 минуттан артық ойнамайды. Әр күй тек бір музыкалық бейнені ашады, тек бір жағдайды жеткізеді және боямалары жоқ.

Музыкалық аспаптардың ерекшеліктері зерттелетін ғылым органология деп аталады.

Халық музыкалық аспаптарын зерттеуші, профессор Болат Сарыбаев 30-дан астам көне қазақ аспаптарын зерттеді және ұсынды, оларға шаңқобыз, сыбызғы, сазсырнай, үскірік, шертер, жетіген т. б. кіреді.

Қазақтардың бай музыкалық мұрасын дәріптеу бойынша, сондай-ақ музыкалық аспаптар тарихы мен оны қалыптастыру мәселелерін түсіндіру бойынша ғалым өз қызметін 70-ші жылдардың соңында көне Отырар қалашығынан табылған «үскірік» үрмелі аспабынан бастады.

Сонымен қатар Болат Шамғалиұлы өзге түрік халықтарының 400-ден аса музыкалық аспаптарын жинады және 300-ге жуық монография жазды. Өз еңбектерінде ол қазақ аспаптарын дыбысы мен қолданылуы бойынша бірнеше топқа болды, нақты айтсақ: шертпелі, үрмелі, соқпалы және даңғырлатып ойнайтын.

Зерттеушілердің айтуынша, бүгінде 5 000-ға жуық күйлер мен 10 000-нан астам қазақ әндері зерттелді. Музыкалық аспаптарды мұқият зерттегеннен кейін «Адырна», «Алтынай», «Сазген» және «Жазира» фольклорлық ансамбльдері, сондай-ақ «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрі құрылды. 

Қазақтар арасында кеңінен таралған шертпелі аспап – домбыра. Бұл аспаптың шығу тарихы ерте кезден бастау алады...

Қазақтардың түсінігінде домбыра барлық өнердің құндылықтарын өз бойынша жинақтаған: қолданбалы, орындаушылық, әндік-ақындық.

Домбыра жанды жадыратушы, жаманнан қорғаушы, алапат күшке ие аспап ретінде әрқалай безендірілген (үкімен, қоңыраулармен және т. с. с.) және киіз үйдің төріне ілінген.

Өзге аспаптармен салыстырғанда домбыраны бақсылық емдеу рәсімдері мен ғұрыптарында қолданылмайды. Музыкалық аспаптың танымалдығының арқасында оның бірнеше түрі бар. Домбыралар батыс және шығыс домбырасы, қос- және үшішекті домбыралар болады.

Қазақстанның батыс аймақтарында таралған домбыралар ерекше үлкендігімен ерекшеленді, олардың формасы сопақша келеді, ал мойны жіңішке болды, оған 12–14 перне байланған.

Шығыс аймағының домбыралары кішірек. Шығыс домбыраларының корпусы жалпақ, ал мойны – қысқа әрі жалпақ болған,. Оған 5–9 перне жалғанған. Домбыраға қос ішек тартқан, оларды бұрындары ешкінің немесе қойдың ішегінен дайындаған. Домбыралардың әртүрлі формалары екі орындаушылық дәстүрдің ерекшеліктеріне негізделген. Жылдам, қарқынды төкпе күйлерді орындау үшін сол қол бос еркін орналасуы және домбыраның мойнында сырғанауы тиіс. Сондықтан батыс домбарыларының мойны жіңішке әрі ұзын болған. Ойнаудың осы техникалық тәсілдері мойны жалпақ әрі қысқа шығыс домбыраларына жарамсыз еді.  Аспаптардың көлемі мен корпустарының формалары дыбыс шығу күшіне әсер етті: көлемі үлкен болған сайын домбыраның дауысы қатты шығады. Дыбыс шығу ерекшелігіне оң қол техникасы да әсер етті: төкпе күйлерде дыбыс қос ішекті қатты шерту арқылы шығады, ал шертпе күйлерде ішектерді саусақтармен ақырын шерту тәсілдері қолданылды. Осылайша, күй орындалатын домбыралар мен күйлер құрылымы арасында тығыз байланыс болды.

Енді қазақтың өзге аспаптары туралы сөз қозғайық.

