Меңгеруші мен әдіскер қызметінің жылдық циклограммасы

3288
Меңгеруші мен әдіскер қызметінің жылдық циклограммасы
Меңгеруші мен әдіскер қызметінің жылдық циклограммасы
Мектепке дейінгі білім беру басқа баспалдақтармен қатар жаңғырту үдерісіне белсенді кірісті, ол оны ұйымдық, мазмұндық және іс жүргізу деңгейлерінде жаңартуды көздейді.

Жүйеде өтіп жатқан өзгерістерге елдегі қоғамдық құбылыстарға барабар білім беру жүйесіндегі өзгерістерге объективтік қажеттілік жағдай жасайды. Бұл мектепке дейінгі ұйымдар (бұдан әрі – МДҰ) басшыларының басқаруда елеулі өзгерістердің қажеттігін ұғынуынан да көрініс табады.

Басқару – қызмет нәтижелерін талдауды, жоспарлауды, ұйымдастыруды, түзетімдеуді, бақылауды, қадағалап отыруды білдіреді. Бұлардың бәрі белгілі бір нәтижеге қол жеткізуді көздейтін басқару функциялары болып табылады. Басқаша сөздермен, функциялар басшы жұмысы мазмұнының элементі ретінде анықталады, олар басқару циклінің реттілікпен өзгеріп отыратын сатыларына сәйкес келеді деуге болады.

Басқарушылық қызмет циклді. Бұл қызметтің табыстылығы бірнеше факторға байланысты болады:

  • іс-әрекеттерді жыл сайын жұмыста пайдалану және «ажарлау» жүзеге асырылатын функциялардың ретке келтірілуі үшін алғышарттар жасайды;
  • басқарушылық топ құрамының тұрақтылығы байланыстар мен ішкі қатынастарды ретке келтіруге мүмкіндік береді;
  • МДҰ меңгерушісі мен әдіскері қыметінің бүкіл оқу жылына циклограммасын жасау қажеттігі.

МДҰ-ның әрбір қызметкері мен басқару командасының өз лауазымдық міндеттері бар. МДҰ меңгерушісі мен әдіскерінің жұмыс формалары мен функциялары әр түрлі, бірақ негізінен: құрылымдық бөлімшелердің жұмысына басшылық, ұйымдастыру мен үйлестіруде, бақылау, талдау жасау, жоспарлауда, педагогтардың біліктілігі мен кәсіптік деңгейін арттыру үшін жағдайлар жасауда, сыртқы байланыстарды жүзеге асыру, оңтайлы білім беру кеңістігін жасау, жергілікті актілерді дайындауда белгілі бір түйісу нүктелері болады.

Қызметтердің кейбір түрлерін жоспарлау күні мен дүркінділігі шартты болып табылатынын атап өткен жөн, өйткені МДҰ жұмысының ерекшелігіне және негіз құрайтын бағытына, жоғары тұрған ұйымдардың өкімдеріне, МДҰ-ның жергілікті актілеріне байланысты болады. Мысалы, тәжірибелік-эксперименттік алаңдардың болуы, қанатқақты жобаларды орындау шығармашылық топтар қызметін ұйымдастыруды, қосымша мониторингті өткізуді талап етіп қана қоймайды, сондай-ақ педагогикалық кеңестер санының арттырылуына да әкеп соғады (Білім және ғылым министрінің м. а. 16.05.2008 ж. № 272 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгі ережелерін бекіту туралы» бұйрығының 3-бөлімінің 10-тармағы «Педагогикалық кеңес жылына 5 реттен кем емес жиналады»).