Оқушылар әр аспап туралы әңгімелейді.

Шертер – қазақтардың және түрік халқының көне ішекті шертпелі аспабы. Шертерде домбырада ойнаған секілді ойнаған. Бірақ шертер домбырадан кішірек болды: оның мойны пернелерсіз қысқа болды және дауысы қатты шығады.

Сырттай шертер қобызға ұқсас, оны тұтас ағаштан дайындаған, ал шанағын былғарымен қаптаған, аттың жалынан әзірленген қос ішек тартылған. Әдеттегідей, аспаптың тек бір құлағы болды, сондықтан ішектері басы арқылы өткізілген, ал кейін оның біреуін құлағына байлап, екіншісін – тура басына байлаған. Шертердің басына байланған ішекті қолмен тартып, құлаққа байланғанын бірінші ішек дыбысының жоғарылығына сәйкес мақамға келтірген.

Қобыздың шанағы ожау тәрізді, мойны қысқа доға секілді иілген. Үлкен жалпақ басы  мен ойылған қуыс жарты шардан тұрады, оның үстіне тіреуішін бекіту үшін төменге қарап орнатылған алақан бекітілген. Қобызға тартылған қос ішек аттың қылынан есіледі. Аспаптың жалпы ұзындығы – 600–730 миллиметр.

Қобызды виоленчель секілді тізеге қысып, қысқа ысқымен ойнайды. Бұл аспапты ежелде бақсылар (халық емшілері) әртүрлі рәсімдер үшін пайдаланды.

Қобызды бітеу ағаштан ойып жасалады. Бұл адамзат тарихындағы музыкалық аспаптарды дайындаудың көне тәсілдерінің бірі, және техникалық арттақалушылықпен немесе металл құрылғылардың болмауына мүлдем қатысы жоқ. Көне сенім-нанымдар бойынша көптеген халықтарда тек бітеу ағашта ғана оның әуезді қасиеті сақталады, және ол аспапта шарықтайды. Ашық шанағы қобыз секілді 30–60 есілмеген ағаш қылынан тұрады, өте жуан, обертондарға бай тембрден тұрады.

Педагог. Енді қобыздың дыбысын тыңдайық.

Жетіген – (жеті ішекті) көп ішекті шертіп ойналатын музыкалық аспап. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тәріздес, бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары салынады. Жетіген аспабының жасалуы да, ойнау әдіс - тәсілі де өте күрделі. Ертеректе ел арасында сақталған көне жетігеннің ішегі аттың қылынан тағылып, тиектің орнына асықтар пайдаланылатын болған. Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі-берлі жылжыту арқылы келтірілген. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап жетіген аталған.

Педагог. Енді жетігеннің дыбысын тыңдайық.

 Жетіген туралы аңыз.

Ерте кезде ауылда бір қария тұрады. Оның жеті ұлы болыпты. Бір жылы қатты жұт болып, адамдар тамақсыз қалады, сөйтіп қарияның үйіне қайғы орнайды. Аштықтан үлкен ұлы Қания өлгеннен кейін қария кепкен ағаштың бөлігін алып, оған ішек салып, тиек қойып, «Қарағым» күйін орындайды, Төралым деген екінші ұлы өлгеннен кейін екінші ішек тартып, «Қанат сынар» деген күй шығарады, үшінші ұлы Жанкелдіге ол «Құмарым» күйін, төртінші ұлы Бекенге «От сөнер», бесінші ұлы Хауасқа «Бақыт көшті», Жұлзарға «Күн тұтылуы» атты күй шығарады. Ең кіші ұлы Қиястан айрылған қария жетінші ішекті тартып, «Жеті баламнан айрылып құса болдым» атты күй орындайды. Аспаптан қайғыға толы көп дыбысты ала отырып, орындаушы әртүрлі әуен арқылы өзінің балаларының бейнелерін көрсетеді. Бұл шығарылған әуендер одан әрі дамытылып, аспапты орындаудағы күй - пьеса түрінде бізге «Жетігеннің жетеуі» деген жалпы атпен жеткен. «Жетіген» деген атау екі сөзден тұрады: жеті және ән» - «жетіген» деген ұғымды береді.

 Адырна – қазақтың  көп ішекті шертпелі аспабы. Аспаптың шанағы қуыс, беті көн терімен қапталады. Б. з. б. аңшылар ұстанған көне аспап саналады. Оның көне үлгісі әуелде садақ тәріздес болған. Кейін бұғы, марал, киік, бөкен тәрізді аңдарға ұқсастырып жасап, мүйіз бен құйрықтың екі арасына ішектер тартып ойнаған. Адырнаны тізенің үстіне қойып, басын иыққа тіреп, ішектерін іліп тартып кейде шертіп ойнайды. Адырнаның ішегі шуда жіптен немесе тарамыстан тағылады, аспаптың тұрқы 48-50 см., қалыңдығы 8-10 см, 7 - ден 13-ке дейін ішектер тағылады. Адырна қазіргі кезде фольклорлық әуендер мен шағын күйлерді орындауға қолданылады.  

Сыбызғы – қазақтың үрмелі көне музыкалық аспабы. Қурайдан, ағаштан, кейде жезден де жасалады. Ұзындығы 600- 650 см., 3-4 ойықты.Сыбызғы ойықтарынан демді жай немесе күшті шығару арқылы түрлі дыбыс әуендері туады. Сыбызғы негізінен бақташылар арасында кең тараған. Бұл аспаптың жетілдірілген түрі фольклорлық-этнографиялық ансамблдер мен оркестрлерде қолданылады.

Қазақстанның шекарасында сыбызғының екі түрі бар, олар орындаушылық дәстүрге байланысты. Демек, шығыс сыбызғысы ұзындығы қысқа шанағы диаметрі бойынша кішкентай, конус секілді формаға ие, батыстағы түрі ірі әрі ұзындау.

Сыбызғы ХҮІІІ ғасырға дейін Қазақстанның шекарасында кеңінен таралған аспаптардың бірі. Көптеген аңыздар мен өсиеттер осыған байланысты. Өткен ғасырда батырлар, аңшылар мен әскерлер арасында сыбызғыда ойнау міндетті шарт болды.

Педагог. Енді сыбызғының үнін тыңдайық.

Сазсырнай – үрлемелі аспап. Сазсырнай ысқырып ойналатын флейталар тобына жатады. Кейбір сазсырнайдың ысқырғыш тетігі болмайды. Оған қазақ халқының сазсырнайы мысал. Сазсырнайға ұқсас аспаптар көптеген халықтарда кездеседі. Атауы әр халықтың өз тілінде айтылатын аспаптың пішіні де әртүрлі. Оның пішінін шеберлер құсқа, балыққа, көп басты атқа, жұмыртқаға ұқсатып жасай берген. Сазсырнайдың дыбыс диапазоны терция, кейде октаваға шейін барады. 1971 жылы Отырарда жүргізілген қазба жұмыстарда саздан жасалған қаздың жұмыртқасындай музыкалық аспап табылған. Аспаптанушылардың зерттеуінен өткен бұл сазсырнай үш дыбыс шығарады. Олар екінші октаваның «ми-бемоль», «фа», «соль» ноталары.

Шаңқобыз – қазақтың көне музыкалық аспабы. Ағаштан, темірден кейде күмістен жасалады. Ағаштан жасалған шаңқобызға жіп байланып, сол жіпті серпіп тарту арқылы ортасындағы тілше тербеліп, дыбыс шығарады. Ол ашалы сым темірден немесе күмістен жасалған. Белгілі бір музыкалық әуен шаңқобыз арасында бекітілген тілін саусақпен шалып тарту арқылы орындалады. Негізгі дыбысы тілдің мөлшеріне байланысты.

Педагог. Шаңқобыздың үнін тыңдап көрейік.

Мүйіз сырнай – ескі үрмелі мүйізді аспап. Ол үш тесікті мүйізден жасалады. Сырнай – сыңсымалы дыбыспен ерекшеленеді және жол сапарларда хабар беруші аспап ретінде қолданылған.