Жылыту маусымына дайындықты ұйымдастыру, учаскелерді жаз кезеңіндегі жұмысқа дайындау сияқты қызмет түрлері де шартты түрде белгілі бір айға «байланған» және МДҰ орналасқан өңірге байланысты өзгертілуі мүмкін. Ұсынылып отырған циклограммаға қызметтің циклді (яғни жыл сайын өткізілетін), бірақ мұнымен бірге әрбір МДҰ-ға тән болып табылатын түрлері мен формалары енгізілген жоқ. Бұл қызметтің тіл мерекелері, әртүрлі олимпиадалар мен спартакиадалар, шеберлік фестивальдары, педагогикалық жетістіктердің байқаулары, әртүрлі көрмелер, отбасылық клубтардың жұмысын ұйымдастыру және басқалар сияқты түрлері мен формалары. Сондықтан ұсынылып отырған циклограмма үлгі болып табылады және әрбір МДҰ-да басшы мен әдіскердің қарастыруы бойынша түзетілуі мүмкін.

МДҰ меңгерушісі мен әдіскері қызметінің негізгі түрлерінің
жылдық циклограмма
сы

Айы

Меңгерушінің қызметі

Әдіскердің қызметі

Тамыз

Жаңа кадрларды қабылдау және толықтыру бойынша жұмыс

Педагогтардың проблемалық өрісінің диагностикасы және өзіндік диагностикасы

Лауазымдық нұсқаулықтарды нақтылау

Педагогтарға өздігінен білім алу жоспарларын жасау мен түзетулер енгізу бойынша әдістемелік көмек

Жас мамандарға тәлімгерлер бекіту

Жас мамандармен жұмыс жоспарына түзетулер енгізу. Тәлімгерлік бойынша ұсыныстар

МДҰ-ды қабылдап алу  құжаттарын дайындау

Жас мамандарға тағылымдамадан өту жоспарларын жасауда әдістемелік көмек

Әкімшіліктің міндеттер мен өкілеттіліктерді бөлуіне түзетулер енгізу

Әдістемелік кабинетте «Жас мамандар бұрышын» безендіру

Көкөніс қоймасын дайындау және қабылдап алу

Жазғы сауықтыру іс-шараларына талдау жасау

Меңгерушінің жанындағы кеңес

Меңгеруші жанындағы кеңес мәселелері бойынша ақпарат дайындау (жылдық жоспарға сәйкес)

Әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысу

Күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды бекіту

Педагогтармен күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды келісу

Оқу жоспарларын бекіту

Оқу жоспарларын әзірлеу

Психолог жұмысының жоспарын бекіту

Психологпен жұмыс жоспарын келісу

Үйірмелер мен студиялар жұмысының жоспарларын бекіту

Педагогтармен үйірмелер мен студиялар жұмысының жоспарларын келісу

Педагогикалық үдеріс жабдықтарын жаңа оқу жылына дайындауды бақылау

Топтарды толықтыру

Тәрбиеленушілер дамуының құзіреттілік деңгейіне бастапқы мониторинг өткізуді ұйымдастыру және қатысу:

– жас мамандарға арналған сабағаттар өткізу (жаңадан келген педагогтарға);

– педагогтардың құралдарын (критерийлерін) нақтылау;

– мониторинг графигін жасау;

– жас мамандар бар топтардағы тәрбиеленушілердің диагностикаға қатысуы;

– балалардың құзіреттілік даму көрсеткіштері карталарының өз уақытында толтырылуына бақылау жасау;

– тәрбиеленушілердің даму деңгейін анықтау мақсатымен педагогикалық консилиум жұмысын ұйымдастыру;

– мониторинг мәліметтерін есепке ала отырып, бұдан кейінгі жұмысты жоспарлау;

– МДҰ бойынша мониторинг нәтижелерінің жинақ кестесін жасау;

– меңгеруші жанындағы кеңесте мониторинг нәтижелері туралы хабар дайындау (педагогикалық кеңес).

Ескерту. Келесі мониторинг осыған ұқсас сұлба бойынша жүргізіледі

Балалардың қатысуы мен ауруға шалдығу деңгейіне талдау жасау

Тамыз конференциясына қатысуға дайындық:

– делегаттар сайлау;

– қатысушылардың конференциядағы пленарлық және секциялық бөлімдерінде сөйлейтін сөздері үшін мәтіндер мен тұсаукесерлер дайындау;

– МДҰ педагогтары үшін тамыз конференциясына қатысу туралы хабар дайындау

Өрт қауіптілігі жағдайында ғимараттан балалар мен тұрақты құрамды эвакуациялау бойынша жаттығулар ұйымдастыру:

– жаттығуларды өткізу туралы бұйрық шығару;

– жаттығу өткізу жоспарын жасау;

– тұрақты құрам мен балалардың  іс-әрекеттері бойынша жаттығу өткізу тәртібін нақтылау;

– жаттығу өткізуді талдау;

– «Хабардар ету жүйелерін және эвакуацияны басқаруды пайдаланумен объект персоналының адамдарды эвакуациялау бойынша жаттығулар өткізуі журналын» толтыру.

Ескерту. ТЖ бойынша бұдан кейінгі барлық жаттығулар осыған ұқсас сұлба бойынша өткізіледі

Аумақты абаттандыруды бақылау

Жылдық жұмыс жоспарын түзетімдеу

Жылдық жоспарға және «Ішкі лауазымдық бақылау туралы Ережеге» сәйкес бақылау.

Ереже. Ішкі бақылаудың барлық түрлері мен формалары жылдық жоспардың «Бақылау және

басшылық» тарауында жоспарланады, олардың дүркінділігі мен объектілерін ережелер белгілейді

Педагогикалық кеңес өткізу

ҚР Конституциясы Күнін мерекелеуді ұйымдастыру

Қыркүйек

Білім күнін ұйымдастыру және өткізу

ҰОӘ, ертеңгілік гимнастика кестелерін бекіту

ҰОӘ, ертеңгілік гимнастика кестелерін жасау

Үйірмелер, студиялар жұмысының кестелерін бекіту

Үйірмелер, студиялар жұмысының кестелерін жасау

Мамандар: психолог, логопед және басқаларының жұмыс кестесін бекіту

Мамандар: психолог, логопед және басқаларының жұмыс кестелерін жасау

Оқу жылына арналған күн режімін бекіту

Оқу жылына арналған күн режімін жасау

Сабағаттық пункттің (егер бар болса) жұмыс жоспарын бекіту

Сабағаттық пункттің (егер бар болса) жұмыс жоспарына түзетулер енгізу

Педагогтарды аттестаттаудың индикативті жоспарын бекіту

Педагогтарды аттестаттаудың индикативті жоспарына түзетулер енгізу

Педагогтар біліктілігін арттырудың индикативті жоспарын бекіту

Педагогтар біліктілігін арттырудың индикативті жоспарына түзетулер енгізу

Мерзімдік баспасөз басылымдарында педагогтардың жұмыс тәжірибесінен материалдар орналастырудың медиа-жоспарын бекіту

Мерзімдік баспасөз басылымдарында педагогтардың жұмыс тәжірибесінен материалдар орналастырудың медиа-жоспарын әзірлеу

Мектеппен сабақтастық жөніндегі жұмыс жоспарын бекіту

Мектеппен сабақтастық жөніндегі жұмыс жоспарын әзірлеу

Меңгеруші  жанындағы кеңес

Меңгеруші жанындағы кеңес мәселелері бойынша ақпарат дайындау (жылдық жоспарға сәйкес)

Спорттық мерекені ұйымдастыру және өткізу

Тілдер апталығын ұйымдастыру және өткізу

Аттестаттау комиссиясының отырысы

Аттестатталатын педагогтарға аттестаттауға ұсынылатын материалдарды ресімдеу бойынша ұсынымдар

Тарифтеуді өткізу

Көкөністерді сақтауға қоюды ұйымдастыру

Балалардың қатысуы мен ауруға шалдығушылық деңгейіне талдау жасау

МДҰ педагогтары туралы деректер қорын жаңарту

Жоғары тұрған ұйымдарға статистикалық есептер жасау және тапсыру

Жылдық жоспар мен «Ішкі лауазымдық бақылау туралы Ережеге» сәйкес бақылау

Қазан

Ғимаратты жылыту маусымына дайындауды ұйымдастыру:

– терезе және есік ойықтарын жылылау;

– жылыту жүйесін қарап-тексеру;

– жылудың берілуі үшін жауапты тұлғаларды тағайындау

Әдістемелік, ақпараттық материалды әзірлеу, дайындау (сабағаттар, ұсынымдар, бүктемелер, жаднамалар):

– Жылдың суық кезінде баланы қалай киіндіру керек?