Асатаяқ қазақ пен түрік халқының көне аспабы. Формасы таяққа немесе басы жалпақ қамыс таяққа ұқсайды, ол ою-өрнекпен және металл сақиналармен, әшекейлермен безендірілген. Асатаяқтың үні ашық әрі өткір. Аспаптың үнін күшейту үшін бақсылар қоңырауларды қолданған, оны асатаяқтың басына бекіткен. Аспапты сілкігенде қоңырау аспабы  сыңғырлаған үнімен қосымша үн қосып отырған.

Дауылпаз – ұрып ойналатын музыкалық көне аспаптың бірі. Халық тұрмысында кеңінен қолданылған. Әсіресе, бұрынғы кезде, жаугершілікте дабыл қағып, белгі беру үшін пайдаланған. Аспаптың жасалу құрылысы анағұрлым күрделі.

Ол тұтас ағаштан ойылып жасалады. Бет шанағы терімен, қапталады. Иыққа асып алып алу үшін қайыстан арнайы аспалы бау бекітіледі. Дауылпаз ағаш тоқпақпен ұру арқылы дыбысталады. Қазіргі кезде дауылпаз аспабы көптеген фольклорлық ансамбльдерде кеңінен қолданылып жүр. Дауылпаз тектес аспаптар әртүрлі атпен басқа халықтарда да кездеседі.

Педагог. Міне, осылай қазақ халқының негізгі музыкалық аспаптарымен таныстық. Ендеше ойымызды бірақ ширатайық. Жұмбақ шешіңдер: 

 Тартылған екі арқаны ұзын бойға,

Сөйлеуге сондай шебер тапсаң ойла.

Әр жерде аршындалған балдағы бар,

Ойнайды он бармағың білсе қайда. (домбыра)

 

Созылған үні,

Сүйкімді тілі.

Үрлесең ойнайтын,

Аспаптың бірі. (сыбызғы)

 

Жеті шектен жеті түрлі үн шығар,
Әуезінен жеті тарау мұң шығар.
Ойнап кетсең, түрлі - түрлі жыр шығар,
Бұл қандай аспап? (жетіген)


Қос желі, үш жерінен қазығы бар,
Құбылған қоңыр желден азығы бар.
Желіні сабалайды дыңылдатып,
Байғұстың соншама не жазығы бар. (домбыра).

 

Бір нәрсе қараңғыда қаймалайды,

Азынаса көмейінде мал жылайды.

Құйрығын қара жерге тіреп алып,

Келеді баяғының әнін салып. (қобыз)

 

Жылқыда ерен жүйрік қара арғымақ,

Мойыны жануардың бунақ - бунақ.

Айылын екі жерден мықтап тартып,

Кетеді қамшы бассаң зулап-зулап. (домбыра)

 

Ел қорғайтын ерлікке,

Батылдыққа ерлікке.

Әуенімен шақырған,

Қандай аспап балалар. (дабыл)

 

Қос қазақ екі жерден шынжыр арқан,

Сылдырап әр буыны үнін қосқан.

Он адам жолдас болып еңбек етсе,

Аралап он екі үйге қонақ болған. (домбыра)

 «Аспапты тап» ойыны

Ойынның ережесі бойынша аспаптардың тек белгілі түрлері ғана көрсетіледі (үлкен пазл түрінде). Оқушылар аспапты атауы тиіс (қылқобыз, сазсырнай, шаңқобыз, сыбызғы, жетіген, домбыра).

Педагог. Бүгін өздерің үшін жаңа нені білдіңдер?

Күн өткен сайын музыка шарықтай түседі және әртүрлі дәуірлер мен ұрпақтарды біріктіреді, өткенді, қазіргі мен болашақты байланыстырады.

Дереккөз: № 12-2014 "Музыкалық жетекшінің анықтамалығы" журналы

logo
Мы еще не знакомы?

       

        Давайте познакомимся!
        Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
ЗАРЕГИСТРИРОВАТЬСЯ
Внимание!

Для скачивания файла необходима регистрация или авторизация

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
ИЛИ АВТОРИЗУЙТЕСЬ ЧЕРЕЗ СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ
Зарегистрироваться
Дорогой гость, заберите Ваш подарок
Бесплатный доступ к журналу "Справочник классного руководителя"
Получить бесплатный доступ