– Көктайғақ кезінде көшеде жүру ережелері және басқалар

Мүлікті түгендеу

«Қош келдің, күз!» ертеңгілігін ұйымдастыру және өткізу

Жалпы ата-аналар жиналысы

Ата-аналар комитетінің жұмыс жоспарын бекіту

Мерзімдік баспасөз басылымдарына жазылуды ұйымдастыру

Мерзімдік баспасөз басылымдарына жазылу бойынша ұсыныстар

Сейсможаттығуды ұйымдастыру және өткізу

Жылудың жіберілуін бақылау

Меңгеруші жанындағы кеңес

Меңгеруші жанындағы кеңес мәселелері бойынша ақпарат дайындау (жылдық жоспарға сәйкес)

Ұлттық білім беру мәліметтерінің қорын (бұдан әрі – ҰБМҚ) толтыруды ұйымдастыру

ҰБМҚ қорын толтыру.

Ескерту. ҰБМҚ қорының және білім беру сапасын бағалаудың облыстық қызметінің (бұдан әрі – БСБОҚ) үйлестірушілері меңгерушінің бұйрығымен тағайындалған басқа қызметкерлер бола алады

Әдістемелік бірлестіктердің отырыстарын ұйымдастыру мен өткізуге қатысу

Кеш пісетін көкөністерді сақтауға қоюды ұйымдастыру

Балалардың қатысуы мен ауруға шалдығушылық деңгейіне талдау жасау

Жылдық жоспар мен «Ішкі лауазымдық бақылау туралы Ережеге» сәйкес бақылау

Қараша

Меңгеруші жанындағы кеңес

Меңгеруші жанындағы кеңес мәселелері бойынша ақпарат дайындау (жылдық жоспарға сәйкес)

Өрт қауіптілігі жағдайында балалар мен тұрақты құрамды ғимараттан эвакуациялау бойынша жаттығу ұйымдастыру

Семинар-практикум дайындау және өткізу жоспарын бекіту (жылдық жоспарға сәйкес)

Семинар-практикум дайындау және өткізу жоспарын әзірлеу (жылдық жоспарға сәйкес)

Алдағы педагогикалық кеңес мәселелері бойынша тақырыптық бақылау ұйымдастыру және жоспарын бекіту

Алдағы педагогикалық кеңес мәселелері бойынша тақырыптық бақылауды өткізу құралдары мен жоспарын әзірлеу

Балалардың қатысуы мен ауруға шалдығушылық деңгейіне талдау жасау

Педагогикалық үдерісті ашық көрсетулерге дайындық және өткізу

Педагогикалық кеңес өткізу

Жылдық жоспар мен «Ішкі лауазымдық бақылау туралы Ережеге» сәйкес бақылау

Желтоқсан

Жаңажылдық ертеңгіліктер өткізу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру:

– Жаңажылдық ертеңгіліктер өткізу кезінде өрт қауіпсіздігін сақтау туралы нұсқама өткізу;

– ертеңгіліктер кезінде тәртіп пен қауіпсіздікті сақтап тұру мақсатымен кезекшілік ұйымдастыру;

– өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету мақсатымен үй-жайларды (музыкалық залды, топтарды, дәліздерді, фойені) қарап-тексеріп шығу;

– қызметкерлер мен ата-аналарды ертеңгіліктерді өткізу кезінде өрт қауіпсіздігін сақтау туралы бүктемелермен, жаднамалармен қамтамасыз ету;

– Жаңажылдық ертеңгіліктерді өткізу графигін жоғары тұрған ұйымға және ТЖ бөлімшесіне ұсыну

«Сәлеметсің бе, шырша!» мерекелік ертеңгіліктерін ұйымдастыру және өткізу

Спорттық мерекені ұйымдастыру және өткізу

Бірінші Президент күнін мерекелеуді ұйымдастыру

ҚР Тәуелсіздік күнін мерекелеуді ұйымдастыру

Меңгеруші жанындағы кеңес

Меңгеруші жанындағы кеңес мәселелері бойынша ақпарат дайындау (жылдық жоспарға сәйкес)

Қысқы учаскелердің байқау-конкурсын ұйымдастыру

«Қысқы учаскелер байқау-конкурсы туралы Ережені» әзірлеу

БСБОҚ қорын толтыруды ұйымдастыру

БСБОҚ қорын толтыру

Балалардың қатысуы мен ауруға шалдығушылық деңгейіне талдау жасау

Аттестаттау комиссиясының отырысы: аралық нәтижелерді қарастыру

Аттестатталатын педагогтар қызметінің аралық нәтижелері туралы ақпарат дайындау. Аттестатталатын педагогтардың өзіне-өзі талдау жасауын өткізуге әдістемелік көмек

Қысқы-көктемгі 10 күндік мәзірді бекіту

Жылдық жоспар мен «Ішкі лауазымдық бақылау туралы Ережеге» сәйкес бақылау

Қаңтар

АҚ-тың бейбіт және соғыс уақытындағы жоспарына түзетулер жасау:

– балалар мен тұрақты құрам санын нақтылау;

– АҚ құрамаларының құрамын нақтылау;

– ТЖ туындау қаупі төнген кезде басқару мен байланысты ұйымдастыруды нақтылау;

– эвакуацияланатын қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің тізімін нақтылау;

– эвакуация жөніндегі шаралар өткізуге есеп жасауды жүргізу;

– эвакуация жағдайында МДҰ-ның орналасу сұлбасын (МДҰ ғимаратының айналасында құрылыс немесе ғимарат салынып жатқан жағдайда) және балалар мен тұрақты құрамды орналастыруды нақтылау

Еңбек демалыстарының графигін бекіту

Тарифтеу

Тәрбиеленушілердің құзіреттілік деңгейіне аралық (шептік) мониторинг өткізуді ұйымдастыру және қатысу

Мемлекеттік сатып алулар жоспарын бекіту

Бітімгерлік комиссиясын құру және жұмысын ұйымдастыру

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын сақтау жөніндегі комиссия құру және қызметін ұйымдастыру

Меңгеруші жанындағы кеңес

Меңгеруші жанындағы кеңес мәселелері бойынша ақпарат дайындау (жылдық жоспарға сәйкес)

Сейсможаттығуды ұйымдастыру

Семинар-практикум дайындау және өткізу жоспарын бекіту (жылдық жоспарға сәйкес)

Семинар-практикум дайындау және өткізу жоспарын әзірлеу (жылдық жоспарға сәйкес)

Алдағы педагогикалық кеңес мәселелері бойынша тақырыптық бақылау ұйымдастыру және жоспарын бекіту

Алдағы педагогикалық кеңес мәселелері бойынша тақырыптық бақылауды өткізу құралдары мен жоспарын әзірлеу

Балалардың қатысуы мен ауруға шалдығушылық деңгейіне талдау жасау

Педагогикалық үдерісті ашық көрсетулерге дайындық және өткізу

Педагогикалық кеңес өткізу

Статистикалық есептерді жасау және тапсыру

Жылдық жоспар мен «Ішкі лауазымдық бақылау туралы Ережеге» сәйкес бақылау

Ақпан

Педагогикалық кадрларды аттестаттауға құжаттама дайындау

Аумақты қардан тазарту және қар суларынан қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру

Меңгеруші жанындағы кеңес

Меңгеруші жанындағы кеңес мәселелері бойынша ақпарат дайындау (жылдық жоспарға сәйкес)

Әдістемелік бірлестіктер отырыстарын өткізуді ұйымдастыру және қатысу

Балалардың қатысуы мен ауруға шалдығушылық деңгейіне талдау жасау

Аттестатталатын педагогтар бойынша сараптамалық қорытынды жасауды бақылау

Аттестатталатын педагогтардың кәсіптік өсу Картасын жасау

Жылдық жоспар мен «Ішкі лауазымдық бақылау туралы Ережеге» сәйкес бақылау

Наурыз

Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау

«8 наурыз – ерекше күн»! ертеңгіліктерін ұйымдастыру және өткізу

Өткізу жөнінде шаралар ұйымдастыру

Наурыз мерекесі тұжырымдамасын әзірлеу

Наурыз мерекесіне арналған ертеңгіліктерді ұйымдастыру және өткізу

Меңгеруші жанындағы кеңес

Меңгеруші жанындағы кеңес мәселелері бойынша ақпарат дайындау (жылдық жоспарға сәйкес)

Өрт қауіптілігі жағдайында балалар мен тұрақты құрамды ғимараттан эвакуациялау бойынша жаттығу ұйымдастыру

Семинар-практикум дайындау және өткізу жоспарын бекіту (жылдық жоспарға сәйкес)

Семинар-практикум дайындау және өткізу жоспарын әзірлеу (жылдық жоспарға сәйкес)

Алдағы педагогикалық кеңес мәселелері бойынша тақырыптық бақылау ұйымдастыру және жоспарын бекіту

Алдағы педагогикалық кеңес мәселелері бойынша тақырыптық бақылауды өткізу құралдары мен жоспарын әзірлеу

Балалардың қатысуы мен ауруға шалдығушылық деңгейіне талдау жасау

Педагогикалық үдерісті ашық көрсетулерге дайындық және өткізу

Педагогикалық кеңес өткізу

Жылдық жоспар мен «Ішкі лауазымдық бақылау туралы Ережеге» сәйкес бақылау

Сәуір

Спорт мерекесін ұйымдастыру және өткізу

Меңгеруші жанындағы кеңес

Меңгеруші жанындағы кеңес мәселелері бойынша ақпарат дайындау (жылдық жоспарға сәйкес)

Әдістемелік бірлестіктер отырыстарын өткізуді ұйымдастыру және қатысу

Аумақты абаттандыру бойынша сенбіліктер ұйымдастыру

Сейсможаттығуды ұйымдастыру

Балалардың қатысуы мен ауруға шалдығушылық деңгейіне талдау жасау

Жалпы ата-аналар жиналысы

Жылдық жоспар мен «Ішкі лауазымдық бақылау туралы Ережеге» сәйкес бақылау

Мамыр

Жазғы сауықтыру іс-шараларының жоспарын бекіту

Жазғы сауықтыру іс-шараларының жоспарын жасау

Аумақты көгалдандыру және абаттандыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру:

– гүлдер, ағаштар, бұталар отырғызу;

– суару үшін суды үздіксіз беріп отыруды қамтамасыз ету

Балалар мен тәрбиешілердің экологиялық соқпақтағы бірлескен зерттеушілік қызметін ұйымдастыру:

– аумақты абаттандыруға қатысу;

– бақша отырғызу;

– бақша бұрышында, орман бұрышында ағаштар мен бұталарға күтім жасау және бақылау;

– экологиялық алаңда табиғи объектілерге бақылау жүргізу;

– педагогтарға экологиялық соқпақтағы зерттеушілік қызмет мәселелері жөнінде кеңестер беру

МДҰ-ның оқу жылы ішіндегі жұмысына талдау жасау

Жаңа оқу жылына арналған жоспар жобасын әзірлеу

Учаскелерді жазғы сауықтыру кезеңіне дайындау байқау-конкурсын ұйымдастыру

«Учаскелерді жазғы сауықтыру кезеңіне дайындау байқау-конкурсы туралы Ереже» әзірлеу

Барлық құрылымдық бөлімшелердің балаларды мектепке шығарып салу жұмысын ұйымдастыру

Шығарып салу ертеңгіліктерін ұйымдастыру және өткізу

Тәрбиеленушілердің даму деңгейін қорытынды диагностикалауды ұйымдастыру және қатысу

Түлектердің психологиялық-педагогикалық мінездемелерін дайындауды бақылау

Тәрбиешілер мен психологқа түлектердің психологиялық-педагогикалық мінездемелерін жасауына әдістемелік көмек көрсету

Отан қорғаушы күнін, Жеңіс Күнін мерекелеуді ұйымдастыру

Ата-аналармен «Ата-аналардың балабақша көрсететін қызметтерге қанағаттанғандық деңгейі» сауалдамасын ұйымдастыру

Балалардың қатысуы мен ауруға шалдығушылық деңгейіне талдау жасау

Жазғы кезең үшін ойын жабдықтарын сатып алу

Жазғы кезең үшін ойын жабдықтарын сатып алуға өтінім беру

Меңгеруші жанындағы кеңес

Меңгеруші жанындағы кеңес мәселелері бойынша ақпарат дайындау (жылдық жоспарға сәйкес)

Учаскелердегі жабдықтарды жөндеуді, сырлауды ұйымдастыру

Жазғы кезеңде учаскелерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру:

– жабдықтардың жай-күйін тексеру;

– жасыл екпелерді қарап тексеру және бұтау;

– қураған ағаштарды алып тастау;

– қоршауларды қарап, тексеріп шығу;

– құм алаңшасының, жаппалар мен дәліздердің жай-күйін тексеру;

– улы өсімдіктердің бар екендігін анықтау мақсатында шөп жамылғысын қарап-тексеру;

– педагогтар мен техникалық персоналға балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөнінде нұсқама жүргізу

Жаңа балаларды қабылдау үшін жоғары тұрған ұйымға өтінім беру

Жылдық жоспар мен «Ішкі лауазымдық бақылау туралы Ережеге» сәйкес бақылау

Маусым

Жазғы кезеңге арналған ҰОӘ кестесін бекіту

Жазғы кезеңге арналған ҰОӘ кестесін жасау

Балаларды қорғау күнін мерекелеуді ұйымдастыру

Меңгеруші жанындағы кеңес

Меңгеруші жанындағы кеңес мәселелері бойынша ақпарат дайындау (жылдық жоспарға сәйкес)

Ғимаратты жөндеуден өткізуді ұйымдастыру

Жазғы кезеңдегі дене шынықтыру іс-шаралары бойынша тәрбиешілерге арналған әдістемелік ұсынымдар дайындау

Балалардың қатысуы мен ауруға шалдығушылық деңгейіне талдау жасау

Спорттық мерекені ұйымдастыру және өткізу

Өрт қауіптілігі жағдайында балалар мен тұрақты құрамды ғимараттан эвакуациялау бойынша жаттығу ұйымдастыру

Автоалаң жұмысын ұйымдастыру:

– белгілеулерді жаңарту;

– балаларды жолда жүру ережелеріне оқытуды ұйымдастыру;

– ойын-сауықтық іс-шараларын өткізуді ұйымдастыру

Жаз-күзгі 10 күндік мәзірді бекіту

Жылдық жоспар мен «Ішкі лауазымдық бақылау туралы Ережеге» сәйкес бақылау

Шілде

Меңгеруші жанындағы кеңес

Меңгеруші жанындағы кеңес мәселелері бойынша ақпарат дайындау (жылдық жоспарға сәйкес)

Әдістемелік кабинеттегі, дәліздердегі, фойедегі стенділік ақпаратты жаңарту

Дәліздер, фойе, кабинеттердегі безендірулерді жаңарту

Сейсможаттығуды ұйымдастыру

Балалардың қатысуы мен ауруға шалдығушылық деңгейіне талдау жасау

Жылдық жоспар мен «Ішкі лауазымдық бақылау туралы Ережеге» сәйкес бақылау

Қызметтің негізгі түрлерін циклді жоспарлау оқу-тәрбие үдерісін тиімді басқаруға мүмкіндік беріп қана қоймайды, сондай-ақ МДҰ бүкіл қызметінің жоғары деңгейіне, демек – тәрбиеленушілердің құзіреттілік даму сапасын арттыруға қол жеткізуге септігін тигізеді.

Дереккөз: «Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы»



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться
Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Образование  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Образование МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:          +7 (727) 237-77-04


  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы образования

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 3 000+ полезным статьям
  • 3 000+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • Аттеастация, организация контроля, бухучёт и налоги
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль